Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қызыл Телпекті қыз» (ертегі) Шарль Перро.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мазмұнын түсінуге, дауыс ырғағын келтіре айтуға жаттықтыру, қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қызыл Телпекті қыз» (ертегі) Шарль Перро.Саусақ театры сахналау.

Мақсаты: Мазмұнын түсінуге, дауыс ырғағын келтіре айтуға жаттықтыру, қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: «Қызыл Телпекті қыз» ертегісін саусақ театры сахналау.

Әдіс-тәсілдер Түсіндіру, сұрақ- жауап.

Қажетті көрнекі құралдар: демонстрациялық материал немесе тақта арқылы ертегіні көрсету.

Қостілділік компонент: Қызыл Телпекті қыз-красная шапочка.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Cебепті қызығу-

шылығын

ояту

кезеңі



Шеңберге тұрып бір-біріміздің қолымыздан ұстап, жақсы лебіздер білдірейік.

Біз көңілді баламыз,

Шаттық әнге саламыз.

Aйгөлек-ау, айгөлек,

Би билейміз дөңгелеп.

-Mіне, қандай тамаша! Өнері, биші, ақылды балалар екенсіңдер!

Шеңберге тұрады.


Өлеңді бірге қайталап, қимыл-қозғалыс жасайды.

Ұйымдас-

тырушы-

лық

ізденіс

кезеңі





































-Балалар, сендер қандай ертегі білесіңдер?

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде

«Қызыл Телпекті қыз» ертегісімен танысамыз.

- Балаларға сурет көрсетіп ,жаңа ертегімен таныстыру.

Tәрбиеші ертегі мазмұнын қуыршақ театры арқылы түсіндіреді.Ертеде Қызыл Телпек деген қыз болыпты.

Бірде оған анасы:

-Қызым, Әжеңе барып, бір себет базарлық апарып бер,

-деп, Әжесінің үйіне жібереді. Қызыл Телпек орман арқылы созылып жатқан соқпақпен жолға шығады. Ал бұл орманда қатігез Сұр Қасқыр мекендейтін.Қыз бұл туралы ештеңе білмегендіктен,

қорықпай жолға шыққан болатын.Жолда Қызыл Телпектің алдынан Сұр Қасқыр кезіге кетеді.

-Қайда, не үшін бара жатырсың?-деп сұрайды.Қыз оған бар жайды баяндап береді. Оның Әжесінің қайда тұратынын сұрап алып, Қасқыр асығыс қоштасып, орман ішімен жорта жөнеледі. «Қандай сыпайы Қасқыр. Елдің бәрі бұдан сонша неге үрейленіп қорқады екен а? Қызық»,-деп ойланды қыз.Ал Қасқыр осы кезде қысқа жолмен жолын қысқартып,Әжейдің үйіне жетіп,есігін қағады. Әжей қаққан есіктің дыбысын естіп:

-Бұл кім? –деп сұрайды.

-Мен, сенің немерең Қызыл Телпекпін,-деп Сұр Қасқыр

жауапқатты.

-Кішкентайым менің, жіпті тартсаң,есік ашылады. Жіпті тартқаны сол еді, есік ашылды да кетті. Сұр Қасқыр үйге баса көктеп кіріп, Әжейді қылғытып жұтып алады. Өзі оның төсегіне шығып,көрпені бүркеніп жамылып,Қызыл Телпектің келуін күте бастады.Бір шама уақыттан соң Қызыл Телпек келіп, есікті қағады.

-Бүлдіршінім менің, жіпті тартсаң, есік ашылады,-деді Сұр Қасқыр қырылдап, қарлыққан дауысымен.

Қызыл Телпек үйге кіріп:

-Әжетай,дауысың өзгеріп кетіпті ғой?-деп сұрайды.

Ал Қасқыр:

-Салқын тиіп ауырып қалдым, оған көңіл аударма,-деді.

Қызыл Телпек Қасқырдан:

-Әжетай, сенің көзіңе не болған?-деді таңырқаған күйде.

-Сені жақсы көру үшін.

-Ал тістерің неге үлкейіп кеткен?-дейді.

-Бұл сені тез жеп қою үшін деп Қасқыр Қызыл Телпекті бір-ақ асап, жеп қояды.Сол кезде жақын маңда жүрген аңшы у-шуды естіп Әжейдің үйіне жүгіріп кіреді де, Қасқырдың қарнын жарып, Әжесі мен қызын алып шығады.Аман-есен қалған Әжесі мен қызы аңшыға алғыс айтады. Осыдан кейін Қызыл Телпек бейтаныстарға сене бермей,сақ жүретін болыпты.

Балалардың жауабы.

-Бауырсақ ертегісі,

Аю мен маша, Шалқан,Үйшік,т.б.



Балалар ертегіні назар аударып, мұқият тыңдайды.





Мұқият тыңдайды,ертегі желісі бойынша сұрақтарға жауап береді.










- Балалар, қандай кейіпкерлерді естеріңде сақтай алдыңдар?


- Ендеше, балалар, осы ертегідегі кейіпкерлердің атрибуттарын алып, ойынды сахналаймыз.


Іс-әрекетті

бағалау кезеңі




-Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

-Анасы Қызыл Телпекті қызын қайда жұмсады?

-Қызыл Телпекті қызға кім кездесті?

-Қай жерде?

-Қызыл Телпекті қыз не деп жауап береді?

-Қасқырдың қарнын жарған кім?

Дұрыс жауап берген балаларды мадақтаймын.

Иә,ұнады.

Әжесіне

Қасқыр

Орманда


Орманшылар

Kүтілетін нәтиже:

Нені біледі: ертегінің мазмұнын;

Қандай түсініктерді игерді: кейіпкерлердің әрекетіне баға беруді;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сұрақ-жауап арқылы оқуды.



Тәрбиеші:Садыкова Г.Ж.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.07.2021
579
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12