Материалдар / Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы жергілікті ақыны Б.Қоқыбасовтың өлеңдер жинағы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы жергілікті ақыны Б.Қоқыбасовтың өлеңдер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы жергілікті ақыны Б.Қоқыбасовтың өлеңдер жинағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2020
278
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ішкі ой
Қолын алдым ақын аға Әбілда,
Елу жасқа келген кезде алдыңда.
Бір топ ақын дүркіретті өлеңдер,
Қала алмады бала көңіл жадымда.
Бізде келдік сол елуге еңселі,
Сөз айтамыз көтеріп-ақ еңсені.
Жастық шақты жалт қаратып ойлантып,
Ей достарым,жолға салып көрші енді.
Тоқта,тоқта,сәл кідіріс, іркіліс,
Болу керек адамдарда сілкініс.
Өмір мынау қарбалас та,қапылыс,
Тұсау салу, шідер үзу бұлқыныс.
Біреулер жүр сөздер айтып жаттанды,
Амалдап жүр атақ алып мақтаулы.
Біреулер жүр анық басып ақырын,
Сырлы мінез, сымбат көңіл сақтаулы.
Мен өзіңе сыр айтайын алдыңда,
Құлагерге қамышыны салдырма.
Қиқу салып өз бәйгесін алсын бір,
Бәйге жолды жаралама, ор қылма.
Ақ тілектер бізге болсын сая-бақ,
Жар қабаққа келіп қаппыз таяп-ақжүрейінші жағалап
1970 ж

1

Сырғаңнан сылдыраған үн келеді
Жүректі тербетеді ағын жүріп,
Барасың бір өзіңе табындырып.
Жүрсеңде көз алдымда ырғатылып,
Шөлдетіп барасың-ау, сағым қылып.
Кішкене жүрегіме мұң келеді,
Мұңымменен жансарайым гүлденеді.
Осылай ой толғақта жүргенімде,
Сырғаңнан сылдыраған үн келеді
Білемін мұңдарыңды,тыңдарыңды,
Өзіме айтып берем нұрлы әнімді.
Әзірге сен бір жұмбақ шешілмеген,
Ұғынта алсам болды сырларымды.
Сенімен күн шуағым көркем екен,
Періште ақ көңілмен келсең екен.
Нәрін сез гүл бақшаны аралада,
Мен сені еркелетем,ертегі етем.
1987 ж
Қамықпашы
Мейлі желпін, серпілде,
Не айтсаңда еркіңде.
Кінә тақпа арманға,
Күйе жақпа сол күнге.
Сырлас түнді еске алсаң,,
Лағынат сөз келтірме.
Қара жерді құшақтап,
Өлмеші, сен өлтірме.
Қамықпашы, қиналма,
Қайрат, күшті жина алға.
О,дүниені ойлау бір,
Ағаттығың жалғанда.
1994 жыл

2

Қос келіншек
Ақын шіркін, аңғал ғой нағыз халық,
Сүңгиді теңіздерден лағылды алып.
Берешегін берерде қиналады,
Күлімдейді тұрғанда, қарызды алып.
Қос келіншек, қос қызғалдақ ырғаласың,
Жайдары мінездері нұрланасың.
Кеңейткен жұпар иіс тынысыңды,
Өппесең қызғалдақтан құр қаласың.
Отты өлең өршіп барар өздеріңе,
Ағаттық болмасыншы сөздерімде.
Қалайша,үн қатамын,тіл қатамын,
Қос бейне ою салды көздеріме.
Жырлаймын шамам келсе өрнектетіп,
Кетпесін жүздеріңнен көрнек кетіп.
Елітіп, есеңгіреп мен барамын,
Тек қана жүрмеңдерші желдеп кетіп.
1998 ж
Сырымды айта алмадым
Айта алмадым, сырымды айта алмадым,
Осы болды-ау көңілді қайтарғаның.
Дірілін ділмар тілек сездің білем,
Ботадай желідегі жаутаңдадым.
Жаутаңдадым сезімің отты келді,
Сөнбеді үмітімнің шоқты лебі.
Ақ тамақ,айшық келген аршалы төс,
Аңызақ шөлім болып кептіреді.
Иілмей қайтпайтығын қайсарлығың,
Шешуін таба алмады тайсалды үнім.
Бірбеткей өр мінезің кете барды,
Жеңіліп қала берді жайсаңдығым
Арайланып шуақтанып
3

Арайланып шуақтанып айтшы күнім,
Мінездің бере көрме тапшылығын.
Қаңқу сөз қаңғалақтап кетсін ұшып,
Көршімнің көрсем деймін жақсылығын.
Көршімнің көрсем деймін жақсылығын.
Беттері ашылмасын ащы күннің
Өркені түйнек салып піссін жетіп,
Түбіне балта шаппа жас ғұмырдың.
Түбіне балта шаппа жас ғұмырдың,
Сөзіне ере көрме қас зұлымның.
Анамның ақ сүтінен келген ақыл,
Ер мінез туын жықпа жас ғұмырдың
Қыздар ғашық болмасын ,қыздар ғашық
Қыздар ғашық болмасын ,қыздар ғашық,
Ыстық лебі тез жетер жылдамдатып.
Көңілдің қызғалдағын қылаулатып,
Мөлдір шық,көк шалғынға бір аунатып.
Мөлдір шық,көк шалғынға бір аунатып.
Қыздар ғашық болмасын ,қыздар ғашық.
Тырна келген секілді көктемдегі,
Ала кетер өзімен тыраулатып.
Сүмбіл шаш, қос бұрымын сылаңдатып,
Бара жатыр дүние думандатып.
Бір жүрек әндетеді сырнайлатып,
Бір жүрек мұң шағады қыраулатып.
Қыздар ғашық болмасын ,қыздар ғашық,
Ыстық лебі тез жетер жылдамдатып.
Көңілдің қызғалдағын қылаулатып,
Мөлдір шық,көк шалғынға бір аунатып.
Қыздар ғашық болмасын ,қыздар ғашық,

4

Сыр мінезді Сабира
(С.Майқанованың 90 жылдығына)
Қазақтың күрескері, білекті елі,
Сырындай ағысты екен жүректері.
Самғайды шартарапқа қанат қағып,
Сары ауыз, балапандар,түлектері.
Бұлтты күн жорғалайды ұрланып ай,
Иірім күй шертеді ырғалып-ай.
Жігіті пәк келеді ақ қайыңдай.
Аруы мың бұралған сыр талындай.
Мінез бар алай-түлей желдетеді,
Артынша жайма-шуақ тез келеді.
Құйыны ұшқындатып көкке жетсе,
Ақ жауын төпелетіп селдетеді.
Еңбекшілер ер мекені, ел мекені,
Еңбекпенен боз баласы ер жетеді.
Ән болған сыр сұлуы көркем қыздар,
Сүйріктей сүйкімді боп бой жетеді.
Бой тұмар, бар ғашық ән тербетеді,
Сырымның бір өзіңде келбеті енді
Тоқсаның Сабира апа құтты болсын,
Төріме, құс мамыққа төрлет енді.
2003 ж

5

Бір сезім
Билеп алды әсем сұлу сыйластық,
Сәлем түзу, байқалмайды қиғаштық.
Бата алмаймыз сыр ақтарып айтуға,
Іштей ғана сезіледі қимастық.
Өлең шіркін жан-саямды ақтарды,
Қарсы алар күн болар ма екен Ақ таңды?
Сен бір Гәкку, әнші болып шырқайын,
Ал ақыным, домбыраңды тарт кәні.
Сол бір кеште билегенді ұнаттым,
Үтірі кім,нүктесі кім, сұрақ кім?
Ерке лағын құралайдың ұстауға,
Сен байқамай,мен байқадым құмарттым.
Домбырадан бекерге әуен шықпайды,
Тоғыз перне,екі шегім нықтайды.
Қарашығым бір қадалса бұқпайды,
Мөлдір көзің кірпігімді құптайды.

2000 ж

Көктем
Көктем келді жондарыма құлпырып,
Көктем сені қарсы аламын пір тұтып.
Жер түрленді түкті кілем түсіндей,
Тамшы болып төгіледі нұрлы шық.
Сәуір мынау сәулеленген күн шығып,
Әнге тербер, кең далама гүл шығып.
Абыр-сабыр ұйқысынан оянып,
Ойнатады жан ләззатын тіршілік.
Бүршік жарды сыр бойында талды аймақ,
Қыз-көктемде кім бәйгеден құр қалмақ.
Асығады көмбе тұрған кермеге,
Арысқұмда сыр шашады қызғалдақ
Шәмші аға
6

Тыңдадық әнді қаншама,
Еліктеп кетіп тамсана.
Бес жылда өтті арада,
Сағындық сені, Шәмші аға!
Ананың жүзін көремін,
Мен қазақ тұтас ел едім.
«Сыр сұлу» жайнап тұр анау,
«Қайықта» жайлап келемін.
Толқыны Каспий ұрады,
Нұр шашып күнім тұрады.
Аңсадық сені, ағажан,
Бүйрегім сізге бұрады.
Көңілге қуаныш толса да,
Бақтарым болды жан сая.
Мәңгіге кетті әндерің,
Бірге бол бізбен, Шәмші аға!
Көктем –қыз, күз – жігіт
Жыл мезгілі жарасады алмасып,
Бәйге болса, ей,жігітім, алға шық.
Көкпар кетті «Құлагердің» ерінде,
Неғып тұрсың, алжасып ..!
Қалмайсың ба осы кезде қарманып,
Қалдың ба әлде қызды көріп алданып.
Аттың басын жібер енді, тұрма тек,
Бір ғашығың кез болды ма, болды анық.
Мына сөздер көпшіліктің ойы ма?
Жылт етті де сезім шіркін ойына.
Бір тебініп, сілтеп қалды қамшыны,
Жігіт тарты Сабан тойдың тойына.
Боз қырау боп бусанады бұлау жер,
7

Елеріп тұр көкпар алған Құлагер.
Ерлігіне мына қыздың тәнті боп,
Қол шапаттап, бас иеді, құла ды ел.
Өмір тартыс дәл осылай өтеді,
Бір қиырдан бір қиырға жетеді.
Бір жігіт, бір қыз боп тұра алмай
Бірі ата боп, бірі әже боп кетеді.
Сараланды сары алтындай жапырақ,
Құт мереке түрленіп тұр атырап.
Қызыл дәннен тау тұрғызған дихандар,
Қайыспайтын қайсар жандар, батыр-ақ.
Көктем айын теңейік біз қыздарға,
Теңемеске дайын бізде сөз бар ма!?
Ал Күз айы жігіттікті танытқан,
Құсамай ма ұланымыз ұлдарға!
Толқын
Гүлденген қыздар уағы,
Құлпырып әсем тұрады.
Толқындар толқын тұрғанда,
Бір толқын оны қуады.
Бір толқын оны қуады,
Самал боп есті шуағы.
Қаракөзден ұғысқан,
Сезімдер нәзік туады.
Сезімдер нәзік туады,
Көк құрақ жасыл бұлағы.
Толқынға жету арманы
Мойынға тақса тұмары.
Мойынға тақса тұмары,
Елітіп сонда құлады.
Алғашқы түскен мөлдір шық,
8

Мөлдіреп ғажап тұрады.
Мөлдіреп ғажап тұрады,
Кім екен бұған кінәлі.
Сындырып алмай көңілді,
Тілдессең болды құмары.
Тілдессең болды құмары,
Естісем екен бұл әнді.
Ақ ұлпа болып көбелектей,
Жуып өт менің күнәмді.
21.09. 2004 жыл
Достарды сағыну
Қандай қымбат достық пенен балалық,
Тұсау кескен естен әлі ала жіп.
Міне есейдік, көркем жігіт, әсем қыз,
Артқада бір, ойланып біз қаралық.
Кластастар қайдасыңдар келіңдер,
Келіңдер де, той-тамаша көріңдер.
Сағындырған, сағым қуған күндерді,
Ән-жырменен көмкеріңдер, төгіңдер.
Он жыл болды ұямыздан үшқалы,
Сіздер берген ақыл-кеңес ұшталды.
Дидарласып, сәлем беріп келдік біз,
Ал қызыл гүл құшағына құшқаны.
Адамдарда болады екен іркіліс,
Адамдарда болады екен сілкініс.
Жеткізбейді өмір шіркін, шолақ тым,
Ой толқытар батыс пенен күн шығас
Бір алланың болады екен алды нық,
Біреулерді жаратады малды ғып.
9

Арамызда бос тұр міне орны,
Асылбек пен қайда кетті Қалдыбек.
Айтар сөзім шықпай тұр-ау көрікті,
Демеңіздер ой-сезімін ерітті.
Әскербек пен Ертуғандар алыстан,
Көмескі айна көрсетеді Серікті.
Басқа сөзді сипамадым, қоспадым,
Тыңдамадың, шырқалды ма басқа әнім.
Жүрсіңдер ме ойнап-күліп жәннәтта,
Бағыштадым құран сөзін достарым.
Наурыз мерекесі
( Мектеп қыздарына)
Көктем келді ұйқы-тұйқы түрленіп,
Жылауық жаңбыр кемпір кейпі түрге еніп.
Жерің батпақ, күн ызғарлы әлі де,
Шешек атып кете алмай тұр гүлденіп.
Бірақ Наурыз берекелі болып тұр,
Бір басына үш мереке қонып тұр.
Құрбан айтың құтты болсын ағайын,
Жас ұрпаққа тәрбие бер, соны ұқтыр.
22-сі жаңа жылың жарылқа,
Көңіл шіркін, арқа-жарқа ақ ұлпа.
Қызыр баба батаңды бер еліңе,
Жыл аралап, келдің міне сағынта.
Ер-азамат ойлайтыны ел қамы,
Аққу-қазбен шу көтерер көл тағы.
Ал бүгінгі ерекше бір желпініс,
Әппақ көңіл әйелдердің мейрамы.
Аман болсын жүзігі мен алқасы,
Кең пейілді маңғаз керім марқасы.
«Оқ жонғаның», «тон пішкенің» бүгінде,
10

Ей, адамлар, аналардың арқасы.
Мен де сөздің ырғақтарын бұзбадым,
Тек сыйлыстық татайықшы тұз-дәмін.
Қарындасым, жеңгелерім, жиенім,
Келіндерім,есен болсын,қыздарым!
2001
Жаңа ғасырға жана тілек
Шын көңіл ақ жүрекке ерік бердім,
Мен бүгін болашаққа сеніп келдім.
Жаңа жыл, жаңа ғасыр құтты болсын,
Көк тулы,көк күмбезді көрікті елім.
Бұл ғасыр берері мол қадамы нық,
Еркелеп ағып жатсын таза бұлақ.
Өткенге өкінбейік, тарих шындық,
Мән-жайды білсең болды таразылап.
Жыл жетіп, жыл артынан көсіледі,
Тек жүрсең теріп жейсің несібеңді.
Аман боп ұрпағымыз гүлдей жайнап,
Тербелсін бүлдіршіндер бесігі енді.
Еркіндік, еңсем биік дараландым,
Тұяғын тұлпарлардың тағаладым.
Биік шың, теңіз, дала ұрпағымыз,
Батасы қабыл болсын бабалардың.
Кел бүгін, дастарханда көңіл шашыл,
Па, шіркін, өтті, кетті небір асыл.
Шүкірлік өткен жолға берсін таулық,
Дәм-тұзын таттық бүгін екі ғасыр.
Көгершін қалықтады ұшты арманым,
Мерейі үстем болсын ұстаздардың
Жол сілтеп келе жатыр қазағыма,
Найзасы Абылайдың ұшталған күн.
11

Бесіктегі бөпеге ән айналсын,
Жаңа жылғ жаңа ғасыр арайлансын.
Бұл ғасыр жұмбақ ғасыр шешуі жоқ,
Шаршайсың, шалдығасың талайға сын.
Арнау
Жеткізеді жаңа ғасыр жақсылыққа,
Не жетсін бұл өмірде баршылыққа.
Кіршіксіз аппай қардай көңілдерім,
Қалайын жұмыртқадай аршылып та!
Жарасар ағайындық сіз бен бізге,
Жорғасын жорғалтайық көңілді ізге.
Гүл шоғын алып келсең Қаратаудың,
Сұлу Сыр сылаң қақты көңіліңізде.
Мұнайлы өлкем бүгін ән ақтарды,
Елімнің егемендік таңы атқалы.
Бір сұлу сыр бойында жүрсе егер,
Бір сұлу теріп жүр ғой ақ мақтаны.
Көрші ауыл достық жатыр арасында,
Күріштен алқа-моншақ тағасың ба?
Шәмшінің әндерімен оянамын,
Арыстың қол бұлғаймын жағасында.
Жылы леп бір өзіңнен нұр құшқанмын.
Гүл шоғын бір өзіңмен бір ұүшқанмын.
Киелі әруақтар бас қосқан жер,
Сәлемін әкелдің бе Түркістанның.
Жүр еді, Шымкентте бап табылмай,
Ақ мақта қауызын ашып ақтарылмай.
Жас маман ,білгір басшы тізгін ұстап,
Айналды ел-жұртымның мақтанына-ай.
Сыр бойы Байқоңырдай күш алғанбыз,
12

Жарасты достығымыз, дәм-тұзымыз.
Қош келдің қой қоралас, ел аралас,
Ағайын сізге ашық құшағымыз.
Мерекеге тілек
Құдайым, берсін бізге берекесін,
Қастерлеп, үкілейік ел еркесін.
Жігіттер, қозғалып қал тамашада,
Қыздардың тойлайық бір мерекесін.
Сөйлеген сөз бүгінде нықты болсын,
Достығы қыз-жігіттің мықты болсын.
Ер жігіттер атынан тілек айттық,
Мереке, бүгін думан құтты болсын!
Жарқырап отырсыңдар самаладай,
Сөз тумас өздеріңді жағаламай.
Тек сұлу Қараөзекте, дәл мектепте,
Қалықтап жүріңдерші шағаладай.
Адамға ой салады кейбір кездер,
Айтылсын жақсылыққа шәрбәт сөздер.
Жүре бер ортамызда есен-аман,
Ай қабақ, оймақ ауыз, мөлдір көздер.
Келінге өсиет
Той болды келін келіп ауылыма,
Бет ашып бермек болдым қауымыма.
Ойқастап өлең сөздің патшасымен,
Жел бітер қозғалмалы жауырынға.
Мереке, шаттық,думан болсын қолды,
Болмайды бұған бөгет дауылыңда.
Жиналған ағайындар құлақ салшы,
Қызықтың болады бәрі мұнда.
Ұғып ал айналайын, қарылғашым,
13

Басыңнан бақыт құсы арылмасын.
Үйіңе қонақ келіп топырласа,
Көңілің әсте қалқам тарылмасын.
Ызылып ізетпенен жүргенннен соң,
Сыйласқан құрметпенен табыларсың.
Он саусақ бәрі бірдей өскен емес,
Ақ жарқын мінезіңмен таныларсың.
Біреудің шайпау сөзін неғыласың,
Алғыс ал көтергенше тағынарсың.
Ізетпен үлкендерді сыйлап жүрсең,
Бір күні шал - кемпірді сағынарсың.
Ауылмен кәне бүгін танысайық,
Жүйріктей наурыз тойда жарысайық.
Кім білмейді ауылым Жаңарықты,
Жанарың бүгін мүлде жаңарыпты.
Аудандық, облыстық газеттерден,
Оқисың біз туралы жаңалықты.
Ақ жарқын адамдардың көңілдері-ай,
Сыйласып, құрметтейтін сана мықты.
Туған жер топырағы гүлдеп жатыр,
Майталман тәрбиелі сан алыпты.
Бірлігі жарасады Жаңарығым,
Өзгеше бүгін сенің даралығың.
Тұсауды кесіп бүгін жіберейін,
Жолыңа басқан сенің қадамыңның.
Білеміз келген сенің босағаңды,
Бақ-дәулет босағадан босамады.
Келгесін бір адамы өзің болып,
Ауылдың тілектері қос ағарды.
Қуаныш бір өзіңнен тосады әлі,
Баламен өміріміз жарасады.
Келешек бала бақыт өміріміз,
14

Болма сен сол әйелдің қашағаны.
Елдің де: атасы бар, ағасы бар,
Ауылдың әжелері, апасы бар.
Көлденең кесіп өте үлкен жолдан,
Үлкеннің сәлем беріп батасын ал.
Абысын ақыл айтса ықласпен,
Демеймін келін шырақ шатысып ең.
Ақ жарқын өнегелі абысынның,
Сәлем бер мұның дағы батасын ал.
Қадамың құтты болсын игілікті,
Күйеуің ақ жүрекпен сүйді мықты.
Не айтам бұдан артық енді саған,
Келін бол халықыңа тыңғылықты.

Ауыл қыздарына
15

Туған жер төсі аялы,
Жыңғылы, талы саялы.
Ұрпағын жалғап келеді,
Қозысы мен Баяны.
Ғашықтық тілі –бал дәурен,
Тербеткен бесік-ән дәурен.
Лүпілін жүрек оятқан,
Жұптары жарқын –сал-дәурен.
Қызғалдақ гүлдер аяулым,
Арманы болған талайдың.
Аруы ауыл-аршын төс,
Сіңілісіндей Баянның.
Болмасын әсте қаяу Күн,
Оранбасын жанар мұң.
Қайғысы бермей қасірет,
Мөлдірлігін берсін Баянның.
Көз тастап Қозы аялдар,
Қоштасар сәтте таң алдар.
Қодарын қарсы кез қылма,
Бой жетсін сұлу Баяндар.
Туған жер, елім –қолқанат,
Айналдым сенен ақ қабақ.
Аққулар жүзсін көлінде,
Басымды идім мархабат!
2002 ж

Бесік жыры
16

Өмір қандай келешекпен бақытты,
Байқамаймыз сырғып өткен уақытты.
Бесігімде тербетілген болашақ,
Шақырады ұлы думан шаттықты.
Ұлылықтар шыққан осы бесіктен,
Ана әлдиін жылағанда есіткен.
Түбек, шүмек, ақ мамығы, көпшігі,
Үкілеген ақ бесігін көріп пе ең?
Бесік жыры тербеле бер әндеткен,
О, бөпешім, кезермеші шөлдеп сен.
Анаң отыр ақ сүт беріп аймалап,
Аман болшы арам ойлы тіл көзден
2003 ж
Бала тілі
Туған ел тұғырым ең, нұр таңым ең,
Өзіңе тұмар етіп, жыр тағып ем.
Ұлықпан да мың жасап кетті өмірден,
Өзінің болашағы ұрпағымен.
Жанұям бақытымсың-болашағым,
Ұрпағын жетеледі қара шалым.
Өмірде алыс-беріс қызу сауда,
Менің де бар екен-ау алашағым.
Күтемін ертеменен таңа таңын,
Балаларым жас қанат –балапаным.
Үмітпен үңілемін көкжиекке,
Қонағы боларсыңдар сан отаудың.
Ай болып Отан болған жарасымды,
Қолдасын туған елің алашыңды.
«Балалы үй базар»-деп атаң қазақ,
Мереке алып келсін бала тілі.
2005 ж

17

Абайды сағыну
Сөздерің естілгендей жаңа ғана,
Жаңғырық таралған –ау далама да.
Жүздесіп өзіңменен тарқап едік,
Қайдасың, қайда кеттің Абай аға.
Аралап елді мына қалаға да,
Барасың ұқсап биік самалаға,
Жырлаған жыл мезгілін өзгеріп тұр,
Қайдасың, қайда кеттің Абай аға.
Сағындық қам көңілді жаралама,
Ұмтылып талпынамыз саналы алға.
Соқтықпалы, соқпақты жеріміз бар,
Қайдасың, қайда кеттің Абай аға.
Қысып тұр халқымызды нарық баға,
Өзің шеш таразыла, анықта да.
Саламыз әндеріңді, күйлеріңді,
Қайдасың, қайда кеттің Абай аға.
Қарашы егеменді халқыңа да,
Мыңы жез, бір өзіңсің алтыны, Аға!
Бер батаңды ұрпағың сұрап отыр,
Баяғы шапан киген қалпым ,Аға!
2004 ж

18

Тәуелсіз елдің ұланымын
Желтоқсанда сексен алты ызғарлы,
Кім жанбады, кім ұлтына қызбады.
Жас қазақтың жалын атып жігері,
Тамды қаны өртке оранды мұздары.
Елемеді салт-дәстүрді, жұртымды,
Бүтін жаға бірақ сәтте жыртылды.
Кремльден келген шолақ саясат,
Менсінбеді қазақ деген ұлтымды.
Ата-бабам бостандықты аңсаған,
Көз жіберсем кейінгіге таң қалам.
Қаратаудан «Елім-ай» деп шуласып,
Қайран елім зарлатып бір ән салған.
Мен елімнің ұрпағымын,салтымын,
Мың мәрте де тұншықтым мен алқындым.
Асан қайғы жер ұйықты іздеген,
Тәуелсіздік арманы еді халқымның.
Біле білсең қазағымда айбат бар,
Қызыл тілім осындайда сайрап қал.
Желтоқсанның батырлары бүгінгі,
Лаззаттар мен ерен батыр Қайраттар.
Бүгін біздің өрлеп тұр ма бағымыз,
Оянды ма ұйқыдағы санамыз.
Желтоқсанның шыңдығына жете алмай,
Мұхтар сынды шарқ ұрады ағамыз.
Тәуелсізбін ел таңбам бар, туым бар,
Ел қорғауға жас ұландар тұрыңдар.
Ән ұранды асқақататам шарқаймын,
Мен секілді қайсар, өжет ұлың бар.
Мерекеге толсын менің әр күнім,
19

Өз еліме жетіп жатыр байлығым.
Мұнайлы өлке шалқып жатса Каспиім,
Толар әлі ару Арал айдыным.
Жаңалықты естіп келем күніге,
Әлем менің қызығады үніме.
Қасиетін біле алмаған ноқайлар,
Бөгет болмай әрі тұрсын тіліме.
Сарыарқадан мен әлемге қарадым,
Қарадым да төрт бұрышқа таралдым.
Тыныштығы, бірлігіммен халқымның,
Болашаққа қол созамын нәр алдым.
Болашаққа қол созамын нәр алдым.
Нық басылып келед менің қадамым.
Қазақ деген ел боламын қонақжай,
Төріме шық, адал болсаң қонағым.
2004 ж
Екі ғасыр
Кел бүгін дастарханға көңіл шашыл,
Па,шіркін, өтті-кетті небір асыл.
Шүкірлік өткен жылға, берсін таупық.
Дәм –тұзын таттық міні, екі ғасыр.
Бөпеге бесіктегі ән айналсын,
Жаңа жыл, жаңа ғасыр арайлансын.
Бұл ғасыр жұмбақ ғасыр шешуін тап,
Шаршайсын,шалдығасың , талайға сын.
Қазағым, білем сенің күшті арманың,
Мерейі үстем болсын ұстаздардың.
Жол сілтеп келе жатыр адаспастай,
Найзасы Абылайдың ұшталған күн.
2000 ж
Ата-анаң, ұстаз, мектеп
20

Адам етіп ептеп,
Кемістігіңді септеп
Біле білсеңдер жігіттер,
Ол –ата-ана,ұстаз, мектеп
Жүргендерің көктеп,
Ұрпақтарым көп деп.
Біле білсеңдер қыздар,
Ол –ата-ана,ұстаз, мектеп
Мақсатыңа жет-деп,
Қалмасын деп шеттеп.
Бата берген сендерге,
Ол –ата-ана, ұстаз, мектеп
Елімнің қасиетін
Елімнің қасиетін ұға алғамын,
Қиындықты көтеріп тұра алғанмын.
Пешенеме жазылған іс тындырып,
Құлы болып келемін бір Алланың.
Жақсының шаттығымен нұрланамын,
Қарлыққан қыңырларға қиналамын.
Ұл-қызым ,немере мен келіндерім,
Барсы осы,бұл өмірде жинағаным.
Сал-сері беріп кеткен сыйлап әнін,
Ұлымын Сыр бойындай күй даланың.
Елудің ортасында тұрсақтағы,
Мен сенің еркелеткен бір балаңмын.

21

Туған жер
Ақжарқын, абыройлы,саналы кім?
Жаралы кірбің қабақ қаралы кім?
Бәрінің тауқыметін біліп жатсың,
Жансаям, туған жерім Жаңарығым№
Өмірдің арқау еттің тазалығын,
Бал дәурен көз алдымда балалығым.
Тілім мен ділім қайта жаңғырған соң,
Мешіттен қарсы аламын азан үнін.
Көрсетпе адамдардың алалығын,
Түлеген елді мекен, қала бүгін.
Төсіңді қайта идірші қасиетті,
Ақ маңдай, көк күмбезді Жаңарығым.
Қанаты талмай ұшсын қырандардың,
Сейілсін өткен заман тұмандарың.
Тік ұстап көк туымды желбіретер,
Ер жетсін балғын сәби ұландарың.
2000 жыл

22

Бір күш бар жанарыңда
Қылаң беріп, қиғаштап асыл мұңнан,
Неге қалды шырқалған басылып ән.
Әттең қиын сыр сандық ақтаруға,
Бір күш бар жасырынған жанарыңда.
Ай сәуле тұнық сезім жырлағасын,
Мөлдір моншақ сылдырын тыңдағасын.
Қалайша тілегімді жеткізермін,
Жеткізер ой-сезімді ұрлағансың.
Тылсым күш, бір сәт қалам адасып-ақ,
Қан тамыр тербетеді таласып-ақ.
Ішінен бір топ аққу көгілдірсің,
Тұрады сұлулығың жарасып-ақ.
Бал бұлақ лайлама сүзілмеген,
Арқауы өрмек тордың үзілмеген.
Соқпағы басқалардың шатастырар,
Келемін өзім салған ізімменен.
Келемін өзім салған ізімменен,
Мен сені күнім дер ем,гүлім дер ем.
Меккеге сапар шегіп не қылайын,
Зәмзәм су сенің ғана тілің дер ем
1985 жыл

23

Гүл қыздар
Қыздар ғажап алқызыл гүл, көк гүл ме,
Ал гүлдерің бөлінбей ме көп гүлге.
Жігіттер жүр жұпарына елітіп,
Гүлдер іздеп, қырға шығып кеттің бе?
Қадам бассаң ырғалады кіл алдан,
Кірпік гүлдер- қос жанарың шырағдан.
Дер кезінде өбе білсең мәпелеп,
Бал сезімді шығарады құмардан.
Әсем ғана әндетесің үнменен,
Жігіттердің жұмбағы екен гүл деген.
Сансыз баяу сабағына ілінген,
Жұлдыз көрем, сәулелі ай, күн көрем.
Қаптап өскен гүлдер біздің қыратта,
Таптама оны, үзіп-жұлып құлатпа.
Адастырар қос ғашықты жұптасқан,
Әлдилейді алтын кептер жырақта.
Иә, досым, бұл сезімді мін көрме,
Қыздарды біз теңеп жатсақ гүлдерге.
Қыз –дегенің қызғалдақ қой көктемгі,
Түкті кілем төсеп қойған белдерге.
Бұл гүлдерде ұяң ғана күліс бар,
Қан тамырды дір еткізер иіс бар.
Достық сезім тасасында сүйкімді,,
Үлбіреген мөлдір моншақ сүйіс бар.
Сол күлісті ұмытпа сен қолдауды,
Сол иісті біле-біл сен қорғауды.
Өз гүліңді таңдай білсең,кәнекей,
Махаббатта ала білдің олжаңды.
6.03.2004 жыл

24

Сен туған күн
Шаттық ләззат себелеген маңайды,
Сәулеленді қос жүректің алауы.
Сен туған күн мамыра жаз тым әсем,
Жадыратты мөлдір шықтай жанарды.
Жадыратты мөлдір шықтай жанарды,
Саусақтармен қара шаштар таралды.
Жиде иісі жүректерге ұялап,
Қимастықпен тарастық біз таң алды.
Мұңдарыңды ,шындарыңды көп айттың,
Көп айттыңда төзімімді ояттың.
Сырымызды, шынымызды тек үнсіз,
Тыңдап жатты, ұрлап жатты болат түн.
Тыңдап жатты, ұрлап жатты болат түн,
Ну құшаққа еліктірдің ояттың.
Жұдырықтай жұлдыз болып тұрармем,
Әттең өмір қысқасың-ау шолақ тым.

25

1985 жыл

Гүлденген елім бүгінде
Кемелі келді түріне,
Кім бас имес еліне.
Қасиетті Қараөзек,
Гүлденген елім бүгінде.
Талпынға өмір-өзенге,
Жақсылық ылғи сөз ерген
Бірінші ауыл атану
Қиындау сонау кезеңде.
Әбілда ақын туған жер,
Айманкүл белін буған жер.
Әр белесін тойлатып,
Өнер-сауық қуған жер.
Қаламына бастау ап,
Асқар ақын апталап.
«Нөкерлерін» ерітіп,
Кететін ылғи мақтау ап.
Дәуітбаев Есентұр,
Саңылағы десең бір.
Соғыстан жазған жырлары,
Кітапқа шығып есен тұр.
Ахмет аға Халықов,
Ел бейнесін жаңғыртып,
Еңбек Ері атанды,
Республиканы шаңғытып.
Сөйле десен, тағыда ,
Ілеспей қалар шаңыма.
Арысқұм мен Құмкөлім,
Қойнауы толған қазына
Жігерлі ылғи жастары,
Аман болгай бастары.
Кемшілікті болдырмай
Алатын көп асқары

26

Туған жер төсінде
Кіндік кескен туған жер Жаңарығым,
Менің көп айтар бүгін жаңалығым.
Жырықта сәл азырақ жүріп қалсам,
Көргем жоқ сендей ыстық жер алыбым.
Түлесең жылдан-жылға мен мұндалап,
Мен сенің қарашығың, жанарыңмын.
Шықса егер сан жүйріктер жүлде алған,
Мен сенің қуантарлық қадамыңмын.
Мен сенің қол балаңмын, адамыңмын.
Ойқастап өлең жазсам сен туралы
Ұшысың ойы ұшқыр қаламымның.
Ат қылып тал шыбықты бала кезден,
Бала едік жалаңдаған дала кезген.
Ұрысып әкең жатса сәл кешіксең,
Сүйеді шешең байғұс қара көзден.
Ауылдың болашағын ойлап өстік.
Балалық сол кезден –ақ сана сезген
Бүгінгі қуанышым сыймай жатыр,
Жеткізе алар ма екем ғана сөзбен.

27

Тоқтар Әубәкіровке тілек
Мен саған үзік қана сыр артылдым,
Болмай тұр бұл күндері сырға тыным.
Батырлыққа жатса егер-ақылдылық,
Елі бар мұны дағы ұғатұғын.
Білемін ел алдында салмағыңды,
Сен ғарышта байқадың, таңдар күнді.
Сарыарқа, Жетісуым, Каспийім –деп,
Аралға салып тұрсың ұраныңды.
Әлемді доп-домалақ көрмедің бе?
Айта алмай тұрған сөз көп көмейімде.
Алтайдың табиғаты ару еді,
Бұл күнде тозып кетті-ау Семейіңде.
Мына жер бабалардың жері емес пе?
Батырлар қол бастаған ел емес пе?
Ал, халқым, қолда ұлыңды, бер батаңды,
Абылай батырлары тең емес пе?
Халқым сендерсіңдер –даналарым,
Осылай сөз маржанын сараладым.
Ұлдарың батыр болсын десең егер,
Тоқтарды мен осылай дараладым.
27.09.2001 жыл.

28

Тоқтар Әубәкіров Сыр елінде
Жүрегім туыс менің жүрегіңе,
Халықпен бірге сенің тілегіңде.
Дәм-тұзы тартты өзіңді ықыласпен,
Қош келдің, батыр Тоқтар Сыр еліне!
Өжетсің, жыға аласың алысқанда,
Елімнің аты кетті алыстарға.
Бата алып Байқоңырда бақ сынадың,
Қазақты ізі қалды ғарышта да.
Кеудеңде жұпар шашты гүл шоқтары,
Халқыңның саған ашық құшақтары.
Басқа ұлтқа бағынбаған,сыр ашпаған,
Бас біліп қалды орыстың ұшақтары.
Сөздері шашу болсын ақындардың,
Ақ алмас қынабында жарқылдадың.
Елімнің қамын ойлап, жоғын жоқтау,
Қолында біле білсек батырлардың.
Сарыарқа сусындадың самалына,
Көз салдың сұлу Сыр мен Аралыңа.
Ақ тілек, ақ жолыңа арқалайтын,
Нұр жаусын елім деген талабыңа.
Нұр жаусын елім деген талабыңа.
Жұртыңа жадыраған қара мына.
Еңселі ел болайық, ел сыйлайтын,
Көбейсін батыр ұлдар қазағымда.
Гүл бітсін басқан сенің қадамыңа.

Туған жер туралы толғау
Елім,жерім, кең байтақ көсіледі,
Теріп жүрмін, маңдай тер несібемді.
29

Жадау жатқан жайдақ жер жер гүл ашады,
Қададым көк туымды төсіме енді.
Сыр толы жусан жерде ырғалады,
Шопанның естіледі қырдағы әні.
Мереке, шаттық бүгін, шалқар көңіл,
Қалайша ақын көңіл құр қалады.
Шер төгер, әр адамда болар арман,
Сеніммен алға қарай бастық қадам.
Елімнің егемендік, бостандығы,
Арманы орындалды ата-бабам.
Елімнің мақтан тұтам салтанатын,
Ұлылар берсін маған махаббатын.
Дұшпанның іші күйіп қызғанады,
Достарым болып алды тамсанатын.
Ақ маржан «Сыр сұлуы» абыройым,
Шуақты таңдарымды атырамын.
Елімнің тұтастығы маған қымбат,
Береке, татулыққа шақырамын.
Қиындық көтеремін біраз күнгі,
Өйткені ер жігіттер тұр айбынды.
Кешегі құм суырған сағым дала,
Еселеп беріп жатыр мұнайымды.
Қарттарым аман жұрші даналарым,
Ақ сүйрік мен боламын балаларың.
Гүл жайнап құлпырады алауланып,
Ауылым, Қызылорда, қалаларым.
Көш шықты жан-жағыңа қара бүгін,
Көп екен айтар сенің жаңалығың.
Туған жер түтіні де тәтті болар,
Жайнай бер, жаңара түс, Жаңарығым!
08.06.2006 жыл.
30

Сыр ұқтым
Күлкіңнен сенің жыр ұқтым,
Әсерлі сөзді ұғынттың.
Өзіңдей әсте сұлу жоқ,
Әсем көздеріңмен жылыттың.
Бақытың сенің алдыңда,
Таң қалып маған қалдың ба?
Арманым болмас егерде,
Созылды білек талдырма.
Өмір дегенің жұмбақ па?
Жауап та қиын сұраққа.
От шашып тұр ғой жанарың,
Тілегін Аға құлатпа.
Өзіңмен жүрсем сырласып,
Күлкілер тұрсын жарысып.
Жетелеп мені келеді,
Өзімнен бұрын жыр ғашық.
Айналдым сенің үніңнен,
Жүрейін сені күнім-деп.
Артық та кетіп қалмайын,
Сүйсем де болды-ау тіліңнен!
2004 жыл.

31

Менің нұрлы күнім
Шаттан, қуан қазағым, келді кұнің,
Таныды әлем халқы мені бүгін.
Көгілдір көк күмбезді Түркістанның,
Тойында желбіреді ұлттық туым.
Құтты болсын бостандық туған күнің,
Қазақ тілім ұясы өлең-жырдың.
Болашаққа нық басып келе жатыр,
Ұрпағың, сенім артқан қыз бен ұлың.
Жалындатып келемін жастығымда,
Бауырлас досын елім тапты бүгін.
Айналдым қонақ жайлы мінезіңнен,
Бұзбаған салтым менен дәстүрімді.
Бұзбаған салтыменен дәстүрімді,
Құшағын ағайынға ашты міне,
Татар, башқұрт, өзбек пен қырғызымды,
Байқап көр, мызғымастай достығымды.
Ән –ұран шарықтай бер нұрлы – әніміз
Жұлдыз боп шашу шашты нұрларымыз.
Бір туған түркі тілдес бауырларым,
Бір ата тараған бір ұлдарымыз.
Татар-башқұрт қазақтың ауылдасы,
Бірі –аға, бірі-іні бауырласы.
Достығы бар халықтың ғұмыры ұзақ,
Елімнің құтты болсын тоғыз жасы.
Ер Түріктей ұл тапқан –қайратты ана,
Қазақстан-гүлстан байтақ дала.
Мерекең мерейленсін шапағатты,
Жібек жолы бастасын аймақтарға.

32

Көктем – махаббат
Көктем лебі соғады самаладай,
Жайдары жадырайды дала қандай.
Мен саған ғашық едім-қыз көктемім,
Өрілген қыздың шашы таралғандай.
Өрілген қыздың шашы таралғандай,
Бір сезім жүрегіме қамалғандай.
Мен саған ғашық едім-қыз көктемім,
Табасың маған енді амал қандай.
Қыздарды қызғалдақ па деп қаламын,
Қызғалдақ гүлдер менен отқа орандым.
Жалынын шіркіндердің қайтем енді,
Бір түбір қызғалдақтан ап қалайын.
Төрт мезгіл жыл маусымы өткенімен,
Келемін қилы-қилы өткелімен.
Не деген иісі жұпар еліктірер,
Есті алып еркелетер көктем деген.
Сан гүлдер қырқаларда ырғалады,
Қыз-келіншек сыңғырлайды сырғалары.
Күз кеткен ғашық болып оралдың ба?
Серттескен махаббатың тырналары.

33

Қол жетпес көгімдесің
Сен неткен төзімдісің, төзімдісің,
Сені ойласам белгілі көз ілмесім.
Сен қыз болып, мен бойдақ болсам егер,
Перденің кім айтар ед сөгілмесін.
Перденің кім айтар ед сөгілмесін,
Сен маған он сегіз боп көрінесің.
Не көрмеген бұл жүрек жұдырықтай,
Бәрі бір жайлау көңіл төріндесің.
Бәрі бір жайлау көңіл төріндесің.
Көңілдің көктеміндей өрілесің.
Бір күн шықшы қызарып, еліктіріп,
Сен ақ таңсың қол жетпес көгімдесің.
Сен ақ таңсың қол жетпес көгімдесің,
Өлең шіркін қоздайды берілгесін.
Кей сәтте найзағайсың тіліп өтер,
Нөсер болып тек маған төгілгенсің.
Нөсер болып тек маған төгілгенсің,
Бола алмайсың сен менің көңілдесім.
Қатар жүрген қос аққау бірге ұшатын,
Дем біткенше бірге бол өмірлесім.
Қалқа
Қалқаның сағынғанда салған әні,
Үзілтіп, елжіретіп толғағаны.
Сүйгені, сүйенгенін есіне алып,
Жай таппас әнге басса кімнің жаны.
Бұл әнді кім білмейді- аты Қалқа,
Қалқаны сағындым ғой айта-айта.
Тырнақтың көбегінде түк қалмады,
Күңірентіп домбыраны тарта-тарта.

34

Мен де жыр бар өмірлі
Алып таулар, асқақ таулар мұнарлы
Асыл таулар, жасыл таулар шынарлы.
Қапаланған көңілдерді жаңартып,
Шөліркеген қандырдың бір құмарды.
Мөлдір теңіз, сырбаз теңіз көгілдір,
Жағажайды толқыныңмен көмілдір.
Сен де сыр бар, тауда гүл бар жұпарлы,
Күн де нұр бар, мен де жыр бар өмірлі.
Ай –перде ақша бұлттар ұлпалы,
Сипап өтті төбелер мен қырқаны.
Теңіз бен тау егіздері түбектің,
Ақ жауыны иіс-суы жұпарлы.
Ақан сері
Торыны талға байлап мінген қандай,
Үкілеп желідетіп жүрген қандай.
Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып,
Сыбанып ақ білекті жүрген қандай.
Күніне уағда еткен қалқажанның,
Жетуге ынтазар боп жүрген қандай.
Ауылы қыз қалқаның қайда екен деп,
Жүгіріп сайлау жермен келген қандай.
Атыңды бір тасаға байлап тастап,
Тұсына ақбоз үйдің төнген қандай.
Сөз салып қыз қалқаға жеңгесінен,
Құрбымен сыпайы ойнап күлген қандай.
Ишарат әзілменен тіл қатысып,
Қыз сырын жеңгесінен білген қандай.
Алуақта алабұртып тұрғаныңда,
Алдыңнан қарсы шыңса ақша маңдай.

35

Құрбыжан ебін тауып келдің бе деп,
Қуанып күрең түсін күлген қандай
Құрбыжан күле қарап жүр дегенде,
Ақ үйге есік ашқан енген қандай.
Жамылып екеу ара бір шапанды,
Айқасып бір төсекте жатқан қандай.
Мықынға ақ білекті артып тастап,
Тіл дәмін бір-біріңнен татқан қандай.
Сол жерде айтылмаған сыр қалмайды,
Кілт ашып, ақ сандықты ақтарғандай.
Ойыңның қызығымен білмей қалып,
Шашыратып таң сарғайып атқан қандай.
«Тұрыңыз үйге сәуле кіріпті» -деп,
Біріне-бірі күліп айтқан қандай.
Сол кезде көңіліңе түссе қорқау,
Мысықтан тышқан қорқып сақтанғандай.
Ақырын үйден шығып таң алдында,
Манағы сайдағы атты тапқан қандай.
Шылбырын сол тұсынан қызға беріп,
Шақшаны қағып-қағып атқан қандай.
Насыбай өз әлінше ол да тәтті,
Алдыңда қарап тұрса ақша маңдай.
Көтеріп қолтығыңнан аттандырып,
Артыңнан қарап тұрса көзін алмай.
Ойлайсың бұл дүниеде не қызық бар,
Қасынан қалқа жанның аттанғандай.
Торыны жүгіртесің көңілің қанып,
Біреуден ебін тауып ақша алғандай.
Ауылыңа өлеңдетіп сен қайтасың,
Бәйгеден атың озып шаттанғандай.

36

Қимаймын сені қалқам-ай
(Лена Әбдіхалықоваға арнаймын)
Сезімің сенің әндерді іздеп аңсады-ай,
Көріндің көркем қияға біткен аршадай.
Түсінбей жүрген жаныңды адам бар шығар,
Достарға деген көңілің зәулім жан сарай.
Зәулім көңілің жан сарай,
Сандуғаш үнің асқақ-ай.
Тұңғиық терең мөлдірсің,
Қимаймын сені қалқам-ай!
Жанарың жалын, тартады бейім өзіне,
Шыдамым сынды, бата алмай бұйра көзіңе.
Идіріп жанды, күйдіріп қанды барасың,
Саз сырнай үнің сиқырлап алды деміне.
Сиқырлап алдың деміңе-ай,
Шашудай әнді төгіп-ай.
«Мұздақты күзде кез болдың»,
Жүрер ем әттең еріп-ай.
Жадырап жаздай, құшағың кеңге ашылды,
Пейілің дархан туымдай ұлпа жасыл-ды.
Еліңе сенсең ерке қыз етіп көтерер,
Мәпелеп күтер тұлпардан қалған асылдай.
Тұлпардан туған асылды-ай,
Екпінің ұшқан жалынды –ай.
Аптабың ыстық шыдатпас,
Шөлеркіп барам қасыңда-ай.
4. 06.01994 жыл

37

Отбасы, туған-туысқа арналған өлеңдері
Әке
О, әке, бүгінде тағатым жоқ,
Жоқсың сен,
Мен қалдым қанатың боп.
Кімге барам, мұңымды
Кімге шағам,
Ұзақ жол жеткізбейді
Баратын көп.
Кейде асыр салар, толады ішім,
Қайта кеп тұғырыңа қонармысың.
Селдіреп ақ сақалың ғайып болды.
Рухың тірі әлі соғармысың.
Тамшы боп шатырыма тамасың ба?
Тәң сәрі тереземді қағасың ба?
Маңдайың бейнет көрген қыртыстанып,
Ұрпақты жетеледің әр асуға.
Білемін өн бойымда арман барын,
Арзан сөз, шен – шекпенге малданбадым.
Немере-шөпшектерің құран оқып,
Жайқалып өсіп келеді ормандарың
Бауырға
Сәби едім бір кезде еркелеттің,
Еркелеттің ғажайып ертек еттің.
Мен өзіңді іздеймін кәдімгідей,
Шүкір, Алла демеймін ерте кеттің.
Шүкір, Алла демеймін ерте кеттің,
Кіндіктесім, кермедей көркем еттің.
Үлкендігім менің де келіп қалып,
Ортасында ағайын төрге кеттім.
38

Қайғымды достар лебі таратады,
Сейілтер сезіміңді дала таңы,
Өзің барда жүруші едім ойланбай-ақ,
Інілердің аға екен Ала тауы.
Інілердің аға екен Ала тауы.
Қамқор болған сүрінсең алақаны.
О, тағдырым, қайтейін есейттің Сен,
Кейінгіге көз сал деп қаратады.
2003 жып
Тойжаның –сенің, Тоғжаным –менің
(Дүниеден ерте өткен отбасымның берекесі мен мерекесі болған
жолдасым Тоғжанның рухына бағыштаймын!
Ғаламат еді-ау, алапат еді-ау сол жылдар,
Өмірден тәтті татушы едік балғын бал.
Жастығым менің есіме түссе айналып,
Керегі жоқ-ау, әдірем бәрің қалдыңдар.
Оқып та жүрдік,тоқыпта жүрдік өмірді,
Сүмбіл шаш қыздар моншақтай мөлдір көрінді.
Ерекше болып қазақы қалпын сақтап сенБоямай тұрдың қас пенен оймақ ерінді.
Естіді
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!