Қызылқарағай шайырының физикалық қасиеті мен емдік қасиеті.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қызылқарағай шайырының физикалық қасиеті мен емдік қасиеті.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материял қызылқарағай шәйырының қасиеті , өңделіп алынуы мен емдік қасиетіне баса назар аударылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мазмұны

Эссе....................................................................................................3-бет

Аннотация.......................................................................................................5-бет

Пікір.................................................................................................................7-бет

Жоспар.............................................................................................................8-бет


Зерттеу бөлімі


Қызыл қарағай және оның географиялық орны........................................11-бет


Қызыл қарағай безі мен балқарағай жаңғағы және олардың

емдік қасиеттері ...........................................................................................12-бет


Қызыл қарағай шайыры.............................................................................15-бет


Өңделген шайыр алу барысындағы физикалық қасиеті мен алыну барысы


Қайнау, балқу, булану, қату процесі...........................................................16-бет


Өңделген шайыр алу ...................................................................................18-бет


Өңделген шайырдың емдік қасиеті.............................................................20-бет


Қорытынды....................................................................................................21-бет



Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................23-бет


Қосымша........................................................................................................24-бет






Эссе

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Қызылқарағай шайырының физикалық қасиеті мен емдік қасиеті.

Ең алдымен зерттегім келгені - шикізаттың қайнар көзі болған тәкаппар таулармен бой таласқан балқарағай мен қызылқарағайдың географиялық орны болды. Тақырыбымның мәйегі болған, көркі көз тартарлық әсем көріністің куәсі болған еліміздің шығыс өңіріндегі Марқакөл көлінің тауы мен Катонқарағайдың ұлы табиғатымен бір сырласқандай болдым .

Осыған байланысты, қажетті мәліметтерді жинай бастадым. Көптеген кітаптар оқыдым, зерттедім. Сонымен қатар, қазағымыздың дәстүрлі емшілігімен айналысатын білікті дәрігер Оралұлы Білімханнан сұхбат алып, өзімді қызықтырып жүрген көптеген сұрақтарға , соның ішінде , қызылқарағай шайырының біз білмейтін ерекше емдік қасиетіне жауап алдым, білімімді одан әрі тереңдеттім. Зерттей келе , яғни , кітаптың, ғаламтордың және жетекшімнің әңгіме - сұхбатының көмегімен қарағай жаңғағы балқарағайдан алынатынын, қарағай шайыры қызылқарағайдан алынатынын білдім.

Иә, Алтайдың байлығы саналатын қарағай, самырсыны мәңгі жасыл өсімдіктер. Қызыл қарағайдың өзі 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрін Катонқарағайдан кездестіруге болады. Биіктігі 50-60 метрге жетеді.
Қарағайдың мөлтеші деген жергілікті жұрт үшін кереметтің бірі. Дәмі тіл үйірер мөлтештен қайнатып сағыз әзірлеу науқаны да тұрғындар үшін үйреншікті кәсіп. Жетекшім: «Балалық шағымызда төрт мезгілде де мөлтеш/шайыр жинаушы едік. Қаңтардағы қақаған аязда шайыр дегеннің өзі аулаға таудан кесіп әкелген қарағаймен келіп те қалатын, балтаның өткір жүзімен не қалта бәкімен шытынатып мөлдіреген мөлтешін сындырып алушы едік. Отын жарып жүріп кейде кесек ірілері де жолығады. Қалаға оқуға шығарда бұл мөлтештің өзі сәлемдеме ретінде таратылып жатушы еді-ау»,-деді.
Қарағай шайырының емдік қасиеттері ежелден бері белгілі. Қылқан жапырақты шайырларда көп мөлшерде болатын ламберт қышқылының ноотропты белсенділігі бар екендігі дәлелденді - бұл церебральды қан айналымын жақсарта алады.

Қарағай шайыры құрамында бактерицидтік қасиеттері бар және қан ағымын ынталандыратын скипидар көп мөлшерде болады. Қарағай шайыры көптеген жылдар бойы емдік қасиеттерін жоғалтқан жоқ.
Яғни, қарағай шайырының негізгі емдік қасиеті - патогендік бактериялардың, вирустардың және микроскопиялық саңырауқұлақтардың жойылуы. Экспозицияның бұл ерекшеліктері терапиялық әдістердің негізін құрады. Қарағай шайыры қайнауды, іріңді жараларды, жараларды, күйіктерді емдеуде белсенді қолданылады.

Қарағай шайырының асқазанға тигізетін пайдасы. Қарағайдың асқазанға тигізетін басты пайдасы - бұл асқазан жарасының дамуына ықпал ететін патогенді микробты бұзады. Метаболизмді жылдамдату қабілетінің арқасында қарағай шайыры адамға салмақ жоғалтуға көмектеседі. Буындарға емдік әсері қарағай шайыры қабыну процесін тоқтата алатындығымен түсіндіріледі.
Сонымен қатар, шайыр суық тию мен вирустық аурулардың белгілеріне қарсы өте тиімді, жараны тез кетіреді, құрғақ жөтел мен қақырықты шығарып тастауға көмектеседі, стенокардиямен іріңді процестерді тоқтатады және ағзаның бактерияларға қарсы тұрақтылығын арттырады.
Балқарағай түгілі қараған өспейтін өлкелер үшін қарағайдың қаншалықты қасиеті бар екенін білу артық болмас. Иә, бұл Өр еліміздің бір байлығы ғана, туған елдің қасиетті кереметі. Бұл байлықты көріп тел өскен адамдары да Өр шығыстың биік қарағайдай қасиетті келетіні сондықтан-ау.






Аннотация



«Қызыл қарағай шайырының физикалық қасиеті және емдік қасиеті» атты жұмыста қызыл қарағайдан алынатын өңделген шайырды алу барысындағы физикалық қасиеттері мен емдік рөлі туралы түсініктер өте айқын көрсетілген. Бұл ғылыми жобаның мақсаты – өңделген шайырды алу және емдік қасиетін біле отырып, дәстүрлі және қазағымыздың байырғы тарихи емшілігінің даңқын көтеріп, әлем аспанында шырқату.



Annotatin

In the work entitled "Physical properties and therapeutic role of red pine resin", the concepts of the physical properties and therapeutic role of the processed resin obtained from red pine are clearly shown. The purpose of this scientific project is to obtain the cured resin and, knowing its healing properties, raise the glory of the traditional and indigenous historical medicine of our Kazakh people and flourish it in the whole world!

Ғылыми жобаның мақсаты: өңделген шайырды алу және емдік қасиетін біле отырып, дәстүрлі және қазағымыздың байырғы тарихи емшілігінің даңқын көтеріп, әлемге жария ету.

Міндеттері :

- Қызыл қарағай және оның географиялық орнын зерттеу.

- Қызыл қарағайдың безі, шайырымен танысу және зерттеу.

- Қызыл қарағайдың мөлтешінен өңделген шайыр алу.

- Өңделген шайырдың емдік қасиетін зерттеу.

- Қорытындылау.

Өзектілігі: физиканы және оның заңдылықтарын жақсы менгерген және жобаны тереңдей зерттеп, қазақтың дәстүрлі халық емшілігін зерттеуге қадам бастаған оқушыдан жас мемлекетімізге қажет ұлттық құндылықтырымызды сақтай алатын білімді ұрпақ қалыптасады.

Ғылыми жобаның ғылыми жаңалығы: Қызыл қарағай шайырының физикалық қасиетімен таныса отырып, емдік қасиетін зерттей келе, ұлтымыздың қалып бара жатқан халық емшілігін қайта жаңғырту, әлемге жария ету.

Ғылыми жобаның құрамы: ғылыми жоба «Қызыл қарағай шайырының физикалық қасиеті және емдік қасиеті» тақырыбына жазылған. Бұл ғылыми жоба кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

































Барап ауылының негізгі орта мектебінің 8 - сынып оқушысы Ыбырай Мөлдірдің

«Қызыл қарағай шайырының физикалық қасиеті және емдік қасиеті» атты ғылыми жобасына

Пікір

Ыбырай Мөлдірдің ғылыми жобасы үш тараудан: кіріспеден, зерттеу бөлімінен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Оқушы зерттеу жұмысының тақырыбын өз ықылысымен қалағандығы байқалып тұр. Менің ойымша, оның бұл тақырыпты таңдап алуы қазіргі кезеңдегі осы тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне байланысты. Сондай-ақ, зерттеу жұмысы өз дәрежесінде жазылып, әрбір тарау мен бөлімдер мазмұны толығымен ашылған деп білемін. Оқушы іздене отырып, өңделген шайырдың емдік қасиеті туралы ой қорытқан.

Ыбырай Мөлдірдің ғылыми жобасын жоғарыда көрсетілген негізге сүйене отырып, қорғауға жіберуді ұсынамын.















Барап негізгі мектебінің математика және физика пәні

мұғалімі: Қайдыраш Айдынгүл












Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

    1. Қызыл қарағай және оның географиялық орны

2.2 Қызыл қарағай безі мен балқарағай жаңғағы және олардың емдік қасиеттеі

2.3 Қызыл қарағай шайыры


ІІІ.Зерттеу бөлімі

3.1 Қайнау, балқу, булану, қату процесі

3.2 Өңделген шайыр алу

3.3 Өңделген шайырдың емдік қасиеті


ІV.Қорытынды

V.Пайдаланған әдебиеттер

VII.Қосымша














Кіріспе

Əрбір затта, бұйымда физиканың заңы бар. Ынта қойсаң, қиын ба? Бəрі де оңай табылар. Күнде көріп жүретін, Қайшы бар ғой кəдімгі, Ол өзіміз.. деп

          1. Есләм Зікібаев.

Физика (көне грекше: φύσιςтабиғат) — зат, әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, октама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады. Ал мен үшін сен -биік шың болып алыстан көз тартасың. Кейде сенің ұшар басыңа қиялап қыран, өрмелеп жылан шыға алмай жатады. Саған талпынып биігіңе жетсе, көлеңкеде емес, күн көзі шыжғырып тұратын күнгейден көрінуі керек!
Физика пәні туралы көп білгіміз келеді. Маған физика және физикамен байланыстының бәрі ұнайды. Біз не істесек те, барлығы физикамен сабақтасады. Жалпы адамзат тарихына үңілсек, жеке физикалық ілімдердің пайда болу дәуірі, физика жайлы алғашқы деректер Ежелгі Вавилон, Египет жазбаларында кездеседі. Зәулім сарайлар мен күрделі құрылыстар (пирамида, қорғандар) салу жұмысында құрылыс механикасы мен статиканың қарапайым заңдылықтары және рычаг, көлбеу жазықтық тәрізді қарапайым механизмдер пайдаланылды. Практикалық талаптардан туған Ежелгі Вавилон, Египет ғылымының теориялық негізі халық арасына тарамады. Ғылым түгелдей діни абыздар қолында болды. Ежелгі грек ғалымдары табиғат құбылыстарын «табиғаттан тысқары күштің» әсерінсіз-ақ ғылыми негізде түсіндіруге ерекше мән берді. Ежелгі грек ғалымдары (Гераклит, Анаксимандр, Анаксимен, Фалес т. б.) табиғат негізінен төрт элементтен (от, топырақ, ауа және су) тұрады десе, Демокрит (б.з.б. 5 ғ.), Эпикур (б.з.б. 341—270), Лукреций (б. з. б. 1 ғ.) дүниенің ең қарапайым кірпіші одан әрі бөлінбейтін бөлшек — атом деп санады. Атом туралы ілім (атомистика) талай ғасырға созылған талас-тартыстан кейін, қазіргі табиғат жайлы ғылымдардың негізіне айналды. Аристотелъдің табиғат жайлы жазған кітабы «Физика» деп аталған. Осыған орай Аристотельді физиканың «негізін қалаушы» деп те айтады.

Қазақ – тумысынан математик, физик, дарынды да қарымды халық. Оған ешкімнің дауы болмаса керек. Қай дәуірді алсаң да, қазақтың қайраткерлері айбынымен де, айбарымен де, ақыл-парасатымен де, қарым-қабілетімен де дараланып тұрады. Физика бізге ғаламның көптеген құпияларын ашуға көмектеседі. Физиканың әр түрлі қыр-сырларымен таныса отырып, мен қызыл қарағай мен шайыры туралы және физикалық қасиеті мен емдік қасиеті тақырыбына тоқталып отырмын. Өңделген шайырдың емдік қасиетін зерттеу қызығушылығымды тудырды. Менің бұл тақырыпты алып отырған бірден-бір себебім - өңделген шайырды алу және емдік қасиетін біле отырып, дәстүрлі және қазағымыздың байырғы тарихи емшілігінің даңқын көтеру болды. Сонымен қатар оларды басқа да көптеген елдерге танытып, қазақ елінің мәртебесін көтеру, еліме өз үлесімді қосу. Екіншіден, біз тек физика пәнінде заңдылықтарды зерттеп және есеп шығарып қана қоймай, халқымыздың дәстүрлі емшілігін бүкіл әлемге таныту.





















Қызыл қарағай және оның географиялық орны

Қарағай (лат. Pínus) – қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш, кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақты мәңгі жасыл өсімдік. 500 - 600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Қарағайдың отыны нағыз көмір қызуындай шоғы қызулы, жылуы мол болады. Қызулығы сондай, кірпіштен соғылған ауыл пешінің кірпіші қатты қызудан шытынап кететін. Үй құрылысында таптырмас шикізат дедік қой. Әрине, Алтайдың қарағайынан қиылған үйлер берік әрі жаңбырға да төзімді, жер сілкінісіне төтеп бере алатын қасиеті де баршылық. Шірімей, талай жылға дейін төтеп бере алатындығы сондықтан. Қазіргі темір жолдағы шпалдың дерлігі осы қарағайдан төселгені сол себепті. Ең беріктері - шор қарағай бұтақтылары, шапсаң балта өтпейтін бұйра қарағайлар. Жаздың шіліңгір ыстығында күн сәулесінен қорғайтын қылқаны да пана болуға жарайды.
Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры - бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және оның алдын алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады. Орманда өскен қарағай түзу де сымбатты болады. Ашық, далалы жерде өсетіндерінің діңі жуандап, сәл аласа болып келеді. Жарық жеткілікті болғандықтан, бұтақтары жан-жаққа жайыла-таралып өседі. топырақтың ең құнарлы бөлігінің судан шайылуын, жел ұшыруын болдырмайды. Қарағай өскен жерде қар және нөсер суы да топырақты бүлдіре алмайды. Сөйтіп табиғаттағы су айналымын реттейді. Бұлар басқа жасыл өсімдіктермен бірге ағзалық заттар түзеді. Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат бөлінеді. Қарағай қабығын қайнатып, қып-қызыл сөлімен күбінің ішін жақсылап жуса, сабаны тазалап қана қоймай, қымызға ерекше дәм береді.

Өсетін орындары: Еліміздің солтүстік-шығыс, орталық бөліктеріндегі аралас ормандарда, нақтырақ айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Марқа тауы мен Катонқарағай сынды өңірлерде және Қытай Халық республикасының Алтай тауының батыс солтүстігіндегі теңіз деңгейінен биіктігі 1600-2300 м келетін Қаба, Қанас, Қом өзендерінің басындағы аралас орманды өңірде өседі.











Қызыл қарағай безі мен балқарағай жаңғағы және олардың емдік қасиеттері

Қарағай безі (қарағай шоры)

Шығу тегі: қарағай тұқымдасы, Сібір қызыл қарағайы (pinus sibirica L).

Түлғалық ерекшелігі: биіктігі 20 м-ге жететін, мәңгі жасыл ағаш. Бір жылдық бұтақтарында тығыз өскен сары түсті ұяң түктері болады. Ұзындығы 6-13 cм, ені 1мм келетін, жұмсақ қылқан жапырақтарының 5 талы бір тізбек болады: мұның ішінде 3 талы жуанырақ, өткір, қырлы болады, бүршігі екінші жылы піседі, пішіні жұмыртқа тәрізді сопақша, ұзындығы 5-8 cм, бұтақтардың ұшынан немесе жанынан тік өседі, сағағы болмайды, әдетте дара шығады, кейде 2-8 талдан ұйлыға бүршіктейді, піскен кезде қара қоңыр реңге өзгереді. Тұқым қабыршағы ашылмайды, ағаш тәрізді қатты, үшбұрыш тырнақ пішінді, алдыңғы жағы сәл қалыңдау келеді. Тұқымы сопақша жұмыр, ұзындығы 10 мм болады. Мамырда гүл ашып, тамыз, қыркүйек айларында жеміс береді.

Дәрілік бөлімі: Шор буыны

Жинау: кез - келген уақытта алуға болады.

Негізгі құрамы: құрамында ұшпа май, ағаш шайыры, урсол қышқылы , изопимарин қышқылы болады.

Қасиеті: кермек дәмді, жылы райлы, жел-құзды айдап, денедегі суықты жояды, ұсақ қан-тамырлардағы қан айналысын жақсартып, ауырғанды басады. Тұқымын тікелей жеуге, одан май алуға болады. Бүрі, бұтақшасы және бүршігінен ең тамаша қарағай майын алуға, хош иісті заттарды және кеңірдекшенің қабынуы мен түмауды емдеуде пайдаланылатын қақырық түсіргіш дәрілерді жасауға болады. Тамырынан алынатын кокс майы шашты өсіреді.

Басты ем болатын аурулар: ревмотизмдік буын аурулары , бел мен аяқтың қақсауы.

Қолданбалы ем - дом:

1. ревматизмдік буын қабынуына, бел мен аяқтың қақсауына: қарағай безі 20 г, аюбадам 10 г, иісті тамыр 10 г, қызыл марал 10 г, бір салар 10 г, бап тамыр қабығы 10 г, суға қайнатып, күніне екі мезгіл ішеді.

2. суық тиіп, сыз өтуден болған қол-аяқтың қақсауы, қол-аяқтың маусымдық сипатты қақсауы, аяқ солып, дәрменсізденуі, жығылып- соғылып жаралануға: қарағай безі 20 г аюбадам 10 г, бұғы шөп 10 г, шерменгүл 10 г қой балдырған 10 г, тырнагүл 10 г, сайсағыз10 г қызылмия 6 г суға қайнатып, күніне екі мезгіл ішеді.











Балқарағай жаңғағы

Қарағай жаңғақтары, Сібір балқарағайының жемістері - «қарағай» түріндегі ағаштан алынады. Ағаштың ұзақ өмір сүруі, ағаштың максималды ұзақтығы 800 жыл, биіктікте ағаш 40 метрге жетеді, ал магистральды диаметрі 1,5 метрге жетеді. Ежелгі заманнан бері балқарағай күшпен, қуатпен байланысты, ал қарағай жаңғағы балқарағайдың күшін адамдарға беруге қабілетті деп саналады.

Қарағай жаңғағының пайдалы қасиеттері медицинада және косметологияда қолданылады. Қарағай жаңғақтары дәрумендерге, адам өміріне қажетті микроэлементтерге бай. 100 г қарағай жаңғағының құрамында марганец, мырыш, мыс тәрізді ересек адамдарға арналған күнделікті доза бар. Қарағай жаңғақтарында йодтың көп мөлшері бар, ал фосфор қарағай жаңғағының құрамында жаңғақтың барлық түрлерінен асып түседі. Кедр гайкасында E дәрумені көп мөлшерде болатындықтан, майларды сындыратындықтан, оны пайдалану атеросклероздың алдын-алу болып табылады. Е витаминінің болуына байланысты, қарағай жаңғақтары сүт бездерінде сүт өнімдері жеткіліксіз болған емізетін әйелдер үшін пайдалануға ұсынылады. В дәрумендерінің болуы, жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді, сондай-ақ ағзаның дамуына және өсуіне ықпал етеді. Кедр жаңғақтарындағы көмірсулардың ішінде крахмал, глюкоза, талшық, фруктоза мен сахароза аз мөлшерде болады.

Қарағай жаңғағынан халықтық медицинада кеңінен қолданылатын майды сығып алыңыз. Асқазан жарасына тәулігіне үш рет бір шай қасық кедра майы қолданылады. Сондай-ақ, седар майын гипертониялық ауруларда, невроздарда, тері ауруларында және көптеген басқа ауруларда қолдану ұсынылады. Кедр майын жасына қарамастан, барлық адамдар тұтынуы мүмкін. Ұсақталған қарағай жаңғағының өте пайдалы инфузиясы. Осындай инфузияны жасау үшін, бір сағат ішінде 300 мл қайнаған су құйып, туралған қарағай жаңғағынан бір ас қасықтан салу керек. Күніне бес рет 50 мл алыңыз. Кедр жаңғағының осындай инфузиясы өкпенің туберкулезімен, бүйрек және несеп ауруларымен, сондай-ақ жүйке жүйесінің бұзылыстарымен көмектеседі.



Қызыл қарағай шайыры

7-15 жылдық қарағайды таңдап алып, өткір құралмен қарағайдың қабығын түбіне ала «Y» формасында ойса, күн қызғанда қарағай шайыры ағып шығады. Мұны ыдысқа салып, жинаған шайырға су құйып буландырады. Су буға айналғанда түбінде қарағай шайыры қалады да, суығаннан кейін қатты затқа айналады. Мұны өңделген шайыр деп атайды. Қарағай шайыры қышқыл әрі дәмді болады. Иә, Алтайдың байлығы саналатын қарағай - самырсыны мәңгі жасыл өсімдіктер. Қызыл қарағайдың өзі 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрін Катонқарағайдан кездестіруге болады, 50-60 метрге жетеді.
Қарағайдың мөлтеші деген жергілікті жұрт үшін кереметтің бірі. Дәмі тіл үйірер мөлтештен қайнатып, сағыз әзірлеу науқаны да тұрғындар үшін үйреншікті кәсіп.



Өңделген шайыр алу барысындағы физикалық қасиеті мен алыну барысы

Қайнау –сұйықтықтың тұтас көлемінде бу көпіршіктерінің пайда болып, олардың сұйық бетіне шығып, буға айналуы (1-текті фазалық ауысу). Сұйықтықты қыздырған кезде оның ішіндегі көпіршіктерінің көлемі ұлғайып, біртіндеп жоғары қалқып шығып жарылады да, ол сұйық бетіндегі бу фазасына айналады. Сұйықтық бетіндегі будың қысымы сыртқы қысымға теңелгенде қайнау процесі басталады. Сұйықтықтың үнемі қайнап тұруы үшін оған қажетті жылу берілуі тиіс, ол бу фазасы көлемінің ұлғаюы кезінде – бу түзілуі мен будың сыртқы қысымға қарсы жұмысына жұмсалады. Тұрақты қысым жағдайындағы сұйықтықтың қайнауы жүретін температура – қайнау температурасы (Тқ) деп аталады. Қысымның артуымен Тқ жоғарылайды (қ.Клапейрон - Клаузиус теңдеуі). Қайнаудың шектік температурасы заттың кризистік температурасы болып табылады.



Булану — заттың сұйық немесе қатты агрегаттық күйден газ тәрізді (бу) күйге (бірінші текті фазалық ауысу) ауысу процесі.

Қатты дененің Булануы сублимация деп аталады. Булану процесі кез келген температурада жүруі мүмкін, бірақ ол температура жоғарылаған сайын тезірек өтеді. Жабық ыдыстағы Булану процесі сұйықтықтың не қатты дененің үстіндегі кеңістік қаныққан буға толғанша тұрақты температурада жүреді. Қаныққан будың қысымы тек температураға ғана тәуелді және ол температура жоғарылаған сайын артып отырады. Егер қаныққан будың қысымы сыртқы қысымға тең не артық болса, онда Булану қайнау процесіне айналады. Қайнаудың ең жоғары температурасы берілген заттың алмағайып температурасы болып есептеледі



Балқу дегеніміз - қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысуы (І текті фазалық ауысу). Таза заттар балқуының басты сипаттамалары қатты балқу температурасы және балқу жылуы. Белгілі бір сыртқы қысымда қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысу температурасы балқу температурасы деп, ал тұрақты қысымда қатты кристалдық затты толықтай сұйық күйге ауыстыруға қажет жылу мөлшері - балқу жылуы деп аталады. Балқу температурасы сыртқы қысымға тәуелді.Қалыпты атмосфералық қысымдағы (1013, 25 гПа немесе 760 мм сын. бағ.) балқу температурасын балқу нүктесі деп атайды. Қыздыру кезінде қатты кристалдық заттың температурасы, әуелі балқу температурасына дейін көтеріледі, сосын балқу басталып, зат толық балқып біткенге дейін температура өзгеріссіз қалады, одан әрі температура тағы да жоғарылайды. Заттың салқындауы кезінде процесс керісінше өтеді (заттың температурасы балқу температурасына дейін төмендейді, зат толық қатайып болғанша бұл температура өзгеріссіз қалады, одан әрі қатты күйдегі заттың температурасы қайтадан төмендей бастайды). Балқу кезінде көпшілік заттың көлемі артса, кейбіреуінің (су, висмут, сүрме, т.б.) көлемі кішірейеді. Балқығанда заттың көлемі ұлғайса, қысым артқанда оның балқу температурасы жоғарылайды.

Қатаю 1) сұйық балқыманың қалыпқа құйғанда кристалданып, қатаю процесі. Алдымен кристалдану орталықтары пайда болып, ол ұлғая түседі. Нәтижесінде кристалл түйіршіктері, олардың бір-бірімен жанасуы арқылы құрылым түйіршіктері түзіледі. Толық қатайған соң құйма қалыптасады; 2) қорытпаның сұйық күйінен қатты күйге айналу процесі. Қатаю процесі қалыппен жанасқан бетінен басталып, балқыманың орта шеніне қарай жалғаса береді. Қатаю уақыты қорытпа массасы мен көлденең қимасына байланысты анықталады (белгіленеді).

Қатаю - материалдың сұйық және пластикалық күйінен қатты күйге өтуі.









Өңдеу әдістері

жұмыс үй жағдайында жүргізіледі.

Жұмыстың тақырыбы: қызылқарағай қабығының шайырынан өңделген шайыр алу.

Жұмыстың мақсаты: үй жағдайында қызылқарағай шайырынан өңделген шайыр алу және емдік қасиетін жерттеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен өнімдер: қарағай қабығы, шайыр, күре, су, сүзгіш.

Жұмыс барысы:

7-15 жылдық қарағайды таңдап алып, өткір құралмен қарағайдың қабығын түбіне ала «Y» формасында ойса, күн қызғанда қарағай шайыры ағып шығады. Мұны ыдысқа салып, қабықты тазалап жуып, шайыры бар қабыққа су құйып 15-20 минуттай буландырады. Су буға айналғанда түбінде қарағай шайыры қалады да, суығаннан кейін қатты затқа айналады. Немесе оған мүздай суық су құйып, бірдемде қатыруға болады.Қайнау және булану барысында хош иіс шығады. Мұны өңделген шайыр деп атайды. Қарағай шайыры қышқыл әрі дәмді болады.





















Емдік қасиеттері: 1) шиқанға, жазылмаған жараларға, қышыма бөрткенге, жарадан шыққан қанды тиюға, күйікке ем болады.

2) жілік кемігінің созылмалы қабынуына, сүйек туберкулезіне 500 г өңделген шайыр, 120 г камфира, 180 г інжу қорғасын ұнтағын, 250 г гипс, 60 г бернеол борпылдақ ұрығынан қосып талқандап, жасалған балшық дәріні жараның аузына таңады.

3) балаларға қышыма, бөрткен шыққанда, 120 г өңделген шайыр, 60 г күйдірілген гипс, 10 г күйдірілген ашудас, 3 г сандарас қосып талқандап, майға қыздырады да, балшық дәрі жасап, бөрткенге жағып, дәкемен таңып қояды. Күнара ауыстырады.

4) өңделмеген шайыр екі түрлі болады.

Бірі, жабыспақ шайыр, екіншісі, түймеш шайыр деп аталады. Қазақ оташылары жабыспақ шайырды сынықты таңуға , шыққан буындарды орнына түсіруге пайдаланады. Түймеш шайырды әйелдер, жастар ауызға салып шайнайды. Тісті тазартады және шынықтырады. Майлы тамақ жегеннен кейін шайыр шайнаса, тамақтың тезірек қорытылуына оң әсерін тигізеді.

5) құрсақ бөліміне операция жасалған адамдар операция барысында наркоз берілген және ішегі кесілген болса, операциядан кейін ішектің әрекеті түрліше дарежеде нашарлайды да, іші өтетін немесе іші қатып қалатын жайттер туылады.мұндай кезде үнемі шайыр шайнап жұрсе ішектің арекетінің қалпына келуі тез болады. Өйіткені шайыр шайнағанда адамның аузы тоқтамай арекеттенетіндіктен, ауыз бостығы және кеңірдектегі химиялық және механикалық сезім нервтерін тітіркендіріп, ас қорыту сұйықтығының бөлініп шығуы жақсарады да,ішектің зат алмастыруын тездетеді.





Қорытынды

Қазіргі нарықты экономикалы Қазақстан үшін физикалық терең білім қажет деп білемін. Рас, физика - ауруларды емдеумен де, жер қойнауындағы қазба байлықты ашумен де, машина жүргізумен де, заттардың қасиетін зерттеумен де тікелей байланысты. Сонымен қатар, физиканың құнды пікірлері мен әдістері арқылы аурудың алдын алу, құнды дүниелерімізді әлемге көрсету, жер қойнауындағы қазба байлықтың орнын анықтау физикалық білімнің құдіреттілігі емес пе? Физика тек физиктерге ғана қажет деген пікірден арылу керек деп ойлаймын. Физика арқылы құндылықтарымыз бен тарихи дүниелерімізді ұрпағымызға, әлемге танытып мақтан етуіміз керек. Сонымен қатар, физика - ғылымның бастауының негізі, ғылымның қан тамыры екенін ескеріп, қазақ халқының сан ғасырлық ақыл-ойының туындысы – қазақ емшілігі туралы зерттеуді жөн көрдім. Оның ішінде қарағай шайырының физикалық қасиеті мен емдік қасиеті туралы көбірек тоқталғым келді. Яғни, қарағай шайырының негізгі емдік қасиеті - патогендік бактериялардың, вирустардың және микроскопиялық саңырауқұлақтардың жойылуы. Оның бұл ерекшеліктері терапиялық әдістердің негізін құрады - қарағай шайыры қайнауды, іріңді жараларды, жараларды, күйіктерді емдеуде белсенді қолданылады.

Қарағай сағызын адамдар өте ұзақ уақыт бойы қолданып келген. Өзінің қасиеттеріне байланысты ол тері аурулары (әсіресе фурункулезбен), аллергиялық аурулар, экзема үшін жиі қолданылатын дәрілердің біріне айналды. Ішінде қарағай шайыры стоматит, гингивит, вирустық және бактериалды этиологияның әртүрлі аурулары үшін, сондай-ақ саңырауқұлақтар тудыратын ауруларды емдеу үшін қолданылады.

Ұсыныстар: 1. оқушыларға қазақтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын дәстүрлі емшілігі туралы зерттеу сипатындағы үйірмелері ашылса;

2.қазақ емшілігі туралы зерттейтін ғылыми орталықтармен арнайы емханалар салуға мүмкіндік бар деп ойлаймын.











































Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. С.Асанов мақалысы және Оралбекұлы Дидар мақаласы -Өр алтай сайтынан.

2. Шипагерлік баян – Өтей бойдақ -2011 жыл.

3. Щинжиаң дәрі шөптері -шинжиаң ғылым технтка , денсаулық сақтау баспасы бастырып шығарды. Құрастырған : Зейнеғабылұлы Батай. 2000 жыл 2-ай 1-баспасы. ISBN 7- 5372-1783-1/R . 201

2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

3. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том

4.Машинажасау. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

5.Интернет беттерінен. Шалқар сайыты













Қосымша

1-сурет

Қызылқарағай



2-сурет

Балқарағай





















3-сурет

Қарағай шоры



4-сурет

Қарағай жаңғағы























5-сурет

Қызылқарағай шайыры(түймеш)

6-сурет

Өңделген шайыр

7-сурет

Тазалау процесі

8-сурет

Қайнату процесі

9-сурет

Буландыру процесі

10-сурет

Сүзу процесі



11-сурет

Дайын өнім

12-сурет

Іздену барысы

Picture 11

13-сурет

Іздену барысы



Picture 10

14-сурет

Қораптау

PAGE \* MERGEFORMAT2 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2024
192
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі