Қызым – үйде қылығы түзде
Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп апамыз өзінің «Бабалар аманаты» атты кітабында: «Қазақ қазақ болғалы қыз сыйлаған, қызын алқалаған текті халық еді. Сандығында кілті жоқ жомарт қазақ сол жомарттығын алдымен қызына жасаған. «Ұл – түтін, қыз – күтім» деп қызға жақсыны кигізіп, дәмдіні жегізіп, жорғаны мінгізген. Үйдің оң жақ төріне отырғызған.
Міне, қазақ қыздары ата-анадан осылай тәрбие алып, өз отбасының ұйытқысы бола білді. «Қызым үйде, қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Жасыратын несі бар, бүгінде күйбең тіршіліктің соңында, азаннан кешке дейін жұмыста жүрген кейбір ата-ананың баласына көңіл бөлуге уақыты жоқ.
Расында, «Қыз – болашақ ана», «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі». Қыз баланың тым әлем – жәлем киініп көзге түсуге тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі көрінеді. Бұл оның тәрбиесінің төмендігін көрсетеді. «Әйелдері тәрбиелі болған халық – тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық – тәрбиесіз. Әйелдері үнемшіл, пысық, жігерлі, талапты болса халық бай, ал жалқау, салақ болса халық пақыр, кедей болады» деген ғұламалар сөзі көп нәрсені аңғартады.
Адамның бір қызығы бала деген. Оның ішінде қыз балаға дұрыс тәрбие бере алмасақ, оның келешегіне де үміт артпай-ақ қояйық. Күндіз-түні тынбай еңбектенсеңіз мол ақша табуыңыз мүмкін, ал есейген балаңыздың бойына сіңіре алмаған тәрбиені күндіз қолыңызға шырақ алып іздесеңіз де таппайсыз. Сондықтан басты назарды бала тәрбиесіне аударған жөн.
Аққан жұлдыздай із қалдырған Шоқанның әжесі Айғаным анамыздың елді ақылмен басқарғанын, дәрет алмай баласын емізбеген, немересі Абайдың тәрбиешісі болған Зере әжеміз ата салт-дәстүріміздің тәрбие жолындағы дұрыстығын дәлелдеген. Осындай саналы аналардан қашан да ұлы ұрпақ таралары заңды.
Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы, № 6 жалпы білім беретін мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Муханова Жанагул Бегенжовна
87083138568
Эл. Zhanagul321@mail.ru
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қызым - үйде қылығы түзде
Қызым - үйде қылығы түзде
Қызым – үйде қылығы түзде
Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп апамыз өзінің «Бабалар аманаты» атты кітабында: «Қазақ қазақ болғалы қыз сыйлаған, қызын алқалаған текті халық еді. Сандығында кілті жоқ жомарт қазақ сол жомарттығын алдымен қызына жасаған. «Ұл – түтін, қыз – күтім» деп қызға жақсыны кигізіп, дәмдіні жегізіп, жорғаны мінгізген. Үйдің оң жақ төріне отырғызған.
Міне, қазақ қыздары ата-анадан осылай тәрбие алып, өз отбасының ұйытқысы бола білді. «Қызым үйде, қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Жасыратын несі бар, бүгінде күйбең тіршіліктің соңында, азаннан кешке дейін жұмыста жүрген кейбір ата-ананың баласына көңіл бөлуге уақыты жоқ.
Расында, «Қыз – болашақ ана», «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі». Қыз баланың тым әлем – жәлем киініп көзге түсуге тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі көрінеді. Бұл оның тәрбиесінің төмендігін көрсетеді. «Әйелдері тәрбиелі болған халық – тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық – тәрбиесіз. Әйелдері үнемшіл, пысық, жігерлі, талапты болса халық бай, ал жалқау, салақ болса халық пақыр, кедей болады» деген ғұламалар сөзі көп нәрсені аңғартады.
Адамның бір қызығы бала деген. Оның ішінде қыз балаға дұрыс тәрбие бере алмасақ, оның келешегіне де үміт артпай-ақ қояйық. Күндіз-түні тынбай еңбектенсеңіз мол ақша табуыңыз мүмкін, ал есейген балаңыздың бойына сіңіре алмаған тәрбиені күндіз қолыңызға шырақ алып іздесеңіз де таппайсыз. Сондықтан басты назарды бала тәрбиесіне аударған жөн.
Аққан жұлдыздай із қалдырған Шоқанның әжесі Айғаным анамыздың елді ақылмен басқарғанын, дәрет алмай баласын емізбеген, немересі Абайдың тәрбиешісі болған Зере әжеміз ата салт-дәстүріміздің тәрбие жолындағы дұрыстығын дәлелдеген. Осындай саналы аналардан қашан да ұлы ұрпақ таралары заңды.
Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы, № 6 жалпы білім беретін мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Муханова Жанагул Бегенжовна
87083138568
Эл. Zhanagul321@mail.ru
шағым қалдыра аласыз













