Шүкіманова
Арай Берікқызы -
Сызу
пәні оқытушысы
Тақырыбы:
«Қызық екен ...»
Мақсаты:
Білімділік
– оқушылардың айналадағы құбылыстар,
оқып жатқан пәндер, ерекше оқиғалар,
жаратылыстың
ғажайыптары туралы қызықты деректермен
білімдерін толықтыру.
Дамытушылық
– оқушылардың пәнге қызығушылықтарын
арттыру, байкағыштық, талдай білу,
логикалық ойлау, ұжыммен жұмыс жасау
қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік
– ойын арқылы оқушыларды сергітіп,
тәртіпке бағынуға, ұйымшылдыққа,
білімқұмарлыққа тәрбиелеу.
Түрі:
интеллектуалдық ойын
Көрнекіліктері:
мультимедиялық проектор, экран, ұпайлар
жазылған парақтар.
Жоспары:
Ұйымдастыру
кезеңі топтарды таныстыру (эмблемалары,
топ аты, ұраны)
Ойын
кезеңі (ойынның барысы)
Марапаттау
кезеңі
Барысы:
Оқытушы:
Армысыздар,
құрметті ұстаздар мен студенттер
бүгінгі «Қызық екен» ойынын бастауға
рұксат етіңіздер.
Алдымызда
21ПГС және 22ПГС топтарынан құралған екі
команда бүгінгі ойынның көркін қыздырады.
Ендеше
топтарға сөз берсек. (топтар өз командаларын
таныстырады)
Ойынның
шарты
Экранда
көрсетілгендей 12 ұяшықта 12 сұрақ
жасырылған. Топтар кезекпен тақырыптар
таңдап, ашылған сұрақтарға жауап береді.
Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Жауап
берген топ 10000-дық ұпайды иеленеді.
Осылайша ойынымыздың соңына дейін
жалғасады. Жеңімпаздың кім болатынын
соңғы 13-ші сұрақ шешеді. Екі топқа ортақ
тақырып ұсынылады. Соған орай топтар
барлық жинаған ұпайларының белгілі
мөлшерін ортаға тігеді. Сұраққа дұрыс
жауап берген топтың ұпайына тіккен
ұпайы қосылады. Ал жауап бере алмаған
топтың ұпайы күйіп кетеді.
Ал,
ойын шарттары түсінікті болса, бастаймыз.
(Қай
топ бастайтындығын анықтау үшін жереби
тасталады.)
1-«Дәстүр»
«Ат
тергеу» деген не?
Атты
барымтаушыны тергеу
Келіндер
кайын жұртының атын атамау үшін қосымша
ат қою
Біреуге
ат сыйлау
2-«Рекордтар»
Эльбрус
шыңына марафондық жүгіріспен жеті күнде
шығып жеті мәрте рекорд орнатқан
қазақстандық№
Марат
Жыланбаев
Марат
Жылқыбаев
Марат
Жалынбаев
3-«Сен
білесің бе?»
ОК
сөзі қайдан шыққан?
Латын
Америкасы
АҚШ
Австралия
4-«Спорт»
Футбол
добындағы фигуралар саны қанша және
қандай?
42;
21 ақ алтыбұрыш, 21 қара бесбұрыш
36;
18 ақ алтыбұрыш, 18 қара бесбұрыш
32;
20 ақ алтыбұрыш, 12 қара бесбұрыш
5-«Бұл
не?»
«Клакер»
деген не?
Жалдамалы
көрермен
Шаштан
әшекей жасайтын шебер
Компьютермен
байланысты мамандық
6-
«Ер қанаты»
Ақбоз
ат қай ханның тұлпары?
Әбілхайыр
хан
Абылай
хан
Жәңгір
хан
7-
«Сызу»
Циркульді
неден жасауға болады?
Түтікше,
қытай таяқшасы, желім
Сызғыш,
қағаз, желім
Ине,
қарындаш, желім
8-«Адам
ағзасы»
Адам
ағзасындағы калцийдің неше пайызы тісте
болады?
68%
85%
95%
9-«Үй
жануары»
«Түрік
ваны» мысығының ерекшелігі...
Мұртымен
естиді
Терісі
су өткізбейді
Құлағы
жоқ
10-«Лайфхак»
Жемістен
шырын алуға қажет құралды жасау үшін
не қажет?
Пластик
бөтелке
Шыны
стакан
Ағаш
қасық
11-«Ақыл
жастан»
12
жасар қазақстандық Адина Манатбекова
....
Сиырды
3 рет көтерді
Минутына
94000 сөз оқыды
Көру
қабілетін жақсартатын мобильді қосымша
ойлап тапты
12-
«Семей тарихы»
Семей
қаласының жер аумағы...
27,2мың
км2
72,2
мың км2
22,7
мың км2
Шешуші
кезең
13-
ортақ сұрақ «Астана»
Ақорданың
ашылу рәсімі қай жылы өтті?
2002
жылы
2004
жылы
2006
жылы
Көрермендермен
ойын
Ребус
шешу
Топтардың
ұпайлары саналып, жеңімпаз анықталады.
Жеңімпаз
топты марапаттау үшін ортаға
____________________________________________________________________________________________________________________________________
шақырылады.
Оқу,
білім - жанған шырақ, ойласаң.
Үйренерсің,
іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу
өнерді, бу беліңді, жігер сал.
Пайда
аларсың, қаужанарсың, тоймасаң. – деген
Жүсіпбек
Аймауытовтың сөзімен бүгінгі ойынымызды
аяқтаймыз. Қатысқан оқушылар мен
көрермендерге көп рахмет. Сау болыңыздар!