Қызық екен... Интелектуалды сайыс сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызық екен... Интелектуалды сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімдерін пысықтау, шешендік өнерге баулу, сөздік қорларын молайту,. Әр пәннен әртүрлі қызықты сұрақтарға жауап беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ






Қызық екен...

интеллектуалды ойын








ҚББП: Ергешова Жанат

Үйірме атауы: «Атажұрт»



Жетісай қаласы 2024ж.

Өтілген күні: 31.01. 2025 жыл

Тақырыбы: Қызық екен...интеллектуалды ойын

Сабақ түрі: Сайыс сабақ.

Көрнекілігі: Слайд, бүктеме қағаздар шар мен безендірулер.

Сыныбы : 5-6 сынып

Қосымша білім беру педагогы:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен үйірме мүшелері «Қызық екен...»интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер.

Мақсаты: Үйірме мүшелерінің білімдерін пысықтау, шешендік өнерге баулу, сөздік қорларын молайту, ойын жүйелі, еркін жеткізуге дағдыландыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жарыс заңы ежелден.
Жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.
Сәт сапар тілеп бәріңізге,
Сайысты біз басталық.
Көрсетіп өнерлеріңізді,
Қалмаңыздар жасқанып. . Олай болса, бүгінгі сайыс сабағымызды бастайық.

Ұйымдастыру кезеңі:

Біздің бүгінгі сайысымыз V-кезеңнен тұрады.

1 кезең-«Таныстыру»

2 кезең-«Ұшқыр ой» сұрақ-жауап

3 кезең-« Ойлы болсаң,тауып көр»

4 кезең - «Тұлғаны таны»

5кезең – Тест сұрақтары

Үйірме мүшелері сендерге әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болыңдар:

Көркемшығармашылық бөлімінің меңгерушісі: А.Жарылқапов

Басталар сайыс енді жоспармен,
Достарым отырсын ба елеңдесіп
Ата – салты, баба дәстүр жолыменен
Алайық біз әуелі сәлемдесіп
Ендеше, сайысымыздың "Таныстыруға " кезек берейік.

Ендеше, ойынға қатысушы топтармен танысайық.

I топ. « Болашақ» тобы

II топ . «Жалын» тобы

2 кезең-«Ұшқыр ой» логикалық сұрақтар. Бұл кезеңде қоржын әдісі арқылы сайыскерлер логикалық сұрақтарға жауап береді. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2.
Қандай зат күндіз жоқ, бірақ түнде көрінеді? Жауап: (Жұлдыздар)

3. Қандай зат сізді көрмейді, бірақ сіз оған қарайсыз? Жауап: (Айна)

4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5. Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген?

 Жауабы: Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған.

6.Адам аттан неге құлайды?(жерге)
7.Қандай бөшкеге су көп кетеді?(тесік бөшкеге)

8. Адам тамақ пісірерде ең бірінші қазанға не салады? (көз)
9.Кімнің шашына жаңбыр жауғанда су тимиді?(Қолшатыры бар адамға)

10.Бір қайың да 7-бұтақ бар,әр бұтақта 2-алма бар, қайың ағашын да неше алма бар? Жауабы:қайың да алма өспейді.

11 .Қызыл теңізге ақ орамал салса не болады/су

12.Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу?  23 асық, 3 немере 

13. Астанаға Қарандыға жету үшін 2сағат 30минут қажет.Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек.Неге олай? Жауабы:150 минут=2 сағат 30 мин.

14. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

III-кезең: «Ойлы болсаң, тауып көр». Бұл кезеңде гүл әдісі арқылы мақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1.Қызды ... алмайсың... (киіндіре,тойындыра)

Тауықты ... алмайсың

2.Айран ...құтылар ... (ішкен, жалаған )

Шелек ...тұтылар

3. Ас-...арқауы (адамның)

4.Ат басына ...ауыздықпен су ішер.(Күн туса)

Ер басына ...етікпенен су кешер.

5...-елінде

...-жерінде (Ер,гүл)

6.Ерінен айырылған...жылайды

Елінен айырылған...жылайды.(көмгенше,өлгенше)

7.Жастайыңда оқыған оқуың...жазғанмен бірдей

Үлкейгенде оқыған оқуың...жазғанмен бірдей.(тасқа,мұзға)

8.Арпа...ас екен

Алтын...тас екен(бидай,күміс)

9.Қорқақты ...батыр болады.(қуа берсе)

10.Жері семіздің...семіз(малы)



Сергіту сәті: «Стакан әдісі» арқылы үйірме мүшелері сендермен бірге сергіту сәтін жасап алайық

4 кезең - «Тұлғаны таны» Бұл кезеңде сурет беріледі сол суреттен ұлы тұлғаларды табамыз (мағлұмат береміз)



Томерис

Шыңғыс хан



Абылай хан

Әмір Темір



Алтын адам

Әл Фараби

5-кезең – «Тест сұрақтары» бұл кезеңде телефон әдісі арқылы тест сұрақтары беріледі. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

1.Суды елекпен қалай тасуға болады.

А) Мұз қылып

Ә) Қар қылып

Б) Бу қылып

2.Секіре алмайтын жалғыз жануар?

А) Піл

Ә) Аю
Б) Динозавр

3.Аяқ киім жөндеушілердің ең жақсы көретін клиенті?

А) Қырықаяқ

Ә) Өрмекші

Б) Медуза

4.Құлақ не үшін керек.

А) Көзілдірік ұстап тұру үшін
Ә) есту үшін
Б) Сәндік үшін

5.Көліктің қай дөңгелегі айналмайды.

А) артық дөңгелегі
Ә) алдыңғы дөңгелегі
Б) артқы дөңгелегі

6.Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар.

А) мен
Ә) су
Б) шекера

7.Теңіздің суы неліктен тұзды?

А) балықтар иістеніп кетпеу үшін
Ә) табиғаттың әсерінен
Б) адам денсаулығы үшін

8.Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі?

А) Ұзынағашта
Ә) Астанада
Б) Жезқазғанда

9.Қай айда 28күн бар?

А) барлық айда
Ә) ақпанда
Б) желтоқсанда

10.Жеген сайын жылататын нәрсе?
Ә) пияз

А) таяқ
Б) сарымсақ

1.Ұзарған сайын қысқарған нәрсе?

А) өмір

Ә) уақыт

Б) сағат

2.Адам денесіндегі биттер қанша аяқты болады?

А) 6 аяқ
Ә) 8 аяқ

Б) 4 аяқ

3.Адамның тез өсетін тырнағы?

А) бас бармағы
Ә) ортан терек
Б) кішкентай бөбек

4.Денеміздегі ең күшті бұлшық ет?

А) тіл
Ә) тіс
Б) аяқ

5.Ірі теңіз шаяндарының қаны қандай түсті болады.

А) көк
Ә) қызыл
Б) жасыл

6.Масалардың қанша тісі бар.

А) 47
Ә) 32
Б) 45



7.Біздікі болғанымен басқалар қолданылатын нәрсе.

А) Есіміміз
Ә) киіміміз
Б) заттарымыз

8.Пілдердің тұмсығы неше литр су ұстай алады.

А) 7литр
Ә) 6литр
Б) 8литр

9.Сусиырдың баласы қайда туылады.

А) судың астында
Ә) жерде
Б) судың үстінде

10.Көбелектерде не болмайды.

А) асқазан
Ә) жүрек
Б) бүйрек

Қорытынды:

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау-деп сайыскелердің ұпайларын беруге әділқазыларға сөз береміз.

Жеңімпазымызды бүгінгі жеңісімен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға биіктен көріне берулеріне тілектеспіз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2025
156
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі