«Қызықты экология» тақырыбындағы сабақтан тыс іс-шараның сценарйі
Мақсаты: Оқушыларды өз еркімен ойлап істеген ісінен тиісті қорытындылар жасай білуге үйрету. Бойларына экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.
Міндеттері : 1 Әртүрлі тапсырмалар мен сұрақтар арқылы оқушылардың экологиялық білімдерін, дүниетанымдарын кеңейту.
2. Үйірмеге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Адамзатқа, табиғатқа деген сүйіспеншілігшіліктерін қалыптастырып, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
Мұғалім: Бүгінгі таңда адамзат алдына аса күрделі экологиялық проблемалар: бюиосфера тіршілігін тұрақты ұстау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау , әртүрлі экологиялық апаттардың алдын алу проблемаларын қойып отыр.Адам баласының ой-өрісі , білімі мен дұниетанымы бұрын –соңды болмаған деңгейге жетті. Сондықтан табиғатқа деген ұғым, білім мен мәдениетімізді өркендетіп, рухани байлығымызды дамытып, сіздер мен біздер болып «Қызықты экология» атты пікір-сайыс байқауымызды бастайық. .
I Әрбір топтан жиналған қарсыластар командалары өздерін таныстырып, девиздерін оқиды.(3 топ)
Мұғалім: Табиғаттың тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың
Ол анаң ғой, ал сен оның кенже ұлысың – дей отыра , ендігі кезек келесі сұрақтарға да келіп жетті.
II 1. Экология пәнінің мақсаты.
2. Экология дегеніміз не? Жэәне кім, қашан енгізген?
3. Экологиялық факторлар дегеніміз не? Олар қандай болып бөлінеді.
Белгілі Америкалық эколог Б. Комменердің 4 заңы бар. Олдарды қайтып түсінеміз ?
-
Барлық заттар бір-бірімен байланысты.
-
Барлық заттың баратын орны бар – табиғатта ешбір зат елеусіз қалмайды.
-
Табиғат - өзінің даму заңдылығын жақсы біледі.
III Дидактиткалық тапсырмалар:
1- топқа – Суретте бейнеленген қанаттардың қайсысы эволюциялық туыстыққа, қайсысы конвергенцияға жататынын анықтап дәлелдеңіз.
2 –топқа Тұмсықтарының пішініне қарап, құстардың немен қоректенуге бейім екнін қалай анықтауға болады?
3-топқа Қоректену тізбегі дегеніміз не? Биогеоценозда қоректік байланыстар қалай жүзеге асады ? Суретте бейнеленген қөоректік тізбекті қалай түсінуге болады?
IV. Мұғалім: Қазақ халқының табиғатты тануы, оған деген көзқарасы- ұзақ жылдар бойы қоршаған ортаға жүргізген бақылау нәтижесінде тәжірибе елегінен өтіп шыңдалып, сұрыпталған. Бақылау тәжірибесінде жинақталған жаратылысьтану түсініктері мен білімдері негізінде халық табиғат желісін пайдалану әдістерін, дағдыларды ғана емес, оны қорғау дәстүрлерін де дамытты. Оларды жетілдіру жолдарында жөн-жорықтар мен ырымдарды қалыптастырды. Сол ереже,ырымдар арқылы жас буындарды сергектікке, бақылағыштыққа баулып, қатерлерден сақтандырды. Халық табиғаттың жүдеуіне жол бермейтін тиым ережелерін қоғамдық сана деңгейіне дейін көтерген. Өйткені ереже бұзылса, халықтық дәтүр де бұзылады.
Енді өзімізге ата-бабадан келе жатқан табиғатты қорғауға тәрбиелеудегі әдеп-ғұрыптарды айтайық: Мысалы: «Суға түкірме»; «Судың да сұрауы бар» ; «Талды сындырма»; «Балық аулай алмаған , суды лайлайды»; «Қарлығаш үйге құт алып келеді,оның ұясын бұзу обал»; «Көкті таптама» т.б.
V. Ендігі сұрақтар бізде табиғатта кездесетін әрекеттесу,қарымы-қатынас жайлы болмақшы.
1. Адамға симбионт болатын ағзаларды атаңдар. Олар қандай рөл атқарады? Адам ол ағзаларсыз тіршілік ете алама?
2. Сиыр мен адам арасындағы қарым-қатынасты қайсы әрекеттесуге жатқызса болады?
3. Қояндар кей-кейде өздерінің нәжістерін жеп тұрады. Егер оларға оны жегізбей қойсақ, олар арықтап өліп қалуы мүмкін. Себебін түсіндіріңдер.
VI Көрініс. Хореография үйірмесіне қатысушы оқушылар табиғат немесе жануалар жайлы патомимо немесе көріністер көрсетеді. Оны сайысқа қатысушы оқушылар не жайында екенін табады.
VII Енді құрыметті оқушылар кішкене сергіту сәті болған сияқты, көңілдеріңіз көтеріліп шаршағандарыңыз басылды деп ойлаймын. Ендігі кезекті тағы да сұрақтарға берсем деп едім.
1-топқа : Австралия мен Африканың кейбір құрғақ аудандарында жергілікті құстардың көбеюі жылдық ритмге байланысты емес. Олар жұмыртқаларын дереу сирек жауатын жаңбырдан кейін шығарады. Себебін түсіндіріңдер. Бұл түрлерде фотопериодизм құбылысын байқауға болады ма?
2-топқа: Тәулік ритмге бағынбайтын түрлерді атаңдар және оны түсіндіріңдер.
3-топқа : Суық қыста қала бульварындағы теректердің бірсыпырасы үсіп қалды. Әсіресе жол бойындағы шамдарға жақын өскендері, не үшін ?
VIII Сөзжұмбақ шешу. Терминдерге байланысты «Экология» сөзжұмбағын шешеміз
IX Енді әр команланың капитандарының білімдерін тексеріп көрейік. Кім дұрыс және тез жауап береді .
1-сұрақ Адамдардың шығу тегі «аттарын» рет-ретімен орналастырып жаз.
2-сұрақ. Қазіргі жағдайда, адам популяциясының өсуін шектеуші факторларды жаз.
Ендігі кезек есепке қай команда жылдам екен. Слайдта ұсынылған есепті қай иоп бірінші және дұрыс шығарса сол командаға 5 ұпай.
X ЕСЕП: №1 Жыл сайын әлемдік мұхиттарға 14 млн. Тонна мұнай түседі. 1гр мұнай өнімі су үстінің 10метр квадратын қабықша ретінде жауып қалады. Бір жылда ластанған әлемдік сулардың ауданын табыңдар.
№2 Гренландияның мұздарында , біздің эрамызға дейінгі 800 жылдары, бір кг мұзда 0,0004 мкг қорғасын табылған, 1753ж. 25 есе көп болған. Ал 1969ж қалыптасқан мұздарда 0,2мкг немесе 500 есе көп болған. Қорғасынның Гренландия мұздарына қалай жеткенін және қорғасынның құрамының неліктен өсетінін түсіндіріңіздер және әр 10 жылдағы қанша есе көп болғанын 2000-шы жылға дейін есептеңіз.
XI Сұрақтар: 1. Халық санының өсуі қандай мәселелерді тудырады?
2.Дамып келел жатқан мемлекеттердің халқының санының өсу себептері.
3. Қазақстанда орташа өмір сүру жасы 63, ал японияда 87 жас. Осы мемлекеттердегі адам жасына әсеретуші факторларды атаңдар.
Мұғалім: Осынау өркендеген заманыңда
Ұмытпаңдар табиғаттың талабын да.
Таза су , таза ауа бізге керек,
Ертеңіңді ойлан, әзірге аманыңда
демекші аз болса да осы кештен сіздер тәлім – тәрбие алып, білімдерің, дүниетанымдарыңды дамытып, экология пәніне деген қызушылықтарыңды арттырдым деп ойлаймын.
Демеңіз біз білімді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар жолыққанша
Осымен біздің кешіміз аяқталды.
Ендігі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Марапаттау. (Пікір-сайысты мұғалімнің өзі немесе жүргізуші жүргізсе болады)
ТАҚЫРЫБЫ «Гиподинамия және оның алдын алу»
10-12 жастарға арналған сабақтың әзірлемесі
Мақсаты : Оқушыларға гиподинамия және оның алдын алу жайлы мәлімет беоу.
Міндеттері: Оқушылардың тірек қимыл жүйесі жайлы білімдерін кеңейтіп командада жұмыс істеуге баулу.
Жасөспірімдердің бойына денсаулық үшін маңызы зор, гигиеналық дағдылар мен әдеттер қалыптастыру.
Оқушылардың дене тәрбиесіне , спортқа , салауатты өмір салтына қызығушылықтарын арттырып, сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі : түсіндірмелі – иллюстративті; проблемалық.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қабылдау.
Көрнекіліктер : Плакаттар , суреттер , карточкалар (адам қаңқасы, бұлшық еттері, ғарыш емесі, ).
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, кезекшінің рапорты)
II Жаңа тақырыпқа өту үшін жасалатын жаттығулар.(3 минут)
III Жаңа сабақ
IV Бекіту
V Қорытындылау
Сабақ дене қозғаласына байланысты жаттығудан басталады. Енді отырамыз өзіміздің осы жаттығулардан кейінгі жағдайымызбен бөлісеміз. Өзімізді қалай сезініп отырмыз? Ағзларыңда қандай өзгерістер болды?(шаршағанымыз кетті, денеміз сергіді, бетімізге қан жүгірді, жұмысқа деген қабілетіміз артты,жеңілдедік, көңіл-күйіміз көтеріле түсті).
II Егер адамдар аз қозғалса, ол адамдға қалай әсер етеді:
-
Бұлшықеттің жиырылу қабілеті бұзылады.
-
Бұлшықет болбыр болады, әлсірейді.
-
Адам тез шаршайтын болады.
-
Аурулармен жиі ауырады.
Осы жағдайлар бізді гиподинамияға алып келеді екен . Енді біз ойланайықшы бізді қозғалысқа әкеліп тұрған біздің қайсы мүшелеріміз: қаңқа, сіңірлер арқылы жалғасып бұлшықет және қозғалысқа жауапты мидың жүйке құрылымы немесе бұны біз тірек қимыл жүйесі дейміз. Біздің қаңқамыз үш үлкен топтан тұрадыекен : бас, тұлға, қол-аяқ. Сол сияқты бұлшықеттеріміз де үш бөлімнен тұрады: бас бұлшықеті,кеуде бұлшықеті, аяқ-қол бұлшықеті. Бұлшықеттердің екі түрі болады: көлденең жолақ және тегіс. Тегіс бұлшықет біздің ішкі мүшелерімізді, ал көлденең бұлшықет қаңқамызды жауып бізді қозғалысқа келтіріп тұр. Ал, қаңқа бұлшықет қозғалысының жетіспеуін- гиподинамитя дейміз.
Гиподинамия жағдайында немесе адам аз қозғалғанда :
-
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды;
-
Бұлшықет дамымайды;
-
Жүректің және ішкі мүшелердіңу қызметі нашарлайды.
Енді балалар ағзадағы осы өзгерістер қандай дерттерге алып келеді?
-
миокард инфарктісі; 2) семіздік; 3) қант диабеті; 4) артериялық қысымның көтерілуі
Қане балалар енді мына суретке қарап, ой жүгіртейік, гиподинамияның себептері неде деп ойлайсыңдар ? Қайсы мамандар көп шалдығуы мүмкін (аз қозғалу, көп жату, компьютерде көп отыру, есеп-шот мамандары және жоғарғы лауазымдағы адамдар)
Енді балалар біз гиподинамия ғаламшарынан өз ғарыш кемемізге отырып «Салауатты өмір салты» ғаламшарына ұшып кетеміз. Бірақ жолда бізді әртүрлі ғаламшарларт күтіп тұр (кедергілер). Біз сол кедергіоерден өтіп, аман-есен СӨС ғаламшарына жетуіміз керек. Сондықтан сендерге тапсырмалар беріледі.Қайсы топ СӨС ғаламшарына бірінші болып жетеді екен.(Оқушыларды бірнеше топқа бөліп отырғызамын)
1. Тапсырма: Гиподинамияның алдын алу:
А) Жалпы дамыту жаттығуларын жасау.
Б) Таңертеңгілік гигиеналық жаттығулар;
В) Атлеттілік жаттығулар;
Г) Ырғақты жаттығулар
Д) жүзу, жүгіру;
Ж) Спорттық ойындар;
З) Еңбек ету.
2. Тапсырма: Күншуақты адам қандай болуы керек? (КЛАСТЕР)
Б і лімді
белсенді
денсаулықты
СӨС сақтайтын
Ал біз өзіміздің денсаулығымыз жақсы деп ойлдаймыз ба? Егер біз жоғарыда айтылған әрқашан күншуақты адам болып жүрсек оның өзі біздің денсаулығымызға оң әсерін тигізіп, деніміз сауболады екен.Онда дені сау адамның 6 белгісін табайық .
-
Өте сирек ауырады;
-
Терісі таза, көзі мен шашы жылтыр;
-
Жақсы ұйқтайды;
-
80 жастан аз өмір сүрмейді;
-
Ентікпей 5 км жүгіре алады;
-
Ауырып қалса тез жазылады.
Физминутка: 1.Бұлшықеттерімізді босаңдатамыз, өзімізді алма ағашының астында отырғандай елестетеміз. Төбеге қараймыз, әдемі қызыл алманы көрдік, оны жегіміз келді, қолымызды ақырын созып оң қолымызбен жұлып алдық, енді сол қолымызбен жұлып алдық, енді екі қолымызбен бірдей жұламыз.
2.Біз құрғақтағы тасбақамыз, тасымыздан басымызды шығарып оңға ,солға, аспанға қараймыз. (бірнеше ре қайталаймыз)
3. Енді біз жазық даладағы ат боламыз, жорғалап жүреміз.
Жұмбақтар ғаламшары Жұмбақтар жасырамын, оқушылар жауабын табады.
Мақал-мәтелдер ғаламшары. Оқушыларға үйге – еңбек, спорт, қимыл тақырыптарындағы мақал-мәтелдер даярлап келуге берілген . Әр команда бестен.
Мінеки оқушылар біз «Салауатты өмір салты » ғаламшарына ұшып жеттік. Бұл ғаламшарда сендердің ойларыңша қандай адамдар өмір сүруі тиіс?
А) Жеке бас гигиенасын сақтайтын;
Ә) Күн тәртібін сақтайтын;
Б) Тамақтану режимін сақтайтын;
В) Денені үнемі шынықтырып отыратын;
Г) Зиянды әдеттерден алшақ адамдар;
Ғ) Қоғам гигиенасын сақтайтын т.б.
Ең көп және дұрыс шешімдерін тапқан команданы мақтаймын, бәрлік командаға силық беремін (витамин)
IV Бекіту: Оқушыларға жалпылай сұрақ: Гиподинамия қандай ауруларға алып келеді.? Оның алдын алу жолдары.
V Қорытындылау : Плакаттағы (кестедегі) гигиеналық мөлшерді көрсетіп, қандай жұмыс атқарса да өзінің мөлшері бар екенін түсіндіріп , дендеріне амандық-саулық тілеймін..
Жас мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқау
«Сабақ неден басталады?»
Қазіргі кезде күннен күнге бала психологиясы өзгеріп, ұстаз бен оқушының өзара түсіністігі, қарым қатынас жасауы күрделенуде. Балаға білім - тәрбие беруде сабақты дұрыс жоспарлау өте маңызды нәрсе. Сондықтан ұстаз алдымен сабақтың мақсатын дұрыс қойып , оның құрылымын үйірмедегі оқушылардың білім деңгейіне, мінез құлқына, қарым қатынасына лайықты етіп дұрыс құра білуі тиіс.Сабақ жоспары - сабақтың басталуын, сабақ барысының әрқайсысын нақты анықтап, оқу материалының көлемі мен уақытын жоспарлауға, анықтауға жәрдем береді.
Ал, сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы келесі ережелерді сақатағанда ғана болады:
Сабақтың тақырыбына сай:
-
Сабақ мақсатын анықтау;
-
Сабақ типін анықта;
-
Сабақтың түрін анықтау;
-
Қойылған мақсатқа байланысты сабақ өткізу әдіс-тәсілдерін таңдау;
-
Мақсат-міндеттерге, сабақ мазмұнына сай сабақ құрылымын анықтау.
Сабақ 1-кезеңнен басталып, онда оқушылармен сәлемдесіп, кезекшімен әңгімелеседі және тақырыпты, мақсат-міндеттерді хабарлайды.
2-кезеңде сабаққа қызығушылықты оятатын қандай да бір ойын, немесе сұрақ,, пікір болуы тиіс. Бұл кезең оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын, сөздік қорын дамытататын кезең.
3-кезең- Бұл жаңа сабақты түсіндіру.
4-кезең- Бұл жаңа сабақтағы білімдерді қолдана отырып шешетін тапсырмалар, тестер, сұрақтар, карточкалар мен дидактикалық сарамандық жұмыстар.
5-кезең- Шаршағандарын басатын, жағымды психологиялық жағдай туғызатын өлең жолдары, ән, ойын түрі, физикалық жаттығулар.
6-кезең - Бекіту кезеңі: Жалпы пәнге, тақырыпқа байланысты тапсырмалар, бірақ оның бәрі бүгінгі мақсат-міндеттерге жетуі үшін қолданылатын болсын.
7-кезең -ой бөлісу – Оқушылар бүгінгі сабақты не түсінді, өмірге қажетті білім ба, ол білімдерімімізді қайда қолданса болады, сабақ несімен қызықтыболды, ал,қай жері ұнаған жоғы жайлы ой бөліседі.
8-кезең - мұғалім сабақты бағалап, үйге тапсырма беріп,қорытындылайды.
Әрине бұл сабақ езеңдерінің бір ғана үлгісі. Сіздер қосымша қосып немесе алып тастасаңыздар да болады. Егерде сіз сабақты үй жұмысынан бастасаңыз онда 1-кезең 2-кезеңге ауысады.Қандай болса да 1; 3; 6; 8 кезеңдер міндетті түрде бюолуы тиіс.
Қосымша білім беретін педагог тек қана кезеңдерін ғана емес сонымен қатар сабақтың типін, түрін дұрыс қолдана білуі тиіс. Мысалы:
Типі :1 Жаңа скабақты меңгеру- қолданылатын сабақ түрлері: дәріс сабағы, кеңес беру сабағы, киносабағы, зерттеу сабағы, экскурсия сабағы, семинар сабағы, дидактикалық ойындар (рөлдерде ойнау, көрініс, іскер )
2. Меңгерілген Білім ,білік, дағдыны қалыптастыру - лабораториялық жұмыс, қайта жаңғырту сарамандық, өзіндік жұмыстар (жазбаша немесе ауызша), конференция сабағы, семинар сабағы, көріністер қою, пікір-сайыс, акция өткізу,
3. Біліктілік пен дағдыны жалпылау және жүйелеу - Диспут сабағы, конференция сабағы, семинар сабағы, байқаулар, жарыстар, көріністер.
4.Аралас сабақтар - келесі сабақтың элементтері : дәріс арқылы түсіндіріп, сарамндық жұмыс арқылы бекітесіз, білімдерін ауызша-жазбаша түрде тексеру.
5. Бақылау сабағы (білімді тексеру және бағалау) – Лабораториялық сабақ,сарамандық сабақ,, жағдайды сараптау,бақылау жұмысы, есеп беру сабағы, тест, білімдерін тексеру диктанты.
Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер. Сондықтан тек қана бағдарламамен шектеліп қана қалмай педагогикалық, психологиялық , пән бойынша әдебиеттер, және көркем әдебиет , журнал-газеттерді көптеп оқып әрқашан өз білімімізді жетілдіріп отыруымыз қажет.
Әдістемелік бөлім меңгерушісі: Абыкаева Айнұр Болатқызы
Қакзіргі заман талабына сай жасөспірімдердің тәрбиесі мен оқуы әр ата-ана мен мұғалімдерді, оның ішінде қосымша білім беретін педагогтар-ды толғандырады.
Егерде, адам қоршаған ортаға және адам денсаулығына деген көзқарасын өзгкртпесе, адамазат- болашақсыз екені түсінікті .Қазіргі экологиялық апаттармен , аурулармен күресу, алдын алу үшін көптеген істер атқарылуда..
Ал бүгінгі біздің тәрбиеленушілеріміз, ертеңгі ел басқаратын, табиғатты сақтайтын азаматтар. Сондықтан әсіресе бала тәрбиесіне жауапты әрбір азаматтың міндеті – баланы дұрыс оқыта білу, дұрыс тәрбие беру.Ұлы данамыз Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне зиян алып келеді» десе, ал, В. Белинский « Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі » - деп дөп басып айтқан.
Мектеп қабырғасында оқушылар тек қана теориялық білім алып шығады, ал қосымша білім беретін педагогтың міндеті- сол білімді өмірмен ұштастыру.
Дәлірек айтсақ - өзіме келетін болсам, экологиялық- валеологиялық дүниетанымдарын қалыптастырып, мәдениеттерін көтеру.
Жаңа келген оқушылардан сіздер өздеріңізді экологиялық мәдениетті адам деп санайсыздарма ? – десең бәрі «Иә» деп жауап береді. Онда кім жолда тағам жеп келе жатып қоқысты сумкасына салып үйіне алып барып қоқыс жәшігіне тастайды немесе жақын арадағы қоқыс жәшігіне тастайды деген сауалға 15 оқушыдан бірі ғана қол көтереді немесе жауапсыз қалады.
Сол уақытта ішім ашып қоя береді. Бастауыш сыныптарда: табиғаттану пәні, орта буында өсімдік, жануарлар биологиясы, жоғарғы буын жалпы биология, география , валелогия сабақтары өтеді, ал біз баланы қарапайым мәдениеттілікке тәрбиелей алмаймыз.Сондықтан мен бағдарламамды оқушыны жан-жақты дамытатын кішкене ғана арал деп есептеймін. Өйткені бағдарлама оқу жылына 72 сағат, әр топ аптасына 2 сағаттан , барлығы 4 топ білім алады. Оқушы контигенті әр жыл сайын 70 пайызға ауысып отырады. Қордай ауылының 7 мектептерінің ішіндегі көшбасшылары: «Адам денсаулығы және экология»; «Ту ұстаушылар»; және «Көшбасшылар мектебі» бағыттары бойынша білім алады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қызықты экология

шағым қалдыра аласыз