Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызықты грамматика

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

39 ТЕМІРБЕК ҚОЖАКЕЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯСЫ


Қаралды: Келісемін: Бекітемін:

Бастауыш сынып Директордың ғылыми № 39 Темірбек Қожакеев

әдістемелік бірлестік әдістемелік ісі атындағы ОМГ

отырысында жөніндегі орынбасары директоры

Shape1 Shape2 Shape3

Исакулова А.К. Киргизбаева В.А. Сейткулова К. Б.

« » ________2015 ж « » ________2015 ж. « »________ 2015 ж

1 Хаттама




Курс

«Қызықты грамматика»

2 «А» -сынып

2015 – 2016 оқу жылы.








Барлығы: 34-сағат

Аптасына 1 сағат

Мұғалімі: Мусаева Ж.Т.









ТҮСІНІК ХАТ


Ұсынылып отырған «Қызықты грамматика» курсы 2-сынып оқушыларына, міндетті, оқушылық деңгейге арналып құрастырылған. «Қызықты грамматика» «Алматыкітап» баспасында шыққан оқыту құралы мен «Қазақ тілі» өзіндік жұмыстар «Өлке» баспасында шыққан оқыту құралына сүйеніп жасалған.

«Қызықты грамматика» курсы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартының талаптарын қамтамасыз еткен. Тақырыптардың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерген.. Бұл курс арқылы оқушылар негізгі пән «Қазақ тілінде» меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. «Қазақ тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады. Бағдарлама 2-сыныпта тереңдетіп оқытуға дайындау үшін «Дыбыс пен әріп», «Сөз», «Сөйлем», «Тіл және сөйлеу» «Сөз таптары» деген бөлімдер қайта қарастырылып, біртіндеп күрделендіріледі. Жұмыс дәптерінде орындауға берілген жаттығулар мен тапсырамалар оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін бекіте түседі.
























Мақсаты:


Оқушылардың ауызша дұрыс сөйлеуді, сауатты жазуды, сөзді мағынасына сай дұрыс қолдануды талап етеді.Халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін, тіл байлықтарын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. «Өзін-өзі тану» пәнімен тығыз байланыс жасай отырып, оқушылардың рухани байлығын, Отанына деген сүйіспеншілігін дамыту. Жаны таза адамның ғана аузынан дұрыс сөз шығатындығын ескере отырып, алдымен оқушыларды ізгілікке, жалпы адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу көзделген. Сонымен қатар, оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, синтаксистік, морфологиялық білімдерін жетілдіру.



Міндеті:


Бастауыш білімінің мемлекеттік стандартына сай мүмкіндік деңгейіндегі білімін қалыптастыру; өлен, жаңылтпаштар жаттау арқылы оқушылардың тілін дамыту;  мәтіндер оқу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру; таңдау курсының талабына қажет білім, білік, дағдыларың меңгерту.



























Күтілетін нәтиже:



Өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алуды, мәтіннен теңеу, мінездеу, кейіптеу, әсірелеуді таба алуды,мәтінге жоспар құруды, шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын табуды біледі.Шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіре алады.

Ауызекі және жазбаша тілді, буын және дыбыс үндестігін, мәтіннің құрылымы мен түрлерін,сөз таптырын ажыратады, талдайды және оларды топтастырады, өзара салыстырады. Мәтіндегі тірек сөздерді және олармен мәтін құрауға дағдыланады.



































«Қызықты грамматика» пәнінің оқу-тақырыптық жоспары

2 «а»-сынып

( Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Кіріспе -1 сағат

1

Қызықты тапсырмалар

1


Тіл және сөйлеу – 2 сағат

2

Аяқталмаған ой

1


3

Тапқыр болсаң тауып көр

1


Дыбыс пен әріп – 3 сағат

4

Дауысты дыбыстар. Оның түрлері.

1


5

У дыбысының дауысты ,дауыссыз айтылуы

1


6

И,й әріптерінің жазылуы

1


Мәтін және сөйлем – 3 сағат

7

Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

1


8

Қызықты тыныс белгілер

1


9

Сөйлем құрастыра білесің бе ?

1


Сөз – 4 сағат

10

Адасқан сөздер әлемі.

1


11

Сөз ойла, тез ойла.

1


12

Сөз құрамы

1


13

Өз біліміңді тексер.

1


Сөз таптары – 12 сағат

14

Заттың атын білдіретін сөздер – зат есім.

1


15

Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.

1


16

Жалқы және жалпы есімдер

1


17

Заттың қимылын білдіретін сөздер – етістік.

1


18

Аяқталман ой

1


19

Тірек сөздер

1


20

Заттың сынын білдіретін сөздер – сын есім.

1


21

Затты кішірейту, үлкейту мағынасындағы сөздер

1


22

Ұйқасын тап

1


23

Заттың санын білдіретін сөздер – сан есім.

1


24

Не бірінші?

1


25

Математикалық жаңылтпаштар

1


Сөйлеу мәдениеті – 6 сағат

26

Жұмбақ дыбыстар

1


27

Сіз деген – әдеп,

Біз деген – көмек.

1


28

Өзіндік жұмыс

1


29

Орны ауысқан сөздер

1


30

Не қажет? Не керек?

1


31

Сәлемдесу түрлері

1


Жыл бойы өткенді қайталау – 3 сағат

32

Дыбыстық талдау.

1


33

Өз біліміңді тексер.

1


34

Қорытынды бақылау тесті.

1














































Оқу бағдарламасы

1. Кіріспе 1 сағат

2. Тіл және сөйлеу.2 -сағат

Тілді грамматикалық жағынан үйрету,оның ең негізгі ролі – коммуникативтік қызметімен таныстыру. Ауызекі сөйлеу және жазбаша сөйлеу туралы ұғымдарын қалыптастыру.

3. Дыбыс пен әріп. 3-сағат

Бұл тарауда дыбыстар мен әріптер жөнінде ұғымдарды меңгерту.

Дауысты және дауыссыз дыбыстардың түрлерін салыстырып

түсіндіріледі.

4.Мәтін және сөйлем.2-сағат

Мәтін түрлеріне тоқталу. Сөйлеуден сөйлемді ажыратуды, сөйлемнің сөзден құралатынын, әр сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен бастап жазылып, соңына тыныс белгісі қойылатынын меңгерту. Сөздерден сөйлем құрата білуді меңгерту.

5. Сөз.6-сағат

Бәріне ортақ нәрсе – сөйлемдегі сөздердің өзара мағыналық байланыста болатынын, олардың бір-бірімен жалғаулар арқылы байланысатынын, сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы білуге болатынын аңғарту.Сөз құрамына , соның ішінде жұрнақ пен жалғауға тоқталып өту.

.

6.Сөз таптары.12-сағат

Сөз таптары- зат есім , етістік, сан есім,сын есімдерден туратыны жайлы білім, біліктерін қалыптастыру.

7.Сөйлеу мәдениеті.6.-сағат

Сыпайы, әдепті, ұқыпты сөйлей білуге үйрету

8. Жыл бойы өткенді қайталау.2-сағат

Оқушылардың жыл бойы өткен білімдерін пысықтау.Тест тапсырмалары алынады.














Оқушыларды бағалау жүйесі



1. Бағалау әртүрлі формада іске асады:

а) ауызша сұрау

ә) жазбаша

б) мадақтау, көтермелеу, смайлк



2. Жиынтық бағалау (сыртқы және ішкі) оқушылардың белгілі бір есепті мерзімді (тоқсан, жарты жылдық , жылдық) аяқтаған кездегі меңгерген білімдерінің кіріктірілген деңгейі мен қалыптасқан дағдыларын бағалауға арналған.

а) тест

ә) сынақ, бақылау жұмысы

Оқушылардың білім нәтижелерін бағалау айқын және шынайы болуы үшін арнайы протфолио жүргізіледі.



3. Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелерін жұмыс өткеннен кейін бір аптаның ішінде ұпай және баға түрінде сынып журналында, оқушының күнделігінде ұпайы мектеп бағасына айналдыра отырып қойылып отырады.

















ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



1). Оқушылар үшін:

  1. «Қазақ тілі» өзіндік жұмыстар. 2-сынып Алматы «Өлке» баспасы 2011 жыл. Авторлары:К.Ерешева, Г.Сүйіндікова



  1. Қызықты грамматика Б.И.Иманбекова З.Муфтибекова.



2). Мұғалімдер үшін:

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.



  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.


  1. М.Қоянбаев. «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы» 2005 жыл.



  1. «Қызықты грамматика» жұмыс дәптері. «Алматыкітап» баспасы 2012жыл авторы: З.Муфтибекова.



  1. «Қазақ тілі» өзіндік жұмыстар. 2-сынып Алматы «Өлке» баспасы 2011 жыл.

Авторлары:К.Ерешева, Г.Сүйіндікова























РЕЦЕНЗИЯ

Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс-тіл дамытуды оқыту процесін жетілдірудің тиімді құралы болып табылады. Арнайы курста қазақ тілі бағдарламасының әр тарауына арналған қосымша тапсырмалар енгізілген. Осы материалдар оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді. Оқушылардың арнайы курста ойлау тапқырлығы, шапшаңдығы, салыстыра білуі, есте сақтауы, бақылағыштық қабілеттерін және шыдамдылық қасиеттерін қалыптастырып дамыту үшін логикалық ойлау қабілетін жаттықтыратын сөздерді үйренуі маңызды. Арнайы курстың мақсаты-оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге, тұжырым жасай білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Бағдарлама білімнің мемлекеттік стандарт талабына және оқушылардың білім деңгейінің көлеміне сай құрастырылды. Арнайы курстың бағдрламасы оқу жоспарына сәйкес, аптасына 1 сағаттан жылдық саны-34 сағат.















Бастауыш сынып кафедра жетекшісі: Исакулова А.К.

Бастауыш сынып ӘБ жетекшісі:



Бастауыш сынып кафедра отырысында қаралды

«28» тамыз 2015 ж Хаттама № 1





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
753
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12