жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қызықты грамматика
«№1 Бақанас орта мектебі мектепкедейінгі шағын орталығымен» МКМ
Бастауыш сынып мұғалімі Уйсинбаева Шолпан Жетписбаевна
Қызықты грамматика
Қазақ тілі пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған
ФАКУЛЬТАТИВТІК КУРС АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бақанас, 2017 ж.
Түсінік хат
Бағыты: тілтану.
Жаңашылдығы: «Қызықты грамматика» курс бағдарламасыойын және танымдық іс-әрекет арқылы қазақ тілін үйренуге қатысты қызығушылығы мен мүдделерін дамытуға, сондай-ақ ақпарат алмасу үшін бастапқы коммуникативтік дағдыларын, мәтінмен тілдік материал ретінде жұмыс істей білуге, сөз тіркестері мен сөйлемдер мәнін түсіну және оларды нақты жағдайларда пайдалана білуін қалыптастыруға бағытталған.
Ерекшелігі:«Қызықты грамматика» курсы бағдарламалық талаптарға сай ұйымдастырылып, оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады.
Бастауыш білім беру деңгейіндеқазақ тіліпәнінен білім берудің негізгі педагогикалық мақсаты: оқушыларға тек бастапқы білім мен білік ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды оқи білуге және білімді өмірде қолдануға негізделген дағдылар (талдау, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтау) қалыптасуына ықпал ету.
Осы мақсатта бастауыш мектептің 4-сынып оқушыларына арнап құрылған «Қызықты грамматика» авторлық бағдарламасы аптасына 1 сағаттан, 34 сағат құрайды және негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білім-білік дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісіарқылы арттыруқарастырылған
Өзектілігі: Қазақ тілі - бастауыш мектептегі негізгі де маңызды негіздердің бірі, қарым-қатынас жасау мен дүние танудың құралы, баланың ақыл ойы мен шығармашылығын дамытудың басты арнасы. Өйткені, осы пән арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті сезіне бастайды, сөйлеу машығында оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Сонымен бірге тілді оқу барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойлары, сөйлеу дағдылары жетіледі. Сол себепті курс осы айтылғандарды іске асыруға мүмкіндік беретіндей сипатта құрылды.
Курс мақсаты: Оқушының тіл туралы түсінігін кеңейту, білімдерін тереңдету, білік дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да, сауатты жеткізе білуін жетілдіру.
Курстың міндеттері:
-
Тілдік жағдаятқа сай қарым- қатынас жасауға дағдыландыру.
-
Оқушылардың оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.
-
Сөз мағыналарын зерттеу. Сөздік қорларын молайту .
-
Каллиграфиялық талаптарға сай сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру ;
-
Оқыту үрдісінде шәкірттердің өзіндік ізденістерін ұйымдастыру, олардың барлық мүмкіндіктерін көрсетуіие барынша жағдай жасау;
-
Бұл курста оқушылардың қызыға оқып меңгеруіне қажетті тапсырмалар толық қамтылады.
Күтілетін нәтиже: Лексика және грамматика саласында тілдік білімдерін меңгереді: сөздің мағыналарын айыра біледі, оларды сөйлеу тілінде еркін қолданады. сөздердің синонимдік, антонимдік, омонимдік, көпмағыналылық сипатын жанр түрлеріне қарай айырып, таңдап қолданады; оқыған мәтіндеріне сапалық жағынан талдау жасап, өзінің берген бағасын дәйектеп айтады, тақырыпқа сәйкес жоба-жоспар жасап, мәтін құрайды. әдеби нормамен монолог, диалог түрінде пікірлеседі.
Қолданатын құрал-жабдықтар:
Дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс:
Әдебиеттік оқу, бейнелеу, музыка, дүниетану.
Сабақтардың өткізу формалары: ойын – саяхат, көрнекі оқу құралдарымен және анықтамалық кітаптармен жұмыс, шығармашылық тапсырмалардың орындауы, викторина –сабақ, пікірталас, жарыс
Курс мазмұны.4-сынып
Барлығы: 34 сағат. ( аптасына 1 сабақ)
-
Кіріспе (1 сағ.) Тіл–адамдар қатынасының аса маңызды құралы.
-
Фонетика (4 сағ.) Қазақ әліпбиі, дыбыс, әріп, дыбыс түрлері. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлері; дыбыстық талдау. Буын түрлері, дыбыс үндестігі, тасымал. Фонетикадан талдау.
-
Лексика (2 сағат). Сөз, сөздің мағынасы. Синоним, омоним, антоним ; Сөздердің ерекшеліктері. Ауыспалы мағыналы сөздер. Тұрақты сөз тіркестері
-
Мәтін (2 сағ.) Мәтін, мәтіннің түрлері. Мәтінмен жұмыс, мәтін құруғ жазу
-
Синтаксис. Сөйлем. (6 сағат). Сөйлем, сөйлем түрлері. Жай, құрмалас сөйлемдер. Сөйлем мүшелері, олардың түрлері. Синтаксистік талдау. Қаратпа сөздер.
-
Сөз (12 сағ.) Түбір, қосымша, қосымшаның түрлері, жалғау, жұрнақ. Түбір, туынды, түбірлес сөздер. Тәуелдік жалғау, жіктік жалғау Септік жалғау. Қысқарған сөздер , қос сөздер, біріккен сөздер.
-
Морфология (12 сағ.) Зат есім, зат есімнің түрлері, сөйлемдегі қызметі. Етістік, етістіктің түрлері, етістіктің сөйлемдегі қызметі . Сын есім , сын есімнің түрлері, қызметі. Сан есім, сан есімнің түрлері, қызметі. Есімдік, есімдіктің түрлері, қызметі. Үстеу, үстеудің түрлері, қызметі . Одағай, қыстырма, шылау сөздері.Морфологиялық талдау
-
Сауатты сөйлеу, көркем жазу (2 сағ.) Біз сөйлей білеміз бе? Біз сауатты, әдемі жаза білеміз бе?
-
Қорытынды сабақ (2 сағ.) бастауыш саты бойын-ша игерген білім –білік дағдыларын зерттеу
4 сынып бойынша «Қызықты грамматика» факультатив
сабағының күнтізбелік жоспары
Аптасына: 1 сағат,барлығы: 34 сағат.
|
№ |
Тақырып мазмұны |
Жұмыс түрі |
Сағат саны |
Күні |
||
|
ж/б |
Нақты |
|||||
|
||||||
|
1 |
Тіл–адамдар қатынасының аса маңызды құралы |
Ойын сабағы |
1 |
|
|
|
Қойылатын талап: Балалар әр дыбыстың оқылуы, естілуі, ырғағы арқылы олардың дауысты немесе дауыссыз екенін ажырата білу. |
||||||
|
2 |
Қазақ әліпбиі, дыбыс, әріп, дыбыс түрлері |
Кестемен жұмыс Сөздердің фонетикалық талдауы |
1 |
|
|
|
|
3 |
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлері |
Әріпті жұмбақтар. Кестемен жұмыс, дыбыстық талдау |
1 |
|
|
|
|
4 |
Буын түрлері, дыбыс үндестігі, тасымал |
Буындардан сөз құру оыны.Тапсырмалар орындау |
1 |
|
|
|
|
5 |
Фонетикадан өткенді пысықтау, талдау, тест |
Дыбыстық талдау, тест |
1 |
|
|
|
|
||||||
|
6 |
Сөз, сөздің мағынасы. Синоним, омоним, антоним |
Сөздердің ерекшеліктерімен танысу.. Буындардан сөз құрау ойыны |
1 |
|
|
|
|
7 |
Ауыспалы мағыналы сөздер. Тұрақты сөз тіркестері |
Тапсырмалар, ойын Кестемен жұмыс |
1 |
|
|
|
|
||||||
|
8 |
Мәтін, мәтіннің түрлері |
Мәтінмен жұмыс |
1 |
|
|
|
|
9 |
Мәтінмен жұмыс істеу |
Сурет бойынша мәтін құрап жазу |
1 |
|
|
|
Қойылатын талап: Сөйлем, сөйлем түрлеріне ажырату; Сөз, сөз тіркестері , сөз тіркестерінің байланысы, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсете алуы; Схемалық сызбасы бойынша сөйлем жаза алуы. Синтаксистік талдау жасай алуы. |
||||||
|
10 |
Сөйлем, сөйлем түрлері |
Әр бала жеке сурет бойынша сөйлем құрайды. |
1 |
|
|
|
|
11 |
Жай, құрмалас сөйлемдер |
Жеке жұмыс. Бір сөз беріледі, әр бала сол сөзге өз бетінше сөйлем құрайды. |
1 |
|
|
|
|
12 |
Сөйлем мүшелері, олардың түрлері |
Сөйлем мүшелерімен танысу, сызба бойынша сөйлем мүшелерін ажыратуға арналған тапсырмалары |
1 |
|
|
|
|
13 |
Синтаксистік талдау жасау |
Тапсырмалар орындау, талдау |
1 |
|
|
|
|
14 |
Қаратпа сөздер. Тест тапсырмалары |
Тест |
1 |
|
|
|
|
15 |
Тест тапсырмалары |
Тест |
1 |
|
|
|
|
Сөзжасам (6 сағ.) Қойылатын талап: Сөз, сөздің құрамы, түбір , қосымша, қосымшаның түрлері, жалғау , жұрнақты айыра білуі; Берілген схемалық сызба бойынша сөздер жаза алуы; |
||||||
|
16 |
Түбір, қосымша, қосымшаның түрлері, жалғау, жұрнақ |
Кестемен жұмыс |
1 |
|
|
|
|
17 |
Түбір, туынды, түбірлес сөздер |
Тапсырмалар орындау |
1 |
|
|
|
|
18 |
Тәуелдік жалғау, жіктік жалғау |
Тапсырмалар орындау |
1 |
|
|
|
|
19 |
Септік жалғау |
Кестемен жұмыс, тапсырмалар |
1 |
|
|
|
|
20 |
Қысқарған сөздер , қос сөздер, біріккен сөздер |
Кестемен жұмыс , тапсырмалар |
1 |
|
|
|
|
21 |
Тапсырмалармен жұмыс |
Тапсырмалар, талдау, тест |
1 |
|
|
|
|
7. Морфология (6 сағ.) Қойылатын талап: сөзтаптарын ажырата білу, Морфологиялық талдау жасай алуы |
||||||
|
22 |
Зат есім, зат есімнің түрлері, сөйлемдегі қызметі |
Кестемен жұмыс , тапсырмалар |
1 |
|
|
|
|
23 |
Етістік, етістіктің түрлері, етістіктің сөйлемдегі қызметі |
Кестемен жұмыс , тапсырмалар |
1 |
|
|
|
|
24 |
Сын есім , сын есімнің түрлері, қызметі |
Кестемен жұмыс , тапсырмалар |
1 |
|
|
|
|
25 |
Сан есім, сан есімнің түрлері, қызметі |
Кестемен жұмыс , тапсырмалар |
1 |
|
|
|
|
26 |
Есімдік, есімдіктің түрлері, қызметі |
Кестемен жұмыс , тапсырмалар |
1 |
|
|
|
|
27 |
Үстеу, үстеудің түрлері, қызметі |
Кестемен жұмыс , тапсырмалар |
1 |
|
|
|
|
28 |
Одағай, қыстырма, шылау сөздері |
|
1 |
|
|
|
|
29-30 |
Морфологиялық талдау |
|
2 |
|
|
|
|
Сауатты сөйлеу, көркем жазу (2 сағ.) Қойылатын талап: Естуі бойынша сауатты, көркем жаза білуі; Грамматикалық тапсырмаларды орындай алуы; Шығармашылық тапсырмаларды орындай алуы. |
||||||
|
31 |
Біз сөйлей білеміз бе? |
Рольдік ойын |
1 |
|
|
|
|
32 |
Біз сауатты, әдемі жаза білеміз бе? |
Әдемі, таза жазуға баулу. |
1 |
|
|
|
|
33-34 |
Қорытынды сабақ, бастауыш саты бойын-ша игерген білім –білік дағдыларын зерттеу |
Сұрақ-жауап , тест |
2 |
|
|
|
Пайдалануға ұсынылытын әдебиеттер
-
Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің жалпыға міндетті стандарты, 2012 жыл
-
Қазақстан Республикасының Білім Ғылым Министрлігі бекіткен бастауыш білім берудің бағдарламасы
-
Мұғалімдерге арналған қазақ тілі пәніне әдістемелік құрал
Қазақ тілі . Дидактикалық материалдар. 2-4 сынып
«Алматыкітап» 2009-2011
-
Қазақ тілінен диктанттар мен мазмұндамалар жинағы 2-4 сынып
-
Қазақ тілінен өзіндік жұмыс 4 сынып
МАЗМҰНЫ
Түсінік хат ............................................................................................... 1- 2
1 сынып бойынша күнтізбелік жоспары ............................... 2- 3
2 сынып бойынша күнтізбелік жоспары ............................... 4 - 5
3 сынып бойынша күнтізбелік жоспары ................................ 6 – 7
4 сынып бойынша күнтізбелік жоспары ................................ 7 - 9
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .................................................. 10

Қазақ тілі пәнінен бастауыш сыныптарға
арналған таңдау курсы бағдарламасы
Бағдарламаны құрастырған :Балтасап негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:
Иманкулова Айгуль Балтабайқызы .
2013 жыл
PAGE \* MERGEFORMAT 1
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген