Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызықты грамматика

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша және факультатив сабаққа өте қолайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫЗЫҚТЫ Грамматика



Түсінік хат мазмұны



«Қызықты грамматика» таңдау курсы бастауыш білім берудің маңызды мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда елеулі үлес қосады. Бұл курс оқушылардың сауат ашу, қазақ тілі пәнінен алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін, ойлау, шығармашылық қабілеттерін және қызығушылықтарын арттырады. Грамматикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бастауыш сыныптың сауат ашу, қазақ тілі пәні бойынша осы бейіналды элективті курс бағдарламасының мазмұны "Тіл және сөйлеу мәдениеті","Дыбыс және оның түрлері","Сөз құрамы", "Сөз таптары", "Сөйлем мүшесі" бөлімдерін негізге алып құрастырылған.

Бұл курстың өзектілігі грамматикалық қызықты тапсырмалар мен логикалық ойындарды шешу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерінің дамуына жаңа мүмкіндіктер туғызады.Бала тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді. Ал олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс онан әрі жалғасады. Сондықтан мектептегі тіл үйрету, сауаттылықты арттыру жұмыстары табиғи процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі.

Әр оқушы ана тілінің фонологиялық мағынасы, әдеби тілдің орфоэпиялық мөлшерін мектепке дейін меңгерсе,бұл жасалып отырған бағдарлама тілдің грамматикалық сауаттылығын арттыруға негіз болады. Грамматикалық мағынаны ұғыну үшін бала жан-жақты кең ойлай алатын болуы керек. Сондықтан грамматикалық мағынаны ұғыну тіл мен ойлаудың негізгі факторы болып табылады.

Тілді ұғыну – ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілерімен оқушылардың тіл байлығын арттырады. Мұғалім бұл міндетті әдістемелік құралдарды дұрыс іріктей алғанда ғана ойдағыдай іске асыра алады. Грамматиканы үйрету тілдік сезімталдыққа сүйеніп іске асырылады. Бағдарлама бөлім бойынша жүйелі түрде берілгендіктен: білімін функционалдық және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.

Қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында осы бағдарламаны оқыту оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай,оларды орынды жерде қолдана білуіне жағдай жасайды.ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

Курстың мақсаттары:

  • Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыра отырып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру;

  • Көркем шығармалар арқылы оқушылардың адамгершілік мінез – құлықтарын қалыптастыру

  • Шәкірт бойына ұлттық құндылықтарды ұялату

  • Оқушыларды сауатты жазу, жүйелі, анық, бейнелі сөйлеуге дағдыландыру

Курстың міндеттері :

  • Оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету

  • Ақыл- ойын, интеллектуалдық белсенділіктерін арттыру

  • Оқушылардың өмір тіршілігіне қажетті факторларды қалыптастыру

  • Ұлттық педагогика негізінде оқушылардың адамгершілік, тазалық, этикалық тәрбиеге баулу

  • Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру;

Оқыту тәсілі

  • Оқушыларды жекелей өздігінен жұмыс жасау дағдысына қалыптастыру;

  • Шығармашылықпен,ойын әдістері арқылы жұмыс жасауға үйрету;

  • Жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;

  • Оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау тәсілі





















































Игембердиева Гульнар Бериковна

Алматы қаласы, №148 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі








Пайдаланған әдебиеттер





  1. «Қазақ тілін оқыту методикасы», С.Рахметова. 1991 ж

  2. «Қазақ тілінің дидактикалық материалдары», Ж.Қ. Балтабаева 2014ж

  3. «Бастауыш сыныпта оқыту» журналдары

  4. «Дидактикалық ойындар» әдістемелік нұсқаулар

  5. «Анықтамалық құралдар» Ж.Қ. Балтабаева, Ф.С. Лекерова, М.Қ. Солтанғазина 2012 ж









































Қызықты грамматика

Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат


Сабақтың тақырыбы

Сағат

саны

Мерзі мі

Өткізу түрі

Білім өнімі

1

Жасырылған дыбыстарды табу


1

04.09

Сұрақ-жауап

Жаттығу

Құстардың аттарына байланысты жасырылған әріптерді табады. Жұмбақтар жасырып шешуін тауып, сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.

2

Баспалдақ сыры


1

11.09

Талдау жұмыстарын жүргізу

Қ, к әріптерінен басталатын сөздерді тауып баспалдақ құрастырады

3

Көп мағыналы сөздер


1

18.09

Байланыстыра сөйлеу

Сөз және оның мағынасы туралы білімдері қалыптасады


4

Туынды сөздер


1

25.09

Талдау жұмыстарын жүргізу

Сөздің құрамына талдау.жасайды Жұрнақ пен жалғауды ажыратуды үйренеді

5


Тасымал

1

02.10

Сұрақ-жауап

Жаттығу

Сөздерді дұрыс тасылмалдау жолдарын қалыптастырады

6

Адасқан сөйлем



1

09.10

Түсінік беру

Сұрақ-жауап

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптасып, дамиды

.7


Мамандық таңдау

1

16.10

Қорытындылау

Болашақта кім болуды армандайтын шәкірттерге жол сілтейді. Шығарма, эссе жазуды үйренеді


8

Ребустар шешу


1

23.10

Байланыстыра

сөйлеу

Ребус шешуі болған сөзге сөйлемдер құрастырады

9

Мазмұндама «Күздің кереметі»


1

06.11

Талдау

жұмыстарын жүргізу

Күздің кереметін сипаттайды. Тірек сөздерін қатыстырып сөз тіркесін құрастырады. Шығарма жазуы қалыптасады


10

Күзгі орманның көрінісі


1

13.11

Сұрақ-жауап

Жаттығу

Күзі орман тақырыбына сөзжұмбақ құрастырады «Орман – біздің байлығымыз» тақырыбында өлең құрастырады


11

Мәтін


1

20.11

Сұрақ-жауап

Жаттығу

Мысал кейіпкерлерін анықтап, рөлге бөліп оқиды. Шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекеттерін сипаттайды. Сипаттау мәтінін жазады


12

Туған елім, туған жерім


1

27.11

Түсінік беру

Сұрақ-жауап

Еліміздің байлықтары мен ірі құрылыстарын атайды.Шығарманы сауатты жаза білуі артады.

13

Мәтінмен жұмыс


1

04.12

Байланыстыра сөйлеу

Орфографиялық норма туралы түсінік қалыптасады


14

Хат жазу мәдениеті



1

11.12

Түсінік беру

Сұрақ-жауап

Оқушылар хат жазу мәдениетін меңгереді, хаттың құрылымы туралы түсінік қалыптасады

15

Құттықтау хат


1

18.12

Талдау

жұмыстарын жүргізу

Құттықтау хаттың мазмұны мен жазылу үлгісін үйренеді


16

Мақал-сөздің мәйегі


1

25.12

Талдау жұмыстарын жүргізу

Мақалдардың айтылу ретін түсінеді, мақалдап сөйлеуге дағдыланады


17

Түбір сөздер, туынды сөздер


1

15.01

Талдау жұмыстарын жүргізу

Қосымшаның буын үндестігіне байланысты жалғануын түсінеді


18

Ребус шешу



1

22.01

Сұрақ-жауап

Жаттығу

Туынды зат есімдер жасалатын сөздерді пайдаланып ребустарды шешеді

19

Тізбек ойыны


1

29.01

Байланыстыра сөйлеу

Келесі сөз алдыңғы зат атауын білдіретін сөздің соңғы дыбысынан басталуы керек екенін түсінеді Осындай бірнеше тізбек жасайды

20

Зат есімнің тәуелденуі


1

05.02

Қорытындылау

Тәуелдік жалғаулары бар сөздердің қай жақта тұрғанын табады.


21

Жұмбақтар шешу


1

12.02

Сұрақ-жауап

Жаттығу

Негізгі, туынды етістіктерді ажырту арқылы етістіктерді табады.


22

«Кім тез табады?» ойыны



1

19.02

Байланыстыра сөйлеу

Оқушылар екі топқа бөлініп, негізгі, туынды етістіктерді тез табу арқылы жарысады.Қай топ көп табады, сол ұтады. Жылдамдық деңгейлері артады

23

Болымды және болымсыз етістік.



1

26.02

Ойын

Мәтіннен, өлеңнен болымды және болымсыз етістікті табады.Болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырады

24

Сын есімнің түрлері


1

04.03

Талдау жұмыстарын жүргізу

Суретте бейнеленген заттарға сәйкес сын есім табады


25

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2020
1451
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12