400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Қызықты грамматика 3 сынып Дыбыс пен әріп

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызықты грамматика 3 сынып Дыбыс пен әріп.Оқушыларға дыбыс дегеніміз не екенін жаздырту.Әріп дегеніміз не деген сұрақтарға жауап береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚР Білім және Ғылым

министрлігінің стандартымен

130-бұйрықтың 7-қосымшасына

сай жасалған

Сыныбы: 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Дыбыс және әріп»

Пән:Қызықты грамматика

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

а/дыбыстар және әріптер, тасымал туралы алған білімін еске түсіру; 2 сыныпта өткен әріптерінің жазылуы туралы алған білім,біліктерін қайталау;

ә/дыбыстардың түрлеріне,ерекшелігіне қарай қандай түрлерге бөлінетінін пысықтау; б/Сөздік қорын дамыту,көру зейінін және есте сақтауды дамыту.Жалпы және қолдың білезігінің моторикасын дамыту.

б/ Оқушыларды жылдам ойлауға, кез - келген кедергіден өтіп пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

Дыбыс пен әріп жайлы біледі. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі дыбыс пен әріпті оның түрлерінің не үшін қажет екенін талдай алады, күнделікті тұрмыста қолдана алады. Сөздерді буынға бөліп тасымал жасайды.

Кейбір оқушылар оқып үйренгенін жинақтап, бағалап, сол жайлы ой толғау жасай алады.

Үй тапсырмасын тексеру тапсырмалары:

« сұрақ қою, қайта сұрақ қою» стратегиясы.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: « миға шабуыл», «келісемін, келіспеймін», «жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиялары

Қызығушылықты ояту:

Біз байсалдымыз,

Мұқият тыңдаймыз,

Есте сақтаймыз,

Бөгет жасамаймыз,

Сабақта өткенді, әрдайым қайталаймыз!

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын.

Дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қайталау.

Сөйлемдерді ауызша толықтыр:

Дыбыс дегеніміз....

Әріп дегеніміз......

Дыбыстар .....бөлінеді.

Дауысты дыбыстар деп...... айтамыз.

Дауыссыз дыбыстар деп ....айтамыз.

Қазақ тілінде.......әріп бар.

1-тапсырма.Өлеңді оқы.

Әрқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұлт төнбесін!

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман!

Өлеңдегі дауысты дыбыстарды ғана оқып отырып, әнімен айтып шық.

Үлгі:ә,а,а,ү,ө,е,і.

Дауыссыз дыбыстармен әндетіп көрші.Қандай қорытынды шығарар едің?

2-тапсырма.Ребусты шеш.Шешуі болған сөздің суретін сал, боя.

< пір +'ақ

Жауабы: Кемпірқосақ

Кемпірқосақтың түстерінің атауын жаз.Сөздерге ауызша дыбыстық талдау жаса.

Кемпірқосақты сен неше түспен боядың?Неліктен?

Аспан әлемінде байқалатын тағы қандай қызықты табиғат құбылысын білесің?(Мысалы,солтүстік шұғыласы, ...) Жаз.

3-тапсырма.Сөйлемдерді зер салып оқы.

Мен сасып қалдым. Ол көзін уқалады.

Мен сасқалақтап қалдым. Ол көзін қасыды.

Осы сөйлемдердің сен қайсысын таңдар едің?Неге?

Жуан дауысты дыбысты сөздердің астын сыз.

4-тапсырма.Жұмбақтардың жауабын тауып жаз, мағынасын түсіндір.

Айналаның айналғанда несі түсіп қалады?

Жауабы: ың

Бойында бар,ойында жоқ не?

Жауабы: Б әріпі

Басында т−сы бар аға.

Басында ж−сы бар аға.

Жауабы: таға,жаға

Басында б−сы бар аға,

Басында с−сы бар аға.

Жауабы: баға,саға

Осыған ұқсас жұмбақтар құрастырып көр.

Үй тапсырмасы : 5-тапсырма.Әріптерді бағдарша бойынша Айға қосып, сөздерге айналдыр.Сөздерді жаз.Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырат.

Қорытынды бағамдау:

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.00.2021
2081
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12