«Қызықты көңіл –студенттік
өмір»
атты студенттер күніне арналған мерекелік
кеш
1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі
17-қараша - Халықаралық «Студенттер күні» мерекесі құтты болсын!
17- қараша студенттер күніне арналған
«Кешегі студент, бүгінгі жас
маман!» атты мерекелік кешке қош
келдіңіздер!
2 – жүргізуші: Міне болашақтың иесі – жас ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі
ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазақтың дара да
дана тұлғасы Абай атамыз: «Адамның адамшылығы… жақсы ұрпақтан
болады» деген. Олай болса болашақ әр саланың маманы болатын
студенттерімізге тек қана жоғары сапалы білім мен тал бесіктен
алған тәрбиесін тыңғылықты ету колледж ұстаздарының абыройлы да
басты мақсаты болып табылмақ.
Бүгінгі мерекелік кешіміз жоспарымен таныс
болыңыздар.
I
Бөлім «Қызықты көңіл – студенттік өмір» атты сынақ
кітапшасын, алғыс хаттар, марапаттар
табысталады.
II Бөлім «Ностальгия» сайысы мұнда жас мамандар
мен студенттер топтасып өнер
көрсетеді.
1 – жүргізуші:
Студенттер, аяулы ақ мамандар,
Жыл сайын жасарғандар,
жаңарғандар.
Қыз қуып терезеге қарағандар
Білім қуып бөлмеге қамалғандар.
Студенттер, аптыққан пәк
көңілдер,
Өкініштер, шаттықтар, тәтті
өмірлер,
Ауылға жиі айтатын сәлемдері:
“Ақша сал”, “Жетпей жатыр”, “Ап
жетіңдер!
2 – жүргізуші:
Біздің колледждегі түрлі мамандықты игеріп,
белгілі бір маман иесі атанып, болашақта өз ойын, арманын іске
асыру мұндағы әрбір студенттің алдына қойған
мақсаты.
1 – жүргізуші:
Сол мақсаттарға жету үшін әрқайсымыз жақсы білім
мен тәрбие алып, болашақта еліміздің игілігіне жарап, ата-анамыздың
үмітін ақтасақ, міне, сол басты мақсаттар болмақ.
1 – жүргізуші:
Көңілін күн өтсе де,
кірлетпеген
Мақтауға мадақтауға тіл
жетпеген
Сіздер үшін аянбай еңбек
еткен,
Басшымызға сөз береміз,
құрметпенен.
Аса қадірлі де, құрметті
колледжіміздің директоры Абдигалиева Мадина Сабыржанқызына сөз
береміз!
1 –
жүргізуші:
Ән:
«Мерекем» _____________
«Студент болу – жас
адамға бақытты болу деген сөзбен тең» — деп
Тұманбай Молдағалиев айтқандай , бүгінгі мерекелерініз
құтты болсын , жас даурен жас
достар!
2 –
жүргізуші:
Уақыт шіркін зымырайды
шақтары.
Алдымызда ақ үмітпен
атқалы.
Жастық жігер, білімі бар,
сөзге бай,
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен
ай,
1-2 ай сауық құрып күнде жай,
сессияда ұйықтамаған күндер-ай.
Ауыл, ақша, сабақ, сосын
вечер-той,
Өмір мәні махаббатқа жетер ме
ой…
Үлгеретін ал осының бәріне,
СТУДЕНТТЕР мықты халық екен
ғой.
Ендеше құттықтау сөз кезегін Жастар ресурстық
орталығының басшысы ____________________________
берсек.
1 – жүргізуші:
Ащыны да, тәттіні де көріп
тұрар,
Сонда да жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде тоқ боп
жүретұғын,
Біз сияқты «студенттер»
бақыттылар!
2 – жүргізуші:
Ендеше студенттеріміздің арасында қоғамдық іс –
шараларға белсене қатынасқан, аудан деңгейдегі сайыстар- ға
қатысып, колледж намысын асқақтатын студенттерімізді марапаттауға
колледж директоры __________________________
және директордың оқу – ісі жөніндегі
орынбасары___________________________
сөз кезегін берейік.
(Марапаттарыңыз құтты
болсын!)
1 – жүргізуші:
Кешіміздің 2 бөлімі
«Ностальгия» сайысына кезек берсек. Бүгінгі мереке бұрынғы
мерекелерге қарағанда ерекше. Өйткені бүгінгі мерекеде
колледжіміздің студенттері мен жас мамандары топтасып өнер
көрсетеді. Бүгінгі «Ностальгия» сайысын өткізудегі басты
мақсат бұл ұстаздарымыздың студенттік өмірлерін қызықты сәттерін
еске алу, ал студенттерімізге студенттік өмірлеріне жағымды әсер
қалдыру.
2 –
жүргізуші:
Ендеше сайысымызбен таныс
болыңыздар! «Ностальгия» яғни 60-70 жылдар, 80 -90 жылдар,және 2000
жылдар болып бөлінді. Топтар арасында жеребе арқылы алдын – ала
таңдалынып суырылған болатын.
1:
«Ямахау» тобы 60 – 70
жылдар
2: «Коминация» тобы 80 – 90 жылдар
3: «The best» тобы 2000 жылдар
1 – жүргізуші:
Сайымыз 3 кезеңнен тұрады:
1 кезеңі: Таныстыру
2 кезеңі: Өнер ( би, өлең)
3 кезең: көрініс
2 –
жүргізуші:
Қайда менің студенттік
күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн
керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар
күндерім.
Қайда сол бір асыл жанды
достарым?
Аңқылдаған жарқылдаған от
жалын.
Сұңқар жігіт, аққу қыздар
қайдасың?
Еске аламыз жүрегімде от жанып
– дей келе мұғалімдеріміздің студенттік
кездеріне бір оралатын сәт туып отыр. Ендеше жас мұғалімдерге
сәттілік!
Сайысымызыдың әділ – қазыларымен таныс
болсақ:
1.
____________________________________________________________________
2.
_______________________________________________________________
3.
_______________________________________________________________
1 – жүргізуші:
Сайыскерлер келіп жетті
танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан ортамызға келіп
жетті
Әдеппен, ізетпенен танысуға - дей отырып
сайысымыздың таныстыру - кезеңін бастаймыз. (Әр топ өздерін
таныстырады)
1 кезеңі: Таныстыру (жоғары ұпай 10
балл)
1: «Ямахау» тобы 60 – 70 жылдар тобымен таныстыруға ортаға
шақырамыз. (қарсы алыңыздар) (қошеметтеп
отырайық)
2: «Комбинация» тобы 80 – 90 жылдар тобымен таныстыруға ортаға
шақырамыз. (қарсы алыңыздар) (қошеметтеп
отырайық)
3: «The best» тобы 2000 жылдар тобымен таныстыруға ортаға
шақырамыз.
(қарсы алыңыздар) (қошеметтеп
отырайық)
2 – жүргізуші:
2 кезеңі: Өнер ( би, өлең) (жоғары ұпай 10
балл)
1: «Ямахау» тобы «hafanana»
биімен
2: «Комбинация» тобы 80- 90 жылдарға папури биімен ортаға
шақырамыз
3: «The best» тобы «күт мені» әнімен ортаға шақырамыз
1 – жүргізуші:
Командалар келесі кезеңге дайын болғанша
студенттерден құралған биші қыздар тобын «16 қыз» биін тамашалаңыздар!
2 – жүргізуші:
Бүгінгі күн жақсы хабарларға,
Жағымды жаңалықтарға,
Күтпеген қызықтарға,
Қысқа қалжың, ұзақ күлкіге,
Жағымды сөздерге толы болсын, - дей отырып,
құрметті жиналған қауым, бүгінгі кеште сіздердің көңілдеріңізден
шықсақ деп, сіздерге күлкі сыйласақ деп келіп отырған командаларды
бір бірлеп ортаға шақырсақ, келесі бөлім Көрініс:
(жоғары ұпай 10 балл)
1 – жүргізуші:
1: «Ямахау» тобы «Той жыры»
2: «Комбинация» тобы «86 жылғы той»
3: «The best» тобы «толағай ертегісі»
1 – жүргізуші:
Осымен сайысымыз аяқталды. Әділ – қазылар алқасы
әділ шешім шығарғанща әсем әуенге кезек берсек.
Ән: «Өзіңмен бірге»
____________
Әділ – қазыларға сөз кезегін
берсек.
(Жеңістеріңіз құтты
болсын)
2-жүргізуші:
Бүгінгі өткен 17-қараша – Халықаралық студенттер
күніне арналған «Қызықты көңіл – студенттік
өмір» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне
жетті.
1-жүргізуші:
Қоғамның жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар
екені белгілі. Ендеше сол жастар, мына сіздер, Қазақстанның
болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік
ұстап, еліміздің абыройын асқақтата беріңіздер!
2-жүргізуші:
Осы кеште ат салысқан ұстаздар мен студенттерге
үлкен алғыс білдіреміз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, бүгінгі
кешімізге келген қонақтарға көп-көп рахмет!