Материалдар / Қызықты логикалық сұрақтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызықты логикалық сұрақтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Бұл тапсырмалар оқушыларға өте күлкілі,қызықт ы болады. Оқушылардың ойлау қабілетін,есте сақтауын қалыптастыру мақсатында логикалық сұрақтарды шығару.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2022
8896
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қызықты логикалық сұрақтар:


1.Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг? Жауабы:3 кг
2.Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?

Жауабы: Есіміміз
3.Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не? Жауабы: Өмір
4.Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды екен, неге? Жауабы: Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды екен
5.Қай айда 28 күн бар? Жауабы: Барлық айда
6.Мені ешкім түсінбейді, неге? Жауабы: Өйткені ол ешкі ғой
7.Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не? Жауабы: Адам
8.Лимонның жартысы неге ұқсайды? Жауабы: Екінші жартысына
9.Король кімнің алдында тәжін шешеді? Жауабы: Шаштараздың
10.
Суды елекпен қалай тасуға болады?

Жауабы: мұз қылып қатырып
11.
Итпен биттің айырмашылығы неде?

Жауабы. Иттің үстінде бит болады, бірақ биттің үстінде ит болмайды.
12.Құлақ не үшін керек? Жауабы: Көзілдірікті ұстап тұру үшін
13.Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? Жауабы: Жол полициясы
14.Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі? Жауабы: Ұзынағашта
15.Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр? Жауабы: Сіріңке
16.
Электровоздың түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай жүріп жатыр? Жауабы:Электровоздың түтіні болмайды
17.Машинаның қай дөңгелегі айналмайды? Жауабы: Запастағы дөңгелек
18.Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім? Жауабы. Басы ең үлкен адам
19.
Есікті ашу үшін не қажет? Жауабы: Есіктің жабық болуы қажет

20.Теңіздің ортасында не бар? Жауабы: “ң” әріпі
21.Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады? Жауабы: Үсті су болып шығады
22.
Адам нені бұзғанда қуанады? Жауабы. Рекорд
23.Балықтар неліктен сөйлемейді? Жауабы: Су жұтып қоймау үшін
24.Ненің көлеңкесі жоқ? Жауабы: Көлеңкенің
25.Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? Жауабы: мен
26.
Саңырауқұлақтар неліктен зонтқа ұқсайды? Жауабы: Жаңбыр астында өскендіктен
27.Жеген сайын жылататын нәрсе? Жауабы: Таяқ
28.Теңіздің суы неліктен тұзды? Жауабы: Балықтар иістеніп кетпеуі үшін
29.Алма жегенде ішінен құрт көруден де жаман не болуы мүмкін? Жауабы: Құрттың жартысын көру
30.Жасыл адамды көргенде не істеу керек? Жауабы: Жолдан өту керек
31.Қай кезде аспан жерден төмен бола алады? Судағы бейнесінде
32.Аш қарынға қанша жұмыртқа жеуге болады?
Жауабы: себебі екіншісін жегенде асқазанда бірінші жұмыртқа болады
33.Көл бетінде 6 үйрек жүзіп жүрді. Аңшы біреуін мылтықпен атып тастады. Көл бетінде неше үйрек қалды? Жауабы: 0, қалғандары ұшып кетті
34.Үлкен шар басып кетпеуі үшін кішкентай шарды бөлменің қай жеріне сақтау керек?
Жауабы: Бөлменің бұрышында
35.Бір қаладан екінші қалаға барады. Бірақ қозғалмайды. Ол не? Жауабы: Жол
36.Машина оңға бұрылған кезде қай дөңгелегі қозғалмайды?
Жауабы: Запастағы дөңгелегі
37.Бір жылда қанша айдың 28 күні бар? Жауабы:12
38.Айгерімнің әкесінде 3 қыз бар: Гүлсая, Жансая және …..?

39.Айгерім Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай? Жауабы: 150 минут = 2 сағат 30 мин

40.Қай сөз әрдайым дұрыс болып естіледі? Жауабы: Дұрыс

41.Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады? Жауабы: Сіздің есіміңіз

42. Бұқа 5 литр сүт беретін болса, 5 бұқа қанша литр сүт береді? Жауабы: Бұқа сүт бермейді

43. Жабық көзбен нені көруге болады? Жауабы: Түсті

44.Тауық өзін құспын деп айта ала ма? Жауабы. Жоқ, ол сөйлей алмайды

45.Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе? Жауабы: Жоқ, өйткені олардың арасында түн бар.

46.Аш қарынға неше стақан айран ішуге болады? Жауабы: Бір стақан

47.Автобус ауылға жүріп келе жатыр. Ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 автокөлікті көрді. Ауылға неше көлік бара жатыр? Жауабы: 1

48. Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды? Жауабы: Тақырбас адамның
49.Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? Жауабы: әріп
50. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? Жауабы: Жүз
51.Жел соққанда тау ық бола ма? Жауабы: Ық болады
52.Теңізде қандай тас болмайды? Жауабы: Құрғақ
53.Торда 12 құс отыр.
Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? Жауабы: 12 құс. (Тордан ұша алмайды)

54. Адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды? Жауабы: 2 сағат ойнайды

55.Жаралғанда жабысқан. Жауабы: Адамның есімі
56. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары

57.Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін? Жауабы: 53 жексенбі

58.Адам аттан неге құлайды? Жауабы: жерге
59.Қандай бөшкеге су көп кетеді? Жауабы:тесік бөшкеге

Начало формы

Конец формы

Начало формы

Конец формы

60.Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі? Жауабы: Алма ағашында



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!