жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қызықты мамандық иесімін!
«Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Үшарал қалалық балалар шығармашылық орталығы» МКҚК
қосымша білім беру педагогі Сарқытқызы Құралайдың
ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ е с е б і
Мен жалпы мұғалімдік еңбек жолымды 1992 жылы бұрынғы Андреевка ауданы Успеновка орталау мектебінде тұңғыш ашылған 1-ші қазақ сыныбының мұғалімі болып бастадым. Ал, осы балалар шығармашылық орталығында 2013 жылдан бері қосымша білім беру педагогі ретінде жұмыс істеп келемін. Шығармашылық орталықта «көркемсөз» үйірмесін жүргіземін.
Мұғалім ретіндегі әдістемелік тақырыбым: «Әдебиетті оқытуда «Е.Н.Ильиннің оқыту жүйесі: Әдебиетті оқыту – адамды қалыптастыру пәні» технологиясы мен «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» педагогикалық технологияларын пайдалана отырып, оқушы тұлғасын қалыптастыру».
Мұндағы мақсатым: «Әдебиетті оқыту – өнерді оқыту» екендігін негізге ала отырып, барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету; Жеке тұлғаны адамгершілікке және сезімталдыққа тәрбиелеу процесін жүзеге асыру.
Жоғарыдағы мақсатты жүзеге асыру үшін өз алдыма мынандай міндеттемелер қойдым:
1. Педагогикалық технология туралы ақпарат-тармен танысып, меңгеру; Келелі мәселені жүзеге асырудың кезеңдерін белгілеп, арнайы жоспар құру.
2. Оқыту үрдісінде қолдана отырып, практикада сыннан өткізу; Өзге де педагогикалық технологиялармен байланыстыра оқытуды жүзеге асыру.
3. Нәтижені талдау, талқылау, саралау; Жинақталған тәжірибені қорыту.
Білім беру жүйесінің талаптары бойынша қазақ әдебиетін оқыта отырып оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру көзделеді. Көркем шығарманы оқып-талдау арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланады.
Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда көркем шығармаға қызығушылық азайып, оқушылардың оқу белсенділігі төмендеп келеді. Ең алдымен мұғалімдер оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып, әр түрлі оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, адамның рухани құндылығын арттыратын поэзиялық шығармаларды өз бетімен оқуға ізденуге тәрбиелеуі тиіс.
Осындай өзекті мәселелердің шешу жолының бірі ретінде «көркемсөз» авторлық бағдарламасын құрастырып, тәжірибеден өткізіп келемін. Аталған бағдарламада поэзия мен прозаның мазмұнын тереңірек оқытуды және оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіруді көздедім.
Үйірмеге негізінен орта буын оқушылары қатысады. Орта буында шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді балалар көп кездеседі. Бұлардың бойында мынандай ерекшеліктер бар деуге болады:
-
Қиялы ұшқыр, өзін танытуға құштар;
-
Өзіндік ойлау, тұжырым жасау қабілеті басым;
-
Жан дүниесі нәзік, арманшыл;
-
Ақыл-ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды;
-
Әңгіме, өлең, ертегі, арнау жазуға қызығушылықтары жоғары, бейім.
Көркем поэзияны оқыта отырып, заманға сай белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру – түпкі мақсатым.
Үйірменің басты мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыларды қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларын мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
-
Оқушыға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету;
-
Әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасауға дағдыландыру;
-
Оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету;
-
Лирикалық шығарманы жан-жақты талдай білуге дағдыландыру.
Осы мақсат негізінде келесі міндеттер анықталды:
-
Оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
-
Бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен байланыстыра отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай жасау;
-
Зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;
-
Автордың шеберлігіне көз жеткізу;
-
Әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын меңгерту;
-
Оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғындыру.
Аталған курс бойынша білім алған оқушыдан күтілетін нәтиже:
-
Көркем әдебиеттерді оқуға ынтасы артады;
-
Мәнерлеп оқу дағдысы жетіледі;
-
Берілген мәтіннен тілдік-көркемдік ерекшеліктерді байқау қабілеті шыңдалады;
-
Кез келген әдеби шығармаға жан-жақты талдау жасай алады;
-
Актерлік шеберлікті меңгереді.
Мұғалім – мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.
Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша оқыту, тәрбиелеу қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін еместігін мойындаймын.
Мұғалімдердің ортақ мақсаты – жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бәрі мұғалімнің де бойында болуы керек. Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруына, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек.
Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын өзіміз оқытып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде заманауи оқыту технологиясының элементтерін жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі қолданып отыруға тырысамын.
ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген екен. Сол кісінің айтқанындай «жаңадан жаңаны» тауып жатпасам да, өзіме таныс жаңа технологияларды сабақтарыма кіріктіре отырып, жас буынға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісіне бар ынтамды салып келе жатырмын. Біз қашан да «Білім мен тәрбие - егіз» дейміз. Оның дәлелі ретінде соңғы бес жылдағы өткізген ашық сабақтарым мен сабақтан тыс іс-шараларымды алға тартар едім. Олар: «көркемсөз» үйірмесі бойынша тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсізбін! Егеменмін! Дербеспін!» ашық сабағы (2016 ж), «Жыраулар жырлайды» (Қазақ хандығының 550 жылдығы) тақырыбында өткізген ашық сабақ (2016 ж), «Жыр – менің жалғыз тарланым!» ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған поэзия сағаты (2017 ж), «Мұқағали өлеңдеріндегі тау тақырыбы мен «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы» ашық сабағы (2018 ж), «Үш бәйтерек» (Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің туғанына 125 жыл) әдеби кеш (2019 ж), «Ақын, туған күніңмен!» (М.Мақатаев) поэзия сабағы (2019 ж), «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» әдеби-сазды кеш (2020 ж), Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңіс жырын толғасын бүгін қызыл тіл!» көркемсөз байқауы (2020 ж), ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілген ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына өзіндік үн қосу мақсатындағы «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы!» тақырыбындағы жыр эстафетасы, сондай-ақ, қалалық мектеп оқушылары арасында жүйелі өткізіліп келетін «Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем?!» (Мұқағали оқулары - 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020 жж) мен «Жыр - менің жалғыз тарланым!» (Фариза оқулары – 2018, 2019, 2020 жж) көркемсөз байқаулары мен әр түрлі тақырыптық іс-шаралар.
Бала бейімділігі мен икемділігі бала күнінен қалыптаса бастайды. Оқу және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып, нығаяды. Мектеп табалдырығын аттаған оқушы оқу мен шығармашылық атты егіз ұғымды қатар алып жүреді. Өмірді танып білу, әдетте, оқып-үйренуден бастау алса, әрі қарай әр адам сол білімін шығармашылықпен пайдалануға, қоғамға пайда келтіруге ұмтылады. «Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында»,- деп Л.Толстой айтқандай, сол ашылмай бұйығып жатқан мол мүмкіндікті дер кезінде ашып, дұрыс жолға бағыттай білу - мұғалімнің негізгі міндеті.
Қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойылып кетуі мүмкін. Бұл жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Сондықтан, алда тұрған негізгі міндеттердің бірі балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін дер кезінде анықтап дамыту, соның негізінде болашағына бағыт беру. Әсіресе , шығармашылыққа икемдеп, білім кеңістігін дамыту.
Шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін, белгілі бір нәтиже мен өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің көрінісі. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу» дегенге саяды. Бұл - тиянақты еңбекті қажет ететін әрекет.
Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегінен жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру – оның рухани әлемін байыту, жеке дарындылығын дамыту. Осы мақсатқа жету жолында да аз жұмыстар жасалған жоқ. Арнайы «Дарын» бағдарламасын құрып, сол бағдарлама негізінде жұмыс жүргізіп отырмын. 5 жылдық нәтижесі төмендегі кестеде тұр:
|
Оқу жылдары
|
Байқау деңгейлері |
Жүлделі орындар |
|||||||||
|
Барлығы |
Халықаралық |
Республикалық |
Облыстық |
Аудандық |
Бас жүлде |
І орын |
ІІ орын |
ІІІ орын |
Арнайы жүлде Дипломант |
Сертификат |
|
|
2014-2015 |
5 |
0 |
5 |
0 |
0 |
1 |
0 |
1 |
1 |
0 |
2 |
|
2015-2016 |
3 |
0 |
3 |
0 |
0 |
1 |
0 |
1 |
1 |
0 |
0 |
|
2016-2017 |
13 |
4 |
9 |
0 |
0 |
3 |
6 |
4 |
0 |
0 |
0 |
|
2017-2018 |
21 |
2 |
19 |
0 |
0 |
7 |
3 |
5 |
6 |
0 |
0 |
|
2018-2019 |
47 |
0 |
44 |
0 |
3 |
6 |
18 |
13 |
4 |
1 |
5 |
|
2019-2020 |
65 |
9 |
56 |
0 |
0 |
8 |
35 |
11 |
2 |
7 |
2 |
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ұлы ойшыл Әбунасыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі», - деген екен. Ұлы ойшыл айтқандай, адамды жеке тұлға ретінде танытатын оның бойындағы барлық қасиеті ғана емес, сонымен қатар, оның өзін-өзі танытуға ден қойған мақсатына ұмтылысы болып табылады.
Осы орайда үйірме оқушыларымен бірге әртүрлі сыныптан тыс және мектепішілік іс-шараларға тұрақты түрде қатысып отырамыз.
Қорыта айтқанда, «өз уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын» қиын да қызықты мамандық иесі екендігімді мақтан тұтамын!
PAGE \* MERGEFORMAT 5
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген