Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қызықты математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызықты математика Математика пәнінен 1-сынып оқушыларына арналған ТАҢДАУЛЫ КУРС АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы





«№1 Бақанас орта мектебі мектепкедейінгі шағын орталығымен» МКМ

Бастауыш сынып мұғалімі Есимбекова Лаззат Токтауовна











Қызықты математика

Математика пәнінен 1-сынып оқушыларына арналған

ТАҢДАУЛЫ КУРС АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ





















Бақанас, 2017 жыл.





Түсінік хат


«Математика» пәнін оқыту мақсаты - қоршаған ортадағы заттардың сандық арақатынасы мен кеңістіктегі формаларын сипаттау арқылы оқушылардың математикалық таным негіздерін дамыту және тиісті дағдыларын қалыптастыру. Басты міндет - оқушыларды оқыту барысында қалай оқып үйренуді білуге, дербестікке, ізденімпаздыққа, сенімділікке, жауапкершілікке және талдау жүргізуге қабілетті болуға үйрету.

Осы тұрғыда мұғалім балалардың іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастырса, қолданған әдістеме орынды, тиімді болса, балалар білімді ғана меңгермейді, оны қолдануға қатысты тәжірибе де жинақтайды. Пәнді оқыту әдістемесін осындай деңгейде көтерудің тиімді жолдарының бірі - дидактикалық ойындар.

Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда дидактикалық ойындар маңызды орын алады, ең алдымен олар балаларды жеке ойлауын дамуына, есептеу тәсілдерін меңгеруіне, санау, тез есептеу дағдыларын қалыптастыруға, т.б. ықпал жасайды. Ойын жағдайында балалар ойнай отырып аса күш-жігер жібермей, белгілі бір білім, білік дағдыларға ие болады. оның ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиеленеді.

Оқушылар ойын арқылы бір бірімен тіл табысып, тез ұғынысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты, білімділікті үйренеді. Демек, ойынның өзі балаға білімнің, тәрбиенің қайнар көзі сияқты ықпал етіп, танымын жетілдіреді.

Бастауыш сыныптың 1-сыныптарына арналған «Қызықты математика» таңдаулы курс бағдарламасы аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа жоспарланған.

Өзектілігі: Бұл бағдарлама пәндік білім мен білікті дамытумен бірге кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны мен ерекшеленеді. Олар: білімін функционалдық және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты: негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, оқушылардың математикадан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық іс-әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу; пәнге деген қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Міндеттер:

- оқушылардың ауызша және жазбаша қарым-қатынаста математикалық тілді сауатты қолдану дағдыларын дамыту;

- оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілерін (мәтінді түсіндіру, ондағы тірек сөздерді белгілеу, ойларын айту, талқылауларға қатысу) қолдану;

- оқушылардыда жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілерін қолдану (тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру; математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру; тапсырманы орындау барысына ауызша және жазбаша талдау жасау);

Күтілетін нәтиже: Оқушылар кеңістік денелерді, геометриялық игураларды ажыратып, логикалық ойды дамытуға арналған білімдерді меңгереді. Математикалық тілде сөйлеуге машықтанып, ой-өрісін, қабілетін дамиды.

Курс барысында қолданылатын оқуту стратегиялар:

- оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру;

- математикалық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

- оқушылардың жеке және топтық жұмыс барысында коммуникативтік дағдыларын дамыту, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру:

- математиканың практикада қолданылуын пайдалана отырып оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру;

- оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).

Әдістер: Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, математикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге



Бағдарлама мазмұны.



қ/с

Тақырыбы

Ойынның тәрбиелік мәні 

Ойын ережесі:


1.

Кіріспе

Бағдарламаның мақсат, міндеттері және мазмұны мен таныстыру ата-аналарды хабардар ету


2-3

Бейнені құрастыр

2 сағ

Қиылған әр түрлі геометриялық фигуралардан белгілі бір бейнені құрап жасауға үйрету. Түстердің үйлесімділігін сезінуге, сурет салу, жапсыру кезінде заттардың құрылысын көзге елестете білуге, ойлау мен қиялды дамытуға әсер ету.

а) Қиылған пішіндерді қарау, талдау, қандай бейне жасауға болатынын балаларға ойландырту;

б) егер оның бір немесе бірнеше бөлшегін өзгертсе, басқа қандай бейне шығаруға болады?


4

«Қызықты шаршы»

Бір фигурадан бірнеше фигура құрастыру дағдыларын қалыптастыру

Бір фигурадан бірнеше фигура құрастыру

5-6

«Вагон құрастыру» ойыны. 2 сағ.

Ауызша қосу есеп шығаруға қатысты оқушылардың білігін қалыптастыру.

Жұптық жұмыс. Қосындысы белгілі бір санға тең болатын барлық есептерді жазу.

7-8

«Ордан өту». 2 сағ.


Берілген мысалдар дұрыс және тез шығартуға машықтандыру. Ақ қағаздан жасалған карточкаларға мыслдар жазылып, жазуды көрінбейтіндеп етіліп, еденге төңкеріліп қойылады. Оның әрқайсысы бір-бір «Ор» деп саналады.

Ойынды жарыс түрінде өткізіледі. Балалар екі қатарға тұрғызылып, әр қатардан бірінші тұрған бала шақырылады. Олар бірінші «Ордағы» мысалды алып, сыныпқа дауыстап оқып беріп, жауабын айтқан соң, ол оқушы ордан секіріп өтті деп есептеледі. Ойынды келесі оқушы әрі қарай жалғастырады. Қай қатар оқушылары мысалдарды тез шығарып, «ордан» өтіп кетсе, сол қатар жеңген болып есептеледі. Ойын көбейту, бөлу таблицасын меңгертуге де пайдаланылады.

9-10

«Ақсүйек» 

2 сағ.

Белгісіз санды және өрнектің мәнін табуға машықтандыру.  (Белгісіз санды, таңбаны табу арқылы өзара қатынасын түсіну)

Кестедегі белгісіз сандардың орнында «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол ақсүйекті табады. Кім «ақсүйекті» көп жинаса, сол үтады. «Ақсүйек» жинаған бала мадақталады. Ойынды осылайша жалғастыра беруге болады . 

11-12

«Шырша безендіру»

1 сағ. 

Ауызша қосу, азайту амалдарына есеп шығаруға қатысты оқушылардың білігін қалыптастыру. 

Қосуға, азайтуға арналған өрнектер жазылған ойыншық үлгілері таратылады. Оқушылар алдымен үлестеріне тиген ойыншықтағы тапсырманы орындап ойыншықты шыршаға іледі. Ойын осылай жалғаса береді. Ойыншықтар ілініп біткенде , дұрыс орындаған оқушылар мадақталады.

13-14

«Жылдам есепте». 

2 сағ.

Қосу, азайту білімдерін дағдыландыру. 

Оқушы допты қағып алып, мұғалімнің айтқан есебін шешіп, допты мұғалімге қайтару арқылы жауап айтады. Ойын осылай кезегімен жалғаса береді. Барлық балалар қатысып болмайынша ойын жалғаса береді.

15

«Дыбыс санау».  (1-түрі) 1-сағ.

Оқушылардың ондық, жүздік, мыңдық сандар құрамы жөніндегі білімдерін пысықтау. 
 

Тақтаға үш оқушыны шақырады. Ортадағы оқушы бірлікті, оң жақтағы - ондықты, ал сол жақтағы - жүздікті білдіріп тұрады. Мұғалім екі не үш таңбалы санды атайды: оқушылар санына қарай қол шапалақтайды. Қалған орындарында отырған оқушылар бақылаушының қызметін атқарады, қатесін түзетіп отырады. 


16

«Дыбыс санау».  (2-түрі) 1-сағ.

Оқушылардың ондық, жүздік, мыңдық сандар құрамы жөніндегі білімдерін пысықтау. 

Тақтаға екі-үш разрядпен берілген таблица ілінеді. 
Мұғалім таяқшамен әуелі жүздік, одан соң ондық, содан кейін бірлік разрядтары қанша болса сонша рет тақылдатып, санына сәйкес санды атап, цифрларды көрсетеді.. 

17-18

«Есеп құрастыр». (1-түрі)

2-сағ.

Топтық жұмыс. Өрнектерді пайдаланып есеп мәтінін құрастыру. Оқушылардың шығармашылығын, функционалдық дағдыларын қалыптастыруға арналған.

4 баладан құралған топтарға өрнектер таратылады. Өрнекке қарап есеп мәтінін құру керек. Құрастырылған мәтін бойынша қалған топтар есепті шығару керек. Есеп авторлары оларды бағалайды.

19-20

«Есеп құрастыр». (2-түрі)

2-сағ.

Топтық жұмыс. Өрнектерді пайдаланып кері есеп мәтінін құрастыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылығын, функционалдық дағдыларын қалыптастыруға арналған.

4 баладан құралған топтарға өрнектер таратылады. Өрнекке қарап оған кері есеп мәтінін құру керек. Құрастырылған мәтін бойынша қалған топтар есепті шығарады. Есеп авторлары оларды бағалайды.

21-22

«Кім жылдам?»

(2 сағ.)

Топтық жұмыс. Теңдеуге байланысты есептерді жылдам шығарып үйренуге арналған.

Ойын сайыс түрінде жүргізіледі. Әр топқа 4 теңдеу беріледі. Топ құрамында бірігіп шығары, тақтада төрт оқушының барлығы кезектесіп тақтада жазу керек.

23

«Біз есеп құрастырушымыз»

1-сағ.

Сурет бойынша есептерді құрастыруға бейімдеу.

Топтағы әр жұп берілген сурет бойынша мәтіндік есепті құрастырады да топтағы екінші жұпқа шығаруға берңледі.

24-25

«Мысалды тап» эстафета ойыны

Эстафеталық есептерді шығару барысында шапшандылыққа, ұймшылдыққа, бірлесіп жұмыс атқаруға үйрету.

Тақтада үш қатарға арналған есептер топтамасы жазылады. Әр қатардан оқушылар кезектесіп шығып, есептерлі шығарады. Шарт бойынша қатардағы барлық оқушылар қатысуға міндетті.

26-27

«Ойнай, ойлай біл»

2-сағ.

Бос торкөзді толтыру.

Командалық ойын.

Әр командаға бос торкөзі бар таблица таратылады. Оны толтыру барысында тақтадағы өз варианнтарына арналған тор көзге шешімін түсіріп отыру керек.

28-29

Геометриялық фигуралар және шамалар

2-сағ.

Ұзындық, масса/, уақыт шамаларын  ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен  құралдарды таңдау,

Ұзындық, масса/, уақыт шамаларын өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдайды, өлшемдерді тиісті шамалармен жазып отырады.

30-31

Уақыт өлшемдері

2-сағ.

уақытты анықтау: уақыттың өлщем бірліктерін ажырату: минут, сағат, күн, апта, ай

циферблат бойынша уақытты анықтау:

32-33

«Дүкен»

2-сағ.

1 , 2 , 5, 10, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау

Дүкенші, сатыпалушыларға бөлініп, 2 , 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасап ойнайды.

34

«Ойнай, ойлай біл»

1-сағ.

Ұзындық, уақыт, ақша шамаларының қатынасын анықтауға арналған бос торкөзді толтыру.

Командалық ойын.

Әр командаға бос торкөзі бар таблица таратылады. Оны толтыру барысында тақтадағы өз варианнтарына арналған тор көзге шешімін түсіріп отыру керек.





Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер тізімі

1. Балалар журналы. «Балдырған», «Айгөлек»

2. «Бастауыш мектеп» журналдары.

3. Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар.

Ш.Х. Құрманалина, Өміртаева Р.Қ Алматы «Атамұра» 1997ж.

5. Ақбаева «Дидактикалық ойындар». Бастауыш мектеп 3-2000ж. 40бет.

6. Амоношвили Ш.А. «Дидактикалық ойындар» .

7. Балқуатова «Ойын мен оқытуды сабақтастыра жүргізу». Бастауыш мектеп 5-2005ж. 7-8бет 13.

8. Бекжурсінова F. «Ойын - тиімді тәсіл». Бастауыш мектеп 2- 2000ж. 25бет.

9. Иманбекова Т. «Балалықтың қанына ойын азық» . Бастауыш мектеп 2-1999ж. 14бет.

10. Кішібаева Д. «Ұлттық ойындарды пайдалану». Бастауыш

мектеп 2-2004ж.22бет.

11. Сағымбекова «Ойыннан оқуға». Бастауыш мектеп 3-2002ж. ЗЗбет.

12. Төлтаева «Ұлттық ойындарды пайдалану» Бастауыш мектеп 9-2002ж.24бет.

13. Төлекова «Білім берудің басты құралы - ойын» Бастауыш мектеп 4-2000ж.60бет.

14. «Қызықты 120 есеп», А.Оразов, 2001 ж





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.02.2019
1167
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12