жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қызықты математика" интеллектуалдық ойын
Алматы қаласы
«№164 жалпы білім беретін мектеп»
Тақырыбы:
«Қызықты математика»
Орындаған: Әбсадықова А.Ж
2019-2020 оқу жылы
Сайыстың тақырыбы: «Қызықты математика»
Сыныбы:
5-сынып
Мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, ойлауға ынтасын арттыру;
Оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
нақыл сөздер, логикалық
есептер,презентация
Түрі: топтық
сайыс
Типі: ойын
түрінде
Барысы:
Жүргізуші-төреші:
Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
«Қызықты
математика» ойынына қош келдіңіздер!
Бүгінгі
ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика
сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге
қатысуға,
Шақырамыз
сіздерді
Ортадағы «_________» және
«________», «_________» командаларына қошемет
көрсетейік.
Оқушылар математика жайлы тақпақ, нақыл сөздер айтады.
жүргізуші:
Көбейту, бөлу, азайту, қосу-амалдар
Бұларды білсең шығарар есеп шамаң бар
Теңдеуді шешіп, өрнектің мәнін табады
Есепке жүйрік математик балалар
Ақыл-ойды бір жүйеге келтірер
«Математика » ғылымын артық санаңдар!
Жүргізуші :
-Математика қарасаң қандай қиын
Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін
Ал, өмірде тек соның көмегімен
Орындалар заңдылық , байлам дүйім
Көңілді
тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін
алдарына салады.
Кім білімді көп
оқыған болса егер,
Бүгінгі күн
жеңімпазы болады.
І-тур
Логикалық - сұрақ тапсырмалар
(4 мин)
1)Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?
Ж:Бір жанұяда алты бала бар
2)Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?
Ж:төрт сағат
3)Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?
Ж:бірдей
4)Айдынның Асқардан
бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім
ұзын?
Шешімі: Жанат - ұзын
5)
Менің атым Медет Менің тәтемнің бір
ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің
аты кім?
Жауабы: Медет
6). Термометр
аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр.
Осындай екі термометр неше градус
көрсетеді?
Жауабы: үш
7) Бөлмедегі
әр бұрышта бір мысықтан және оған
қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде
неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
8) Үстел
үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір
стакан шиені жеп қойды. Неше стакан
қалды? Жауабы: үш стакан
9) Жүгіру
жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды
алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал
Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай
орын алды?
Жауабы: 1-Марат, 2-Асет,
3-Талғат
10) Көшеде екі әкесі, екі
баласы, және атасы немересімен қыдырып
жүр. Көшеде неше адам жүр?
Жауабы:
үшеу
ІІ-
тур. «Полиглот» Жұмбақтар шешу
1.Аяғы
біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр
жолы көп (қалам,ручка,pen)
2.Алды-артымыз
шексіз де
Жете алмайсың біздерге
Сәуле менен кесінді,
Шыққан тегім білсе де. (түзу)
3.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында,
Ұзындығы
жазулы тұр бойында (сызғыш,линейка)
4.Күнде
есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды
Алмайды бір тағат
Оның аты ....... (сағат)
5.Нәрселерді
санауға
Керек сан өзі негізгі
Басы
бар да, шеті жоқ
Таң қалдырады ол
бізді. (натурал сан
6.Сан
ол сызықпенен
бөлінген
Үсті алым,асты бөлім деп
аталып,
Әсем түрде керілген
Математиканы
ұқпас адамға
Құбыжық боп
көрінген
Дұрыс,бұрыс ,аралас деп
Түрлері
оның берілген /Бөлшек сан/
7.Шәкіртке
жанашыр,
Мейірман кім, жаны
асыл. (ұстаз)
8.Жіп-жіңішке
денесі,
Ортасында шегесі. (қарындаш)
9.Жазу
жазып жалықпаған,
Жаза-жаза
арықтаған. (бор)
10.Білімнен
мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп)
III-тур. «Кім жылдам!» (3мин) Берілген цифрлар арқылы сан құрастыру керек, 1-минутта сандар құрастырады және топ басшысы сандарды оқиды қалғаны құрайды жүргізуші оқып тұрады топтар сан құрайды: 5 4 3 0 1 2
1-топ 102345, 543012,210345, 534012,510234 ,543021,345012,354120,120354,120534
2-топ 7 1 3 5 0 6
3-топ 9 8 4 0 5 3
ІҮ тур
сіңіріңкемен
жасалатын практикалық жұмыс
Қорытынды. Жеңімпаз
топ марапатталады.
Жүргізуші-төреші:
Ойынға
қатысқан оқушыларға алдағы уақытта
шығармашылық табыстар тілейміз. Ойынды
тамашалаған көрермендерімізге, ойынға
қатысушыларға көп рахмет!
Бір топ оқушылар:
Ұстаздардың мақсаты біздерді:
Б- білімді
О- озық ойлауға
Л- лайықты
А- асқақ арманшыл
Ш- шығармашыл
А- ақылды
Қ- құзырлы
Т- тұлғаға
А- айналдыру
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Р/с |
Ойын шарттары |
|
|
|
1 |
ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);
|
|
|
|
2 |
«Логикалық сұрақтар»;2-балл
|
|
|
|
3 |
«Полиглот!» (3-тілде дұрыс тапса 3 балл);
|
|
|
|
4 |
«Топбасшылар» сайысы 7-балл
|
|
|
|
5 |
«Көп ойлан, сөз ойла!» әр жауапқа 1 балл
|
|
|
|
6 |
«Кім жылдам!»
|
|
|
|
7 |
Сіріңкемен жұмыс 5-балл
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген