Қызықты пішіндер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қызықты пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Геометриялық фигураларды және денелерді танып, атай білуге геометриялық пішіндерді көру және сипап сезуді ойын арқылы жетілдіру. Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға, көмекші сөздерді дұрыс қолдануға қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аныкбаева Жанагуль Нусупбаевна

«Сандуғаш» бөбекжай-балабақшасы

Алматы облысы

Қарасай ауданы

Қаскелен қаласы

Тақырыбы:«Қызықты пішіндер»

Мақсаты: Геометриялық фигураларды және денелерді танып, атай білуге геометриялық пішіндерді көру және сипап сезуді ойын арқылы жетілдіру. Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға, көмекші сөздерді дұрыс қолдануға қалыптастыру.

Кіріктірілген: математика негіздері, сөйлеуді дамыту.

Көрнекілігі:

Әдіс-тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, қызықтыру, ойын жаттығуы.

Жұмбақ жасыру:

1. Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек,

Менің атым-дөңгелек. (дөңгелек)

2. Барлық шатыр ұқсайда тек өзіме,

Бірден білер құлақ асқан сөзіме. (ұшбұрыш) 

3.Теледидар таныс екен баршаға,

Ал,пішіні ұқсайды ғой (шаршыға)



Ғажайып сәт: пішіндер келеді.

Төртбұрыш

Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) 

Үшбұрыш:
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.
- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық.

Дөңгелек:

- Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

-  Дөңгелектің бұрышы бар ма?

1.Ойын: «Қандай пішін шықты?»
Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.
Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары
Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады.
Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да екі таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?

2.Ойын: «Пішінді сыз»

Мақсаты: Қол маторикасын дамыта отырып ой өрісін дамыту.

Көрнекілік: қағаз, скотч,жіп,қалам, қайшы.

Барысы:әр балаға сотч жапсырылған қағаз ішіне жіп қалам және қайшы. Белгіленген нүктелерді жалғау арқылы пішіндер сызу.

3.Ойын: «Пішінің жартысын тап»

Мақсаты:Ойлау және зейінін шоғырландыра отырып пішінің жартысын тауып құрастыру.

Көрнекілік: құрастырғыш пішіндер жартысы жапсырылған.

Барысы:құрастырғыштағы пішінге қарап екінші жартысын табу.

4.Ойын: «Пішін құрастыр»

Мақсаты: балалардың ұсақ қол маторикасын дамытау ой өрісін жетілдіру.

Көрнекілік:фетірден қыйлған таспаларға түйме тағылған.

Барысы: Фетірден қыйылған таспалардағы түймелерді, түймелеу арқылы пішіндер жасау.

5.Ойын Біркелкі пішіндерді топтастыр.
Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын және дем алып дем шығару арқылы пішіндерді жинау.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. (20 дана)
Барысы: Әр балаға пішіндер таратылып беріледі. Біркелкі пішіндерді трубчкамен жинау және санап атау.

6. Ойын: «Пішін жаса»

Ойын мақсаты:

7.Ойын: «Сыйқырлы сандық»

Сандықша ішінен геометриялық пішіндерді ұстап сипап сезу арқылы айту.


Сұрақ жауап: Осы бөлме ішіндегі затарды қандай пішінге құсайтынын атайықшы.

8.Ойын: «Сиқырлы суреттер»
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.
Ойынның кұрал - жабдықтары: әр түрлі пішіндер мен денелер бейнеленген сурет қағаз және стакан боялған сүт, үлкен ыдыс.
Ойынның мазмұны: Балалар ыдыстың астына пішіндер жасырынған оны стканынды жылжыта отырып пішідерден құралған сурет бейнеленген. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.

Тақпақ пішіндерден жасай отырып айту.

Құстарға ұя жасайық

Үстіне қойып үш бұрыш

Әдемі үйшік болады

Астына қойып төртбұрыш

Құс келсін десек ұяға

Дөңгелек қой ортаға



Тәмам болды осымен,

Ашық сабақ біздегі

Қошемет, сын сіздерден,

Рахмет айту біздерден.

Сау саламат болайық.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2025
137
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі