Материалдар / "Қызықты қазақ тілі" интеллектуалды ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қызықты қазақ тілі" интеллектуалды ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен қызықты интеллектуалды ойын. Пәннен алған білімдерін тексеру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қырқүйек 2024
153
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі қызықты

(сайыс сабақ)


Сайыстың мақсаты:
Тыңда
ушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Ж ан- жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшандыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың ұраны:
Білімді жетер мұратқа...


Сайыстың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, армысыздар қадірменді тыңдаушылар!

Бүгінгі «Қазақ тілі қызықты» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Тіл сайысын өткізудегі басты мақсатымыз - мемлекеттік тілді жатық меңгеру, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылық арттыру.
«Біз бәріміз бір атаның, еліміздің ұрпағымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан» - деген болатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болатын болса тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарынан күтер үміті зор. Ол жас ұрпақ мына біз бен сіздерсіздер! Сіздер елбасымыздың, ұстаздарыныздың үмітін ақтайды деген сенім білдіре отырып сайысымызды бастайық. Бұл сайыста сіздер бойларыңызға, ойларыңызға қандай білім, ілім түйгендеріңізді байқатады.

Сонымен Бүгінгі сайысымыз 7 кезеңнен тұрады, олар:
1. Таныстыру, сәлемдесу.
2. «Жедел жауап»
3. «Қызықты ұйқастар»
4. Құпия сандық (Жұмбақтар шешу)

5. Мықты болсаң тауып көр!

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- демекші, қазылар алқасын таныстырып өтейін.
1. Орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі: Шойбасова Фатима Абдрасиловна


2. Тарих пәнінің мұғалімі: Махамбетова Гульзат Болатқызы


Мұғалім сөзі:

Ал, қанекей, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей келе ойынға өз білімдерін сынауға келген қатысушыларға сәт сапар тілеймін.
"Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп сайсымыздың алғашқы қадам «Таныстыру, сәлемдесу» кезеңінен бастаймыз.
I кезең. Таныстыру, сәлемдесу

Бұл кезеңде әрбір тыңдаушы өзінің өмірі мен отбасы жайлы ақпарат беріледі. Бұл кезеңде тыңдаушының сөздердің дұрыс айтылуы мен сөйлемдердің дұрыс құрылуына байланысты бағаланады. Өз-өзін таныстыруына байланысты 10 ұпай көлемінде бағаланады.

Мұғалім сөзі:

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,- дей келе келесі кезекті сайысымыздың екінші кезеңіне берелік.
ІІ кезең. Жедел жауап
Бұл кезеңде әр тыңдаушыға 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егер ойыншы сұраққа жауап бере алмаса немесе жауабы дұрыс болмаса, онда екінші болып көтерген ойыншы жауап бере алады.
І тыңдаушы:
1. Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)
2. Атасының баласының баласы кім болады? (немере)

3. «Церковь» сөзін қазақ тіліне аударыңыз (шіркеу)
4. Көктем айларын атап шығыңыз (ақпан, наурыз, сәуір)
5. «Баласы» сөзін тәуелдеңіз? (Тәуелдің жалғаудың ІІІ жағы)

ІІ тыңдаушы:
1. Мен заңгер....тиісті жалғау жалғаңыз.

2. «Баламен» қандай септікте тұр? (көмектес септік)
3. Күз айларын атаңыз (қыркүйек, қазан, қараша)
4.
Қазақстан Тәуелсіздік күні ( 16- желтоқсан)

5. «Сұлу» сөзінің синонимін атаңыз. (әдемі, көрікті)

Мұғалім сөзі:
Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың үшінші кезеңіне өтейік.

ІІІ кезең. «Қызықты ұйқастар»
Бұл кезеңде
жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады. Берілген әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1. Жизнь-өмір, уголь-(көмір)
2. Число-сан, кровь-(қан)
3. Молоко-сүт, жди-(күт)
4. Человек-адам, шаг-(қадам)
5. Зуб-тіс, дело-(іс)
6. Возьми-ал, мед-(бал)
7
. Рыба-балық, народ-(халық)
8
. Город-қала, ребенок-(бала))

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар- дей келесі 4 кезеңге де жетіп қалдық.

ІҮ кезең «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырырылады, жұмбақтың шешімін тауып (қазақша, орысша) оны орыс тіліне аудару қажет. Әр ойыншы кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешімін айтады. Әрбір жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Осы кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз 2 ойыншы ойыннан шығарылады.

Жұмбақтар
1. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

2. Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
Ол кім?  (ата - дед)


3. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)


4. Дегенімді жасайтын
Қалған тамағымды асайтын
Ертіп алып жетектеп
«Немерем» – деп атайтын? (әже - бабушка)

5
. Үш көзді батыр

Жолды аңдып жатыр. (бағдаршам – светофор)

6. Ұзын құлағы бар,
Елеңдеп қорқып тұрады (Қоян - заяц)

7. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце )


Мұғалім сөзі:

Өлең сөздің пашасы сөз сарасы

Қиынна қиыстырар ер данасы – деп Абай атамыз жырлап кеткендей, өлеңнің мәнін түсініп, жан елегінен өткізіп жеткізу де бір өнер емес пе? Сондықтан келесі кезекті ІҮ кезеңге берелік!

Ү кезең. Мықты болсаң тауып көр!

Бұл кезеңде тақтада рестар көрсетілген суреттер көрсетіледі шешімін тауып, қазақ не орыс тіліне аудару. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.

Қорытынды кезең.
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі қазылар алқасында.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берелік.
Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен байқауымыз аяқталды!
Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде оқуда жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.Назарларыңызға көп рахмет!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!