Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Р дыбысын машықтандыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопедтерге көмегі көп
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: «Р дыбысын машықтандыру»

Сабақтың мақсаты:

Артикуляциялық жаттығулардың дұрыс орындалуын күшейту.

[p] дыбысын механикалық тәсілмен дұрыс айтуға үйрету

зейін, есте сақтау, графомоторлық дағдыларды дамыту.

Тапсырмалар:

[p] дыбысын бірқатар дыбыстардан, буындардан, сөздерден ажыратуды, үйренуді жалғастырыңыз.

зат есімнің кейстерін дұрыс қолдана білуге ​​жаттығу;

Көрнекі құралдар: ойыншық робот, оқу құралдары бейнеленген заттық суреттер; қарындаштар, қораптағы дәптер, алфавит жинағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, жекелей

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру сәті.

2. Тыныс алу гимнастикасы;

3. Артикуляциялық гимнастика;

4. Дыбысты шығару;

5. «Қол шапалақта» фонематикалық қабылдауды дамыту ойыны;

6. «Қайтала» ойыны;

7. «Не артық» ойындары;

8. Диктант «Құмырсқа мен илеу»

9. Сабақтың қысқаша мазмұны.

I.Ұйымдастыру сәті.

Мұғалім:Балалармен сәлемдеседі. Оларды сабақ барысында ойналатын ойындармен таныстырады және сынып бөлмесіндегі заттардан, жиһаздардан «Р» әріпі бар сөздерді табады. Сабақ басталар алдында балалармен қосылып ән айтып сабақты жақсы көңіл күймен бастайды

II.Тыныс алу гимнастикасы.

Өкпені ауаға толтырып, асықпай сыртқы дем шығарамыз, иықты қозғалтпай, ерінді түтікше тәрізді жасап, ауаны үрлейміз.

III. Артикуляциялық гимнастика.

а) «Тәтті тосап» - ауыз ашық күйде жіңішке тілмен жоғарғы ерін бойымен оңға, сосын солға қарайжасаймыз. Иек қимылсыз, аузы ашық күйде. (10 рет)

б) «Әткеншек» - ауыз ашық, тіл төменгі ерінде жатыр, содан кейін біз оны жоғарғы ерінге көтереміз, содан кейін қайтадан төмен түсіреміз. (10 рет)

в) «Күрекше» - аузы ашық, босаңсыған тіл төменгі ерінде жатыр. Тілімізді қозғалтпай осы күйде ұстаймыз. (5-10 сек)

г) «Футбол» - иек қимылсыз, ауыз ашық күйде тілімізде екі ұртымызға кезек-кезек апарамыз. (10 рет)

д) «Балапан» - тілімізді қозғалтпай аузымызды ашып жабамыз. (10 рет)

IV. Дыбыс шығару.

[Р] – әріпін айту үшін алдымен ерінді бос ұстаймыз. Жоғарғы және төменгі ерін арасын 4-5мм қашықтықта ұстаймыз. Тілдің ұшын жоғарғы қызыл иекке дейін көтереміз. Тіл доғаларының ортанғы бөлігін қызыл иекке тигіземіз. Осы қалыпта [р] әріпін айтамыз.

V. «Қол шапалақта» фонематикалық қабылдауды дамыту ойыны

«Қол шапалақта» - ойынының шарты балаларға көптеген әріптер айтылады. Бала сол әріптердің ішінен «Р» әріпін естігенде қол шапалақтаймыз.

К, С, Р, Ф, А, Т, Р, Д, Ж, Х, Р, Р, Ж, Е

Ал енді буындарлың арасынан «Р» әріпі бар буынды табамыз

РА, ЛО, МА, КО, РУ, ТА, СА, РО, ДА

Енді «Р» әріпі бар сөздерді іздейміз.

Шар, Бал, Ақ, Тар, Лақ, Сары, Бар, Бер, Зат

VI. Қайтала ойыны.

Ра-ра-ра-ра – Сары

Ры-ры-ры-ры – Торы

Ру-ру-ру-ру – Тору

Ыр-ыр-ыр-ыр – Трактор

VII. «Не артық» ойыны

Шарты: балаларға сөздер беріледі, олар «Р» әріпі жоқ сөздердітабады.

Робот, Кітап, Парта, Қала, Қарашдаш, Зымыран, Аю, Дала, Сары

VIII. Диктант



Құмырсқа мен илеу.

Құмырсқа ши тауып алды. Ол шиді илеуіне қарай сүйреді. Бірақ ши ауыр болып шықты. Құмырсқа оны сүйрей алмады. Ол жолдастарын көмекке шақырды. Бәрі бірге шиді илеуге жеткізді.

IX. Сабақты қортындылау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2021
674
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12