Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рационал сандарды көбейту

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға рационал сандарды көбейту тақырыбын жанама әсер ете отырып өз беттерімен меңгерту, алған білімдерін есеп шығаруда қолдануға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы:

6-сынып

Пән: математика

Пәні:

математика

Пән мұғалімі: Рсалды Ұ. Б.

Тақырыбы:

Рационал сандарды көбейту

Мақсаты:

Оқушыларға рационал сандарды көбейту тақырыбын жанама әсер ете отырып өз беттерімен меңгерту, алған білімдерін есеп шығаруда қолдануға үйрету

Күтілетін нәтиже:

    - Таңбалар ережесін біледі;
    - Рационал сандарды көбейтудің анықтамасын біледі;
    - Рационал сандарды көбейтудің ережесін біледі;
    - Есеп шығаруда қолдана алады

Тақырып түйіні

    - Таңбалар ережесі

    

    - Анықтамасы

Рационал көбейту үшін:

    1. Таңбаларын «таңбалар ережесіне» сүйеніп көбейтіп, шыққан таңбаны қою керек;
    2. Содан кейін модульдерін көбейтіп, жазу керек

Әдіс-тәсілдер

Шаттық шеңбері, «Көбелек жаттығуы», «Сиқырлы сандар» әдісі, ребус, топтық жұмыс, «көрші» стратегиясы, математикалық диктант, «жаңылмай айтайық» әдісі, «кім жылдам ойыны, семантикалық карта,

Көрнекілігі

Тақырып бойынша үлестірмелі-дидактикалық материалдар, рефлексия тақтасы, кетелер, суреттер

Кезеңдері

                         Мұғалім іс-әрекеті

    Оқушы іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой-толғаныс кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

 


   Шаттық шеңбері«Көбелек» жаттығуы»

Таңертең көбелек оянды, тартылды,
Қанаттарын бұлғады, терең тынысалды,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды

    Топқа бөлу. «Сиқырлы сандар» әдісі.

    1. – 2+5=3
    2. 9+(−7)=2
    3. – 5+6=1
    4. – 3−(−7)=4
    5. 1−(−4)=5
    6. 14+(−8)=6

Тақ сандар – І топ

Жұп сандар – ІІ топ

    Бағалау парағымен таныстыру

Тақтаға бағалау парағы ілінеді. Сол бойынша сабақтың әрбір кезеңінде оқушылар бағаланып отырады.

    Үй тапсырмасын тексеру.

АВСD квадратының АВ қабырғасы бірлік кесіндісі 1 см-ге тең координаталық түзу бойында орналасқан: А (–2,8) және В (3,7). АВСD квадратының периметрі неше сантиметр?

А. 26 см; В. 24 см; С. 28 см; D. 32 см;

Шешуі: АВ = 3,7– (– 2,8) = 3,7+ 2,8 = 6,5 см;

Р = 6,5 см ∙ 4 = 26 см.

Жауабы: 26 см.

    Тақырыпты анықтау. Ребус шешу.

    

Жауабы: Рационал сандарды көбейту

    Мақсат қою. Мақсат құрастыру, параққа жазу, оқу.

    Топтық жұмыс.

    - «Ереже құрастыру». Таңбалар ережесін пайдаланып, ереже құрастыру.

    - Анықтама жазу. Есептерді шығара отырып ереже құрастыру

           І топ                         ІІ топ

1. (– 15) ∙ (– 6) = 90;          1) 2 ∙ (– 35) = –70;
2. (–12 ) ∙ (– 7) = 84;          2) (– 27) ∙ 0 = 0;
3. 24 ∙ ( – 9 ) = – 216;        3) – 0,8 ∙ 6 = – 4.8

«Көрші» стратегиясы. Екі топ өздері үш-үш есептен құрастырып, көршілерімен алмасады, шығарып болған соң қайта алмасып, бағалайды.

Бағалау критерийі:

1. Есептің дұрыс әрі толық шығарылуы
2. Жазылу емлесінің сақталуы
3. Есепті шығару жылдамдығы

«Математикалық диктант» әдісі

1) Көбейткіштердің біреуі теріс, екіншісі оң сан болса, ... ... сан болады;
2) Көбейтіндінің мәні оң сан болады, егер ... ... ... бірдей болса;
3) Теріс санды нөлге көбейтсек, көбейтінді ... тең болады;
4) Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі–модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең ... ...;
5) Таңбалары ... екі санның көбейтіндісі  – модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең ... ...

Математикалық диктантты орындап, жұптарымен алмасады. Тақтадағы жауаптары бойынша жұптарын тексеріп бағалайды. Бағалау парағы:

«Жаңылмай айтайық» әдісі

І топ:1-ден 10-ға дейінгі сандарды қазақша - орысша кезек айту:

бір, два, үш, четыре, бес, шесть, жеті, восемь,тоғыз, десять.

ІІ топ:10-нан 100-ге дейінгі сандарды орысша-қазақша кезекпен айту:

десять, жиырма, трицать, қырық, пятьдесять,алпыс, семдесять, сексен, девянотса, жүз

«Кім жылдам» ойыны. Әр топтан кезекпен бір оқушыдан шығып, берілген есепті тақтада орындайды.

І топ

ІІ топ

Екі топ есепті тақтада орындап болған соң, бағалау парағы бойынша топ топты бағалау.

Бағалау критерийі

    1. Есептің дұрыс әрі толық шығарылуы
    2. Жазылу емлесінің сақталуы
    3. Есепті шығару жылдамдығы

«Семантикалық карта» стратегиясы

Оқушылар семантикалық картаны толтырып болған соң оқушыларға қызық қалам беріліп тақтадағы дұрыс жауап бойынша өз-өздерін тексеріп, бағалайды.

Бағалау парағы

Қорынды бағалау. Сабақ басында ілінген бағалау кестесі бойынша қорытынды баға шығарылып, бағаланады.

Рефлекция. Сабақ бойынша ойларын стикерге жазып, қажет деген суреттің тұсына жабыстырады

«Рационал сандарды көбейту» тақырыбын оқу

Кітаптың №521 есеп

Оқушылар мұғаліммен тақпақты оқи отырып, қайталайды

 

Оқушылар дорбадан бір-бірден есепті таңдап алып, шығарып, тақ сан шықса, І топ, жұп сан шықса ІІ топ болып, екі топқа бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар бағалау парағымен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір оқушы тақтада орындайды, қалған оқушылар дәптерлерін тексертеді

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар ребусты шеше отырып, өтілетін тақырыптың «Рационал сандарды көбейту» тақырыбы екенін анықтайды

 

 

 

 

Оқушылар топ болып жұмыс істеп, таңбалар ережесін пайдалана отырып, рационал сандарды көбейту ережесін шығарады, екі топтың жауабы сәйкестендіріле және талдау арқылы дұрыс ережелер анықталады. Содан кейін топтарға берілген септер бойынша рационал сандарды көбейтудің анықтамасын жазады, айтады.

Екі топ өздері үш-үш есептен құрастырып, көршілерімен алмасады, шығарып болған соң қайта алмасып, бағалайды.

Оқушылар бұл тапсырманы жекелей отырып, орындайды. Орындап болған соң сағат тілімен жұмыстарын ауыстыра отырып жұптарын берілген бағалау парағы бойынша бағалауды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сергіту сәтін жеке-жеке орындайды

 

 

 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
615
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12