жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері.
|
Пән: Математика. |
Мектеп: ЖББОМ №40. |
|||||||
|
Күні: 14.11.18. |
Мұғалімнің аты-жөні: Кемерова Б.Н. |
|||||||
|
Сынып: 6 а |
Қатысқандар саны: |
|
||||||
|
Қатыспағандар саны: |
|
|||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. |
|||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.1.2.17 рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану. |
|||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Тақырып аясында берілген есептерді шығара алу, яғни теориялық алған білімін практикада қолдану. |
|||||||
|
Бағалау критерийлері |
Оқушыларға жұлдызша тарату арқылы бағалаймын. |
|||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Математикалық тілде сауатты сөйлеу. |
|||||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Әділдікке патриоттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту. |
|||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Алгебра. |
|||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта. |
|||||||
|
Алдыңғы білім |
Рацонал сандарды көбейту. |
|||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасамын. Оқуышыларды түгелдеймін. Сынып тазалығына назар аударамын. Үй жұмысын слайд арқылы тексеремін. Интербелсенді тақтада үй тапсырмасының жауаптары шығып тұрады. «Миға шабуыл» - көбейту кестесін кез-келген оқушыны орнынан тұрғызып сұраймын. |
Интербелсенді тақта |
||||||
|
Сабақтың ортасы |
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Теріс сандарды көбейтуде олардың модульдері көбейтілетіні белгілі. Модуль – оң сан. Демек, а, b және с рационал сандарын көбейтуде де көбейту амалы-ның ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері орындалады. І. Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді. а · b = b · а а және b – кез келген рационал сандар. 1-мысал. 3 · (–4,2) = –12,6; (–4,2) · 3 = –12,6; 3 · (–4,2) = (–4,2) · 3. ІІ. Рационал сандарды көбейтудің терімділік қасиеті. Екі санның көбейтіндісін үшінші санға көбейту үшін, бірінші санды екінші санның және үшінші санның көбейтіндісіне көбейтуге болады. (а · b) · c = a · (b · c) a, b және с – кез келген рационал сандар. 2-мысал. (3 · (–1,2)) · (–5) = –3,6 · (–5) = 18; 3 · ((–1,2) · (–5)) = 3 · 6 = 18; (3 · (–1,2)) · (–5) = 3 · ((–1,2) · ( -5)). Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, көбейткіштердің орындарын ауыстырып, топтап (жақшаға алып), өрнекті тиімді тәсілмен ықшамдап көбейтуге болады. 3-мысал. 0,25 · (–1,2) · (–8) · 5 = (0,25 · (–8)) · ((–1,2) · 5) =–2 · (–6) = 12. 1. Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін тұжырымдаңдар. 2. Рационал сандарды көбейтудің терімділік қасиетін әріптермен жазыңдар. 498. Көбейтудің терімділік қасиетін пайдаланып есептеңдер: 1) (3 · (–2)) · 5; 2) (–9 · 4) · (–2,5); 3) (13 · (–5)) · 20; 4) (–9 · 15) · (–2); 5) (–8 · (–12)) · 5; 6) (3 · (–25)) · 2. 500. Көбейтіндіні табыңдар: 1) –4а · 5; 6) (–7m) · (–8); 2) 8b · (–3); 7) m · (–3) · (–5); 3) (–5c) · 2; 8) n · 7 · (–2); 4) 4х · (–3); 9) (–k) · 5 · (–3). 5) 9y · (–5);
|
Интербелсенді тақта, 6 сынып оқулығы, тақта. |
||||||
|
Сабақтың соңы |
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Үйге № 499.
Оқушылар өздерінің жұлдызшаларын санайды. |
стикерлер |
||||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады
|
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары |
||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
|
|
||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген