Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рационал сандардың периодты ондық бөлшек түрінде жазылуы. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы орта білім беретін мектептердің 6 сыныбында математика пәніне арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: № 49 ЖОББМ КММ

Күні: 22.11.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Мұхаметсадық Н.Қ.

Сынып: 6 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандардың периодты ондық бөлшек түрінде жазылуы. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.18

шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатын жай бөлшектерді танып білу;

6.1.2.19

рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсету;

6.1.2.20

шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын табу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеулі, шектеусіз периодты ондық бөлшектер түрінде жаза алады және периодын көрсете алады.

Бағалау критерийлері

Окушы:

- қандай қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатынын білу;

- қандай қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеусіз периодты ондық бөлшектер түрінде жазуға болатынын білу;

- шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын табады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • рационал сандарды көбейтуді/бөлуді ауызша айқындайды;

  • жай бөлшекті ондық бөлшекке және ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруды түсіндіреді;

  • шексіз периодты ондық бөлшектің периодын табуды түсіндіреді;

  • мәтіндік есептерді шешу қадамдарын айқындайды;

  • сандық өрнектің мәнін табуда амалдарды орындау ретін түсіндіреді;

  • рационал сандарға амалдар орындау қасиеттеріне сүйенеді.

Бөлім бойынша лексика және терминология

  • шектеулі ондық бөлшек;

  • шектеусіз периодты ондық бөлшек;

  • шектеусіз периодсыз ондық бөлшек;

  • бөлшектің периоды.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • рационал сан жай бөлшек/ондық бөлшек түрінде жазыла алады;

  • жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру үшін ... қажет;

  • егер сан периодты/шектеулі ондық бөлшек түрінде жазылатын болса, онда ол рационал сан болып табылады;

  • 2,55 санын «екі бүтін жүзден елу бес» деп оқимыз;

  • 0,(6) санын «нөл бүтін периодта алты» деп оқимыз;

  • 3,1(4) санын «үш бүтін оннан бір периодта төрт» деп оқимыз;

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Қолданбалы математика есептері

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру

Бастапқы білім

Рационал сандарды көбейту және бөлу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 - 5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Оқушылар бір-біріне бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.

Топқа бөлу. Фигуралар арқылы

Үй тапсырмасын тексеру .

Бір – бірінің дәптерлерін тексеру

Ой – түрткі:(Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар беру)

С-1: Қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер шектеулі ондық бөлшек түрінде жазылады?

С-2: Қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер таза периодты ондық бөлшек түрінде жазылады?

С-3: Перидты ондық бөлшектің периоды дегеніміз не?


слайд



Сабақтың ортасы

6 – 17 мин























18-25мин

Топтық жұмыс

«Конверттегі сұрақ» әдісі

1. Жай бөлшектерді периодтық ондық бөлшектер түрінде жазыңдар:

2. Қай жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға болады?

3. Келесі рационал бөлшектерді шектеулі ондық бөлшектерге келтіріңіз:

  1. ; b) ; c) ; d) ; e) ; f)

4. бөлшектері берілген.


    1. бөлімінің жіктелуінде 2 мен 5-тен өзге де жай көбейткіштері болатын бөлшектерді теріп жаз;

    2. бөлімінің жіктелуінде 2 саны да, 5 саны да болмайтын жай бөлшектерді жаз.

Топтар бір-бірін «бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

Кітаппен жұмыс.

580, №585


















Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2018.

26-27 мин

Сергіту сәті

https://www.youtube.com/watch?v=gVs7TcVmdiU

28-38 мин

Жеке жұмыс.

2 тапсырма.

Рационал сандарды периодты ондық бөлшек түрінде жазыңыздар. Таза және аралас периодты ондық бөлшекті анықта.

Қосымша 2

Математика. 6кл.Учебник. Виленкин. Н. Я. 2009. 204 стр.


Сабақтың соңы

38 - 40 мин

Үй тапсырмасы: №582, 588

Сабақ соңында оқушыларға рефлексия жүргізіледі

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2018.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, жалпы сыныппен оқулық бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Жұптық, жеке жұмыстарда алған білімдерін шыңдайды.

Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айтылып, әр түрлі смайликтер беріледі. Жұпта бірін-бірі бағалайды.

Тапсырмалар арасында жаттығулар








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2019
1707
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11