Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Рәміздер " ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Рәміздер.

Сабақтың мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір - бірінен ажырата білуге үйрету. Балаларға рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр элементтерін, бөлшектерін атауларын жатқа білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздері. (Ту, Елтаңба және Гимн)

Сабақтың байланысы: Сөйлеуді дамыту

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Сабақтың әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, өлең жолдарын қайталату, рәміздерді сурет бойынша таныстыру, сұрақ - жауап т. б.

Әрекет кезеңі

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнап түсті даламыз.

Қайырлы таң апайлар,

Қайырлы таң достарым

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.



Балалар бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін білдіреді













Ұйымдастырушылық - ізденістік

-Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл күйіміз қалай?

-Қазір жылдың кай мезгілі?

-Жаз мезгілінің айлары және ауа райы туралы сұрақ-жауап өткізу. Балалар сендерге жаз мезгілі ұнай ма?

-Тамаша, ендеше біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Әрине Қазақстан Республикасында тұрамыз?

-Біздің ұлтымыз қандай? Қазақ.

-Біз қай тілде сөйлейміз? Әрине қазақ тілінде.

-Ал, сендер біздің елді басқарып отырған Елбасымызды білесіңдер ме? Әрине Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.(Суреттен көрсету)

-Сендер мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?

-Ендеше мен сендерге таныстырып өтейін.

-Мына бірінші суреттегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.

Балалар тудың түсі көк. Көк түс болудың себебі адам бойына адалдық пен тазалықтың болуы, көк түс әрқашан бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі. Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен. Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз және оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен, дала бүркіті Қазақстандықтар ұғымында дархандық пен қырағылық, биіктік пен бейнеленген. Тудың оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың ою - өрнегі бейнеленген. Ал түстерінің сары болуының себебі сары түс молшылықтың байлықтың белгісі.

-Келесі суреттен біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Елтаңбаның ортасында елтаңбаныі негізі ретінде шаңырақ бейнеленген. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ еліміздің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы, отбасы ошағын бейнелейді. Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы, самғау биігі.

Шекесіндегі бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы. Елтаңбаның астында «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі екен.


Біздің рәміздеріміздің бірі Қазақстан Республикасының Менлекеттік Гимні. Балалар ҚРМ Гимнінің сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз және Жұмекен атамыз жазған. Әнін жазған Шәмші атамыз.

Балалар Мемлекеттік Гимнді қалай болса солай орындауға болмайды, оны барлығымыз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек кеудемізге қойып бойымызды тік ұстап орындау керек.

-Көңіл күйіміз тамаша.


-Қазір жылдың жаз мезгілі. Жаз мезгілі керемет. Бізге ұнайды.


-Қазақстан Республикасында тұрамыз.


-Ұлтымыз қазақ.

-Қазақ тілінде сөйлесеміз.


-Нұрсұлтан Назарбаев.




Суретке қарайды.


Педагогты мұқият тыңдайды.





-Тудың түсі ашық көк.

Туда күн, құс, ою бар. Оюдың түсі сары.







Педагогты мұқият тыңдайды.










Елтаңба сөзін қайталайды.



Шаңырақ, қанатты тұлпар сөздерін қайталау





Педагогты мұқият тыңдайды









Гимннің қалай орындалуын, сөзін, әнін жазған аталарымыздың аттарын қайталау.


Рефлексиялық түзетушілік


Қорыту:

-Балалар біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ілім алдық.

-Қәне маған кім рәміздерді атап береді?


-Ту және Елтаңба жайында өлең жолдарын қайталату.





Балалар білген тақпақтарын, мақал- мәтелдерін айтып береді.



-Жарайсындар, бұл мемлекеттік рәміздер Ту және Елтаңба туралы айтыңдар.






-Ендеше балалар, Отан туралы мақал-мәтелдер білесіндер ме?

-Жарайсындар балалар, туған жерге, туған елге жететін ештеңе жоқ екен. Осы туған елімізге арнап ән айтып берейік. «Елім менің» әнін орындап, Оқу іс-әрекетті қорытындылау.



Балалар сұрақтарға жауап береді.

-Ту, Елтаңба, Әнұран.



Қазақтың туын ұстаған

Болашақ жолын нұсқаған

Нұрата аян ғаламға,

Беделі биік күшті адам. (Ақнұр)

Мақтансаң мақтан елім деп,

Тани біл елдік таңбаңды.

Елтаңба туың Әнұран,

Тәуелсіздікке тәнтбелгі. (Сержан)

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы.

Көкке қыран қалықтап,

Қанат қағып барады. (Мыңбай)

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді ЕЛТАҢБА

Ақ орданың төрінде. (Жәния)

Отанымыз төрінде

Сарарқаның өзінде

Ту ұстаған Астана,

Әсем қалам бас қалам (Камила)


Туған жердің қәдірін, шетте жүріп білерсің. (Жәния)

Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

(Есенбек)

Отан оттан да ыстық. (Жұлдыз)

Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас. (Шынғыс)

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Мемлекеттік рәміздерді танып, аттарын атауы Отанға деген сүйіспеншілігін жеткізі.

Игеруі керек: Отанға деген сүйіспеншілігін жеткізуі.

Орындайды: Рәміздер туралы,Отан туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер айтуы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
923
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12