Тақырыбы:
«Рәміздер – елдігімнің
белгісі»
Мақсаты:
• Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен
таныстыру, олардың маңызын
түсіндіру.
• Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық
сезімді
дамыту.
• Балалардың коммуникативтік, танымдық және
шығармашылық дағдыларын
арттыру.
• Топпен жұмыс жасауға
дағдыландыру.
Ресурстар:
• Интерактивті тақта (рәміздер суреттері,
бейнероликтер)
• Қағаз, желім, қайшы, түрлі-түсті қарындаштар
(шығармашылық жұмыстар
үшін)
• Қазақстан картасы, ту, елтаңба, әнұран
мәтіні
Іс-әрекет
барысы:
1. Кіріспе
бөлім: (Коммуникативтік дағдыларды
дамыту)
Сахналық
қойылым:
Балалар ортаға Құрманғазының «Сарыарқа»
күйінің сүйемелдеуімен
шығады.
Тәрбиеші:
• Балалар, біз бүгін Қазақстанның мемлекеттік
рәміздері туралы әңгімелесеміз. Мемлекеттік рәміздер дегеніміз не?
Олар қандай мағына
береді?
• Мемлекеттік рәміздерге нелер
жатады?
• Тудың түсі қандай? Ол нені
білдіреді?
Балалар өз ойларын ортаға
салады.
Жаңылтпаштар:
• Көк аспандай көк
туым,
Көз тартады көп
туым.
• Елтаңбам бар
еңселі,
Мақтанамын мен
сені!
Мақал-мәтелдер:
• Елтаңбасы – елдігімнің
белгісі.
• Туған жер – тұғырың, туған ел –
қыдырың.
Тәрбиеші мемлекеттік рәміздердің шығу
тарихын, олардың мағынасын
түсіндіреді.
2. Негізгі
бөлім: (Танымдық, шығармашылық дағдыларды
дамыту)
Зерттеу
орталығы: «Мемлекеттік рәміздерді
тану»
Интерактивті тақтадан Қазақстан
Республикасының туы, елтаңбасы және әнұраны көрсетіліп, олардың
мән-мағынасы
түсіндіріледі.
• Ту: Көк түс – бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің
символы. Күн – өмір мен энергияның белгісі. Қыран – биіктік пен
еркіндіктің
символы.
• Елтаңба:
Шаңырақ – бірлік пен тұтастықтың белгісі.
Қанатты тұлпар – өсу мен даму идеясын
білдіреді.
• Әнұран:
Қазақстан Республикасының рухын көтеретін
салтанатты ән.
Балалар интерактивті тақтадан рәміздер туралы
қысқаша бейнеролик
көреді.
Шығармашылық
орталық: «Өз жалаушаңды
жаса»
Балалар қағаздан шағын ту жасап,
бояйды.
• Көк түс нені
білдіреді?
• Күн мен қыранның мағынасы
қандай?
Әр бала өз жалаушасын безендіріп, өз туы
туралы айтып
береді.
Ойын:
«Рәміздер сыры» (Коммуникативтік және танымдық дағдыларды
дамыту)
Ойын шарты: Балаларға рәміздерге қатысты
сұрақтар
қойылады.
• Мемлекеттік Ту қандай
түсте?
• Елтаңбада қандай белгілер
бар?
• Әнұранның авторларын
ата.
3. Қорытынды
бөлім: (Әлеуметтік және денсаулық дағдыларын
дамыту)
«Мемлекеттік
рәміздерді құрметтейміз»
талқылауы:
• Неліктен рәміздерді құрметтеуіміз
керек?
• Біз оларды қалай қорғауымыз
керек?
Балалар өз ойларын айтып, қорытынды
жасайды.
«Рәміздер
шеруі»
Балалар өз қолдарымен жасаған жалаушаларды
көтеріп, әнұранды
орындайды.
Күтілетін
нәтиже:
• Балалар мемлекеттік рәміздердің маңызын
түсінеді.
• Өз ойларын еркін жеткізе
алады.
• Шығармашылық қабілеттері
дамиды.
• Рәміздерді құрметтеуді
үйренеді.