Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Рәміздер" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
бала бақшага арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Білім беру саласы: Каммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?

Мақсаты: а) Балаларға көліктер туралы түсініктер беру, олардың түрін ажыратуға үйрету; сурет бойынша әңгімелей білугеүйрету. ә) Сөздік қорларын толықтыру, дауыс ырғағын дұрыс сақтап, сөйлеулерін дамыту. б) Ойыншық көлік түрлерін мұқйят, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: түрлі көлік суреттері, түрлі көліктер мен мамандардың суреттері.

Алдын ала жүргізілеін жұмыс: көлік туралы әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: жеңіл көлік, жүк таситын көлік, пойыз, автобус.

Билингвалды комп: жеңіл көлік-легковый транспорт, жүк таситын көлік-грузовой транспорт, пойыз-поезд.

Әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне ыстық тілектерін айтуын ұйымдастырады. Балалардың назарын өзіне аударады.


Балалар педагогпен бірге сәлемдеседі, бір-біріне ыстық тілектерін айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Үлкенмін ғой, міне, мен,

Машинаға мінер ем,

Ойыншықтарды жинаймын.

Кабинаға симаймын.

М. Әлімбаев

-Мен не туралы өлең оқыдым?

-Балалар, айтыңдаршы, кімге қандай ойыншық ұнайды?

-Әли, сенде қандай ойыншық бар?

-Қандай көлік түрлерін білесіндер?

Көліктің 3-4 суретін көрсетеді. Алдымен жүк көлігі.

-Мына көліктің аты жүккөлігі. Бұл көлікпен жүк тасиды. Ол не тасиды?

Жүк көлігі «гүр-гүр-гүр» дейді.Қане, бәріміз қайталаймыз.

-Мынау қандай көлік?

-Бұл-автобус. Автобус адамдарды тасиды. Ол «в-в-в-в» деген дыбыс шығарады. Қайталаймыз.

-Ал мынау қандай көлік?Бұл-жеңіл көлік.«Ыың-ың-ың» деген дыбыстың ырғағы төмен шығады. Қайталаймыз.

-Ал мынау қандай көлік? Бұл пойыз.

Сергіту сәті:

Бөп-бөп, пыш-пу ... Абай болшы:

Мен ең күшті Жол ашып қой,

Менен күшті Жер қашық қой!

Кім бар? Пыш-пу! Бу-бу-бу!

Теміржолшы Бө-ге-ме! (Ә. Табылды) «Кімді, нені қай көлікке отырғызамыз?» дид. ойыны.

Билингвалды компонент: жеңіл көлік-легковый транспорт, жүк таситын көлік-грузовой транспорт, пойыз-поезд.



Өлеңді тыңдайды.


-Көлік.



-Көлік бар.

-Жүк таситын, жеңіл көлік.


Суретке қарап, жауап береді.

-Тасты, құмды тасиды.

-Гүр-гүр-гүр

-Автобус.


в-в-в-в

-Жеңіл көлік.

-Ыың-ың-ың

-Адамдар отырады



Балалар қимылмен көрсетеді.


Педагогтің көмегімен тапсырманы орындайды. суреттерді көлік түрлерімен сәйкестендіреді.

Балалар қайталайды

Рефлексиялық түзетушілік

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті машиналары туралы сұрау.

-Балалар,біз бүгін не туралы әңгімелестік?

-Көліктердің қандай түрлері бар?


Сұрақ жауап арқылы балалардың оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалардың жауабы таңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: көліктердің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырманы;

Түсінеді: көліктердің пайдасы туралы мәіметтерді;

Қолданады: сұраққа толық жауап бере білу іскерліктерін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
524
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12