Тақырыбы: «Білім жолын бастаған, Әліппем бастамам»
Мақсаты:
* Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі
оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету. Оқу тілін дамытып, сөздік
қорын молайту;
* Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,
шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Музыка(Фанфары) Оқушылармен сыныпқа кіру
Шеңбер құру 1.Музыкалық сәлемдесу
2.Дауысты дыбыстарды айт. (оқушылар бір-біріне шапалақпен кезек
береді)
3.Ондықтармен сана. (оқушылар 1 шарды кезекпен бере отырып
санайды)
- Оқушылар,сендер бәрін меңгеріп,тақылдап сөйлеп,дыбыстарды ажыратып
тұрсыңдар,жарайсыңдар! Сол дыбыстар мен әріптерді,жазуды,оқуды,сөйлеуді
қайдан үйрендіңдер?
- ӘЛІППЕДЕН
- Ия дұрыс айтасыңдар.Бүгін ерекше күн,бүгін мереке! Бүгін санамызды ашып
сауаттандырған,42 әріпін алдымызға қойып,бізге ең жақын дос болған әліппемен
қоштасамыз. Олай болса барлық үйренгенімізді ортаға салып, «Білім жолын
бастаған, Әліппем бастамам» атты кешімізді жандандырайық....
Жүргізуші:
Мектепке алғаш келгенде,
Күлімдеп қарсы алған кім?
Қолыңнан ұстап жазғызып,
Барлық күшін салған кім?
Сен білмейтін қырларды,
Жетелеп таныта алған кім?
- Оқушылар,киіну білмей қиналып,санау білмей шатысып жүргенде,барлығын
үйретіп жатқан кім?
- ҰСТАЗ
- Ендеше, ұстаздарға арналған жылы жыр жолдарын тыңдайық.
Тақпақ
Раяна
Аңыз, ертек, ән, жырдың,
Бәрін ойға құйғыздың.
Санамызға сен біздің,
Бар асылды сыйғыздың.
Жақтық білім шырағын,
Рақмет саған, мұғалім!
Мансұр
Ең алғаш алғанымда әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін ашып берді.
Қ. Алинұр
Әліппем менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Аяужан
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны әліппе.
Айғаным
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды.
Айсұлтан
Бар білімнің бастауын,
Әліппеден бастадым.
Үйренуге талпындым
Құлшынып балғын жас жаным.
Арман
Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып, әріпке.
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе.
Нәби
Іші толы әріпке
Мынау әйбат әліппе
Барлық ілім-білімнің
Әжесі ол әліппе
Юсуф
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Қасым
Білімге жолды бастаған,
Әліппе, саған мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған
Әліппе саған, мың алғыс!
Хор: Ұстаз – ана
- Оқушылар,мектеп табалдырығын аттағанымызға 4 айдай уақыт болыпты. Осы
уақыт аралығында біз не үйрендік,қандай жақсы қасиеттеріміз бен
қабілеттерімізді дамыта алдық,бойымыздағы жасырын жатқан қандай
өнерлерімізді шыңдай алдық? Бүгін өнерімізді ортаға салып,әліппенің бізге
көңілі толып,марқайып қайтатындай етуіміз керек.
Би: Қыздар биі Испанский
Ән: Оқуда озат боламын! Орындайтын: Бекжанқызы Кәусар
Жүргізуші:
Ойнайды мұны күштілер,
Ойнайды мұны тістілер.
Жұмсалғанмен күш түгел,
Жеңеді тек істілер.
- Оқушылар,олай болса қазір бір ойын ойнайық.
«Ханталапай» ойыны
Асықтарға сандар жазылады. Ханталапай дегенде қай номердегі асық түссе, сол
номердегі ұяшық ашылады,ішінде тапсырмаларды орындайды.
1.Жыл мезгілдерін ата
2.Бас, иық, тізе, аяқ көрсету
3.Сынып ішінен жанды табиғатты тап
4.Үй жануарларының даусын дыбыста
5.Дәмін анықта(апельсин, алма, шие шырындары қойылады,1 ұрттап қандай жеміс
шырыны екенін анықтауы керек)
6.Жасырын затты тап(қорап ішіне әртүрлі заттар салынады,сипап сезу арқылы сол
заттың не екенін табуы керек)
7.Суретті қимыл (қоян,тырна,көбелек суреті көрсетіледі,оқушы қимылмен көрсетуі
керек)
8.Жемістердің қандай пайдасы бар?
9.Сағат неше болды?(сағат тілін қозғап отырып,неше болғанын сұрау)
Жүргізуші:
Шалқыса қуанышпен от жүрегім,
Мен сонда ақтарыла көп күлемін.
Тек қана гүл көңілдің айғағысың,
Би – шаттық,би – мереке деп білемін.
Би: Қуыршақ Барби
- Балалар,біз тек ән айтып,би билеп қана қоймаймыз. Біздің шапшаңдығымыз да
бар,логикамызда жетіліп келе жатыр. Түрлі басқатырғы есептерді оңай және тез
шығарамыз,солай ғой ия?! Ендеше,қане математикалық шеберлігімізді көрсетіп
ойын ойнап жібермедік пе?
«Шырша тұрғызу» ойыны (Эстафета)
Балалар өрнектер жазылған дөңгелекшелер арқылы шыршаны құрап шығарады.
Өрнектер мәні безендіру ойыншықтарына жазылады. Жылдам
есептеп,ойыншықтардағы мәндерді дұрыс жабыстыру арқылы,жаңа жылдық шырша
үлгісі шығады.
Би: ұлдар флешмоб
Ән: Анашым Орындайтындар: Аяужан, Аяна, Аян
Көрініс: 2023 – 4
Әр балаға 2023 және 4 деген сандар кеуделеріне жазылады. 3 саны артына әліппе
жабыстырылады,4 саны артына ана тілі жабыстырылады.202 санындағы балалар бір-
бірімен ойнап тұрады. 3 саны көңілсіз тұрады. Ол кететін жыл және әліппе. Қоштасып
шығып кетеді,орнына 4 саны яғни ана тілі келеді.
202 саны сөзі:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің қасиетті әліппем.
Сенің арқаң, оқи, жаза аламын.
Сауатты адам санатына кіргенім.
Әліппе сөзі:
Әр сөзімді жаттаған,
Балалар үшін мақтанам.
Рахмет айтып, шаттанам,
Риза болып аттанам.
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман есен болыңдар!
Ана тілі сөзі:
Ақыл ойын дананың
Ана тілден аласың
Ана тілің ардақты
Ақ сүтіндей ананың -
тілегін айтып балаларға «Ана тілі» оқулығын таратады.
Жүргізуші:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Хор: «Рақмет саған, әліппе!»
Қорытынды сөз
- Балалар,міне санаулы айлар ішінде әліппеден көптеген білім алып,әріп
танып,жазып,оқып үйрендіңдер. Әліппе – білімнің бастауы,берік қазығы.
Әліппеден білген – түйгендерің сендерге өмірлік азық болсын. Бүгін міне
әліппемен қоштасып жатырмыз. Ендігі қолға алатын кітабымыз – ана тілі. Бұл
оқулықпен терең мәтіндермен,сөз тіркесімен,сөйлем құрау әдістерімен
танысып,оқу жылдамдығымызды арттыруға машықтанамыз. Ананың сүтімен
бойға дарыған ана тіліміз – қазақ тілінің төл табиғатымен толық танысатын
боламыз. Ендеше сәт сапар - жас дос!