Материалдар / "READx", "Мен оқимын, сен де оқы" жобасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"READx", "Мен оқимын, сен де оқы" жобасы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мен оқимын, сен де оқы" жобасында оқушылар өздері оқыған шығарманы тыңдармандар алып оқығысы келетіндей қылып қызығушылығын ояту. Оқушыларға оқыған шығармаларын насихаттауға, алған әсерлерімен бөлісуге мұмкіндік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2022
2101
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақшұқыр мектеп-лицейі











«Мен оқыған бір кітап»

READx жобасы



















2021-2022 жылы

Мақсаты: Оқушыны кітап оқуға баулу. Оқыған кітабының мазмұнын тыңдарман сол кітапты алып оқығысы келетіндей қылып қызықтыра айтып беру. Шығармадан рухани нәр ала отырып, көпшілік алдында сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

Барысы: Құрметті 10 сынып оқушылары бүгінгі шараға қош келдіңіздер! Сіздерді жинаған себебім шет елдерде кеңінен танымал шараның бірі READx жобасы яғни мен оқимын және саған ұсынамын жобасын сіздермен бірге жүзеге асыру. «Мен оқыған бір кітап» READx жобасы - бұл кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып шабыттандыратын, адамдардың көпшілік алдындағы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқыған кітабының оқиға желісін жинақы, әдемі жеткізе білу. Сыныптарға алдын ала оқуға көркем әдебиеттер таңдап алынды. Сол бойынша әр сыныптың атынан шыққан оқушылар өздеріне берілген кітаптың мазмұнын басқа сынып оқушыларына баяндап береді.

READx жобасының талаптары:

- Кітаптың қысқаша мазмұны;

- Кітаптың қоғамға берер идеясы;

- Заманауи тәсілдермен салыстырмалы түрде мысалдар келтіру;

- Автор идеясының ұнаған/ұнамаған тұстары;

- Жарнамалық түрде аталған кітапты оқуға шақыру;

- Қорытынды сөз (Ұлы тұлғалар сөзі немесе шығармадан үзінді).

READx жобасының ұраны: «Оқуға ұмтыл!».

Сыныптарға оқуға берілген кітаптар:

10 «А» сынып жетекшісі - Ванова Б.

Ш. Мұртаза «Ай мен Айша» романы

10 «Ә» сынып жетекшісі - Жаңғақбаева К.

М. Әуезов «Абай жолы » романы 1-ші кітап

10 «Б» сынып жетекшісі - Кадирова А.

М. Мағауин «Шахан – Шері» романы

10 «В» сынып жетекшісі – Тоқтау А.

С. Елубай «Ақ боз үй» романы

«Мен оқыған бір кітап» айдары бойынша 10 «а» сынып оқушылары Тұрарбек Мерей мен Тәжубай Іңкәр өз сыныптарына берілген Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы оқиға желісі бойынша шағын презентация жасап келген екен. Романдағы оқиға автордың өз өмір жолынан алынған. Оқиға желісі өте қызықты оқырманды баурап өз әлеміне тартып әкетеді.

10 «ә» сынып оқушылары Сансызбай Рысжан, Жұмаш Нұрсейіт, Мұрат Гүлсая М. Әуезовтің «Абай жолы» романының 1-ші кітабын бөлімдері бойынша талдап берді. «Абай жол» романын бойға сіңіру үшін кемінде екі рет қайталап оқып шығу керек. Абай атамыздың бала кезінен бастау алып, өмірінің соңындағы қайғыдан қара жамылған ақынның қилы тағдыры суреттеледі.

10 «б» сынып оқушысы Шайдулла Құдайберген оқуға берілген Мұхтар Мағауиннің «Шахан –Шері» романын апайы Кадирова Әлия апайымен бірге мазмұнын ашып оқушыларға оқиға желісін қызықтырып айтып берді. Шаханның отбасы; әйел мен баласының көз алдында жолбарысқа жем болуы кім-кімді де тебірентпей қоймайды. Өмірінің бар қызығынан айрылған жүрегі жаралы Шахан жолында кездескен жолбарыстың бәрін жоқ қылуға өзіне мақсат қылып қояды. Осылай түз тағысымен тартысып жүріп өзі де Шері атанып кетті.

10 «в» сынып оқушысы Аманқос Мөлдір С. Елубайдың «Ақ боз үй» романының оқиға желісін баяндап берді. Романдағы кейіпкерлер Пахраддин мен әйелі Сырға, жалғыз қыздары айдай сұлу Хансұлу және кедей Шәріптің баласы Шеге, қос ғашық Бұлыш пен Балқия айналасында өрбиді. Бай болса да Пахраддин мен Сырғаның далада аштан өлуі. Оқиға 1930 жылдардығы қиын кезеңдер суреттеледі.

«Кітап – өмірдің ең алыс, күрделі және қараңғы жолдарында жарық беретін сиқырлы шам» деген екен. Оқушыларға да өмірдегі алға қойған мақсаттарыңнан таймай, алға жетелейтін сиқырлы шамдарыңыз сөнбесін деген тілекпен шарамызды аяқтаймын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!