Материалдар / Реферат Әбу Насыр Әл-Фараби
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Реферат Әбу Насыр Әл-Фараби

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2024
159
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Ш.Есенов атындағы КМТИУ көпсалалы колледжі

Shape1





Реферат

Тақырыбы: Әбу Насыр Әл-Фараби









Орындаған:

Группа:

Тексерген:















2021 жыл

Жоспар:

Кіріспе.

  1. Қысқаша өмірбаяны

  2. Шығармашылық жолы

  3. Ғалым мұрасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.



Кіріспе

Әл-Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны. Шын аты – Махмұт. Батыстың білім әлемінде оны әл-Фарабиус атымен таниды. Фараби оқып – жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды.Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға, кейін Бағдатқа кетті. Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды. Өзі діншіл адам еді. Исламның ақылға негізделген дін екеніне сенетін. Ол парсы,араб,латын және грек тілдерін үйренді. Әсіресе грек ойшылдары Аристотель мен Платон пікірлерінің синтезін жасауға және Сократ философиясының негізін жарыққа шығаруға көп еңбек етті. Сондықтан да өзін «Хадже-и-сани»,яғни «Екінші ұстаз» деп аталады. 941 жылы Алеппоға келді. Ол жылдары Алеппо Сейфуддевле Әлидің қол астында еді. Бұл түрік әкімі түрік оқымыстысы Фарабиге үлкен сый-құрмет көрсетіп,оны сарайына алды. Кейбір деректер Фарабидің өзіне ұсынылған шенді алмай, күндіз көкөніс өсіріп, түнде шам жарығымен философиялық ойлар жазумен айналысқандығын көрсетеді. Фараби – алғашқы Ислам философы және ислам философиясын қалаушы. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, Фарабидің «Ат-талисмус-сани» атты ең-бегірек философиясына еліктеушілік. Олай болса бұл өте жемісті елік-теушілік, өйткені ол өзінен кейінгі бүкіл дүние ой-пікіріне құрмет көрсеткен Ибн Сина осы кітаптың арқасында грек философия- сын үйренген. Ибн-Сина былай деген еді: «Бір кітап дүкенінен сатып алған Фарабидің кітабын оқы-ғанда,бұрын еш түсіне алмаған грек метафизикасын толығымен осы кітаптан үйрендім».Фараби музыкамен де айналысқан, тіпті «канун» деп аталған аспапты (домбыраға ұқсас) өзі ойлап шығарған және осы аспаппен бірнеше әндер де шығарған.Оның «музыка – кітабы» музыка жөнінде жазылған алғашқы ғылыми зерттеу. Фараби Алепподан Шамға (Дамаск), Шамнан Каирге сапар шеккенде жұрт арасына өзінің пікірлерін таратқан,білімге қызмет еткен.

1.Қысқаша өмірбаяны

Отырарда Васидж елді мекенінде шамамен 870 ж әл-Фараби дүниеге келді.  Толық аты Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби ат Турки. 20 жасқа дейін әл Фараби Отырарда тұрды, Ұлы Жібек жолында орналасқан қаладан өткен керуенші-саудагерлер тауарлары ішіндегі ең құндысы ол үшін кітаптар болды, ол–Отрар кітапханасының негізін қалаушысы. Білімге құштар әл-Фараби мүмкіндігінше көп білуге тырысты. Әл-Фараби алдымен көршілес, түркі, парсы-тәжік тілдес елдерді аралайды. Сол кездегі ғылым мен мәдениет орны болған: Талас, Шаш, Самарқан, Бұқара, Үргеніш, Хиуа, Мерв, Термез, Қабул, Исфахан, Каспий теңізін жағалап, Кавказ арқылы жүріп: Тебриз, Баку, Тбилисиде болды. Нәтижесі - сол елдердің мәдениетін, ғылымдағы жетістіктерін зерттеп, тілдерін меңгереді.

Білімге деген құштарлығы оны Бұхараға алып келді, онда ол оқып, қазы болып жұмыс істейді. Бірақ Аристотельдің еңбектерімен танысу оның өмір жолын түбегейлі өзгертеді, мысалы, «Жан туралы» трактатын 200 рет оқып, жатқа білген. 40 жасында әл-Фараби араб әлемінің ғылым орталығы - Бағдатқа барып, онда ежелгі грек және араб тілдерін үйренді. Түркияға атақты дәрігер Гарранмен кездесу үшін барды, ол Мысырда да болды.

Әл - Фараби тез арада өз заманының жетекші зиялысына айналады, халифаттың бәріне танымал болады. Талант пен атақ - қызғанышпен тығыз байланыста, сондықтан оны Бағдаттан Дамаскіге көшуге мәжбүр қылады. Өмірінің соңында әл-Фараби қиындықтарға–материалдық тап болды. Дамаск билеушісі оны өзінің сарайына шақырды, алайда бұл рөл философ үшін бөтен еді, ол бостандықты таңдады.



Ғылыммен айналысам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік –жігері зор, тілек мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

- Әл-Фараби



Әл–Фараби бақша күзетшісі болып жұмыс істеп, ақшасының барлығын майшамға жұмсайтын: ол еңбектерін түнде жазатын еді, мысалы, «Ізгі қала туралы» атты әйгілі туындысы осылай жазылды. Бұнда әл - Фараби бәрін дерлік қарастырды - қаланың орналасуынан бастап, оның архитектурасы, салық жүйесі мен сот жүйесіне дейін. Идеалды қаланы данагой ақсақалдар басқаруы керек - олар әр саланың ең мықтылары, ең дарындылары және силы адамдары. Осы басқару элитасы білім мен ғылымды ойлау арқылы табады және тұжырымдайды, олар көркем образдардың, ақындық сөздердің көмегімен азаматтарды тәрбиелейді, адамгершілігін қалыптастырады.

Орта Азия, Парсы, Иран, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейген ол көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасады. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген.

Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл. Философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған.) Адамның өз болмысын өзі танып-білуіне философиялық тұжырымдар жасаған.



2.Шығармашылық жолы

Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, ПарсыИракараб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философиялогикаэтикаметафизикатіл біліміжаратылыстанугеографияматематикамедицинамузыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (ТарханҰзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.

Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Насыр Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған — иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф — парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеологиканың ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған “қармат” елін талқандаған соң, Әбу Насыр Әл-Фарабимен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп “қажылық” жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне қуанған Әбу Насыр Әл-Фараби іштей “қажылық” етуге ниет етіп, араб халифының саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтарды жоюға күш салып жүргендігін мәлімдейді. “Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп отырмыз” деп Саид-задалар Әбу Наср Әл-Фарабидің қолын құрметпен қысады.

Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақынәншікүйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философиялогикаэтикаэстетикасаясатсоциологиялингвистикапоэзияшешендікмузыка) және жаратылыстану (астрономияастрологияфизикахимиягеографиякосмологияматематикамедицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты.

Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!