жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Реферат. Мектеп жасына дейінгі бала психологиясы
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі шақтағы баланың психологиялық даму ерекшеліктері
Мектепке дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері
Жоспар:
I. Кіріспе
1.Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары.
II. Негізгі бөлім.
1. Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні.
3. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау, сөйлеу, ес, қиял, сезім және эмоция үдерістерінің дамуы.
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары. 3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді.Бұл кезде бала алғашқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғарғы жүйке жүйесінінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см ге артса 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10 см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі, кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қан айналымы жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жасында 1 жаспен салыстырғаннан 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миының салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 гр. болса, 7 жаста 1250 гр. болады. 3 жасқа дейінгі баланың екінші сигналдық системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік септигін тигізеді. Өйткені бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасынаисен есінің, қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуынада әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне тән өзіндік ерекшелігі қалыптасады.
5 жасқа кедгенде қимыл- қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру, жүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы шана велосипед тебуді үйренеді. Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына байланысты баланың грамматикалық сөздік қоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің берген тапсырмасын және қарапайым еңбек әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет-дағдыларды меңгеру де бала психикасының дамуына ықпалын тигізеді. Ертегі мен әңгімедегі кейіпкерлерге өзінше баға беріп, эстетикалық талғамы артады.Бала 6 жасқа келгенде қарқынмен дамып, дене бітімі күрделінеді, барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу-әрекетін орындаған да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. 6 жасқа келгенде сөздің тура және жанама мағынасын түсінеді. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделініп, өмірдің барлық шындықты бейнелуді көздейді.
Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі. Баланың жүйке жүйесінің күшті немесе әлсіздігін өмірдегі мынадай көрсеткіштері дәлелдейді. Оның ұйқысының тыныш болуы, тез ұйықтауы немесе тыныш ұйықтай алмауы, қатты ұйықтауы сол сияқты жүйке жүйесінің күшінің жылдам немесе жай қалпына келмеуінен байқалады. Бала ашыққан кезде өзін қалай ұстайды, оны уақытымен тамақтандыра қоймаса айқалап жылап немесе көңілсіз, әлде тыныш болама соған да байланысты яғни сыртқы ортаның әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі тепе-теңдігі, бір қалыптылығымен да жауап қайтарады. Жүйке жүйесінің күнделікті өмірдегі негізгі көрсеткіштері ұстамдылық, тұрақтылық, тыныштық, көңіл күй қалпының өзгеруімен және бірден жарқырап қуанып, жабырқап қайғыруынан байқалады.Сөзі мен қимыл-қозғалысының біркелкі болмауы да осыған мысал бола алады. Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне өзін қоршаған ортаға жаңаны тез қабылдап, бағдарлай алуы, өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі, ептеліктер ме дағдыларды тез игеруі, көпшілік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі, жан-жақты қабілеттілік әрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысуы, еске тез ауысуы еске тез сақтап қайта жаңғырта алуы шапшаң қимылдап тез сөйлеу сезгіштіктің пайда болуы мен көрінуі де жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің әсерленгіштігі сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттілігінен де көрінеді.Кейбір балаларды ашуланшақ күйгелек шыдамсыз десек енді біреулердің қуанғаны да ренжуі де түсініксіз дейді. Енді біреулерді икемді епті десек оған қарама – қарсы ебедейсіз олақ бейімділігі жоқ та балалар бар. Бұл қасиет баланы сыртқа әрекеттердің оңай бейімделе алмауынан, көп күш жұмсауынан көрінеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні. Темпераменттің табиғи қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады. Соған байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді.
И.В.Павлов шарты рефлекстер әдісі арқылы жоғарғы жүйке қызметінің және жүйке жүйесінің негізгі қозу мен тежелудің заңдылықтарын ашты. Жүйке жүйесінің негізгі күші тепе-теңдік қозғалғыштығы бойынша төрт типте жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін күшті тип, біреуін әлсіз тип деп атайды. Мысалы күшті типтің біріншісі ұстамсыз тип. Олардың жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу тежелу үдерістері бір бірімен сәйкес келмейді.
Сангвинник. Күшті қозғалғыш тепе-теңдік тип. Реакция туғызу қабілеті жоғары. Кейде әлсіз нәрсеге де, қатты мардымсыз бір нәрсеге де ашуланып қалады. Оның мимикасы, қимыл-қозғалысы белсенді. Өмір жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіш.Өзінің көңілі ауған іс-әрекетіне барлық ынтасымен кіріседі. Іс-әрекеттің барлық ынтасымен кіріседі. Ол тәрбиеге тез үйренеді. Өзінің сезгіш ерік күші жақсы дамыған, өзін көпшілік ортады жақсы ұстайды. Жылдам қимылдайтын, тез сөйлейтін жаңаны тез қабылдағыш, зейінді айналасындағылармен тез тіл табысып кететін, көпшілік орта да өзін еркін көңілді ұстайтын тип.
Холерик. Бұл күшти тип. Кез-келген іске барлық күш жігерімен кіріседі. Белсенді, бірақ реакция туғызу қабілеті белсенділігіне қарағанда басымырақ. Сондықтан да бетімен кеткен, ұстамсыз, шыдамсыз, күйгелек, сангвинник сияқтытез икемділгіш емес.
Флегматик. Күшті тепе-теңдігі бір қалыпты тыныш тип. Эмоциялық қозуы бір қалыпты жайбарақат оның жарқырап қуаны да қайғыруы да қиын. Бүкіл тптағы балалар бір затқа қатты күліп жатса, ол ол өзінің сабырлы қалпын сақтап қала береді. Тіпті үлкен қолайсыздық пен сәтсіздікке жолықса да өзін байсалды ұстайды. Эмоциялық күйі бет бейнесінен байқалайды. Қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі бірқалыпты қайрат-жігері күшті, жұмысқа қабілеттілігімен ерекшеленеді. Реакция туғызғаннан белсенділігі басымырақ, шыдамды, өзін-өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Тапқырлығы, зеректігі жоғары, зейінін жылдам шоғырландыра алмайды. Икемсіз әрекеттің жаңа түріне үйрену жаңа ортаға бейімделіп кетуі қиын жүзеге асады. Тез тілтабысып кете алмайды. Өз пікірін сыртқа шығарып айтуға да қиналады.
Мелонхолик. Әлсіз тип, өте сезімталдығы жоғары, тез жараланғыш, оларды әлсіз тітіркендіргіштер мазалайды. Сондықтан да сәл ұсақ-түйектің барлығына қатты мұңаяды немесе ашуланады. Бұлар болмашы нәрсеге көзіне жас алып, жылай салады. Мимикасы, қимыл-қозғалысы мәнерсіз болады, сөйлегенде даусы естілмейді, жай жылайды, сирек күледі, бірақ оқыс қатты күледі. Белсенділігі төмен, сабақта қолын көтереді. Оның өзінде бір көтеріп,бір түсіріп, өзіне-өзі күмәнданып отырады. Қорқақ, жалтақ,ерік күші әлсіз табансыз жұмсақ, қабілетсіз, тез шаршайды.Зейіні ырықсыз тез ауытқып кетеді, психолгиялық шапшаңдығы баяу.
Кейде ұстамсыз типтің бірнеше варианты болатынын ескеру керек.Өйткені қозу үдерісі шегіне жетіп, тежелуі әлсірейтін тип болуы мүмкін, немесе екі үдеріс те күшті, бірақ қощуы шамадын тыс келетін тип те ұшырайды. Сөйтіп уақыт өткен жай қайталап отыратын жаттығулар арқылы ұстамсыздықты кейіннен біршама түзетуге болатындығын дәлелдейтін ерекше фактілерді жиі кездестіреміз, яғни жаттықтыру арқылы невр жүйесінің әлсіз типін шынықтыруға болады. Баланың қолайлы тәжірибиенің нәтижесінде кез-келген қиындықты ойдағыдай жеңе алатындығы сөзсіз. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына тек жасының өсуі ғана емес, сонымен қатар темпераментінің де ықпалы бар.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде қабылдау өзінің алғашқы аффективті сипатын жоя бастайды. Қабылдау мағыналы, мақсатқа бағытталған, талдаулы бола бастайды. Бақылау, қарау, ізденіс сияқты ерікті әрекеттер бөлінеді. Сөйлеу қабылдаудың дамуына маңызды ықпал етеді. Бала әртүрлі объектілер және олардың арасындағы қатынастардың сапаларын, белгілерін, жағдайларын белсенді түрде қолдана бастайды. Құбылыстар мен заттардың қасиеттерін айта отырып, ол өзіне сол қасиеттерді бөліп алады, заттарды атап, олардың басқалардын қандай айырмашылығы бар екенін бөліп,ажырата алады.
Ойлаудың негізгі ойлау жолы – көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық және кезең соңында сөздік ойлауға ауысуы. Ойлаудың негізгі түрі – көрнекі образдық болып табылады, бұл Жан Пиаженінің терминологиясына сәйкес келеді.
Мектепке дейінгі кезеңде бала образды ойлауда болады, себебі, ол әлі үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы Л.Ф.Обухованың экспериментінде қарастырылады. Ж.Пиаже біздің балалар үшін кейбір сұрақтарды қайталайды.
Білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Бұл білімнің бір сыпырасын балалар тікелей үлкендерден, ал өзгеулерін үлкендердің жетекшілігі және бағытталуы арқылы өз бақылаулары мен іс – әрекетінің тәжірибесінен алады. Білімі қорының біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіндіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс екендігінде. Егер бала өз іс – әрекетінің жеместі болуына әсер еткен жағдайларды, үлкендер көрсеткен тәжірибелерді және өз ой үлесін ажырата білмейінше үлкеннің түсіңдіруін де ұқпайды, өз тәжірибесінен де ешбір сабақ ала алмайды. Игерілген жаңа білім ойлаудың одан әрмең дамуына әсер етеді, баланың ойлау іс – әрекеттерінің жаңа міндеттерін шешуге пайдаланылады.
Мектепке дейінгі баланың мынындай ойлауының ерекшеліктері болады. Біріншіден, 5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын ойланған сөздік формада беріледі.
Екіншіден, соған байланысты баланың орындайтын әрекетінің мәні өзгереді.
Үшіншіден, әртүрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үдерісінің мәні өзгереді.
Төртіншіден, көрнекілік амалдық ойлау жоққа шығарылмайды, жоғалып та кетпейді. Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты.
Баланың ойлауының дамуына түрлі іс – әрекет әсер етеді. Іс – әрекет түрлері өз тарапынан баланың сана сезімінде өзінше із қалдырады. Өйткені бала психикасының өзі іс – әрекетінің барысында дамып, қалыптасып отырады. Іс – әрекеттен тыс тіршілік болмайды, онсыз психика да дұрыс дамымайды. Іс – әрекеттің түрлері ойын, оқу, еңбек әртүрлі формадағы белгілі бір мақсат пен міндеттерге бағытталып отырады.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің дамуы. Психологтардың айтуы бойынша, бала қай тілде қарым – қатынас жасаса сол тіл шын мәнінде бала үшін ана тіліне айналады. Алдымен сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында контексті сөйлеуге көшуге мүмкіндік болады. Бала тілдің грамматикалық жағын меңгеріп, үлкен сөздік қорын игереді. Ол оған оқып берген мәтіңді қайталап айтып беруіне, суреттеменің мазмұнын баяндауға, айналасындағылармен көргенін, алған әсерін ұғыңықты тілмен жеткізуіне мүмкіндік береді.
Жалпы мектепке дейінгі кезеңде үлкендерге тиісті ауызша сөйлеудің барлық түрін меңгереді. Монолог сөйлеу, әңгіме айту дағдысы қалыптасады. Ол үлкендерге көргенін жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар сол нәрсеге байланысты өз алған әсерін де жеткізе біледі. Құрбыларымен қарым – қатынас кезіңде диалогты сөйлеуі дамиды. Эгоцентрикалық сөйлеу балаға әрекеттер жоспарлап, жүйелеуге көмектеседі. Бала алдағы әрекеттің жоспарын құрып, міндеттерін орындау тәсілін талқылайды, сөздердің жаңа формаларын қолдану, ашық түрде айту, осы кезеңдегі балалардың қарым – қатынасының жаңа міндеттеріне байланысты.
Ситуациялық сөз дегеніміз өзара әңгімелесіп отырған адамдардың өздеріне ғана түсіңікті сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін түсініксіз сөз. Ситуациялық сөйлеуге тән қасиет жобалап қана түсінуге болатын бастауышы түсіп қалған сөз. Бірақ ол көпшілік жағдайда есімдікпен ауысады, яғни «ол, олар» деген сөздерді пайдаланады.
Бала тілін дамыту үшін жұмбақ шешу, ертегі айту, тақпақ жаттаудың маңызы зор. Бала 5 жастан бастап, әңгіменің мазмұнын өз бетінше құрастырып, айтып бере алады, соның нәтижесінде диалогты және монологты сөздік қоры дамиды.
Тілдік материалдар негізінде байланысты сөйлеу ішкі сөйлеумен тығыз байланыста болады. 5 жастағы балалардың ойы тілдің қозғалуымен еріннің жыбырлауы және өз ойын сыбырлап сөйлеу арқылы жүзеге асады. Өйткені адам өзінің ойының мазмұнын жақсы біледі. Балалар үшін ішкі сөйлеу өте қысқа және икемді болады. Атақты психологтар А.А.Люблинская, Л.С.Выготский, Жан Пиаже зерттеулерінде 4-6 жастағы балаларда эгоцентрикалық сөз формасы басым болады. Бірақ эгоцентрикалық сөз 6 жастан кейін қалу керек.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі.
Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасының жоғары деңгейге көтерілуі жаңа әрекет түрлерінің бала психикасына әсер етуі және үлкендердің балаға қойылатын талап тілектерінің күрделенуіне тікелей байланысты.
Мектепке дейіңгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделеңгендігі байқалады. 3-4 жастан бастап бала қоршаға ортамен жан – жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс – әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай – ақ, іс – әрекеттің орындалуы барысында байқаусызда, материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.
Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленді. Мектепке дейінгі кезеңде сөз логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциалық сезімдік естің маңызы зор.
Есте сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін, естігенін өз сөзімен әңгімелеп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор.
Зинаида Михайловна Истомина 3-тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының 3 дәрежесін анықтаған.
I дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.
II дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай – ақ жүзеге асады.
III дәрежесінде бала еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс – тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады.
Еске сақтаудың осы II және III дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді.
Бала 6 жасқа келгенде тек механиккалық есі емес, сөз логикалық есі жақсы дамығынын байқауға болады.
Баланың сөз логикалық есінің жақсы дамығанын оның жақсы түсінген материалды есінде сақтап қайта жаңғыртуынан байқауға болады. Мысалы, 6 жастағы бала ертегі әңгіменің мазмұнын өз сөзімен қайталап айтқан кезде өзіне онша таныс емес «азамат» деген сөзді өзіне таныс күнделікті айтылып жүрген «ағай» деген сөзбен ауыстыра алады.
Кейде олар ертегі әңгіменің мазмұның өзгертпей, өз логикасымен толықтырып, қосып,тек жүйесін ғана өзгертуі мүмкін.
Баланың сөз логикалық есін дамытуда оқу әректімен шұғылдануының маңызы зор. Осы кезеңдегі сөз - логикалық естің жүзеге асуының өзі 3 кезеңнен өтеді:
-
Практикалық;
-
Сөздік әрекеттік;
-
Ақыл – ой әрекеті негізінде.
Ес үдерісінің нашар қалыптасуы іштен туа пайда болмайды, есте сақтаудың нашар болуы баланың ес үдерісіне күнделікті өміріне тәрбие үдерісінде дұрыс дамытуға тікелей байланысты.
Баланың ес үдерісін дамыту үшін бірнеше есте сақтау тәсілдерін білу керек. Мысалы:
-
Екі топтың балаларына көлемі бірдей мәтінді жаттап келіп, айтып беруге тапсырма берген кезде бір топқа еске сақтап, кейін қайта жаңғырту керектігі түсіндіріледі, ал екінші топтың баларына тек жаттап келіңдер дейді. Бір топтың еске сақтауы екіінші топқа қарағанда сапалы болады, өйткені еске сақтап қайта жаңғырту үшін мақсат қоюдың маңызы ерекше.
-
Бала материалдың мән – мағынасын жақсы түсінсе, есінде бәрін жасы сақтайды.
-
Бала еске сақтауға тиіс материалдарды көзімен көріп, қолымен ұстап тәжірибе жүзінде ұзақ, тікелей әрекет етсе, есіңде жақсы сақтайды, ал тез есте сақтаса тез ұмытады, әсіресі оқу әрекетін меңгерту кезінде баланың әртүрлі есінің типтік ерекшеліктерін ескеру керек.
В.С.Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтаумен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейіңгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірденеңі еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс – әрекет арқылы жүзеге асады, әрі іс – әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс – әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есіне сақтайды.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың қиял үдерісінің дамуы. Мектеп жасына дейінгі баланың қиялын ырықты деп айтуға болмайды, өйткені ол ешқандай мақсат қоюды талап етпейді. Ол балаға сыртан әсер ететін заттар мен құбылыстарға тикелей байланыста болады. Бала ойнайтын ойның да үлкендерге еліктеп қайталайды.
Баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайды. Ол сананың белгілі бір функцияларымен байланысты. Белгілер функциясын дамытудын екі желісі бар.
Бірінші желісі заттарды басқалай бейнелеулерімен тілдік, математикалық және басқа белғілерді пайдалануға, ойладың логикалық формаларын меңгеруге жетелейді.
Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқығаларды қиялдағылар арқылы толықтыру мен алмастыру мумкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған тусініктердің материялдарына жаңа бейнелер қүруға жетелейді.
Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан көрінеді. Бала таяққа отырып алып атпен жортады, бұл сәтте ол –салт атты, ал астындағы таяқ –аты. Бірақ шауып өте шығарлықтай ештеңе жоқ. Кезінде, таяқпен қымыл жасамағанда өзін ойынша таяқты шын ат дей де алмайды.
Бала сурет салғанда, ертегі мен тақпақты ойдан шығарғанда қиялы неғұрлым айқын байқалады. Балалар ойын кезіндегі сияқты мұнда да басында тікелей қабылдаған заттарды немесе қағаз бетіндегі суретерді пайдаланады.
Баланың қиялы үлкендерге қарағанда бай деп есептелгенімен, шындығында үлкен адамның қиялынан бай емес, керісінше әлдеқайда жұпыны. Өйткені баланың өмір тәжірібесі аз, білімі таяз, сондықтан қиялдауға қажетті материалдары да аз.
Мектеп жасына дейінгі бала қиялы көбінесе ықтиярсыз қайта жасау негізінде жүзеге асады,яғни біреудің жазғаны мен сызғанына,поэзиялық шығармаларының, ертегі әңгімелердің негізіне сүйенеді. Сезімнің арқасында ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарады. Бала өз шығармасының қорытынды мазмұнын қандай болатынын өзіде білмейді.
Ықтиярлы,арнайы қиялдың дамуы да, зейін мен естің ықтиярлы формаларының дамуы сияқты баланың мінез –құлқының сөзбен реттелуінің қалыптаса бастауындағы жалпы үдерістің бір жағы болып табылады. Іс-әрекеттің жемісті түрлеріндегі мақсат қою мен ойды құру жетекшілігі сөз арқылы жүзеге асады. Бала қиялын дамытуда ойынның сурет салу және құрастыру әрекеттерінің әдеби шығармалар мен ертегі әңгімелердің де маңызы зор.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімінің дамуы. Мектепке дейінгі шақтағы балалар өмірінде сезім барлық психологиялық таным үрдістерінен сипаты жағында жоғары болады, оған реңк және мәнерлік береді. Кішкентай балалар өздерінің толғаныстарын меңгеруді әлі білмейді. Ол үнемі дерлік өзін тартып әкеткен сезімдеп шырмауында қалып тырады. Үлкендермен салыстырғанда баллаларда сезімнің сыртқы бейнесі неғұрлым қызу, тікелей әрі еріксіз сипатта болады. Баланың сезімі жылдам әрі айқын көрінеді де, тез
сөнеді.
Қызу шарттық артынша-ақ жылаумен алмасады. Бала толғаныстарының ең күшті басты көзі – баланың басқа адамдармен, үлкендермен, балалармен өзара қарым-қатынастары. Төңірегіндегі адамдар балаларға еркелете қараса, оған назар аударса, бала эмоциялық рахаттылықты сенімділікті, қамқорлықты сезінеді. Әдетте мұндай балаларда сергектік шат көңіл-күй басым болады. Эмоциялық рахаттылық баланың жеке басының әдеттігінше дамуына жағымды қасиеттерінің басқа адамдарға тілектестік қарым-қатынастарының төселуіне себепші болады. Үлкен адамдардың балаларға қатысты мінез- құлқы балада түрлі сезімдр – қуаныш, реніш шаттық тағы басқа сезімдер тудырады. Бала бір жағынан еркелетуге , мақтауға, екінші жағынан өзіне жасалған реніш пен көрсетілген әділетсіздікке қатты толғанады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда жақын адамдарына алдымен ата-аналарына аға інілерін, апа-қарындастарына деген махаббат, мейірімділік сезім болады. Оларға көбіне қамқорлық аяушылық білдіреді. Өзге адамға деген сүйіспеншішілік пен мейірімділік баланың көзқарасы бойынша оларды ренжітушілерге қарсы тұратын қаһармен және ызамен байланысты. Бала түсінбестіктен жақсы көрген адамның орнына өзін қояды, осы адамның басынан кешірген қайғыға немесе әділетсіздікке өз басынан түскен ауыртпашылықтай толғанады. Ертедегі жағымды кейіпкерлерге бала ерекше аяушылық білдіреді, бірақ өлке ұшыраған жауыздарды да аяйды. Бала көбінесе жағымсыз кейіпкерлерін одан қорғауға тырысады. Ертегіні тыңдаған кездегі балада пайда болатын сезімдер оны жалаң тыңдаушыдан оқығаның белсенді қатысушысына айналдырады. Бала сезімнің ішінде қатты қорқыныш, толғаныс ерекше орын алады. Қорқыныштың тууы көбінесе, үлкендердің теріс тәрбиесімен қиынсыз мінез-құлықтарына байланысты.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала сезімінің сыртқы белгілері де айтарлықтай өзгереді. Бірінші, бала біртіндеп белгілі бір дәрежеге дейін қызу,батыл сезімдерді көрсетуді тежей білуге үйренеді. 5-6 жасар бала көз жасын тыя біледі, қорыққандығын білдірмейді. Екіншіден, көз тастау, күлімсіреу, ымдау, ишарат, кейін қозғалыс, дауыс ырғағының көмегі арқылы толғаныстың жұрт арасында қабылданған аса нәзік нышандарын бейнелеу үшін сезімдер тілін меңгереді.
Мектеп жасына дейінгі балада еріктің дамуы. Баланың ерік әрекеті саналы талап-тілектерінің нәтижесінде шешімге келіп, оны орындаумен сабақтасып, дамиды. 2 жастан асқаннан кейін тәрбиенің және ойынның ықпалымен баланың тәжірибиесі арта түседі, қиядай бастайды, ойлау қабілеті көріне бастайды. Өзінің талап - тілектерін түсінуге жарап қалады. Бірақ талап-тілектері еді де болса саналы бола қоймайды, тек эмоциялық сипатта ғана жүзеге асады. Эмоцияны ықпалы мен орындалатын әрекет қарапайым ерік әрекетіне жатады. Үлкендер балаға “Барып кел, алып кел, үйдің сурeтін сал” деген сияқты тапсырмалар береді. Бала үлкендердің айтқанын орындай жүріп, әр түрлі әрекеттерге жаттығады. Баланың еліктеген қылықтарының өзі қажыр мен қайраттылығын дамытады. Осылай бала әрекетінде эмоциялық белсенділік орын алады. Оларды эмоциялық сезім билеп, еркі тұрақсыз болып, іс – әрекет үстінде шешімін өзгертіп отырады. Алайда өзгерген мақсат күшті сезім туғызса,
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген