400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Реферат "Төле Әлібекұлы" жайында

Материал туралы қысқаша түсінік
Төле би Әлібекұлының шешендігі жайында мағлұмат ала алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Реферат тақырыбы: «Төле Әлібекұлының шешендігі»

І.Кіріспе
«Төле Әлібекұлының өмірі»
ІІ. Негізгі бөлім
Шешендігі
а) Абылай ханның басқару кезінде
ә) «Ел баласы екенсің»
б) «Төле бидің төрелігі»
І
ІІ Қорытынды.
«Төле би айтқан толғаулар»
І. «Төле Әлібекұлының өмірі» Төле би Әлібекұлы (1663 – 1756 ) қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Әйтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында « бүтін билікке Төле би жеткен» деген сөз қалған тарихи тұлға. «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдаиберді би Есімхан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған ( Қазыбек бек Тауасарұлының « Түп тұқияннан өзіме дейін» кітабынан). Яғни Есімхан тұсындағы халық аузында «Есім ханның ескі жолы» атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп атауға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік – поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі сауатты адам болған. 15 – 20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Ол 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі Дулат тайпасының жаныс руынан. Бала күнінен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық – шешендік өнеріінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл – парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.
ІІ. «Абылай ханның басқару кезінде». 1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытты. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орнынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға ықпал жасауын өтінгендігі айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған тоқсан адам елші болып барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5 – қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған, қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. 1734 жылы Ресей патшасы Анна Ивановаға және 1749 жылы Орынбор губернаторы И. Неплюевке хат жолдап, бодандықты қабылдауға ризашылық етті. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қойды. 1748 жылы орыс сауда керуені тоналғанда, бұған кінәлі Қойгелді батырды билер алқасына шақырырып, оған бұл шығынды жұрт




көзінше өтеттіреді. 1748 жылы Әділқайыр хан қазақ тапқанда, оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Төле биге шағымданады. Төле би Әбілқаырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы заңына сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады. Ералы айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн орнына өз қолымен өлтіреді.
Әбілқайыр ханның балалары бұған да тоқтамай, Барақ сұлтанның жауапқа тартылуын Төле биден сұрайды. Бас сауғалап қашып жүрген Барақ сқлтан Төле биге өзі келіп, жасаған ісі үшін сотқа тартуды сұрайды. Төле би билер сотына қазақ билерінің ішінен Барақ сұлтанның ұсынуы бойынша төрт белгілі биді (Жалған би, Сырлыбай би, Даба би, Қабек мырза) қатыстырады, өз тарапынан бірнеше биді шақырады. Билер алқасында Төле би Барақ сұлтанды ақтап алады. Төле би Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамның құнын кескенде де, Барақ сұлтанды ақтап алғанда да, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің өтеуіне екі мың жылқы төлеуге билік шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныш жағдайын, тұтастығын сақтауды көздеді. Төле бидің бұл секілді ел аралық сипаттағы билігімен қатар ұлыс ішіндегі дауларды шешкен билігінен де оның мемлекеттік деңгейдегі парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет – тілегінің тазалығы танылады. Төле би хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтады. Оны елге танымал « Елге бай құт емес, би құт» дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Бізге келіп жеткен аңыз – әңгімелерде Төле бидің ұлт бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы айтылады.
ә) «Ел баласы екенсің» Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп жыл бұрын үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмай отырғанда, топқа еріп келген он бес жасар Төле билік айтушылардың бірде – біріне көңілі толмай:
Ақты ақ деп бағалар,
О, игі жақсы ағалар,
Өзегі талса ел біткен,
Өзен бойына жағалар – деп, сөз бастай бергенде: « Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без» - деуші еді. Мына бала кім өзі ? - дейді төрдегі Төле қасқая қарап:
- О,би аға, он үщте отау иесі демес пе,
Кіналімін бе келіп қалсам он беске,
Сөз сөйледім бұйыра көрмеңіз айыпқа,
Алакөз болу ағайын адамға лайық па?

О, игі асқар тауымыз,

Әділ ме осы дауымыз,
Жар астында тұрғанда,
Жасырынып жауымыз – дейді.Сонда төрдегі би:

- Қой асығыс демеңдер,
Қолына жақса сақа ғой,
жасы кіші демеңдер,
Ақылы асса аға ғой, - деген екен.
- Балам ағалық билікті саған бердім, - дейді. Бала Төле жұлып алғандай:
- Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын арғын жайласын, - деп билік айтады.
Бұл шешімге екі жақта риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:
Үй баласы ма деп едім,
Ел баласы екенсің,
Ай маңдайлы арысым,
Талабың алдан өтелсін,
Ауылыңның таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол, - деп бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау – жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты.
б) «Төле бидің төрелігі». Ерте заманда бір төре кедей адамға егін ектіріп,ақы төлемей өзі пайдаланып жүреді екен. Кедей адамға бала шағасын асырау қиын болыпты. Келесі күзде егін жақсы шығып, кедей егінді Төреге айтпай жинап алыпты. Төре кедейдің басын жарады, таяқ жеген кедей Төле биге арызданып барыпты. Төле би қартайған уақыты екен, және төренің жағдайын естіген болса керек. Төрені шақыртып алып:
Таласқандарың қара жер,
Төрем болдың босқа тер,
Егіншіңмен айтысып,
Қор боп қапсың қайран ер,
Қор болмасты ойласаң,
Мүсәпірдің қақын бер, - деген соң, әлгі төре ұялып,кедейдің ақысын беріп риза қылыпты.
І
ІІ «Төле би айтқан толғаулар». Төле би айтқан толғаулар аз емес.
- Жаманға да бақ қонатын күн болады,
Біреудің өтірігі шын болады,
Батырдан бақ қайтатын күн болса,
Қанша тауы айтса да мін болады.
Қаңғыртса ханнан қызы ханшаны,
Бақытсыз бір лайық күн болады.

Тамам жарлы жиылып,
Қонған жері көн болмас,
Тамам сұлтан жиылып,
Сөйлеген сөзі жөн болмас,
Ұры – қары жиылып,
Ұйытқылы ел болмас,
Жаманды қанша мақтасаң,

Жайды білер ел болмас...

Қарағайдан биік ағаш жоқ,
Бұтақтары болмаса берекелі тайша жоқ,
Ақылды деген адамның
Айтарға аты болмаса, айтққан сөзі жайша жоқ,

Батыр деген Барақ ит,
Екі долы қатынның бірі табады,
Би деген бір бұлақ
Қатынның ілуде бірі табады.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпаса айтқан сөз жетім,
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің пырағы,
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – иманың,
Екінші жиғаның,
Үшінші – ырысыңның тұрағы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.05.2019
490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі