Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Рефлексивті есеп."Лашын"қоғамдастық тобы.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№12 С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің «Лашын» қоғамдастық бірлестік тобының тәлімгері С.Тұрлыбекованың 2016-2017 оқу жылындағы караша, желтоқсан айларына рефлесивтік есебі.
14.11.-19.11. аралығына апталық рефлексивтік есеп.
Бұл аптада мен тәрбие тәлімгерінен оқу тәлімгері болып тағайындалдым.Тәлім алушыларыма тобымды таныстырып оның мақсатын,міндетін айтып өттім.Сонымен бірге өз тобымыздың ережесін де құрып алдық.Сол ережеге бағынып,бірлесіп жұмысістеуді жөн көрдік.
«Лашын»тобы кәсіби қоғамдастығының жұмыс ережесі.
-
Бір-бірімізге көмек көрсетейік!
-
Тұлғаның жеке басын сынамай,көзқарас пен пікірді сынайық.
-
Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!
-
Кешікпейік!
-
Қысқа да нұсқа сөйлейік!
-
Уақытты үнемді әрі тиімді пайдаланайық!
-
Берілген тақырыптан ауытқымайық!
-
Біз үшін әрбір пікір құнды!
-
Жекелей жұмыс жасағанда,бір-бірімізге бөгет жасамайық!
-
Әріптестеріміздің сабақтарына жүйелі енейік!
-
Коучинг сабақтарына қатысайық!
Бірлесе отырып айлық жоспар және апталық жоспар құрдық.Осы жоспарды басшылыққа ала отырып жұмысты бастап кеттік.Алдымен нысаналы сыныпты таңдап алдық.Сол сынып бойынша әдебиеттік оқу пәнінен зерттеу сабағының қысқа мерзімді жоспарын бірлесе отырып жасадық.Сәрсенбі,бейсенбі күндері нысаналы сыныпқа жоспарланған сабақты тәлім алушым Әлібекова Қамарсұлу апай өтті. Мен оқушыларды бақылап отырдым,Рсымбетова Қалипа апай мұғалімнің іс-әрекетін бақылап отырды,ал Қамар апай әдіс-тәсілдерге мән берді.Сабақтан соң осы бақылауларды талқыладық. Жұма күні «Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану» тақырыбында коучинг өткіздім.
Сенбі күні бірлесе отырып келесі аптаның жұмыс жоспарын жасадық.
21.11.-26.11. аралығына апталық рефлексивтік есеп.
Апта бойы атқарылған жұмыстар бойынша топ мүшелерімен мектеп көшбасшысына есеп тапсырдық. Есеп беру арқылы кәсіби біліктілігіміз шыңдалып осы аптаның жұмысының апталық жоспарын құрдық. Сабақтын жоспарын жаңа үлгімен жазу әріптестеріме қиындау болды. Күнделікті сабақ жоспарына көңіл бөліп,тиянақты жазуын ескерттім.Себебі, оқушылардың білім сапасына әсер ететінін айтып өттім.
Өткен аптадағы өтілген сабақтың кемшіліктерін ескере отырып, «Сын тұрғысынан ойлаудың әдістері»тақырыбында коучинг сабағын қайталап өттім.Коучинг сабақта әріптестеріме біршама деректер ұсындым. Тә
Тәлімалушыларым ойына түйгенін,өз сабақтарында пайдаланатынын «БББ»кестесі арқылы көрсетті.Сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі күні тізбектелген зерттеу сабақтарын өттік.Сабақтарды талқылап кері байланыс жасадық.Сенбі күні келесі аптаның қысқа мерзімді жоспарын,дүйсенбі күннің рефлексиясын дайындадық.
28.11-3.12 аралығына апталық рефлексивтік есеп.
Әдеттегідей дүйсенбі күні апта бойындағы жасаған жұмысымыз туралы директордың алдында есеп бердік. Сейсенбі күні нысаналы сыныппен зерттеу сабағын өткіздік.Сабақтан соң оқушылардан «Оқушы үнін»сұрақ қою арқылы сабақтың қай деңгейде өткенін анықтадық.
Сәрсенбі,бейсенбі күндері тізбектелген сабақтарды өттік.Жұма күні «Екі түрлі түсініктеме күнделігі әдісі» тақырыбында коучинг сабағын өттім.Мұғалімдер ол әдісті меңгергенін олардың жазған кері байланысынан білдім. Аптаның соңында келесі аптаның қысқа мерзімді жоспарын,апталық жоспарды жасадық.
5.12-10.12 аралығына апталық рефлексивтік есеп.
Топ мүшелерімде кездескен қиыншылықтарды жою мақсатында апта бойы атқарылған жұмыстар бойынша топ мүшелерімен кәсіби сұхбат жүргіздім. Біргелесіп нысаналы сыныпқа ҚМЖ құрдық.Бұл жолы бағалауға көңіл бөлдік, бағалау арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру және де ҚМЖ жазғанда бағалау графасын әріптестеріме толтыруға үйрету болды. Бұл аптадағы коучинг тақырыбын да « Крестиктер мен нольдіктер» деп алдым. Мақсатым:Әдіс-тәсілді терең түсіндіру болды .Нысаналы сыныпқа жоспар құрып «Миға шабуыл», «Шаттық шеңбер» әдістерін енгіздік. Пәндес мұғалімдердің сабақтарына ену арқылы кедергілерін анықтап жою жолдарын әріптестерімен бірге қарастырдым.
Апта соңында өткен аптаға рефлексиялық есеп жазып тапсыру,әріптестерімнен талап еттім. Мақсатым:үздіксіз іздендіру, әдіс алмастыру,есеп жаздыру арқылы, мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру болды.
12.12-17.12 аралығына апталық рефлексивтік есеп.
Әдеттегідей бұл аптаны да көшбасшыға есеп беруден бастадық.Осы аптаға жоспарланған жоспарды қарап шығып әр қайсысымыз өз жұмысымызға кірісіп кеттік.
Сейсенбі күні нысаналы сыныппен зерттеу сабағын жүргіздік. Сәрсенбі,бейсенбі күндері тізбектелген сабақтарымызды өттік.Сабақтарға талдау жасап,қорытындыладық.Бұл аптада тобымызбен бірге декреттік демалыстан келген әріптесіміз Оразбаева Гүлпаршынға топтың ержесін,міндетін,мақсатын түсіндірдік.
Жұма күні « Диалогтық оқытуда пайдаланылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында коучинг сабағын өттім.Коучингте бейнефильм,слайдтар көрсеттім.Мақсатым:Әдіс-тәсілдерді меңгертіп,естерінде сақтату.Сенбі күні келесі аптаның сабақ жоспарын бірлесе отырып жасадық.Апталық жоспарды құрдық.
19.12-24.12 аралығына апталық рефлексивтік есеп.
Аптаны директорға есеп беруден бастадық.Қоғамдық бірлескен топтар арасында пікір алмастық.
Тәлімалушылармен апталық жоспарға шолу жасадық.Сол жоспар бойынша жұмыстар жүргіздік.Нысаналы сыныппен,тізбектелген сабақтарды өттік.
Үнемі тәлімалушылармен кездескен қиыншылықтарды жою мақсатында кәсіби сұхбат жүргізіп отырдым.Өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік бердім. Апта соңында өткен аптаға рефлексиялық есеп тапсыру қажет екенін айтып түсіндірдім. Мақсатым: Үздіксіз іздендіру,әдіс алмастыру,есеп жаздыру арқылы,мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру еді. Қандай тиімді әдіс үйрендім, қолдандым? сұрақтарға жауап алу.Әр тәлімалушым бір күндік кері байланысты үнемі жазып отырады.Сол кері байланысты апта соңында оқып шығымыз.Себебі,түсінбегендерін бір-бірінен білуге мүмкіндік алады.Сенбі күні келесі аптаның сабақ жоспарын жасадық.Апталық жоспарды құрдық.
№12 С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
«Лашын» қоғамдастық бірлестік тобының тәлімгері Тұрлыбекова Сәуленің 2016-2017 оқу жылындағы караша, желтоқсан айларының рефлексивтік есебі
2016-2017 оқу жылы
09.01.-14.01.17ж аралығына апталық рефлексивтік есеп.
Дүйсенбі күні модераторымыз Махашева Райхан апай тәлімгерлермен жиналыс өткізді.Ол жерде апта бойында жасалатын жұмыстармен таныстырып,өз талаптарын айтып өтті.
Сейсенбі күні «Талантты және дарынды балаларды анықтау және оқытудағы тиімді әдіс тәсілдер» тақырыбында коучинг сабақ өттім.Сабағыма үш тәлімалушым қатысты.Оларға тақырыпқа байланысты слайдтар,бейне фильмдер көрсеттім.Мұғалімдер дарындылық аясында өз ойларын айтып отырды.Сабақ соңында өздерінің не білгендері жөнінде БББ кестесі арқылы кері байланыс алдым.
Сәрсенбі,бейсенбі күндері тізбектелген сабақ жоспарларын өттік.
Нысаналы сынып бойынша қазақ тілі пәнінен тәлім алушым Әлібекова Қамарсұлу апай «Жұрнақ» тақырыбында сабақ өтті.
Мен оқушыларды бақылап отырдым,Рсымбетова Қалипа апай мұғалімнің іс-әрекетін бақылап отырды,ал Гүлбаршын апай әдіс-тәсілдердің тиімділігін зерттеп отырды.Сабақтан соң осы бақылауларды талқыладық. Кедергілер,қиыншылықтар көп кездесті.Дегенмен оларды жеңуге тырыстық. Сенбі күні бірлесе отырып келесі аптаның жұмыс жоспарын, қысқа мерзімді жоспарын жасадық. Келесі аптада нысаналы сыныптағы математика пәнін аламыз деп шештік.
«Лашын» кәсіби қоғамдастығының 23.01.-28.01.17ж аралығындағы апталық рефлексивтік есебі.
Дүйсенбі күні қоғамдастық топтар жиылып көшбасшыға есеп бердік.Алдымызда кездескен кедергілерді жою мақсатында пікірлер,ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар барлық мұғалімдер графапроектормен көбірек жұмыс жасайтын болғандықтан коучинг тақырыбын «АКТ,Ұялы телефонды сабақта тиімді пайдалану»деп алдық. Сейсенбі күні осы тақырыпта коучинг сабақ өттім. Сабағыма төрт тәлімалушым қатысты.Тәлім алушыларыма тақырыпқа байланысты слайдтар,бейне фильмдер көрсеттім.Мұғалімдер Акт туралы өз ойларын айтып отырды.Сабақ соңында өздерінің не білгендері жөнінде «Алақан» арқылы арқылы кері байланыс алдым.
Бейсенбі,жұма күндері тізбектелген сабақ жоспарларын өттік.
Нысаналы сынып бойынша математика пәнінен тәлім алушым Рсымбетова Қалипа апай «Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару»тақырыбында сабақ өтті.
Ал Қамар апай « « «37+7 44-7» тақырыбында сабақ өтті. Ал татМен оқушыларды бақылап отырдым,Әлібекова Қамар апай мұғалімнің іс-әрекетін бақылап отырды,ал Гүлбаршын апай әдіс-тәсілдердің тиімділігін зерттеп отырды.Сабақтан соң осы бақылауларды талқыладық. Кедергілер,қиыншылықтар көп кездесті.Дегенмен оларды жеңуге тырыстық. Сенбі күні бірлесе отырып келесі аптаның жұмыс жоспарын, қысқа мерзімді жоспарын жасадық. Келесі аптада нысаналы сыныптағы әдебиеттік оқу пәнін аламыз деп шештік.
«Лашын» кәсіби қоғамдастығының 16.01.-21.01.17ж аралығындағы апталық рефлексивтік есебі.
Дүйсенбі күні қоғамдастық топтар жиылып көшбасшыға есеп бердік.Алдымызда кездескен кедергілерді жою мақсатында пікірлер,ұсыныстар айтылды.Сейсенбі күні «Дарынды және Талантты балаларды анықтау, оқытудағы тиімді әдістер» тақырыбында коучинг сабақ өттім.Сабағыма екі тәлімалушым қатысты.Оларға тақырыпқа байланысты слайдтар,бейне фильмдер көрсеттім. Мұғалімдер тақырыпқабайланысты өз ойларын айтып отырды.Сабақ соңында өздерінің не білгендері жөнінде БББ кестесі арқылы кері байланыс алдым.
Сәрсенбі,бейсенбі күндері тізбектелген сабақ жоспарларын өттік.
Нысаналы сынып бойынша математика пәнінен тәлім алушым Әлібекова Қамарсұлу апай «68+2, 70-2» тақырыбында сабақ өтті. Жұма күні Рсымбетова Қалипа апай «Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу» тақырыбында сабақ өтті.
М ММен әдеттегідей оқушыларды бақылап отырдым,Рсымбетова Қалипа апай мұғалімнің іс-әрекетін бақылап отырды,ал Гүлбаршын апай әдіс-тәсілдердің тиімділігін зерттеп отырды.Сабақтан соң осы бақылауларды талқыладық. Кедергілер мен қиыншылықтарды жеңуге әрекет жасадық. Сенбі күні бірлесе отырып келесі аптаның жұмыс жоспарын, қысқа мерзімді жоспарын жасадық. Келесі аптада нысаналы сыныптағы тағы да математика пәнін аламыз деп шештік.
«Лашын» кәсіби қоғамдастығының 06.02.-11.02.17ж аралығындағы апталық рефлексивтік есебі.
Апта бойы атқарылған жұмыстар бойынша топ мүшелерімен мектеп көшбасшысына есеп тапсырдық. Алдымызда кездескен кедергілерді жою мақсатында пікірлер,ұсыныстар айтылды. Сейсенбі күні «Сын тұрғысынан ойлаудың тиімді әдіс тәсілдері» тақырыбында коучинг сабақ өттім.Сабағыма үш тәлімалушым қатысты. Тәлім алушыларыма тақырыпқа байланысты слайдтар,бейне фильмдер көрсеттім.Мұғалімдер тақырып туралы өз ойларын айтып отырды.Сабақ соңында өздерінің не білгендері жөнінде «Алақан» арқылы арқылы кері байланыс алдым.
Бейсенбі,жұма күндері тізбектелген сабақ жоспарларын өттік.
Нысаналы сынып бойынша әдебиеттік оқу пәнінен тәлім алушым Рсымбетова Қалипа апай Қ.Толыбаевтың «Самал», Ы.Алтынсариннің.«Таза бұлақ» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ал Қамар апай «Ағаш тостақ» тақырыбында сабақ өтті. Ал татМен оқушыларды бақылап отырдым,Әлібекова Қамар апай мұғалімнің іс-әрекетін бақылап отырды,ал Гүлбаршын апай әдіс-тәсілдердің тиімділігін зерттеп отырды.Сабақтан соң осы бақылауларды талқыладық. Кедергілер,қиыншылықтар көп кездесті. Сенбі күні бірлесе отырып келесі аптаның жұмыс жоспарын, қысқа мерзімді жоспарын жасадық. Келесі аптада нысаналы сыныптағы әдебиеттік оқу пәнін аламыз деп шештік.
«Лашын» кәсіби қоғамдастығының 30.01.-04.02.17ж аралығындағы апталық рефлексивтік есебі.
Дүйсенбі күні қоғамдастық топтар жиылып көшбасшыға есеп бердік.Алдымызда кездескен кедергілерді жою мақсатында пікірлер,ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар барлық мұғалімдер графапроектормен көбірек жұмыс жасайтын болғандықтан коучинг тақырыбын «АКТ,ноудбукті сабақта тиімді пайдалану»деп алдық. Сейсенбі күні осы тақырыпта коучинг сабақ өттім. Сабағыма төрт тәлімалушым қатысты.Тәлім алушыларыма тақырыпқа байланысты слайдтар,бейне фильмдер көрсеттім.Мұғалімдер Акт туралы өз ойларын айтып отырды.Сабақ соңында өздерінің не білгендері жөнінде «БББ»кестесі арқылы кері байланыс алдым.
Бейсенбі,жұма күндері тізбектелген сабақ жоспарларын өттік.
Нысаналы сынып бойынша әдебиеттік оқу пәнінен тәлім алушым Рсымбетова Қалипа апай «Жазғытұры», «Бозторғай - дала сәні»тақырыбында сабақ өтті.
Ал Қамар апай «Бармақтай бала» тақырыбында ашық сабақ өтті.татМен оқушыларды бақылап отырдым,Рсыбетова Қалипа апай мұғалімнің іс-әрекетін бақылап отырды,ал Гүлбаршын апай әдіс-тәсілдердің тиімділігін зерттеп отырды.Әдеттегідей сабақтан соң осы бақылауларды талқыладық. Сенбі күні бірлесе отырып келесі аптаның жұмыс жоспарын, қысқа мерзімді жоспарын жасадық. Келесі аптада нысаналы сыныптағы әдебиеттік оқу пәнін аламыз.