жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Рефлексия және даму
Сахитхан Дәмен Педагогикалық қоғамдастықтағы С есебі
Көкшетау мұғалім көшбасшылығы
Мұғалім портфолиосы
Рефлексия және даму
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты Шым –шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
В.А.Сухомилинский
Қазіргі кезде өзара байланысқан халықаралық қоғамдастықта өмір сүрудеміз, ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жастар мән –жайды түсініп, тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттілігі күн санап өсуде, олар оқушылардың әртүрлі топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүкіндік бере алады .Осы жолғы курыс менің кәсіби педагогикалық тәжірибем мен рухани жетілуіме оң әсерін тигізді деп ойлаймын.Себебі алғашқы бетпе-бет кезеңінде алған білімді « Мектептегі тәжірибе» барысында қолдана отырып, өз бойымнан өткізіп барып,курстың маңыздылығын түсіндім. Зерттеу барысында мектептің даму бағдарламасына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп, нәтижелерге қол жеткіздім.осы жолғы курыста мектеп әкімшіліктері мен әріптестерімнің қолдауы аса қажет болды.
Мектептегі тәжірибе барысында деңгейлік курыс бітірген 1- деңгей Мұғалімі С есімді әріптесімнен мектептегі тәжірибе барысында көмек беруін өтінді. Әріптесім қуана келісті және қазіргі мектептегі негізгі проблема болып отырған жаңартылған білім беретін 5-7 сынып мұғалімдері күнделікті қалыптастырушы бағалау жүргізуден қиналып жүргендерін. Қалыптастырушы бағалауда қолданатын әдіс –тәсілдерді дұрыс қолдана алмай жүргенін және осы мұғалімдерге әдістемелік көмек керек екенін айтты. Қоғамдастықтың жоспарын құруда осыны басты назарға алу керек екенін ескертті. Келесі кезеке осы аталған проблемаларды шешудің жолын табу және мектепттің обьективті жағдайланыр анықтау үшін сауалнама алдым.
Бірінші кезекте оқушылардан сауалнама алдым. Сауалнама нәтижесінде:
1. Сізге Мұғалімнің сабақ өтуі ұнай ма? Деген сұраққа қатысқан 24 оқушының 21% «Ия», 58% «Кейде», 20% «Жоқ» деп жауап қайтарды.2. Мұғалімдер сіздердің пікіріңізге құлақ сала ма және оқу тәсілдері мен жолдарын өз бетіңше таңдауыңызға мүмкіндік бере ме? 17% оқушы «ия»,50% «кейде» 33% оқушы «жоқ» деп жауап берді.3. Мұғалімдер оқудың сапасын арттыруға мүмкіндік беретін кері байланыс ұсына ма? 25%оқушы «ия»,33% оқушы «кейде»,41% оқушы «жоқ» деп жауап берді.
4 Сабақтарда білім әділ бағалана ма? деген сұраққа 41% оқушы «ия».29% кейде.29%оқушы «жоқ».5 Мектептің оқыту үдерісіне өзгеріс еңгізу қажет пе?.?62% оқушы «ия», 17% оқушы «жоқ»,21 оқушы «кейде» деп жауап берді.
6. Мектептің қазіргі жағдайы білім алушы ретінде сізді қызықтыра ма ? деген сауалнамаға «иә»деп көрсеткен -40%, «кейде»дегендер-36 %, «жоқ»-деушілер-24%көрсетті.
Сауалнама нәтижесі мұғалімдер оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін тек ашық сабақтар өткізу кезінде қолданатынын. Бағалау барысында мұғалімдер барлық оқушыны бірдей бағаламай кейбір оқушылар қалыс қалатынын көруге болады.оқушылардың көп сандысы мектептегі оқу үдерісіне өзгеріс енгізу қажет деп есептейді.

мектептің қазіргі жағдайына білім алушы ретінде қызықпайды екен.Яғни ынталандыру жұмыстары тиісті деңгейде емес екендігін байқадым. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін бірінші кезекте олардың тұлға іретінде өздерін сыйлауын және өз ойларын ашық жеткізуге және өзін –өзі бағалауға үйрету керек деп есептеймін.
Мұғалімдерден алынған сауалнамада: Мектепте бүгінгі күнде қалыптасқан жағдайға өзеріс енгізуді қолдайсыз ба? 40% «Ия».37% «Жоқ».23% «кейде» деп жауап берді. 2. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз өзіңізге ұнайды ма? 17% «Ия».43% «Жоқ».40% «кейде».3. Оқытуда қалыптастырушы бағалауды жиі қолданасыз ба? 20% «Ия».37% «Жоқ».43% «кейде» .4. Сабақта жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуді қолданасыз ба? 23% «Ия».30% «Жоқ».47% «кейде» .5. Оқуға биімділігі жоқ оқушыларды ынталандыру жолын білесіз бе? 13% «Ия».12% «Жоқ».47% «кейде».6. Сіз жаңа әдіс тәсілмен сабақ өтіп жатқан мұғалімнің сабағына кірдіңіз бе? 60% «Ия».13% «Жоқ».26% «кейде».7. Бала сабаққа еркін қатысқан жағдайда нәтиже болатынына сенесіз бе? 33% «Ия».17% «Жоқ».50% «кейде» деп жауап берді. Осы нәтижеге қарап мұғалімдердің сабақ өту тәлісдері өздеріне ұнамайды. Белгілі бір өзгеріс қажет екендігін түсінеді.қалыптастырушы бағалауды сабақта қолдануды жеттік білмейтінін аңғардым.

Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу барысында сабақта бағдарламаның жеті модульн сабақта қалай ықпалдастыра қолдануға және сабақта қандай тиімді әдіс – тәсілдерді қолдағанда оқушылар бұрынғы дәстүрлі сабаққа қарағада сабақтағы белсенділіктері, қызығушылықтар және топпен жұмыс жасау дағдылары және өзін-өзі бағалау және басқаларды бағалауды үйренетінін . ең бастысы алған теориялық білімдерін өмірде қалай қолдана алатын, сабақта шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын қалай арттыруға боады. Бірінші сабақ трапеция тақырыбында өтті. Сабақты өткізу барысында топқа бөлуде оқушылар дағдыланбағандықтан шуыл көп болды. Топтық жұмыс барысында кейбір оқушылар топпен жұмыста белсенділік танытпады. Топтық жұмысты қорғау кезінде тек сынып белсенділері шығып топтық жұмысты қорғады. Келесі бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар тақырыбында оқушылар үйге берілген тапсырмаға мұқият дайындалып келгендітері көрінді.Сабақ басталғанда психологиялық тест пен сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудырлыды.Топқа бөліну барысында оқушылар тездікпен қимылдап топқа бөлінді. Сурет қиындыларын құрастырды. Топтық жұмыста барлығы бірге ат салыса орындады. Қорғау кезінде топтан екі оқушыдан шығып қорғады. Ертегіні мұхият тыңдап сұрақтарға жауап берді. Деңгейлік тапсырмаларды орындаған кезде топтық жұмысқа біршама көп уақыт бөлгендіктен уақыт жеткілісксіз болды. Соңғы рефлексияда оқушылар «Бес саусақ әдісін » қолданды.тест жұмысында оқушылар бір –бірін бағалады. Келесі сабақтарда тапсырмалар уақытқа сай алынды. Осы сабақтар кезінде байқағаным сыныптағы белсенділігі төмен оқушы В . топтық жұмыс барысында суретті жақсы салатынын байқадым.С оқушы төртбұрыштарды өмір мен жақсы байланыстыра білді. Басқа саладағы төртбұрштардың қолданылуында П оқушы төртбұрыштарды күнделікті киіп жүрген киімдерде көп кездесетінін айтты,ол дизайын саласына қызығушылық танытты. Н есімді оқушының логикасының жақсы дамығанын байқадым.сұрақтар қою барысында логикалық сұрақтарды сыныптастарына қоя білді және жауап бере алмаған жағдайда өзі жан –жақты түсіндіріп берді.
Осы сабақтар топтамасындағы сәтсіз болған тұстарым: 1.Тапсырмалардың уақытқа сай алынбауынан уақыт жеткіліксіз болды.2. топтық жұмыс жасауда уақытында орындап бітпеуі.3. Оқушылардың топқа бөліну дағдыларының қалыптаспауы.4. өзара бағалау барысында әділ болмауы.
Сәтті болған тұстары:1. Кейбір үлгерімі төмен оқушыларды топтық жұмысқа тарта білдім.Сыни ойлауға үйренді. 2. Сабақта оқушылар белсенді қатысты.3. Сабақта тиімді кері байланыс орнатылды.
Қоғамдастық құрылған соң қоғамдастық мүшелері арасында « Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау» тақырыбында дөңгелес стол өткіздім. Дөңгелек стол өткізу барысында қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау қай кезде жүргізілетіндігі туралы математика пәні мұғалімі Х есімді әріптесім: « Қалыптастырушы бағалау оқу үшін бағалау. Бұл кезде бал,баға қойылмайды. Ал жиынтық бағалау оқуды бағалау. Бұл кезде берілген тапсырманы дискрипторлар арқылы балмен есептейміз. Әр тарау немесе бөлім біткенде бір жиынтық бағалау алынып отырады.......» деп нақты түсіндіріп берді. « Қалыптастырушы бағалау –оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру тәсілі» тақырыбындаға коучинг өткіздім. Коучингті өткізудегі мақсатым: Мұғалімдердің қалыптаструшы бағалау туралы түсініктері қалыптасады; оқу үдерісінде қалыптаструшы бағалау әдістерін қолдануға бағыт-бағдар алады. оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыту сапасын жақсарту мақсатында қалыптастырушы бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғынады. Коучинг барысында қазіргі жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан 5-7 сынып оқушыларына күнделікті қалыптастырушы бағалауды қалай жүргізу керек Әріптестерімді топқа бөліп алдым. Психологиялық жағымды ахуал тудыру үшін « Әр елдің амандасу» тренигін өткіздім. «Дейін–кейін» стратегиясын қолданып бағалау туралы бастапқы білімдерін анықтап алдым. Осы коучинг барысында мен мұғалімдерге қайткенде қалыптастырушы бағалауды сабақ барысында дұрыс қолдануға болатынын түсіндіре аламы деген сұрақ көкейімде тұрды. Топтық жұмыс бере отырып ең алдымен тақырыпты әріптестердің өздеріне ашқызуға тырыстым..сабақ кезеңдерінде әр оқушы өзін –өзі қалай бағалап отыруылары керек екендігін. Қалыптастырушы бағалауды жүргізгенде қандай әдіс –тәсілдерді қолдану керек екендігін .кері байланыс берудің оқушыға тигізетін ықпалын және жазбаша кері байланыс беруде мұғалімдер неге көңіл бөлу керек екендігі туралы әріптестер бір –бірімен пікір алмасты. Әріптестер өз пәндері бойынша сабақ жоспарының шаблонын жасап, сабақ мақсатын қоюуды және мақсат кімге бағытталу керек екендін түсінді. Сабақта қалыптастырушы бағалау жүргізуде диалогтің маңызды рөл атқаратынын және диалогқа түсу барысында оқушылардың тілдік дағдылары дамыитынын , өзін-өзі бағалау және бір- бірін бағалауды тоты бағалауға дағдыланатынын түсінді.осы коучинг барысында мұғалімдермен жұмыс жасау барысында топ ережесін сақтамау орын алды және диалогқа түсу барысында мұғалімдер мұғалімдердің ортақ шешімге келе алмауы орын алды.жалпы коучинг мақсатына жеттім.
Тәлімгерлік жұмыс барысында құрылған жоспар негізінде бірінші кезде математика пәнінің мұғалімі Болатбек Гүлжанарды тәлім алушы болуға үгітедім және бағдарламаның негізгі идеиясы мен жеті модуль және оны сабақта қалай ықпалдастыра қолдануға болатыны жөнінде теория мен таныстырдым.келесі күні Гүлжанардың сабағына қатыстым. Сабақ 5-сынып математикасындағы «Жәй және құрама сандар» тақырыбында өтті. Бұл сынып жаңартылған бағдарлама бойынша жаңадан қалыптасып келе жатқан сынып оқушылар топпен жұмыс жасауға бейімділігі аз болды. Топтық тапсырма беру барысында Гүлжанар есептер шығаруды топтық жұмыс ретінде берді және тақырыпты түсіндіруде мұғалім көп сөйледі. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүргізілмеді, тек сабақ соңында ғана оқушыларды жекелеп бағалап шықты. Оқушылар жай және құрама сандарды ажырата алды,кейбір оқушылар назардан тыс қалып қалды. Сабақ біткен соң сабақты бірігіп отырып талдады. Өзімен оның сабағын сынау тұрғысынан емес, оған қолдау көрсету сыңайында сұхбат жасап, тәлімгерлік еткен соң, менімен терезесі тең адам сияқты, өзін төменшік санамай қатынасқанын ол мұғалімнің өзгеріске ілесуі, менің тарапымнан жасалып жатқан мендегі өзгерісті қабылдауы деп бағаладым.
Келесі сабақты жоспарлауына көмек беріп,топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін,диалогтік оқытуды қолдануын өтіндім.
Осыдан кейін Гүлжанар «Қалыптастырушы бағалау- оқушының сабаққа ынтасын арттыру тәсілі» тақырыбындағы коучинг сесиясына қатысты. Сонымен бірге менің сабақтарыма және «Математика апталығы» кезінде өткен әріптестерінің сабағына қатысты. Гүлжанардың сабағы кезінде жоспарды бірге отырып құрдық. Өткізген тақрыбы жай бөлшектер тарауындағы «Дұрыс және бұрыс бөлшектер» тақырыбында өтті. Сабақ басқа сабақтарына қарағанда өзгеше дайындықпен өтті. Топқа геометриялық фигуралар бойынша бөлді және өткен тақырыпты қайталау мақсатында сайкестендіру жұмысын орындады. Жаңа тақырыпты ашуда жетекші сұрақтар беру арқылы оқушылардың өздеріне тақырыпты аштырды. Екі бөлшектің айырмашылығын оқушылар жақсы түсініп алды. Осыдан кейін топтарға топтық жұмыс орындатты. Топтық жұмыс барысында оқушылар белсенді қатысты, оқушыларды бағалау кезінде сабақтың кезең-кезеңімен бағалау тәсілдерін қолданып отырды. Бағдаршам әдісі, бас бармақ әдісі және өзара бағалау әдістерін қолданып отырды.
Менің бақылаушы ретінде осы сабақтан байқағаным оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас,пікірталасуы,топтық жұмыстағы ұйымшылдық, ынтымақтастықта жұмыс істегендігі. Сабақ соңында тәлім алушымен кәсіби әңгіме жүргіздім. Ол өз сөзінде бүгінгі сабақ өз ойымнан шықты,сабаққа оқушылар бір кісідей қатысып,қызығушылық танытып отырғанын айты. Сондай -ақ, оқушылардың кері байланысын көре отырып, жіберілген олқылықтардын орнын толтыру керектігін түсінді.Оқушылардан сұхбаттар алынып,жүргізілген жұмыстардың тиімді және тиімсіз жақтары анықталды. Өзгеріс енгізу барысында мұғалімнің де, оқушының да белсенділігінің артқанын байқадым. Нәтижесінде тәлімгерлік жүргізу үдерісінде тәлім алушының әдістемесін жетілдіруге ықпал жасап, оқушылардың білім сапасын арттыруға өз үлесімді қостым деп ойлаймын.
Келесі зерттеу сабақтарын өткізу үшін 6 мұғалімнен тұратын шағын топ құрдым.Ол топқа мен 8 – сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерін тарттым,себебі өзім 8г сыныбының жетекшісімін.Топ мүшелеріне сыныптағы зерттеу сабағы,оның жүргізілу жолдары,мақсаты,нәтижесі жайлы таныстырып өттім.
Зерттеу сабағы үрдісінде бірталай уақыт бойы қалыптасқан және орныққан мынадай қадамдар бар:
-үдеріс Барысында топтың барлық мүшелері бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болады;
-топ зерттеудің түйінді идеяларымен келісіп алады;
-топ қандай сыныпты бақылайтындарын және бақылаудағы 3 оқушыны келісіп алады;
-топ зерттеу сабағын бірлесе отырып жоспарлайды,талдайды,ұсыныс жасайды.
-бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізгенде басқалары бақылайды;
-оқушылардың пікірін білу мақсатында бірнеше оқушылардан сұхбат алынады;
-зерттеу сабағы аяқталған соң зерттеу жүргізіледі.
-келесі сабақ жоспарланады.;
«Сабақты зерттеу » іс-әректті зерттеу тобын құрып, өз тобымдағы мұғалімдер жиналып, нені, кімді оқыту керектігін анықтадық. «Қалыптастырушы бағалау –оқушының сабаққа ынтасын арттыру тісілі » тақырыбында 8 «г» сыныбын зерттеу обьектісі етіп алдық. Осы сыныпқа «Сабақты зерттеу» тәсілі бойынша осы сыныпта биология,геометрия пәндерінен іс-әрекетті зерттеу сабақтары жүргіздік. Сабақ жүргізбес бұрын 8- сынып ата-аналарымен және мектеп психологмен әңгіме жүргізіп, осы сыныпты зерттеу алуға келісім алдым.
Зерттеу сабағын жоспарлап, сабақ өтетін сыныптан А,В,С деңгейіндегі 3 оқушыны анықтап алдық. 1-сабақты мен өзім геометриядан «Үшбұрыштың және трапецияның орта сызығы »тақырыбында өткіздім. Қалған топ мүшелері сыныпты және үш оқушының іс-әрекетін назарға алып қадағалап отырды.
Сабақта «Жүректен-жүрекке» жағымды тілектер пихологиялық ахуал тудып алдым және оқушыларды топқа бөлінді.Оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайтын жұмыстың түрлеріне топтық жұмыс, жұптық жұмыс, оқулықпен жұмыс түрлері берілді. Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауда мадақтау, өзін-өзі бағалау,жұптар өзара бағалау, топтар өзара бағалаулар қолданылды. Зерттеу кезінде А,В,С деңгейіндегі оқушылардың сабаққа қатысуы,көңіл күйлері,сабаққа берген жауаптары қадағаланды.Сабақ соңында оқушылардан сұхбат алынды. Сұхбат барысында С деңгейіндегі оқушы ұяң өз ойын айтуға қысылатын бала болатын, бірақ осы сабақ оны қызықтырғанын айтып,ашыла сөйледі. Кері байланыс жасаған кезде оқушылардың біразы жағымды тілектер айту ұнағанын, соңғы сабақ болған соң шаршағанымызды ұмыттырды, әр сабақта осылай сергіту сәттерін жасап тұр жақсы болар еді деп өз ойларын білдірген.Сабақта қолданған елеске жетелеу, диалогтік әдіс, , венн диограмма, топтастыру әдістері ұнады деген оқушылар да болды, мұндай әдістер бізді ойлануға,ізденуге тартады деп кері байланыста көрсеткен.Яғни бұл дегеніміз сабақтағы қол жеткізген нәтижем деп түсінемін. Осы сабақтан кейін кәсіби топ мүшелері сабақты талдап,талқылап келесі сабақты жоспарладық.
Келесі сабақ биология пәнінен «Мидың құрлысы» тақырыбында өтті. Мұғалім сабақ сергіту сәтінен басап, оқушылардың көңіл-күйін көтері, топқа бөліді.
Сабақта СТО әдіс-тәсілдері («Кубизм», « Топтық жұмыс», «Деңгейлік тапсырмалар» «Автор» орындығы),сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелесу сияқты стратегияларды жүйелі қолданып, оқушыларды ынталандырып,сабаққа тарта білді және оқушыларға жеке,жұптық топтық жұмыстар бере отырып оқушыларды әртүрлі бағалаудың әдіс –тәлісдерін қолдану арқылы бағалай білді.
Екінші кезеңде әр топқа жеке тапсырмалар берді, Оқушылар берілген тақырып бойынша топта бірлесіп,өз ойларымен бөлісіп, сыни ойланып, оны флипчартқа түіріп, ортада қорғады.Осы сабақта А деңгейіндегі оқушы топта қасындағы құрдастарына көмектесіп,өз ойын айтып отырды,сабаққа белсенді қатысты.Топқа берілген шығармашылық тапсырмаларды орындауда көбіне өзі басшылық жасап отырды. В деңгейіндегі оқушы өзін сабақта жақсы көрсете білді,сабақтың бар кезеңінде де белсене қатысып, мұғалім қойған сұрақтарға толық жауап бере алмады,бағыттаушылық нәтижесінде жауаптар беріп отырды.Шығармашылық тапсырмаларды орындауға белсенді қатысты. С деңгейіндегі оқушы да сабақта белсенділік танытып отырды.сұрақтарға шамасы келгенше қысқа болсада жауап беріп отырды. топтық жұмыс кезінде мидың құрлысын жақсы сызып берді. топ басшысы оқушыларды толық бағалады және мұғалім өз бағасын толықтырып қойды.Әр зеттеу сабақтары аяқалған соң оқушылардың ойын біліп сұхбат алып отырдым.Сұхбат барысында Д. есімді оқушы Лессон стади сабақтары бізге ұнады, себебі біз топпен жұмыс жасай отырып бір-біріміздің идеяларымызды тыңдап,проблемаларды бірлесіп шешіп отырдық,топ мүшелерінің өзінің атқаратын рөлдері болады. Осында әдістер бізді қызықтырды. Ендігі кезек сабақ өткізген мұғалімдердің пікірін білу болды. Осы ниетпен мұғалімдермен сұхбаттастым. биология пәні мұғалімі Г есімді әріптесім мен курстан өтпесем де осы бағдарламаның идеясын түсіндім, өз сабағыма өзгерістер енгізгеніме қуаныштымын, өткізген сабағым ұнады.оғ ан себеп оқушылардың бірлесіп,проблеманы өздері шешкендігі,тапсырманы орындағанда жауапкершіліпті сезінетіндігіне көзім жетті деп сөзінің соңында ризашылығын білдіре отырып,осы курысқа баруға ынтасының барын айтты. Зерттеу тобындағы мұғалімдер сабақ соңынада бірден талқылау жүргізіп отырдық. Талқылау барысында мынадай нәтижелердің жүзеге асқанын байқадық. Сынып тұтастай оқытылды, оқу сапасы көтеріліп қалды,сабақта смарт мақсат қоюды үйрендік, мақсат оқушының іс-әрекетіне негізделді.
Мен мектептегі тәжірибе кезінде әріптестерім мен оқушыларды,ата-аналарды жүз пайыз өзгерте алмасам да, коучинг және тәлімгерлік жұмыстарын жүргізу арқылы осы бағдарлама аясында әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақтарға енгізуде мұғалім, оқушы, ата-аналармен сұхбаттасу арқылы аз да болса, өз мектебіме өзгеріс енгізуге ықпал жасағаныма қуаныштымын.
Мұғалімнің өзгерісі: Оқытуды оқушыға бағыттадым. Оқушының жеке қасиеттерін анықтадым. Жаңа тәсілдерге сай сабақты жоспарладым.
Оқушы өзгерісі: Сенімді жұмыс жасады. Топпен жұмыс жасауға төселді. Сын тұрғысынан ойлауға үйренді. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
Нені дамытар едім: Осы жеті модуль бойынша туындаған идеяларды сәйкестендіріп, өз сабақтарымның құрылымына толық өзгерістер енгізуді. Мұғалімдік рольді басқарушыдан серіктестікке ауыстыруды.
Қорытындылай келе, бұл жобаның идеясы «Үйренуді үйрету» қазақстандық білім беру жүйесі үшін өте маңызды. Менің оқушыларым мен өзіндік ізденуге, дербестікке дайынбыз деп есептеймін. Өйткені өзімнің бойымнан көптеген жаңалықтар мен өзгерістердің пайда болғанын байқадым және осы жақсыларды ары қарай дамытуға, жетілдіруге көп күш салуға дайынмын! Және де үлгі алатын әріптестерімнің де болғанын ұмыт қалдырмаймын. Жеті модульді басшылыққа ала отырып, болашаққа нық сеніммен алға қадам басу біздің ендігі міндетіміз.
Қосымша 1
Оқушылардан арналған сауалнама
|
№ |
Сұрақтар |
ия |
жоқ |
кейде |
|
1 |
Сізге мұғалімнің сабақ өту тәсілі ұнай ма? |
21% |
20% |
58% |
|
2 |
Мұғалімдер сіздердің пікіріңізге құлақ сала ма және оқу тәсілдері мен жолдарын өз бетіңше таңдауыңызға мүмкіндік бере ме |
17% |
50% |
33% |
|
3 |
Мұғалімдер оқудың сапасын арттыруға мүмкіндік беретін кері байланыс ұсына ма? |
23% |
33% |
44% |
|
4 |
Сабақтарда білім әділ бағалана ма? |
29% |
29% |
42% |
|
5 |
Мектептің оқыту үдерісіне өзгеріс еңгізу қажет пе? |
62% |
17% |
21% |
|
6. |
Мектептің қазіргі жағдайы білім алушы ретінде сізді қызықтыра ма ? |
40% |
36% |
24% |
Мұғалімдерге арналған сауалнама
|
№ |
Сұрақтар мазмұны |
Мұғалімдердің жауаптары |
||
|
Ия |
Кейде |
Жоқ |
||
|
|
Мектепте бүгінгі күнде қалыптасқан жағдайға өзеріс енгізуді қолдайсыз ба |
40% |
23% |
37% |
|
|
Сіздің сабақ өту тәсіліңіз өзіңізге ұнайды ма? |
17% |
40% |
43% |
|
|
Оқытуда қалыптастырушы бағалауды жиі қолданасыз ба? |
20% |
43% |
37% |
|
|
Сабақта жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуді қолданасыз ба? |
23% |
47% |
30% |
|
|
Оқуға биімділігі жоқ оқушыларды ынталандыру жолын білесіз бе? |
13% |
47% |
40% |
|
|
Сіз жаңа әдіс тәсілмен сабақ өтіп жатқан мұғалімнің сабағына кірдіңіз бе? |
60% |
26% |
13% |
|
|
Бала сабаққа еркін қатысқан жағдайда нәтиже болатынына сенесіз бе? |
33% |
50% |
17% |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген