Рефлексия-өзін-өзі танудың негізгі тәсілі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рефлексия-өзін-өзі танудың негізгі тәсілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Рефлексияның түрлері және маңызы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы. Қазығұрт ауданы. Жаңабазар ауылы.

Shape1 Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейі


Омарова Жанат Есенгельдиевна

Бастауыш сынып мұғалімі


Аңдатпа

Мақалада рефлексия ұғымының мағынасы, түрлері, маңызы жазылған. Бастауыш сынып оқушылары үшін бұл үрдіс олардың білім алу процесін саналы түрде қабылдауына және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға көмектесетіні жазылды.

Аннотация

В статье написано значение, виды, значение понятия рефлексия. Для учащихся младших классов было написано, что этот процесс помогает им осознанно воспринимать процесс обучения и развивать навыки самооценки.



Annotation

The article describes the meaning, types, meaning of the concept of reflection. For elementary school students, it was written that this process helps them become mindful of their learning process and develop self-assessment skills.













Кіріспе


Рефлексия - өзін-өзі танудың негізгі тәсілі .

Рефлексия даналықты зерттеудің

«асыл тәсілі» деп сипаттайды.

Қытай философы Конфуций


Қазіргі замандағы білім беру үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының рефлексиясы ерекше мәнге ие. Бұл ұғым баланың өз іс-әрекетін, ой-пікірлерін, сезімдерін және оқу тәжірибесін талдау қабілетін сипаттайды. Рефлексия арқылы оқушылар өздерінің жетістіктері мен қателіктерін түсініп, болашақта дамуға бағыт алады. Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.

Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

Рефлексия ұғымының мағынасы. Рефлексия (лат. "reflexio" – артқа қарау, ой жүгірту) – адамның өз іс-әрекетін, ойларын және сезімдерін талдап, бағалай білу қабілеті. Бастауыш сынып оқушылары үшін бұл үрдіс олардың білім алу процесін саналы түрде қабылдауына және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Бастауыш сынып оқушыларының рефлексия түрлері.

Эмоционалдық рефлексия – оқушының сабақ барысында өз сезімдерін, көңіл-күйін түсінуі және білдіруі

Оқу рефлексиясы оқушылардың өз білімін, оқу процесіндегі жетістіктері мен қиындықтарын түсінуі.

  1. Іс-әрекеттік рефлексия – оқушының сабақтағы тапсырмаларды орындау барысында өз әрекеттерін бағалауы.

  2. Коммуникативтік рефлексия – оқушының сыныптастарымен және мұғаліммен қарым-қатынасын талдауы.

Рефлексияны дамыту әдістері.

  • Сұрақ-жауап әдісі: Сабақ соңында "Мен бүгін не үйрендім?", "Мен үшін ең қиын тапсырма қандай болды?" деген сұрақтар қою.

  • Бағалау күнделіктері: Оқушыларға сабақтан алған әсерлерін жазуға мүмкіндік беру.

  • Смайликтер әдісі: Балалар өз көңіл-күйін смайликтер арқылы білдіруі мүмкін.

  • "Жетістік баспалдағы " әдісі: Оқушылар сабақтағы өз жетістіктерін баспалдақ арқылы белгілейді.

  • Топтық талқылаулар: Оқушылар сабақ барысында бір-біріне кері байланыс береді.



Рефлексия дегеніміз-ойлауға бағытталған ой делінген, яғни, бұл тек ой емес, адамның өз тәжірибесінен ой елегінен өткізіп, артықшылығы мен кемшілігін саралау, болған жағдяттан өзіндік жаңа білім тудырту процесі.Бұл жерде рефлексия тәжірибеден туындайды. ХХІ ғасыр талаптарын мойындап және еліміздің білім саласына енгізіліп жатқан өзгерістерді ескерсек, мұғалімнің рефлексиялық болуы қателесуге жол бермейтін, өз тәжірибесін терең ойлау арқылы үнемі дамуды ілгерілететін үдеріс.

Рефлексиялық дағдыға ие болу мұғалімдерге өз мамандығының құзіретті деңгейіне жетуге, өз ісінің шебері атануына көмектеседі. Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.

Рефлексия маңызды үш қасиетті қалыптастырады

1/шешім қабылдайды

2/өзіндік пікірі

3/ бәсекелестік

Рефлексия – өзін-өзі тануға, өз сезімдері мен көңіл-күйлеріне, бейімділік пен өзін-өзі ұстауға талдау жасай алуға, ойландыратын процесс.

Рефлексияның іс-әрекет формасы бойынша түрлері: жеке, ұжымдық, топтық, фронтальды.

Мұғалім рефлексиясының тағы бір өзектілігі-өз тәжірибесіне өзгеріс енгізуді жаңа инновацияны енгізу ғана емес, өзінің мұғалімдік роліне қайта қарауға , дайын білім беруден, оқушының жаңа білімді меңгеруіне ықпал етуші рөліне ауысуы.

«Мектеп ойлануға үйретуі тиіс. Ойлануға үйретуді, сұрақтарды дұрыс қоя білу қабілетін дамытудан, қарама-қайшылықтарды байқауға машықтандырудан бастау керек. Бұл дегеніміз педагогтың өзі ойланып үйренуі тиіс.» Рефлексия тереңдігі бұл жерде адамның білімділігіне, моральдық сезіміне және өзіне-өзі бақылау деңгейіне тікелей байланысты. Рефлексияны қарапайым тілмен «өзіңмен-өзің тідесу » деп түсіндіруге болады.

Рефлексиялық психологияның шығуы А.Буземан есімімен тікелей байланысты. «Рефлексия» сөзінің өзі көне латынның «reflexio» , яғни, «Кейінге, артқа бұрылу» дегенді білдіреді.

ХУІІ ғасырда ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) «рефлексия» түсінігін жаңа идеялардың келуі мен жинақталуы жүретін тәжірибе үдерісі ретінде алғаш қолданды. Рефлексия-сана көздерінің бірі, ал сананың құралы-ой, яғни ой-рефлексияның құралы. Қытай философы Конфуций рефлексияның маңыздылығын мойындай келе, оны даналықты зерттеудің «асыл тәсілі» деп сипаттайды.

Қорытынды


«Рефлексия-адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлау барысында өз-өзіне нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өз әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы.»

Оқу әрекетіндегі рефлексия – оқу әрекетін жүзеге асырып субъекттің ойлау, қабылдау қабілетін жандандырады. Себебі оқу әрекетіндегі рефлексия арқылы оқушы өзінің даралығына, өз ойының дұрыстығына, өзі орындаған тапсырмаларды талдау, бағалау арқылы көз жеткізсе, оқу әрекеті өз пікірін таразылап түсінуге, өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік алады.Оқушы рефлексия арқылы өз оқу әрекетінің тәсілін түсініп білімді саналы меңгере алады, яғни рефлексия – оқушыға алынған нәтижені талдауға, алдағы жұмыстың мақсатын анықтап, оған жету жолын өңдеуге үйретеді, өзін-өзі тексеріп, оқу қызметін бағалауына мүмкіндік береді. Нәтижесі оқушы өз әрекетін талдай, бақылай білмейтіндігін көрсетті. Сондықтан да оқушыларда оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастырудың қажеттігін практика жүзінде көз жеткізіп, оқу әрекетіне рефлексивті қатынасты қалыптастыруда төмендегі шарттарды ескеру қажеттілігі анықталады. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.

Шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу әр ұстаздың  міндеті. Сондықтан  заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей,  мақсатқа сай,нәтиже аламыз деп сенемін.

Әдебиеттерге шолу:



    1. «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

    2. Абишева Алина Муратовна «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ

ИББжАТ каф. аға оқытушысы, магистр

3)Давыдов В.В. Об основных путях рефлексии младших школьников.- Тбилиси, 2008. 687 с.



3


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
92
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі