400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рефлексиялық есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабаққа талдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дене шынықтыру пәнінен 7«а» сыныбында өткізілген зерттеу сабағына пән мұғалімі Ауезов Қайсарбек Серікұлының рефлексиялық есебі «Lesson Study»сыныптағы іс-әрекетті зерттеу сабағы бойынша 16.11.18.ж. күні 7 «а» сыныбында «Акробатикалық жаттығу элементтері» тақырыбында сабақ өткіздім.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға акробатикалық жаттығулардың түрлерін үйрету;

Күтілетін нәтижесі:оқушылар сабақта акробатикалық жаттығулардың түрлері туралы мәлімет алады;Акробатикалық жаттығуларды орындайды;

Сабақтың ұйымдастыру кезеінде оқушыларды сапқа тұрғызып,рапорт қабылдап,қауіпсіздік ережесімен таныстырдым.Оқушылар саптық жаттығулар орындады. Содан кейін оқушыларды 1,2,3 –ке санатып, 3 топқа бөліп , сабақта берілетін тапсырмаларға бағытталған бағалау парағымен таныстырып өттім.Оқушылармен бірлесе сабақ мақсатын айқындап,мақсатқа жету үшін қандай нәтежеге қол жеткізу қажеттігін анықтадық. Сабақтың ой шақыру кезеңінде «Миға шабуыл», «Ашық сұрақтар» әдістері арқылы оқушыларға сұрақтар қойып,оқушыларды диалогке тартым.Қойылған сұрақтарға оқушылар жарыса жауап берді.Өткен тақырып бойынша өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.Әсіресе, А және С деңгейіндегі оқушылар көшбасшылық танытты. Мағынаны тану кезеңінде «Айналмалы жаттығулар» әдісімен 3-топқа акробатикалық жаттығулардың түрлеін ұсындым. Бұл кезеңде «Топтық жұмыс», «Жұптық жұмыс» әдістерін қолдандым. Әр топқа тақырыпқа сай карточкалар арқылы тапсырмалар берілді.


1-топ тапсырмалары

1.Екі аяқты тізеден бүгіп, қолды тірей алдыға аударылу.

2.Аяқты тізеден бүгіп,қолды тіреп артқа аударылу.

3.Қолды тірей бір-бірінің үстінен алдыға секіріп айналу.


II-топ тапсырмалары

1.Аяқтың көмегісіз арқанға өрмелеу.

2. Аяқтың көмегімен арқанға өрмелеу









III- топ тапсырмалары

1. Қолдың көмегімен,басты тіреп аяқты 90градуста ұстап, алдыға аударылып түсу

2. Қолды тіреп мостқа тұру.

3. Қабырғаға қолды тіреп тұру.


Осы берілген тақырыптар бойынша топтағы оқушылар сыни ойланып,өз көзқарастырымен бөлісті. Осы кезеңде Н,С,Д, Н, есімді оқушылар белсенділік танытып, өздерін жаңа қырынан көрсете алды.Күнделікті сабақта осы оқушылар өте ұяң, көп сөйлеметін.Осы оқушылардың сабаққа белсенділігі мені қуантып тастады.С және А деңгейіндегі оқушыларда жаттығуларды орындауда өздерін жақсы жақтарын көрсете алды.

Ой қорыту кезеңінде оқушыларға сұрақ-жауап берілді. Осы сабақта қорытындысы бойынша оқшылар көп нәрсені көкейге түйді деп ойлаймын.
Сабақтың соңында пайыз көрсеткіштері бойынша оқушылар өз-өздерін бағалай алды.

Бұл сыныпта үш оқушыны бақылауға алдық, сынып үздігі Н-есімді оқушы(А), орташа деңгейге С-есімді оқушы(В) және білім деңгейі нашарлау Д-есімді оқушы(С) таңдалды.

Сабақ барысында А оқушы мен С оқушы сабаққа өте белсене қатысып отырғаны көрінді.В оқушы топтастық жұмыс кезінде өз ойын қоса алды,топтық жұмыста белсенділік танытты. Зерттеу барысында А ,С оқушылардың акробатикалық жаттығуларды орындау кезінде шапшаңдық пен ептіліктері байқалды.Жалпы сынып оқушылары күтілген нәтижеге қол жеткізе алды.

Сабақтың сәтті жақтары: оқушылар бірін –бірі тыңдап, бағалап, уақытты үнемді пайдаланды, сабаққа өте белсенді қатысты және топтық тапсырмаларды жақсы атқарды.Сабаққа смарт мақсаты қойылған.Сабақтың басынан бастап оқушыларға бағыт беріп отырдым.

Сабақтың сәтсіз жақтары:әр тапсырмадан кейін кері байланыс жасау,бағалауды түрлендіру,жеке жұмыс түрлерін қолдану.

Кәсіби топ мүшелері талдау барысында сабақ жоғары деңгейде өткенін айтып,өз ұсыныстарын білдірді.

Зерттеу барысында басқа оқушылардың көшбасшылығы басым болып, В оқушысына еркіндік бермеді. А және С оқушылары топта көшбасшылық танытып отырды.Сондықтан келесі сабақты жоспарлауда оқушыларға жеке жұмыс түрлерін енгізу қажет .В –оқушының сабаққа белсенділігін артыру керек.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.03.2019
1316
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12