Рефлексиялық С есеп

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рефлексиялық С есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаңа дала» жалпы орта мектебі

Каримова Раушан Турганбаевна

ІІ топ С есебі



Оқыту мен оқу тәжірибесіне диалотік оқыту әдістемесі енгізілгендігін растау және тиімділігін талдау туралы рефлексивтік есеп

Оқу үдерісіне диалогтік оқытуды ендіру мақсатында 6 «б» сыныбында биология пәнін тізбектелген сабақтар топтамасына жоспарлар жасадым.Вирустар дүниесінің тарауының мынадай тақырыптар бойынша: «Жасушасыз тіршілік құрылымы»,Вирустық жұқпалы аурулармен зақымдану және аурудың таралуы», «Бактериялар» тақырыптарына қысқа мерзімді жоспар жасап сабақ өттім.Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру,олардың білім деңгейін көтеру,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.К.Д.Ушиниски айтқандай балаға күштеп білім бергеннен гөрі,баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.Сондықтан баланы білім алуға деген құштарлығын оятуүшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп,сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасау қажет бұл өзгерістерге оқушылар бірден үйренісе қойған жоқ,бұрын өз ойларын толық айтып көрмеген үшін қиыншылық туғызды.Олар бірте- бірте қызыға сабаққа сабаққа белсендіқатысып,жұптық жұмыста ашыла түсті.Ойлары да өз шешімдерін қорғай алатындай тереңдей түсті.Бір- бірімен жұмыс барысында пікір алмасып ,ой бөлісіп,ортақ шешім қабылдап үйренді,топтың атынан сөйлеу оқушыларды жауапкешілікке жетеледі.Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелелігін осыдан көруге болады.Оқудың белсенді әдістеріне: пікірталастар,өзін- өзі бағалау,топтық бағалау, кері байланыс, топтық жұмыстарды жатқызуға болады. Бағдарламаға сай,сабақ барысында «сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер»-ді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым.Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып,мысалы :талқылау,білімді бірлесіп құру түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады.Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы,тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім өзара талқылау арқылы,түрлі ойлардың болатындығын,бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті.Сұқбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты.Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеселі.Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына ойын жеткізуіне,сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім . Тізбектелген сабақтар топтамасында бірінші сабағымның тақырыбы «Жасушасыз тіршілік құрылымы».Бұл сабақты өтуде алдыма мынадай мақсат қойдым :Оқушылар вирустардың тіршілік ортасы мен пішіндері,қоректенуі,тыныс алуы арқылы жер бетінде таралуы туралы білуіне,аурулардың пайда болу себептерін түсінуіне ықпал ету. Осы мақсатыма жету үшін өз тәжірибемде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,әр сабағымда нәтижеге бағытталған жұмыстар жүргіздім.Оқушылар шаттық шеңберн құрып сабаққа сәттілік тілей отырып «жеміс салаты» әдісі арқылы құрылымдалмаған үш топқа біріктірдім. «Қар кесегі»әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрадым. Жаңа сабақ өту барысында Кластер қорғау, Венн диаграмасын, «ашық микрафон»әдісін қолдануда сыни тұрғыдан жан- жақты ойлануына,сөйлеу мен тіл мәдениетін қалыптастыруға,өз ойларын еркін жеткізуге тіл байлықтарын,сөздік қорларын арттыру үшін сол нәтижеге жету болатын.Білім беру мен оқытудың әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесімен байланысты.Осы жағдаяттарды ескере келе әр сабақта диалогтік оқытудың маңызы оқушыларым үшін пәнге деген қызығушылықтарын одан әрі арттырады.Диалогтік оқыту оқушылар арасындағы қарым –қатынастың жақсаруына ықпал етеді.Сыныпта өз ойларын еркін жеткізе де алмайтын үндемей отыратын оқушылар да өздерін бірте-бірте аша бастады.Оқушылардың жаңа сабақты меңгеруіне арналған деңгейлік тапсырмалар бердім. Сабағымның соңында керібайланыс ала отырып келесі сабағыма жоспар құрдым.

Сабағымның тақырыбы: «Вирустық жұқпалы аурулар мен зақымдану және аурдың таралуы»

Мақсаты:Оқушылар вирустардың тіршілік ортасы мен пішіндері,қоректенуі,тыныс алуы арқылы жер бетінде таралуы туралы білуіне,аурулардың пайда болу себептерін түсінуіне ықпал ету.

Вирустардың жер бетінде таралуы туралы білуіне,аурулардың пайда болуы,алдын алу шараларына мқсатқа негізделе отырып АКТ пайдаланып бейне таспадан вирустардың таралу жолдары көрсетілді.АКТ пайдаланудағы мақсат оқушылардың есте сақта қабілетін жақсарту.Сабағымды Қызыл, жасыл, сары түсті конврт арқылы үш топқа біріктірдім

1-Топ бактерия

2-Топ паразит

3- Топ вирус

Үй тапсырмасын «Конверттегі сұрақ арқылы» сұрадым.

Сұраққа жауап берген оқушылардың жауабының нақтылығы Моншақ әдісі арқылы дәлелденіп отырды.

Әр топқа оқулықтағы мәтіндібөліп беріп мәтіннің негізгі идеясын түсініп алу мақсатында «Жариялау»әдісін пайдаланып, кластер қорғауға ықпал жасалды.Тапсырма барысындағы оқушылардың бірлескен топтық жұмыста сұрақ жауап,әңгіме арқылы байланыс орната отырып бір-бірімен пікір алмастырып,бір - бірінің ойларымен бөлісіп кең ауқымда қарым –қатынас жасап жатқанын аңғардым.Кесте толтыру барысында вирус тудыратын ауру түрлерін нақты дәлелдермен анықтай алды. Әр тапсырма соңында дескрипторға сәйкес топтар бірін бірі «смайликтер»,«басбармақ, «бағдаршам»әдістері арқылы шынайы бағалады.Оқушылар сабақтан алған әсерлерін,білімдерін «білім теңізіне қайықты жібереміз»әдісімен кері байланыс жасадым.

Тізбектелген сабақтар топтамасында үшінші сабағымның тақырыбы «Бактериялар»

Мақсаты: Оқушылар бактериялардың,цианобактериялардың жер бетінде таралуын,түрлерін білу,адам өмірінде және халық шаруашылығындағы маңызын түсінуіне ықпал ету. «Мозайка»әдісі арқылы топқа гүлдер түрі»арқылы 3- топқа біріктірдім

1.Қызғалдақ

2.Бәйшешек

3. Түймедақ

Үй тапсырмасын «Шынжыр» әдісі арқылы сұрадым. Бұл стратегия оқушылардың диалогқа түсіп,бір-бірлеріне қоятын сұрақтарын құрастыра алуына, еркін жауап беруіне ықпалын тигізді.

Оқушылардың әр тапсырмадағы үдерістерін « Смайлик» әдісі арқылы бағаланып отырды.

Өтілетін сабақтың тақырыбын дәстүрлі сабақтағыдай жариялай салмай «Миға шабуыл»,«Сұрақтар легі» әдістері арқылы

1.Бактериялар деген не?

2.Ұсақ ағза деген не?

3.Олар қалай тіршілік етеді? сұрақтар қоя отырып үй

тапсырмасын сұрадым.Диалог жүргізу мақсатында оқушыларға сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын аштым. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығыниарттырып,сыныпта бір бірімен атмосфералық қарым қатынаста болып сұрақтың әр түріне қарай ашық және жабық сұрақтар қойғыза отырып сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастырдым. Мәтінді оқуды жүзеге асыру мақсатында кластер жасап тақтада қорғаттым.

1 топ Бактериялардың қоректенуі, көбеюі

2 топ; Бактериялардың құрылысы мен пішіні

3 топ: Бактерияның ашылу тарихы,тыныс алуы деп бөліп алып, өз тапсырмаларын қорғап шықты.

Сонымен қатар оқушылардың ойларын,сөздік қорларын дамыту үшін зертханалық жұмыс жасағанда оқушылар сыни тұрғыдан ойлауда ойларының ұшқыр екендігі байқалды.Берілген тапсырмаға байланысты кластер қорғау барысында,әр топ өзіне берілген тапсырмаға тиянақты жауап берді,,оқушылар арасында пікірлер мен қызу сөз таластар артып оқушылардың сабаққа деген ынта жігері арта түсті.Сабақта осындайдиалогтік әдісті қолдануда оқушылардан мынаны көруге болады есте сақтау қабілеттері артады,тілдері жаттығады. «Доп лақтыру» әдісі арқылы оқушылар бір- біріне сұрақ қою арқылы жауап берді.Жауап бере алмаған оқушыларға түрткі сұрақтар,қайта бағыттау сұрақтар беру арқылы жауап берді.Сабақ барысында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріп отырдым. .Өзімнің ой түйгенім топтағы деңгейі орташа оқушыда берілген тапсырма барысында өз нәтижесін көрсетті.Топ ішінде пікірлескенде талқылағанда Б деген оқушы (деңгейі орташа оқушы) да бос отырмады. «Венндиаграмасын» толықтырғанда тұмаудың белгілерін айтты. Деңгейі жоғары оқушылар сөздік қоры мол,барлық сұрақтарға нақты жауап беріп,өз ойларын еркін жеткізе алды,өсімдіктерде вирус тудыратын аурулар жайында жапырақтардағы теңбіл дақтарды,шет - шетінің сарғайып қурағанын көрсетіп нақты жауап берді.

Жоспарланған тапсырмалардың барлығына дерлік дескриптор құрылып, оқушыларды тапсырмаларды орындауда осы дескрипторға сүйене отырып жұмыс жасауларын және өзін-өзі бағалау кезінде де осы дескрипторларға сүйену керектігі түсіндірілді.Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі және бірнеше ғана оқушы арасында диалогөтілетін ,онда да диалогқа оқушыларды таңдап шығарылатын ,сондықтан оқушылар ашылап ойындағысын нақты сұрай алмай тұйықталып қалатын.Ал курстан кейін сабақтарымда жұптық жұмыс ретінде алынған диалог топ ішіндегі бпрлық оқушы мен оқушы арасында өтіп,оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп тілін дамытып отырды.Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін ойлау қабілетін кеңейте отырып ,еркін сөйлеуге ықпал етеді

.Қорыта айтқанда оқушылардың білетіндігін анықтау үшін жақсы қарым қатынастық,тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі.мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда,диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де оқушылар да білім алуға қомақтықты үлес қосатын өзара іс қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болтынына көзім жетті.Мұғалімге арналған нұсқаулықты басшылыққа ала отырып,алдағы уақытта өз іс-тәжіибеме бағдарламаның жеті модулін әр сабағыма кіріктіре отырып шыңдай түсемін.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
370
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі