Республика күні

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Республика күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Патриоттық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

25-қазан- Республика күні

Тақырыбы: «Қыран елім - Қазақстаным»

Мақсаты:

 Балаларды туған жерін, туған елін, халқын құрметтеуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі- туған Отанды сүюден басталатындығын  түсіндіру.Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Бүлдіршіндер жүрегінде отанға деген сүйіспеншілік сезімін  ояту, мемлекетін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ту, Елтаңба, ҚР картасының суреті, шарлар т.б

Балалар саппен қолдарына жалауша ұстап, музыкамен залға кіреді.

Тәрбиеші:

Қазақ поэзиясының хас шебері Қ. Аманжолов «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» деп жырлағандай, сендер тәуелсіз елдің азаматысыңдар, сендерді мемлекеттік мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы — туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

І. Әнұран.

Әнұраным, жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Мәңгі - бақи шырқалады

Республикам, Әнұраным

(ҚР гимні орындалады)


(Есік қағылады, елші кіреді)

Picture 5

Елші:

- Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?!

Тәрбиеші:

- Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан келгенсіз - ау деймін.

Елші:

- Мен ел аралап жүрген елшімін. Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп келдім.

Тәрбиеші:

- Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз.

Елші:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?

Балалар:

- Қазақстан Республикасы.

Елші:

- Президенті кім?

Балалар:

- Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев

Елші:

- Отандарыңның астанасы қай қала?

Балалар:

-Астана қаласы.

Елші:

- Елдеріңіз өзінің қандай қасиеттерімен айбатты? Рәміздеріңді білесіңдер ма?

Балалар:

- Әнұран, Ту, Елтаңба.

Елші:

Балалар, егер сендер Отандарыңды сүйетін болсаңдар, оның мемлекеттік тілін де жақсы білуге тиіссіңдер ғой. Республикаларыңда мемлекеттік тіл қай тіл?

Балалар: Қазақ тілі

Елші:- Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл - қыздары екендеріңді, Отанға деген сүйіспеншіліктеріңді қалай дәлелдейсіңдер?

Тәрбиеші: Балалар өлең жолдарын айтып береді

Қуаныш: Республикаыш: күні бұл,

Мерекеміз мерейлі.

Тақпақ айтып жатаймыз,


Хантөре: Республика күнінде,

Ән айтамыз, билейміз.

Қайғы жұтып, алаңдап,

Мұңаюды білмейміз.


Айша: Балалармыз бақытты,

Мерекені тойлайтын.

Республика күнінде,

Бар жақсыны ойлайтын.


Айым: Республика күні бұл,

Шаттығымды көбейтер.

Қазағымның үні бұл,

Тынысымды кеңейтер.


Данияр: Құтты болсын, Қазағым,

Республика күні бұл.

Мерейлі де тәуелсіз,

Қазағымның үні бұл.


Мадияр: Республикам ғажабым,

Артсын даңқың, ажарың.

Қазақ елі жанданып,

Таусылмасын базарың!


Зайнаб: Республика күні бұл,

Құтты болсын гүл елім.

Көңілімнің нұрысың,

Сен деп соғад жүрегім.


Мырзаболат: Көңілге нұр сыйлайтын,

Республикам сен менің.

Өзің барда биіктеп,

Көтерілер еңсем мың!


Батырхан: Республикам сен барда,

Түспес менің көңілім.

Тәуелсіз ел айбыным,

Шуақ берер өмірім.

Picture 18 Picture 20

Елші:

-Сүйкімді балақайлар бүгін мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап бергендеріңе көп-көп рахмет!

Тәрбиеші:-Елші сіз бізге қонаққа келгеніңізге көп-көп рахмет!

Кәнекей балалар елшіге рахмет айтайық.

Әліде біздің құрметті қонағымыз болып, төрімізге шығып балалардың өнерін тамашалаңыз!

(Елші төрге шығып орындыққа жайғасады)


Музыкалық номерлер:

Енді ортаны баршаңызға ашайық,

Көрерменге жырдан шашу шашайық.

Ән мен күйді,жырмен биді шалқытып,

Өнерменен інжу-маржан шашайық!

Ән: «Отан туған еліміз» А.З. Еспенбетова

Орындайтындар: Айару, Нұрсезім


Picture 12

Тәрбиеші:

Сән-салтанат жасайық,

Күй сандықты ашайық,

Бұл мереке,бұл тойға,

Бимен шашу шашайық


Би: Ұлдар биі

Қазақ жері – кең байтақ, ұлан – ғайыр  дала. Оның  табиғаты алуан түрлі, жері бай. Мұнда  жазық  дала да, көл  де, шөл  де, аймақ  та бар. Әлемге  әйгілі  тарихи  ескерткіштер, табиғаты  көркем  қорықтар, көптеп кездеседі. Ал келесі  орындалатын  әсем  әуен де  осы  жайында болмақ. Қабыл алыңыздар!

Picture 14


Оркестр:

Өлең жолдарын кезек берсек:
Зере: Жақсы көріп, сүйетін,

Республикам жаным бұл.

Шуақ берер шырайлы,

Сәтті атар таңым бұл.



Picture 16


Султан: Республикам киелім,

Соғып тұрар жүрегім.

Республикам жасай бер,

Мықты болып тірегің.


Дидар: Республикам өзіңсің,

Сыйлар бізге гүл бағын.

Бір өзіңе арналар,

Таусылмайды жырларым.


Бекмагамбет: Республикам әнімсің,

Жүрегімде тербелер.

Ел жоқ шығар өзіңе,

Республикам тең келер.


Жарас: Республика күні бұл,

Құтты болсын қазағым.

Елім менің тәуелсіз,

Таусылмасын базарың.


Алижан: Азаттығы жанданған,

Жасай берсін еліміз.

Республика күнінде,

Гүлдей берсін жеріміз.


Алина: Жадыратып жанды бұл,

Нұр сыйласын арай, күн.

Құтты болсын бүгінгі,

Республика күні бұл.


Нұрислам:

«Үш бақытым». М. Мақатаев

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымнның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.


Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.


Айару:

Т. Молдағалиев. «Туған жерге»

Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн,

Анам сенсің, жолдан тайсам ұрсатын.

Саған қарай ұшып келем туған жер,

Көктем жаққа құстар солай ұшатын.


Ернар:

Қасым Аманжолов. «Туған жер»

Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

Мәз боласың ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?


Уа ,дариға, алтын бесік – туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр.

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер.


Әмина:

М. Мақатаев «Отан»

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.


Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Picture 1 Picture 3


Көрініс: «Мерекеге дайындық»

Ата жұмсақ креслода отырады. Әже орындықта тігін тігіп отырады. Немересі бөлмеге қуанып келеді:

Қызы: - Ата, әже балабақшада Республика күні тойланғалы жатыр. Үлкен ертеңгілік болады.

Атасы: - Қандай тамаша! Республика күні тойланғалы жатыр ма? Бұл ұлы мереке ғой

Әжесі: - Керемет, қызым, мерекені жақсылап тойлаңдар. Көргендерің той болсын.

Қызы: Әже, маған сіздің көмегіңіз керек. Сол мерекеде мен «Күн» болып билеймін.

Әжесі: Жарайды, сенің мерекеге арнап ерекше көйлек тігіп берейін

Қызы: Ооо, алақай, әже! Мен сізге көмектесемін.

Әжесі: Қызым, күннің түсі қандай болады?

Қызы: Сары түс болады, әже.

Әжесі: Дұрыс айтасың қызым, сары түстен ерекше сәнді көйлек тігейік.

(фоновая музыка)

Әжесі: Ал, қызым сенің көйлегің дайын, келші кигізіп көрейін (көйлекті кигізеді)

(Қыз көйлекті киіп, музыка ырғағымен айналып жүреді)

Қызы: Рақмет, әже!

Әжесі: Атасы, Республика күніне арнап немереңе батаңды бер

Атасы: Ал балаларым, қолдарыңды жайыңдар! Аспанымыз ашық болсын! Еліміз аман болсын! Немерелерім, болашақтарың жарқын болсын! Білімді болыңдар!!! Әумин

(Әже, ата және немересі қол ұстасып, бас иеді де сахнадан шығып кетеді)

Picture 23 Picture 22


Ойын: «Суретті текшелерді құрастыр»

Мақсаты: текшүелердегі суреттерді дұрыс құрастыру.

Picture 26


Тәрбиеші:Сары арқаның сары даласын, ұлан ғайыр кең даламызды ата бабаларымыз ат тұяғын дүбірлетіп қорғап бізге мұраға қалдырған. Олай болса тәуелсіз елінде, бабасының жерінде мың бұралып билейтін






«Қыздар биі» биін қарсы алыңыздар!


Би: Қыздар биіPicture 28


Қазақстан-республикам  мақтанышым

Мен сені жырламаймын, мақтан үшін.

Құдайым маған құйттай жүрек берген,

Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін.


Ән: «Отан-Ана»

Орындайтын: Назымбек Аяла

Picture 30

Тәрбиеші:Кең байтақ туған елім Қазақстан, Мен сені әрқашанда мақтан тұтам

Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,

Баршаны байлығымен таңқалдырған.

Төбеңде көк байрақты желбіретіп,

Жасашы, жасай берші Қазақстан!




Хор: «Балдырғандар әні»

Picture 32

Тәрбиеші:Құрметті әріптестер, балалар,еліміз бірлікте, ұрпағымыз өрлікте болсын, әрқашан төбемізден күлімдеген күн сөнбесін, аспанды бұлт шалмай, бақытты балалық шақтың бағында тәтті де, тату өмір сүрейік -деп бүгінгі Республика күні мерекесіне арналған шағын мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз! Келесі кездескенше сау-сәламатта болыңыздар!

Жалаушаны бұлғап «Республика күні құтты болсын!!!» ұранын айту.

Фото сессия.


Picture 1



Picture 34






























МКҚК «Қошақан» бөбекжайы








«Қыран елім - Қазақстаным»


25-қазан Республика күніне арналған «Айгөлек» ересек тобының ертеңгілігі


Picture 1

Тәрбиешілер: Донбаева Э.Б.

Каратаева А.Н.













2024-2025 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2025
231
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі