|
Басы
|
Оқушылар Қазақстан
Республикасының Әнұранын
орындайды.
Құрметті оқушылар
,бүгін « 25 қазан-Республика күні. Қазақстан еліне саяхат» атты
тәрбие сағатын өткізгелі
отырмыз.
Адам шыр етіп
дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір
адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат
болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы
да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған
Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа
жеткізу.
Ұлы ағартушы, халқымыздың
рухани көсемі А. Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым
дейтін бала қайдан өссін»деген екен. Біз сіздерге тек перзентіміз
емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз. Мұхаммед
Пайғамбарымыз «Жастық шақта алған білім - тасқа ойылған нақыш»
деген екен. Ендеше сендер бала кезден бастап терең білім меңгеруге
тиіссіңдер. Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын
бермес тұлпары болыңдар дегім
келеді.
|
Оқушылар Әнұран
айтады.
|
Оқушыларды мадақтау.
Жарайсыңдар!
|
Қазақстан Республикасының
рәміздері.
|
|
Ортасы
|
Қазақ поэзиясының хас шебері
Қ. Аманжолов «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» деп жырлағандай,
сендер тәуелсіз елдің азаматысыңдар, сендерді мемлекеттік мереке
Республика күнімен шын жүректен
құттықтаймын.
Елін, туған жерін сүйетін,
елінің өткені мен бүгінін, тарихын тебірене де тереңдей оқып,
тарихтың зерделі де шежірелі беттеріне үңілген ұландарымыз
өздерінің жүректерінен шыққан ойларын ақ қағаз бетіне түсірген
екен. Кезекті осы ұландарға
берейік.
Журналдың бірінші беті «Елім
менің»деп аталады.
Егеменді еліміз жер бетіндегі
басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып
өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын
белгіледі.
Осы бір қасиетті белгілердің
мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу
керек.
Мақтансаң мақтан елім
деп,
Тани біл, елдік
таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Әнұран
–
Шырқатты биік
арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі
–
Қасиетті осы рәміздер
–
Еліме рух, мән
берді,
Иесі оның – мына
біздер.
Оқушы:
Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?
Армысың жиналған топ үлкен, кіші,
Армысың айналайын халқым менің.
Оқушы: Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Ала таудың күндерін.
Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл
менің.
1990 жылыдың 25 – қазанында
Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Декларация Қазақстанда тұратын халақтарды топтастыру мен олардың
достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл
күн – ұлтық мереке, Республика күні.
Тәуелсіз елдің рәміздері: мемлекеттік жалау, елтаңба, әнұран
бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы, теңге айналымға
түсті.
Музыка
ырғағымен «Қара жорға « биін билеу.
|
Берілген сұрақтарға
жауап береді.
Оқушылар жаттаған
тақпақтарын айтады.
|
Оқушыларды
мадақтау
|
«Қазақстан»
слайд
.
|
|
Соңы
|
Бірлік, татулық,
ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Қазақстан
Республикасы жүздеген ұл пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын
жалғыстырып отырған Ұлы мемлекет. Қазақстан өз Президентін Ұлы
тұлға деп мақтана алады.
Оқушы: Елім
менің!
Қазақстан – менің
туған анамсың,
Өзгеде жоқ, өзімде
бар даламсың.
Кеңдігіңмен,
молдығыңмен момақан,
Ақыл, сабыр
үлестірген данамсың.
Елім менің атыңды
атап ер жеттім,
Ақ сүт беріп,
әлдиіңмен тербеттің.
Тербеттің де,
құдіретті сөз бердің,
Тек өзіңе тең
биікпен сөйлетің.
Соның бәрін
көрскттірген өзіңсің,
Ғажаптармен жол
шектірген өзіңсің.
Қазақстан, менің
Қазақстаным!
Сөзімсің де жұртқа
қарар көзімсің!
«Есімде қалған 3
сәт» әдісі
Оқушылар тақырып бойынша
естерінде қалған сәттердің үшеуін
айтады.
|
Берілген сұрақтарға жауап
береді.
|
Оқушыларды
мадақтау
|
Қазақстан
картасы.
|