Республика күніне көрініс

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Республика күніне көрініс

Материал туралы қысқаша түсінік
Республика күніне көрініс.Барлық сыныптарға арналған.Тарихи кезең бойынша өлең жолдары берілген.Өзімнің оқушыларым жақсы ойнап шықты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Республика күніне арналған көрініс.

Заманда ,заман заман –ай Арайлым

Заманның бұлдыр болғаны-ай

Елімде қайғы болған соң

Қалай тұрам толғамай

Тұрақтап қалар жер қайда

Қамқоршым қайда,мен қайда

Тізгінін ұстап бір елдің

Ел үшін туған ер қайда

Заманда, заман, заман ай

Таусылмайтын арман ай

Елім ай деп еңіресем

Етегім толары сөзсіз

Халқым деп еміренсем

Қабырғам сөгілері сөзсіз

Халқым деп еміренсем

Қабырғам сөгілері сөзсіз

Тұғыры биік қазақтың

Тұтқасын ұстаған хан мен батырлары аз болмады.Бірақ, алауыздық жайлап ұлтымның терезесі тең бола алмады.Біздің арманды кімге аманат етсем екен?



Уа, қазағым сендердің армандарың бар елімнің арманы емеспе?Мына аманатты сендерге тапсырсам деймін.Уа абызым,елім деп туған арысым Үлкен аманат арқалап жүрсің ау.

Біз Жәнібек сұлтан екеуміз Әбілқайырдың тепкісіне шыдай алмай ,Шу бойына барша туырлықты елді жинап, Тек қазақ деген ел құрдық.

Тәуелсіз ел болмасақ та,ешкімге есе жібермейтін ,Атқа мінсе атой салатын,

Намысын таптатпайтын,арын аттатпайтын,Қазақ деген ел құрдық.




Уа,Абылай сен кім едің? Сырым

Тұрымтайдай ұл едің

Түркістанда жүр едің

Төле бидей қартыңның

Түйесін баққан ұл едің

Қарадан шығып,хан болған батырым

Құлындағы аманатты

Сен алып іске асыратын боларсың.

Арманың алты алашқа мәлім болған батыр едің

Сабалақ десе ешкім танымай

Өз атаң Абылайдың әруағын шақырып

Тебіренбеген ел қалмап еді

Аманатты саған берейін хан батырым.


Алаш көсемі Алихан Шыңғыс

Сен де дара тұлғалардың бірі едің

Алашымның арқа сүйер ұлы едің

Қылышынан қан тамған қоғамда

Арманда кеткен арыстарым ай

Біз иық тіресіп жүріп

Ысқырған Сталиннің қаһарынан қаймықпай

Бар арманымыз

Түркістан автономиялық республикасын құрсақ деп армандадық.

Бірақ қолымыз қысқа болды,қараңғылықтан халқымызды жарыққа жетелеп көшін бастап алып шыға алмадық.бізді бір-бірімізді айдап салып,өз туған халқымызға халық жауы атандырды.Жазықсыз жапа шекседе алаш көсемдері болашаққа сенді.



Мен жастарға сенемін Нұрбек

Тау суындай гүрілдер

Айбынды алаш елім дер,

Алтын арқа жерім дер

Мен жастарға сенемін!

Қажуы барма тұлпарға

Талуы барма сұңқарға

Иманы күшті оларда

Мен жастарға сенемін!

Алаш айбынды ұраны

Қасиетті құраны

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда

Мен жастарға сенемін!




Арманда кеткен арыстарым ай Сезім

Сендердің ақталып

Қазақ қазақ болғалы Нендей нәубет шекпеді дейсің,

Аштықты да,жоқтықты да,

Жалған жаланы да

Сұрапыл соғысты да

Бастан кешті.

Ең ауыры өз қолымыз өз аузымызға жетті ма деп жүргенде Жастарымның қырылғаны бар емес пе?



Ұлы Отан соғысы

Құрбан қылған ұлтымды

Күресті ғой тайсалмай

Қазағымның ұл-қызы


Әрбір адам білсе соғыс бағасын

Сол арқылы бар бақытты табасың

Ұлы Жеңіс бейбітшілік орнатқан

Батырлары қазағымның жасасын!!!




Күнәдан таза басым бар Қуантай

21-де жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар

Мен не етермін,не етермін

Мен келмеске кетермін

Қош аман бол артымда

Артымда қалған ата анам

Ел -жұртым,саған,аманат.




иӨзге де кеткен құныңды Иманғали

Айта алмай кеткен жырыңды

Атадан қалған аманат

Мен,мен көтерем туыңды!!!















Уа,қазағым /Хормен


Біздің іздегеніміз

Алаштың атының бәйгеден келгені


Өз күшіне сенбеген халық та,адамда

ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.


Қазақ баласы бірігіп,,тізе қосып іс қылса ,

халықтық мақсат сонда ғана орындалмақ!


Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады.


Бостандықты сақтап қалар жалғыз жол

ұлттық ынтымақ қана!


Ұлтқа қызмет ету білім мен мінезде!


Ондай ұрпақ біз боламыз!!!


Ұлтқа қызмет етеміз!!!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.03.2025
61
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі