Тақырып бойынша 31 материал табылды

Республика күніне сенарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің отаным -Қазақстан атты сенарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп директоры м,у,а: А.Мынбаев












«Менің Отаным-Қазақстан»

(мерекелік концерттік бағдарлама сценарийі)




























2024-2025 жж

  1. 10 «Ә» көрініс пен ашылуы

25 қазан - Республика күніне арналған «Менің Отаным-Қазақстан» атты мерекелік іс-шараның сценарийі


(Фанфар-Сахна мерекеге сай безендірілген, ортаға жүргізушілер шығады)


1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді

қонақтар!


2-жүргізуші:

Жарқырап жанған күндей азаттығы.

Көрінер ұлтымның да ғажаптығы,

Республика күнімен құттықтаймыз,

Өйткені ол- Ұлт күні, Қазақ күні!


Қадірменді өнер сүйер қауым, «Менің Отаным-Қазақстан» атты мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!


1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!

(Мектеп оқушылары! Қазақстан Республикасының Туына қарап түзеліп, тік тұрады!Мемлекеттік Гимн орындалады)


2 -жүргізушісі:

Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің № 307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды.


1 -жүргізуші:

Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекеттке – айналды.


5-сынып оқушыларының тақпақтары


2 -жүргізуші:

Қазақстаным көк байрақты нұрлы елім,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің қуанышым бақыттым,

Өзің менің тынысым да тірегім.


Ортада 10 сынып оқушыларының орындауында «Алға Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар!


1- жүргізуші: Бақытым - Республикам Қазақстан, 
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. 
Саған жетпес құшағы әлемнің де, 
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Мерекелік құттықтау сөзді мектебіміздің директоры: Пардабеков Нәсілбек Мырзақозыұлына береміз.


2- жүргізуші:

Республикам менің күн көзімен таласқан.

Аспан көрсең, Ай мен Күнге жол ашқан,

Менің байтақ Республикам таулары,

Менің көгім мөлдіреген сол аспан.


1-сынып оқушыларының Республика күніне арнаған құттықтау әнін қабыл алыңыздар!



2 -жүргізуші:

Қазақстан, Қазақстан – ұлы анам,
Есіміңді естігенде қуанам
Қазақстан – қиял жетпес биік тау,
Қазақстан – жазғы күнгі гүл алаң.

Ортаға әсем бимен 5- сынып оқушыларын «Жас Ұлан» анттын қабылдауға шақырамыз! Назарларыңыз сахнада болсын!


1 -жүргізуші:

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Ала таудың күндерін.
Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,
Ұлан байтақ Республикам бұл менің – дей келе ортаға 10- сынып қыздардың орындауында би патриоттық.


2 -жүргізуші:

Нұрына шомылдырып алтын күннің.

Республикам ертеңге талпындырдың,

Өзінен шабыт алып ақын қиял,

Шалықтап кең далада шалқып жүрмін!


2 «А» сынып оқушысы Қаржаубай Талшынның орындауында «Татулықта күшіміз» әнімен ортаға шақырамыз! Назарларыңыз сахнада болсын!




2 жүргізуші:

Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін?!»-деген екен.Бізге ұстаздарымыз тек перзент емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қарайды. Мұхаммед Пайғамбарымыз «Жастық шақта алған білім-тасқа ойылған нақыш» деген екен. Ендеше бала кезден бастап терең білім меңгеругеруге тиіспіз. Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болайық! Бейбіт күніміз, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!


2 жүргізуші:

Осымен кешіміз өз мәресіне жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2024
162
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12