400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Республика куніне арналған сценари

Материал туралы қысқаша түсінік
Республика куніне арналған сценари
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елім менің-Мәңгілік ел Қазақстан! тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды .

Көрме бойынша К.Сәттібайдың"Менің елім",Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері,Тәуелсіздік нышандары "Мәңгілік ел- Қазақстан", "Қазақстан -қара шаңырағым" жинақтары т.б.әдебиеттерге шолу жасалып,кітаптың мазмұндары қысқаша таныстырылды.

Ұйымдастырған:

Қурманалиева Улжан

Жүргізуші 1.

Армысыздар ардақты ағайын! Бүгінгі еңселі егемендігіміздің , тұғырлы тәуелсіздігіміздің айбарлы азаматтығымыздың айғағы ұлттық мерекеміз-Республика күні баршамызға құтты болсын!

Жүргізуші2: Кайырлы күн құрметті ханымдар мен мырзалар! Ұлық мереке- Республика күніне арналған мерекелік концертімізді ашық деп жариялаймыз!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.

Жүргізуші 1: Осыдан тура 33 жыл бұрын 25 қазан күні, жоғарғы кеңестің 307 қаулысымен Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы қабылданып, тәуелсіздікке нық қадам жасалды.

Жүргізуші 2: 1990 году Казахстан впервые заявил о себе как государство суверенной територий , сделав исторический шаг к новой государственности. А спустя тридесятилетия , 25 октября день Республики по праву обрел статус национального праздника.

Ел мерекесі құтты болсын ағайын!

«Қазақ биі»

Театр «Тарихи толғаулар»

Жүргізуші1:

Тыныштық болса дейміз жер бетінде,
Бейбітшілік, азаттық ел еркінде.
Желбіреп көк байрағы қазағымның,
Биік бола берсе екен ел көркіне.

Ән «Қазақстан»

Жүргізуші 2:
Қазақ поэзиясының хас шебері Қ. Аманжолов «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» деп жырлағандай, сендер тәуелсіз елдің азаматысыңдар, сендерді мемлекеттік мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Видеоролик 1-минут



Жүргізуші 1: 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Күй «Ерке сылқым»

Жүргізуші2:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Муз.номер Ұлжан

Жүргізуші1:Мың жылдар бойы біздің ата-бабаларымыз жер шарын аралап, еркіндік пен бостандықты ансаған. Енді бүгін міне өз арманына қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекет болып отыр. Бүгінгі күнде қазақ халқы, Қазақстан Республикасы барлық елдерде, жердің түкпір-түкпірінде бүкіл әлемге танымал.Біздің мемлекектіміз әлі жас,  сондықтан еліміздің болашағы біздің қолымызда. Біз үшін Отаннан артық ұғым жоқ Қазақстан елін мекендейтін барлық халық өкілдері ынтымақ пен достық туын жоғары ұстап келеді.Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір.

Көркемсөз

Жүргізуші1:

Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан –бұл азат ел, танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

Муз.номер:Қобыз фортепиано дуэт

Жүргізуші2:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Найманбаева А.С. «Бұлбұл»

Жүргізуші-1

Бейбіт аспан көгінде, қырандай калықтаған Қазақстан әр азамат үшін қастиетті мекен, қастерлі отан, татулық пен тұрақтылыққа , жарқын болашаққа бет алған еліміз , дос қуанатын әлем сүйсінетін берекелі мекенге айналсын!

Муз.номер: Хор Бағила

2-жүргізуші: Бүгінгі Республика күніне арналған"Менің Отаным-Қазақстан" атты мерекелік концертіміз аяқталды.Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
09.01.2025
201
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі