Материалдар / Республикалық акция "Мектеп кітапханасына кітап сыйла!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Республикалық акция "Мектеп кітапханасына кітап сыйла!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтың тарихы-мәдени құндылықтарын, соның ішінде жазба жәдігерлерді сақтаудың өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару. Акцияның мәні: «Сіз кітапханаға кітап сыйласаңыз, жақсы ісіңіз өзіңізге қайта оралады».«Мектеп кітапханасына кітап сыйла!" атты республикалық акцияға қош келдіңіздер. Баршаңызды акцияға белсене атсалысуға шақырамыз! Акцияға кітапхананың тұрақты пайдалануы үшін тарих, археология, этнография,мәдениеттану және басқа бағыттар бойынша кітаптар, мақалалар жинағы, конференция материалдары, монографияларды табыстауға шақырамыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
3313
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Акция тақырыбы: «Мектеп кітапханасына кітап сыйла!"

Акияның мақсаты: Халықтың тарихы-мәдени құндылықтарын, соның ішінде жазба жәдігерлерді сақтаудың өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару.

Акцияның мәні: «Сіз кітапханаға кітап сыйласаңыз, жақсы ісіңіз өзіңізге қайта оралады». 

Кітапханашы: Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, құрметті қонақтар және ұстаздар! «Мектеп кітапханасына кітап сыйла!" атты республикалық акцияға қош келдіңіздер. Баршаңызды акцияға белсене атсалысуға шақырамыз!

Акцияға кітапхананың тұрақты пайдалануы үшін тарих, археология, этнография,мәдениеттану және басқа бағыттар бойынша кітаптар, мақалалар жинағы, конференция материалдары, монографияларды табыстауға шақырамыз.

І-жүргізуші: Бүгінгі акцияға мұражайдан, аудандық орталықтандырылған кітапханадан, аудандық білім бөлімінен, №1мектептен және Тобық Жармағанбетов атындағы мектептен , «Жем-сағыз» газеті ұжымынан қонақтар келіп отыр.Қош келдіңіздер! Сіздердің құрметтеріңізге би «Кең жайлау».

ІІ-жүргізуші: Акцияға баршамыз белсене қатысайық! Сонымен қатар акцияға демеушілердің кітапханаға тарту еткен кітаптарынан «Сіздерге рахмет!» атты кітап көрмесі жасақталып қойылды.

І -жүргізуші: Тренинг «Қарлы кесек»

ІІ -жүргізуші:

«Сіз», «біз» деген жылы сөз -жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жанды тез,

Оятады игі тілекті.

Біреуге біреу жақсылық,

Тілесе әркез жаны ашып,

Осы бір шырын – тәттілік,

Тұрмай ма жанға жарасып

Баршаға керек жақсылық!

Қызғанбай бөліп алыңыз!

«Сіз», «біз» деген жылы сөз-

Жақсылықтың мейірі.

Бір-біріне болып кез,

Кең болсын адам пейілі.

І-жүргізуші: Қымбатты оқушылар! Біздің арамызда күнбе-күн сұхбаттасатын, сұрақтар қойып, жетістіктер мен армандар жәйлі ойларыңызбен бөлісетін ерекше бір жан бар. Ерекше құрметтей отырып,сөз сөйлеу үшін ортаға мектеп директорын шақырамыз.

ІІ -жүргізуші: Ризашылық өлеңі

Сөзі мен әнін жазған Луиза Хейдікі

І-жүргізуші: Бұралып Мерей біздің билегенде ,

Өзбектің асқақ әні тербегенде,

Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,

Құрбылар , айтыңдаршы қандай пенде?! «Өзбек биі»

Кітапханашы:Әрі қарай балғын бояу шеберлерінің «Менің сүйікті кітабым» атты сурет байқауы ұйымдастырылып, талантты суретшілер анықталып, сыйлықтар берілді. Акция соңында «Менің сүйікті жазушым» атты буклеттер көрмесі ұйымдастырылып , ең үздік деп танылған сыныптар марапатталды. ««Мектеп кітапханасына кітап сыйла!"» атты республикалық акцияның оқушыларға берген әсері мол болды.



Кітапханашы: Еліміздің күн тізбесінде тағы бір мереке пайда болды.Мемлекет басшысының 14 қаңтар күні қол қойған Жарлығына сәйкес көктемнің алғашқы күнінде қазақстандықтар алғыс айту күнін атап өтетін болады.Елімізде жылдар бойы ауыз бірлікте тату өмір сүріп жатқан халықтың бір-біріне ризашылық білдіретін атаулы күні болмақ.Қымбатты оқушылар,құрметті қонақтар және ұстаздар!

«Қазақстан –татулық пен бірліктің алтын бесігі» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер! Елбасы:«Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн- 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір- біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді деп айтқан болатын. Ол күн бізді бұрынғыдан да жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі болмақ.

І-жүргізуші: ән: «Қазақстан»

ІІ-жүргізуші: Қазақстан бүкіл әлемге тек қана өзінің табиғи байлығы емес, ең алдымен , келісім мен төзімділіктің , достық пен ынтымақтастықтың ордасы, бірліктің алтын бесігі ретінде танылды.Қазіргі әлемдегі ұлтаралық , дінаралық ахуал шиеленісіп тұрған кезде біздің еліміз адамзат баласының ұлтына, нәсіліне, дініне,тіліне қарамастан бір шаңырақтың астында бейбітшілік пен төзімділікте өмір сүре алатындығын дәлелдеді.Қазақстан дәл қазір өзге ұлттар үшін де құтты қонысқа айналып отыр.Ол-қазақтар ғана емес, өзге бауырлас ұлттар өкілдерінің де туын тіккен Отаны.

І-жүргізуші: Түрлі этнос өкілдерінің 1 наурыз-Алғыс айту күнінде айтқан тілектері Экранға назар аударыңыздар.

ІІ-жүргізуші: Көрініс «Қырғыз бен грузин»

І-жүргізуші: Ризашылық өлеңі

Сөзі мен әнін жазған Луиза Хейдікі

ІІ-жүргізуші: Баршаңызды 1-наурыз Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

І-жүргізуші: Иә , дұрыс айтасың! 1-наурыз Алғыс айту күні әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің , адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.Баршаңызға ұлттар ынтымақтастығын, татулық пен береке-бірлік , бақыт пен байлық тілейміз.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

ІІ- жүргізуші:Күй «Ерке сылқым»

І- жүргізуші:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырың.

Татулығын жырға қосам ұлттардың ,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігің.

ІІ- жүргізуші:

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ.

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

І-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

ІІ-жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан.

Ортақ жердің байлығы

Еңбек ортақ , жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

І-жүргізуші: Түркімен халқы ұлт өкілінің сәлемін қабыл алыңыздар.

ІІ-жүргізуші: Жырласа қазақ, түркімен,

Басқа ұлттар үн қосқан

Дос жүректер біріккен,

Мейірлері жарасқан.

І- жүргізуші: Орыс мәдени орталығына сөз кезегін береміз.Орыс халқының лебізі

ІІ- жүргізуші: Тыңда , тыңда , тыңда мені,

Ұлы жұртым ұлы халқым

Сен тербетіп өсіргенсің,

Сенің даңқың , менің даңқым.

І- жүргізуші: Орыс биі: «Каккалин»

ІІ- жүргізуші: Жер-Ана бәрімізге ортақ.Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта,бауырластықта өмір кешуде.Қазақ жері ортақ Отан ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған.Келесі кезекті қырғыз мәдени орталығының өкіліне береміз.

І- жүргізуші: Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,

Екі жұрттың бірге екен негізі

Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі

Қырғыз озса-ол қазақтың жеңісі

ІІ- жүргізуші: Ағайын – туған - бар адам,

Адалдық үшін жаралған

Бар қымбат туыстық

Баянды болсын тыныштық!

І- жүргізуші: Ортаға көршілес украин мәдени орталығының өкілін шақырамыз.Украин халқының лебізі.

ІІ-жүргізуші: Республикам менің ,

Республикам менің, Айбатым!

Көркіңді көрсе- мейірі көздің қанатын!

Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

І -жүргізуші: Ұйғырларды таранчы деп атайды Қазақтардың кендігі мен бауырмалдығының арқасында біздің ұйғыр халқы да өсіп өніп , жақсы тіршілік кешуде.Қазақстанды өз Отаны санайды.

ІІ-жүргізуші: Ендеше ұйғыр мәдени орталығының өкілін шақырамыз.

Ұйғыр халқының лебізі.

І -жүргізуші: Өзбекті сарт деп те атайды.Жүрегі кең , бауырмал қазақ елі өзбек ағайындарды да шет қалдырған емес.Өзбек халқының ұлт өкілін шақырамыз. Өзбек халқының лебізі.

ІІ-жүргізуші: Бұралып Мерей біздің билегенде ,

Өзбектің асқақ әні тербегенде,

Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,

Құрбылар , айтыңдаршы қандай пенде?!

«Өзбек биі»

І -жүргізуші: Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңі.

ІІ- жүргізуші: Ән:«Атамекен»

І-жүргізуші: Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытқа.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл!

ІІ- жүргізуші: Тілім басқа тілегіміз біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз

І-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ ,сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай ,біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.Қазақстан елінің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

ІІ- жүргізуші: Би «Қара жорға»

І- жүргізуші: «Әрқашан күн сөнбесін» әнін 3 тілде орындалады.

Кітапханашы:Еліміз тыныш, берекеміз арта берсін! Ынтымақ жасасын!Қазақстан жасасын! Баршаңызға алғысымды білдіремін. «Қазақстан –татулық пен бірліктің алтын бесігі» атты мерекелік іс-шарамыз осымен аяқталды.Мерекелік кешімізге пікір , тілектеріңізді жазып, пікір қоржынына жапсырып кетулеріңізді өтінеміз.Баршаңызға алғыс айтамыз. Келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!