Материалдар / Республикалық "Мерейлі отбасы 2022" байқауы кездесу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Республикалық "Мерейлі отбасы 2022" байқауы кездесу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауданнан, облыстан "мерейлі отбасы байқауынан жеңімпаз болған отбасылармен кездесу өткізілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2023
346
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№2 мектеп-гимназия» КММ















«Мерейлі отбасы»

байқауының жеңімпаздарымен кездесу



















Қосымша білім беру педагогы: П.Ерназарова














Шалқар қаласы

2022 оқу жылы

Күні: 10 қараша, 2022жыл

Орны: «№2 мектеп-гимназия» КММ Акт залы

Өткізгендер: П.А.Ерназарова

Қ.Жұмабаев, А. Бақытжанов


Фанфары


  1. Күй «Поппури» Орындайтын Серік Жаңалық (Хабарланбайды)

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар!

Жүргізуші:Еліміздегі отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында жыл сайын, елбасы тапсырмасына сәйкес дәстүрлі «Мерейлі отбасы» байқауы өткізіліп келеді. Байқау – ауыл аймақтан басталып, облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылады. Отан ортақ үйіміз деп қарайтын болсақ, ортақ үйіміздің шаңырағын шайқалтпай, уығын тіктеп, керегесін кеңейтіп, береке бірлігін ұйыта ұстау барлығымыздың ортақ міндетіміз. Бүгін міне, республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары Ақтөбе облысы бойынша жеңімпаз атанған «Оспановтар отбасымен» сұхбат жүргізгелі отырмыз. Ең әуелі сұхбатымызды бастамас бұрын сіздерді ауданымыздың, мектебіміздің атынан «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанғандарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Осы орайда алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры Шалабаева Айгуль Куанышкалиевнаға беріледі.

Жүргізуші: Отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі десек, бұл адам баласы үшін қастерлі ұғым.Ол ананың аялы алақаны, әкенің ыстық мейірімі, туған-туысқанның жүрек жылуы. Отбасы ар-намыс пен қуаныштың, тілек пен үміттің ұясы десек, осы орайда Оспановтар отбасы туралы арнайы хабар арнасы түсірген видеороликті тамашалап алсақ. Назарымыз экранда.

  1. Видеоролик Оспановтар отбасы

Жүргізуші:Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің  тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Отбасының ұйытқысы болып отырған 10 құрсақты дүниеге әкеліп, Алтын алқа иегері атанған, Шәмшия әже ең әуелі сөзді сізге берсек. Жаңа видеороликтегі бір сөзіңізде отағасы қаталдау кісі болды деп айтып қалдыңыз, Оспан атаның қаталдығы, темірдей тәртіпті ұстанатындығы барлық балаңыздың бойынан табыла ма қалай ойлайсыз?

Сұрақ: 1. Оспан атаның қаталдығы, темірдей тәртіпті ұстанатындығы барлық балаңыздың бойынан табылама қалай ойлайсыз?

Сұрақ 2. Байқауда жеңімпаз атанғандарыңызды естігенде қандай сезімде, қандай эмоцияда болдыңыздар?

Жүргізуші: Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасының үш тағаны іспеттес.Атадан балаға, немереге жалғасқан Оспан атамыз, балалары Еділ Оспанұлы еңбек өтілі 30 жылды еңсерген білікті дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жұбайы Эльмира Сәндібайқызы- бастауыш сыныптар пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 25 жыл, қыздары Бақова Жадыра, Бақова Венера, Оспанова Анджелла, Оспанова Әлия. Әлия Оспанқызы қазіргі таңда аудандағы іргелі білім ошағы Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің директоры. Осы орайда Әлия Оспанқызы өзіңізді әңгімеге тартқым келеді. Сіз республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының Астана қаласындағы марапат сәтінде өз отбасыңызбен бірге болдыңыз. Сол сәттегі әсеріңізбен бөліссеңіз.

Жүргізуші: Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің  тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Атадан балаға, немереге берілген педагогиканың қызықты да жауапкершілігі мол ұстаз мамандығын таңдаған Естай Еділұлы қазіргі уақытта Назарбаев зияткерлік мектебінде жас маман болып жұмыс жасап жатыр екен. Осы орайда жас мамандардың сайысына қатысқан өзінің таныстыру видеосына назар аударсақ.

Видеоролик. Естай Еділұлы (жас мамандар сайысында таныстыру)

Жүргізуші: Махамбеттің шығармасы «Ай Махамбет Жолдасым бар» термесі. Орындайтын 9а сынып оқушысы Сайлаубаева Жанеркені қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Ендеше бүгінгі бағдарламамызға қатысып отырған оқушылардың сұрақтарын тыңдап көрелік.

  1. Өздеріңізден кейінгі жас буынға ынтымағы жарасқан, ұйыған отбасының өзгермес қағидасы барма?айтып өтсеңіздер.

  2. Балалық шақтарыңыздан қандай естеліктер есте қалды?

  3. «Әу демейтін қазақ жоқ» дегендей жақсы көретін әндеріңізден бір шумақ ән орындап берсеңіздер.

Жүргізуші: Бағдарламаға арнайы шақырылған қонақтарымыздан алдағы отқан шәкірттерге айтар тілегін сұраймыз.

 

Жүргізуші: Бүгінгі сұхбатымызды аналарымызға арнап Естеу Нүсіпбековтің «Аналарға» атты өлеңімен аяқтасақ.

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.

Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.







































Өздеріңізден кейінгі жас буынға ынтымағы жарасқан, ұйыған отбасының өзгермес қағидасы барма?айтып өтсеңіздер.



Балалық шақтарыңыздан қандай естеліктер есте қалды?





«Әу демейтін қазақ жоқ» дегендей жақсы көретін әндеріңізден бір шумақ ән орындап берсеңіздер.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!