Тақырып бойынша 11 материал табылды

Республикалық "Шерхар Мұртаза оқулары" ғылыми-шығармашылық байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Республикалық "Шерхан Мұртаза оқулары" байқауы Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ш.Мұртазаның "Ай мен Айша" шығармасы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ш.Мұртаза «Ай мен айша» романы Өтеген Санжар 2026жыл

БІРІНШІ КІТАП

(роман диалогия)

Сен қайдан келдің? дегенде, бір данышпан:

Мен балалықтың елінен келдім, деген екен.

Ересектерде сол «балалықтың елінен» келмеген ешкім жоқ. Анадан ешкім сақал-мұртымен тумайды.

Мен де солардың бірімін. Анамның аты Айша еді.

Аз ба, кӛп пе алпыстан астым.

Аз ба, кӛп пе – ірілі-уақты кітап жаздым.

«Халық жазушысы» атандым. Жазғанымның бәрі алтын дей алмаймын. Бірақ солардың кӛбі және дәмділері тек балалық шақтың нәрінен, балауса балғын шақтың әсерінен туған. Ӛсе келе, кӛпті кӛрдім, дүниенің шартарабын араладым. Бірақ соның бәрі мені балалық шағымдай байыта алмады.

Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді. Мысырда болдым Мысыр түсіме кірмеді.

Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкістан, Иран бардым.

Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркта болдым – олар да түсіме кірмеді.

Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым оны да түсімде кӛрмедім. Түсімде ылғи балалық шағымды кӛремін.

Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны кӛремін. Түсімде ылғи туған үйімді керемін.

Түсіме ылғи Айша кіреді. Мұртаза түсіме сирек кіреді, ӛйткені ол кеткенде, мен бес-ақ жаста едім. Елесі еміс-еміс қана.

Егде тартқанда бүгін кӛргенің ертең естен шығады.

Ал енді бала кезде кӛргенім, естігенім бүгінгідей әлі есімде. Ендеше, текке күшене бермей, соны неге жазбаймын? Ата-бабамның, Айшаның аруағы жар бола кӛр!» – деп қолыма қалам алдым.


БОЗАЛА ТАҢ

Анасының құрсағынан шыға салып, алғаш кӛргенін есіне сақтап қалатындар бар дейді.

«Мен туғанда үйдің іші қып-қызыл еді», деп айтыпты дейді біреулер.

Білмеймін. Ӛз басым ондай алғыр данышпан емес екенім анық. Ӛйткені: Есім қай уақытта кірді, тұңғыш рет кӛрген-білгенімнен есімде не қалды?» – деп, ары үңілем, бері үңілем, ештеңе таппаймын. Үш жас, тӛрт жас – бәрі бұлдыр, бұлыңғыр. Тек, Әйнек апам мені арқасына кӛтеріп келе жатқанда, бір аяғымның калошы түсіп қалып, кемпір байғұс келе жатқан ізімен қайта қайтып әлгі түсіп қалған калошты іздегені еміс-еміс есімде. Әйнек апамның арқасына жармасқаныма қарағанда, әлі ӛз бетіммен еркін жүгіріп кете алмайтын кезім болуы керек.

Ал Мұртазаның Гришка дейтін орыспен сӛйлескенін анық білемін. Біздің үйдің күншығыс жақ қабырғасы. Мұртазаның үстінде ӛңірін қара шибарқытпен кӛмкерген жосалы сары тон, басында дәл сондай теріден тігілген телпек. Оның жиегі қара қозының елтірісі. Сақалы сарыдан қызғылттау.

Қасында – Гришка. Мұртаза қойтастың үстіңде отыр. Гришка түрегеп түр. Сірә, кӛктемнің әлі дүмбіл кезі болар. Ӛйткені күншуаққа сүйсініп, тамға арқамды сүйеп, мен де шоқиып отырмын.

Гришка – ұста. Ағаш ұстасы. Біздің үйдің алдындағы Әміреқұлдың үйі қазір ұстахана. Күнбатыс жақ бӛлмесі ағаш ұстаханасы, күншығыс жақ бӛлмесі – темір ұстаханасы. Бір жағында – Гришка, бір жағында – Нәметқұл.

Қазіргі әңгіме сол Нәметқұл туралы екенін шамалаймын. Мен әдейі тыңдамасам керек, бірақ жанында екі үлкен кісі сӛйлесіп отырса, құлағыңды қалай тығындап қоясың. Гришка қазақшаға судай. Гришка айтады:

− Нәметқұлдың Зылиқасы ӛлгелі бір жылдан асып барады. Нәзипа дейтін қызы да шетінеп кетті. Баласы Байбосын екеуі ғана. Енді бірдеңе істемесек болмайды, Мүреке.

− Оның рас, – дейді Мұртаза. – Мен де кӛптен ойлап жүрмін. Мына қырғыз жақта менің Нұралы дейтін жездем бар. Сол айтады, біздің ауылда байы ӛлген, басы бос бір әйел бар. Нәметқұлға қол келеді дейді.

Онда, тездетіп сӛз салыңыз, обал болды, – дейді Гришка.

Ал енді, осы Гришканың бір ұл, бір қызы бар. Ұлы менен үлкендеу, аты – Гришка. Орыстар қызық. Әкесі Гришка, баласы да Гришка. Немене, ат жетпей ме? Айша осыны айтып еді, Мұртаза:

− Әкесі атым ӛшіп қалмасын деп, баласына ӛз атын береді, – деді. Атым ӛшіп қалмасын дейді, ә? Әліме қарамай, мен: «Мұртаза ше? Ондай уайымы жоқ па? Менің атым онда неге Барсхан? Неге мені де Мұртаза деп атамаған?» – деймін.

Кейін-кейін, Мұртаза дүниеден ӛткеннен кӛп кейін, мен бұл сұрақты Айшаға айтып едім, ол:

− Сен барда, Батырхан барда Мұртазаның аты ӛшпейді, – деді. Heгe екенін білмеймін, Құрмашты атамады.

Гришканың қызының аты – Наташа. Менімен жасты. Ағаш ұстаханаға барғанымда, үлкен Гришка ұзын тақтайды сүргілеп, үскілеп жатады. Содан шиыршықталып жіп- жіңішке жаңқа ұшып түседі. Оны Наташа сап-сары шашына байлап, әшекейленіп алады. Менің басыма да орап қояды да, сықылықтап күледі.

Содан соң, кіші Гришка, Наташа, мен – үшеуміз Бердімбет сайының қабағына барып, шытыргүл тереміз, жабайы үпілмәліктің қырмызы гүлін, меңдуананың қауашағын жұлып аламыз. Меңдуананың күлгін гүліне кӛк кӛбелек қонып отырады. Соны ұстамақшы боламыз. Кӛбелек ұшып кетеді. Айда кеп қуамыз. Ұстатпай, қисалаңдап ұшады. Біз де қисалаңдап жүгіріп жүріп, кейде құлап қаламыз. Сайдың табанында күмістей жарқырап ағып жатқан бұлаққа барамыз. Бірақ кӛбелек жеткізбейді. Сӛйтсек, оларда канат бар, бізде канат жоқ екен. Адамға Құдай бәрін бергенде, қанат бермегені қалай? Оны несіне аяды екен? Біз түсінбейтін жұмбақ кӛп.

Қазір таңғаламын. Сонда біз сол тӛрт-бес жасар орыс пен қазақтың балалары қай тілде сӛйлестік екен? Түк те есімде жоқ. Менің орысша білмейтінім анық. Ана орыстың балалары да қазақша біле қоймаса керек. Сонда қалай түсіністік. Ғажап. Бірақ ертеден кешке дейін бірге ойнайтынымыз зайыр есімде.

Сірә, тӛрт-бес жастағы балалар бірін-бірі тілсіз-ақ түсінетін ерекше бір қасиет бар болса керек. Ӛсе келе үлкендер сол қасиеттен .айырылып қалып, «Менің тілім, сенің тілің» деп, дауласкер дертке ұшырайды екен ғой...

Гришкалар бір түнде ұшты-күйді жоқ болды. Әкемнен сұрап едім;

− Кӛрші ауылға кӛшіп кетті, деді.

Сӛйтіп, үрпек сары бас достарымнан айырылып, кәдімгі мұрынбоқ қарадомалақтардың арасына барып қосылдым. Жападан-жалғыз жүре алмайсың ғой.

Енді шамаласам, сол 1937жылдың бірінші мамыры болуы керек, Мұртаза мені кӛрші ауылға ертіп барды. Мейрам екен. Ондай мейрамды бірінші рет кӛруім-ау деймін. Халық қарақұрым.Бәрі қызыл-жасыл киінген сияқты. Бір әсем дүние. Ән-күй. Балуандардың күресін де сонда кӛрдім. Ат бәйгесі болды – ау деймін. Адамдар ақ түйенің қарны жарылғандай мәз-мейрам.

Содан кенет... әлгі шыжандай кӛптің ішінен Кіші Гришканы кӛзім шалып қалсын. Оны байқамас та ма едім, не кӛп-бала кӛп. Бірақ шашынан таныдым. Кӛп қараторғайдың арасына бір ақбас торғай кіріп кеткендей ғой. Қолымнан ұстап тұрған Мұртаза әлденеге назары ауып, менің қалай сытылып шығып кеткенімді байқамай қалды-ау деймін.

Құлдыраңдап отырып ақбас балаға барайын. Ол да таныды.Қуанып кетті. Қолымнан қысып ұстап алып шықты. Сӛйтсем, сары шашты адамдар кӛп екен. Тілдерін түк

түсінбеймін. Әсіресе әйелдері қызыл-ала киініп, асыр салып билеп жүр. Біреу дарылдата созып, қобдиша сияқты бірдеңе тартып отыр. Бір орыс әйел:

− О, баранчук, хорош, хорош! – деп, маған дӛп – дӛңгелек тәтті нан берді. Тәттілері кӛп екен. Айша тігіп берген помази кӛк кӛйлектің тӛс қалтасына әлгі әйел кәмпитті толтыра салды. Тағы салатын еді, басқа қалтам жоқ екен. Шалбарымды сипаласам, бітеу, қалтасы жоқ.

Содан Кіші Гришка екеуіміз қол ұстасып бармаған, араламаған жеріміз жоқ. Бір орыс тұмылдырықтаған қоңыр аю жетектеп, оны ойнатып жүр екен. Аю біресе адам сияқты қос аяқтап түрегеледі, біресе кӛктің үстіне домалап, басымен жер тіреп, тоңқайып тұрып, аунап түседі. Мұндай қызықты кӛрмеген басым, әлгінің қасынан шыға алсамшы. Бірақ жақындауға қорқамын. Кіші Гришка қорықпайды екен, жанына барып кәмпит беріп еді, аю қағып салды, басын иіп, тізесін бүкті. Рақмет дегені болса керек. Ал кеп күлейік. Дүниеде күлкі жақсы. Кім күлсе ол күлсін: қазақ па, орыс па, бірден түсінесің. Мына кӛп орыстың, бір-біріне не айтып, не қойып жатқанынан дәнеңе де ұққан жоқпын. Күлгендерін бірден түсіндім. Күлкіге тілмаш керек емес екенін баланын шала миымен-ақ біліп қойдым.

Сӛйтіп, дүн-дүниені ұмытып, аюдың қызығына беріліп тұрғанда, жұрт тарай бастапты.

Әкем тұрған жерге жүгіріп барсам, – жоқ! Ал кеп бақырайын. Әлдекімдер:

Әй, мынау кімнің баласы? Адасып қалған ғой, десті.

Кімнің баласысың?.. біреулер еңкейіп бетіме үңіледі.

Мұртазаның...

Әкең жаңа сені іздеп жүрген, деді біреу. Енді біреу жан-жаққа қарап:

− Әне! Әкең анау бір топ кісінің ішінде болар, – деп күншығысқа, біздің ауылға кетіп бара жатқандарды кӛрсетті.

Бақырып, Тәңіртауды басыма кӛтеріп, әлемді жаңғырықтырып жүгіріп келемін. Жолда бір солқылдақ жас шыбық жатыр екен, соны іліп ала салып, безілдеп келемін. Ақыры, қуып жеттім. Кілең үлкен кісілер екен: Мелдехан, Пешен, Байжұман, Әліпбай, Мұса, Шақалақ және менің әкем Мұртаза.

Келе сала, ал кеп әкемнің арқасына кішкентай жұдырығыммен түйгіштейін. Шыбын шаққан құрлы кӛрмейді. Жанындағылар бірдеңені айтып келе жатыр. Одан бетер ыза болып, мәсісінің қонышын шыбықпен ұрып келемін, ұрып келемін, бақырып келемін. Бір уақытта Мелдехан ғой деймін, маған бұрылып:

Тәйт! деді.

Мелдехан менің әкемнен үлкен. Кӛлкілдеген кӛкала сақалы бар. Басында-ақ қалпақ.

Ауы күйектей ақ дамбал киіп, аяғына қоңылтақ кебіс іле салған.

− Тәйт! – деді. – Сені Мұртаза мойнына алабұршақ салып, қорасанға қой айтып, әулиеге мал айтып, Құдайдан тілеп алса да! Әңгіменің шырқын бұздың ғой!

Кіп-кішкентай балаға дап-дардай кісінің соншалықты сӛгіс айтқаны несі дегендей, басқалар тосылып қалды. Мен мына ашулы адамнан құтқар дегендей әкеме қарадым. Жаңа мені тастап кеткені аздай, енді де араша түспес пе екен дегендеймін.

Мұртаза мырс етіп:

− Молдеке, бұл Барсханды Құдайдан жылап жүріп тілеп алғаным рас, – деді. Сӛйтті де қолымнан енді ажырамастай қысып ұстап, жетектеп алды. Екеуміз деп-демде достасып кеттік.

Мұртаза кӛп сӛйлемейтін кісі. Кайтып мен туралы әңгіме болған жоқ. Үлкендер ӛздерінше езге тақырыпқа кешті.

Арт жақтан елеңдеткен дауыс естіледі. Бұрылып қарасақ, I ӛшкен, оның інісі Кәрібай, Оспаналы, Тӛреқұл сияқты сол кездегі «жастар» жағы екен.

Мына қулар орыстың арағына тойып алыпты-ау, деді Пешен.

Бір кезде, олардың араларында шу шығып, тӛбелес басталды білем: Тәшкен ӛз бауыры Кәрібайды кӛкпарша сүйрейді. Оспаналы мен Тӛреғұл жағаласқандай болды.

Пешен айқайлап:

Қойыңдар-ей! деді. Мелдехан:

Қайтесің, мас жындылар сӛз түсінуші ме еді, – деді. Сӛйтіп, ӛз ауылымызға да жеттік.

Менің ӛз әкеммен бірге тойға барғаным осылай аяқталды. Ол мені бұрын да талай жерге жетектеп, кӛтеріп барған шығар. бірақ оларынан елес жоқ.

Сол жылы қыста әлгі тойдан бірге қайтқан жетеудің алтауы ұсталды. Біреуі олардың үстінен арыз жазған болып шықты. Жетеуден-біреу. Алтауын бірдей итжеккенге айдатып жіберді. Айтпақшы, алтаудың ішінен Байжұман қырғыздың тауына қашып құтылды.

Кейін-кейін сол 1937 жылғы бірінші мамырдың тойы есіме қайта-қайта орала берді. Әкеммен бірге ілесіп барған той. Бір түсінбегенім: Мұртаза мені Құдайдан тілеп алады. Сӛйте тұра, мені неге орыстардың ортасында тастап кетті? Іздеген кӛрінеді. Бірақ таппай, менсіз неге ауылға қайтып бара жатты?

Әлде менің кӛп ұзамай әкесіз қалатынымды сезді ме екен? Әкесіз қалғанда бос болмасын, болбырақ болмасын. Ӛз бетінше жол тауып кӛрсін, ащының дәмін осы бастан татып, мына мейірімі аз, қаталдығы мол дүниеге осы бастан кӛндіге берсін деді ме екен?

Егер осылай ойласа, ол ойын мен жүз есе орындадым. Мұртазаның қонышын шыбықпен сабалап, шыңғырып жылаған шолжаң еркелігім-кӛктемде гүлден-гүлге қонып, тайраңдап, сайраңдаған кӛбелектің лезде кӛз жұмғанындай, ерте солды

Еңбек пен азап ештеңе емес. Жазықсыз жаладан коп жарақаттандым. Арпалыстан жағам талай жыртылды. Мұртаза мені шынымен шынықтырғысы келсе, ол үміті ақталды. Шыңыраудан шыққандай халдемін. Тірмізік екенмін. Қасқырдың тарамысынан жаралғандай тырмысып әлі тірі жүріп келемін...


ҚЫРАУ ҚАНАТ БАЛАПАН

Қарны тоқ, қайғысы жоқ, киімі бүтін бес жасар ойын баласына қыстың кешкі аязы қызық та болуы мүмкін. Бес жасар баланың миы әлі нүкте түспеген ақ қағаздай. Әсерлі оқиға, сұлу сурет сол аппақ қағазға ӛшпестей жазылып қалар.

Әлі есімде: темір ұста үйінін іргесінде асық ойнаған балалардың арасында мен де бармын. Батқан күннің қызылы Талас Алатауының қарлы шыңдарын балқытып жібергендей еді. Теріскейдегі Қаратаудың үстінде қызғылт кӛгілдір құстар түйдек- түйдегімен қалқып тұрғандай екен. Құстар емес, бұлттар екенін сеземін. Қошқаратаға қонақтаған қоқиқаздар секілді.

Таулар балқып жатса да, жылуы жоқ. Алаулаған бетіңді сүйер шымыр аяз тек біздің Жуалыда, Мыңбұлақта ғана болады деседі.

Балалардың ересегі Сейсенбай маған болысып, мен ұтылып қалсам да асықтарымды ӛзіме қайтартқызып береді. Менен үлкен бола тұра, балалар менен ығатын сияқты. Онысы несі екен?

Кӛз байланып, қас қарая ойын бітіп, үйді-үйімізге тараймыз. Темір ұстаның жәпірейген үйінің алдында үйме-жүйме соқалар, темір тырмалар ғана қалады. Олардың үйі осы, олар жаурамайды.

Не кӛрінгенін білмеймін, аузымнан аяздың буы бұрқырап, үйге жүгіріп кіріппін. Айша тұтатқан жетілік шырағданның бүйірі томпайған шынысына түкіріп кеп жіберіппін. Жетілік шиша шырт етіп, шытынасын да қалсын. Жетілік білтедегі момақан от теңселіп, шалықтап барып, әйтеуір, ӛшпей тірі қалды. Бірақ керосин түтінінің иісі мүңк ете түсті.

Бұл сорақы, сорлы ісімді кӛріп қойған Айша үн-түн жоқ, онсыз да аяздан тырсылдап тұрған құлағымның сырғалығын қолымен қыршып алғандай болды. Құлағым тыз етті. Қанап қалыпты. Ал кеп бақырайын.

Дауысымды естіп, далада жүрген Мұртаза келді. Құлағымнан қан ағып тұрғанын кӛріп, Айшаға ал кеп ұрыссын. Ар жағы не болғанын білмеймін, мен ұйықтап қалсам керек.

Түн ортасы болар, мен Айшаның айқайынан ояндым. Елегзіген шынысыз шамның сәулесімен сорайып-сорайып бӛтен біреулер кӛрінеді. Олар Мұртазаны итеріп-итеріп, алдарына салып алып кетті. Айша айқайлап арттарынан шықты. Дірдек қағып мен де шықтым. Серейіп-серейіп үш-тӛрт адам сай жаққа қарай кетіп бара жатыр. Сайдағы кӛпір сықырлады. Айша сайдың қабағына дейін қалмай барып еді, Мұртазаның,даусын анық естідім.

−Қайт! Балалар қорқып қалады! – деді.

Түнгі аяз бұл күнгі дауысты қайталап шыққандай болды. Сықыр – сықыр дыбыс алыстап, Айшаның аяғының астындағы қар ғана қаршылдайды.

Айша есіктің алдындағы ербиіп тұрған мені кӛтеріп алып, бауырына қысып, аспандағы топ-толық Айға қарап:

− О, Жаратқан басқа-басқа, мына үрпек балапандай үш нәрестенің не жазығы бар еді? – деді.

Толықсып тұрған Ай бір аунап түскендей болды. Мен лезде есейіп шыға келдім.

Енді мені қорғайтын Әке жоқ екенін сұңғылалықпен сезіп қойған сияқты едім.

Жаңа ғана жарқырап тұрған Ай бұлттың ішіне сүңгіп кетті де жетімдіктің алғашқы дәмін татқандай болдым.

Қорбиып қараңғы түн жан-жақтан қаптап келе жатты. Айша мені жетім қалған үйге жетектеп кіргізді.

1937-жыл жалмауыз жыл еді.

Қанатына қырау қатқан жас балапан мен едім.

Енді асықтан ұтыла беретін болдым. Бұрынғыша ешкім болыспайды.


БІР ТАРЫНЫҢ ҚАУЫЗЫ

Арада екі-үш күн ӛткеннен кейін, «халық жауларының» қатын, бала-шағасы улап- шулап, отыз жетінің желтоқсанында, Шақпақ желі борасындатып ұрып тұрғанда, сол ызғырыққа кеудемізді тосып, Борандының түрмесіне бардық.

Айша мені ала барды. Құрмаш пен Батырхан үйде қалды. Түрме дегені – жан-жағын милиция қоршап тұрған ат қора сияқты, кірпішек, шатырлы үй екен. Одан бұрын Борандыда арнайы түрме болмаса керек, ӛйткені айналасына қорған соғып, темір тікенмен қоршап үлгермепті.

Милиция деген – ұзын сұр шинель, тӛбесі сиырдың емшегіндей шошақ баскиімді, жүздері мұздай суық, мылтықтары үшкір найзалы адамдар болады екен. Неге екені белгісіз, бәрінің кӛздері іріндеген, беттері кӛгеріп, кӛлкілдеп тұрған сияқты. Мүмкін,

«халық жауларын» қырағы қарауылдап, күндіз-түні ұйқы кӛрмейтін шығар.

Мыңбұлақтан ғана емес, басқа жақтан да кел тендер болар, әйтеуір, шыжандай ыңырсыған халық.

Соған қарағанда, Жуалы ауданы бойынша «халық жаулары» аз болмаса керек.

Тұтқындарды бір кӛріп, тіл қатысып қалуға жиналғандар:

Әулиеатаға апаратын кӛрінеді бұларды, – дейді әлдекім сыбырлап.

Қарасудың бойына апарып атады дейді.

Тек! Сібірге итаппен айдайтын кӛрінеді.

А, Құдай, ӛзің жар бола кӛр!

Осындай сыбыр-күбір сӛзден бес жасар бала болсам да, менің кішкентай ғана жүрегім мұздап бара жатқандай.

Түрменің жалғыз есігі бар екен. Есіктің түйе кӛзіндей тесігі бар екен. Мың кӛз жиналып, сол жалғыз кӛзге қадалады. Жалғыз кӛздің ар жағында үйме-жүйме тіршілік барын сезгендейсің.

Ӛйткені әлгі тесіктен саусақтар қылтыңдайды. Саусақтан басқа еш нәрсе сыймайды ғой. Тұтқындар бармақтарын неге шығарады? «Саусағымызды таниды» дей ме екен. Далбаса ғой. Әйтпесе, адамды жалғыз саусағынан қалай танисың?

Қамақтағылар мына азаттықта тұрғандарды мазақтағандай кӛрінеді. Мазақтамайды ғой, бірақ әлгі әнтек әрекеттері соған ұқсас.

Әлде, мына ашық аспан астында тұрған біздерден медет тілеп, әйтеуір, бір жәрдем күте ме екен? Суға кеткен пенде соңғы рет судан қолын шошайтады емес пе? Бұлар да сол сияқты шығар.

Кейде саусақ кӛрінбей кетеді де, жалғыз тесіктен жалғыз кӛз жылтырағандай болады. Бір сеніп, бір жылтырайды. Содан шамалағанда, тұтқындар тез-тез ауысып, әлгі тесіктен кезек-кезек сыртта тұрғандарға кӛз салатын болуы керек.

Тұншыққан, шуылдаған дауыстар естілгендей ме? Абақтының қабырғасы қалың, дауыстар бізге анық жетпейді.

Әркім оз жақынын атап, шақыртып, арыздасып, қоштасатын шығар. Бірақ оны естіп, түсініп жатқан ешкім жоқ.

Жәкең осының ішінде, – деді Айша мені жеңімнен тартып.

Неғып? деймін мен.

Білмеймін.

− Барайын ба? – Мен Айшаның бетіне қараймын. Ол мылтықтарын кӛлденең ұстап, қалшиып қалған милиционерлерге қарайды Қарауыл сақ Әлдекім бір қадым ілгері аттаса, мылтықпен кеудесінен тастайды. Бәрі бері қарап тұр.

Біздің алдымызда тұрған ұзын бойлы, ірің кӛз милиционер темекі тұтатып, тұқшиып еңкейе бергенде, мен құлдыраңдап жүгіріп отырып, түрменің есігіндегі тесікке де жеттім. Бірақ бойым жетпей ӛкшемді кӛтеріп,тесікке мойнымды созып:

Жәке,Жәке! деп шырылдадым.

Ай Мұртаза! Ау, Мұртаза! Балаң келіп тұр, деген дауыс іштен тұншығып шықты.

Былай тұр, былай! Мұртазаға жол беріңдер!

Соған қарағанда, Мұртаза есікке жақын жерде емес болуы керек Жетті!

Барсхан! Барсхан! Сенсің бе?

Иә, Жәке.

Айналайын.

Үйге жүр, Жәке. Айша жылады. Айшаға ұрыспашы.

− Жыламасын, мә! – Әкем маған шиыршықталған қағаз ұсынды. Сол кезде иығымнан біреу бүркіттей бүріп алып, лақтырып кеп жіберді Анадай жердегі күресін күртік қарға басым кіріп,құлап түстім. Әлдекімдер мені орнымнан тұрғызып, үсті-басымды қаққылады. Ақ қоян құлақшынымның қарын тазартты.

Жылама, азамат екенсің!

Жылаған жоқпын, деймін мен.

Айша келіп, тізерлеп отыра қалып, бет-аузыма жабысқан қарды қолымен тазалап, бетін бетіме басып, тұла бойы дір-дір етіп солқылдады. Аузыма сұқ саусағын салып, таңдайымды езгіледі. Қорқыныштан құтқарғаны.

Жылама, дедім мен әлгінде әлдекімнің ӛзіме айтқан сӛзін қайталап. Милиционерлер қаһарланды.

− Әйда, кетіңдер! – деп, мылтықтарының дүмімен жұртты кеудесінен ұрғылап, ығыстыра бастады.

Тараңдар! Тараңдар! Әйтпесе, атамыз, – деп қорқытты.

Бір рет аспанға мылтық та атылды. Түтіні бұрқ етті. Жұрт шу етті. Аждаһа келе жатса қорықпайтын қазақ, мылтық даусы шыққан соң, бет-бетімен ыдырап кетті.

Біз ауылға қайттық. Былай шыққан соң, кішкентай уысыма қатты қысып алған әлгі шиыршық қағазды Айшаға бердім. Айша қағаздың шиыршығын жазып еді, ішінен тӛрт ине шықты. Киім тігетін машинаның инесі. Жұрт аң-таң. Қағазда жазу жоқ.

Сонда бұл инені Мұртаза қайдан алған? деді біреу.

Мұнда бір мән бар шығар? деді біреу.

Қандай мән?

Айша айтты:

− Ӛткен жексенбіде базарға барып еді, сонда сатып алып, ұмытып қалтасында кеткен ғой, – деді.

Үйімізде Күнікей әжемізден қалған «Zinger» машинасы бар еді...

Жол-жӛнекей тал-дарақтың басында бүріскен торғайлар отыр. Адамдардың қасіретіне олар да ортақтасқандай. Бір әйел (кім екенін ұмыттым): «Туған ел, енді есен бол-ай, – деп әндетті. Ӛлеңі әннен гӛрі, жоқтау сияқты зарлы естілді.

«Тек» деп тастады басқа біреу.

Мұртазаның ине бергені несі? – деді біреу. Мұнда мән бар. Қандай мән екені әлі түсініксіз?


САУСАҚ СОРҒЫШ БАЛА

Ол туған отыз жетінші жылдың. сарша тамызы еміс-еміс есімде. Мен бес жасқа толар- толмас кезім еді. Мыңбұлақ сайларының басын ала киіз үйлерін тігіп, ел егін орағына кіріскен шақ қой деймін.

Осы Батырхан сол киіз үйде дүниеге келді. Жадыраған жаз, жайдары жандар құтты болсын айтып, келіп-кетіп жатты білем.

Әйтеуір, жақсылық күндер екенін сеземін.

Артынша күз келді, қыс түсті. Жаздың ағыл-тегіл қуанышты күндері кӛзден бұл-бұл ұшты. Мұртаза тұтқындалды.

Сол түннің ертесіне Айша емшектегі баланы:

− Енді сен де адам болар ма екенсің? – деп аңырай жылап, омырауынан жұлып алып, тӛсекке тастай салғаны, ана сүтіне тоймай қалған сәбидің, әлде Айшаға, әлде заманға, әлде тағдырға риза болмай, шар-шар еткені кӛз алдымда, құлағымда.

Содан, сол бала қайтып aнa сүтіне жарыған жоқ-ау деймін. Айшаны күнде таңертең жұмысқа айдап кетеді. «Емізулі балаң бар ғой, сен жұмыстан қала ғой» деп есіркеп жатқан Тасбет жоқ.

Баланың күні-алты жасқа аяқ басқан маған, тӛртке қарай қадам басқан Құрмашқа қарап қалды. Бізге қараған күн қайбір, оңған

Баланың аяғы шықпай қалды. Бір жасқа толды, үшке қарай кетті – тәй тәй басып тұра алмады. Еңбектеп,тӛрт аяқтап жүреді, кӛбінесе шоқиып отырады. Отырады да қолының қос саусағын сора береді. Шидей саусақтары ақжем болып кетеді.

Бір күні әлгі бала жерге домалап, әй бір шарылдап жыласын. Бала бағатын кісінің сықпыты – мен. Мен не біліп жатырмын. Шырылдап, кӛгеріп бара жатқан соң, кӛтеріп алып ұстаханаға, Нәметқұл кӛкеме жүгірдім.

Нәметқұл – ұзын бойлы, ажарлы, аса сабырлы кісі еді. Батырханның ішін басып кӛрді, аузын ашып кӛрді. Ақжем болған шидей саусақтарын санап шықты. Саусағын біреу кесіп алып, содан жылағандай-ақ. Содан құйрығын сипап, сирағын сипап байқады. Тамырын ұстады.

Не жеп еді? деп шермиген қарнын басып кӛрді.

Не жегенін мен қайдан білейін, қолына не іліксе – соны жейді дағы. Бізде бір уыс талқаннан басқа, бір тостаған айраннан басқа не бар дейсің.

Содан баланың башпайларын қарады. Башпайларының арасын ашып кӛрді де:

Оппой, құдай-ай! деп күйінді Нәметқұл. Быжынаған ақ құрт.

Қозының құйрығын құрттағандай, қолына іскек алып, әлгі құрттарды тере бастады.

Қалай теріп болды, солай баланың шарылдағаны басылып, жаны жай тапты.

Жұмыстан қайтқан Айша бізді кӛріп бұрылды.

− Батырханның башпайы құрттап кетіпті, жеңеше, – деді Нәметқұл. Айша арқаланып шыға келді:

− Кетерінде Мұртаза айтып еді: «ана екеуін итшілеп жеткізерсің, емшектегіңді, әй, білмеймін», – деп. Әулие екен де, айтқаны келді ғой. Әлі мешел. Мұны бағып-қағатын мен бейбақтың түрі мынау. Балаға қара деп сеніп тапсырған жүгірмек Барсханның түрі-анау. Қарамай қаңғырып кетеді.

Айша маған тұра ұмтылды. Мен ұстатпай ыршып түсемін.

Әй, бәлем, барасың үйге. Сонда ма, сонда... Нәметқұл сабырмен:

− Жеңеше, Барсхан әлі ойын баласы ғой, оған несіне ұрсасың. Оның ӛзіне біреу қарау керек қой, – дейді.

Айша жүрелеп отыра кетіп, Батырханды кӛтеріп алып, әлдеқашан семіп қалған омырауына баланың басын басып:

− Ай, Мырза аға-ай, мен ұрсайын деп ұрсады дейсің бе? Күйемін ғой, күйініп кетемін ғой. Әйтпесе, ұрсып нем бар Барсханды! – дейді.

Десе де, ұрысқан тұрмақ, ұрғанның кӛкесі кейінірек болды.

Әлде, отыз тоғыз, әлде, отыз сегізінші жыл шығар. Жаздай бізді сол Нәметқұл асырады-ау деймін. Әйтеуір, есімде ерекше қалғаны: кӛріктің қоламта шоғына жұмыртқа пісіріп береді. Тауықтың жұмыртқасын әуелі шүберекке орайды. Сӛйтеді де ыстық күлге, қоламтаға кеміп тастайды. Сәлден соң, әлгіні ашып, шүберектің күлін қағып, піскен тұқымды аршып, ағын маған, сары уызын Батырханға береді.

Батырхан кӛбінесе Нәметқұлдың қасында қалады, мен балалармен ойнап кетемін. Кейде Батырханды арқама кӛтеріп, балалардың соңынан жүгіріп, Дошанай атамның үйінің жанындағы әуітке барамын.

Әуіт дегеніңіз – кәдімгі бӛгет. Таласбай бұлақтың суы кӛп. Соны бӛгеп, әуіт салған. Қазіргі тілмен айтқанда: «водохранилище». Әуіт толғанда, астындағы қуырдым шым тығынын ағытып, содан атқылаған сумен қызылша суғарады, тары суғарады.

Ал әуіт толғанда, айдынды қол пайда болады, тіпті шоқ-шоқ талдар, қоғалар судың астында қалады. Жап-жас балаларға бұдан артық қандай қызық керек. Әйда кеп шомыламыз.

Шомылғанда басқа балалар сияқты емес, жүзуге шорқақпын. Үйрене алмай-ақ қойдым. Ӛсер, Жолдасбек сияқтылар сайдың бергі бетінен арғы бетіне балықша жүзеді. Маған Құдай оны бұйыртпады.

Оның есесіне, «демалмас» ойынында алдыма жан салмаймын. Оның мәнісі: кім судың астында дем алмай кӛп жатады – сол ұтады. Ұтқанда не, ұтылған бала ұтқан баланы әуіт бӛгетінің үстімен ары бір, бері бір арқасына кӛтеріп алып ӛтеді. Сол-ақ. Бірақ намысы жаман. Ұтқан бала ұтылғанның арқасына мініп алып: «Айда, есегім, шап, шап!» – деп екі аяғымен қос ӛкпеден тепкілеп, қорлайды ғой. Кейде содан қып-қызыл тӛбелесте шығып кетеді.

Кеңес дейтін «тӛреші» екі баланы «бір, екі, үш!» – деп суға сүңгітеді. Бақаларша тарбаң етіп сүңгисің де, су түбіндегі қоғадан қос қолдан ұстап алып, жата бересің. Дем алмайсың. Дем алсаң – аузыңа су кетеді. Сырттағы тӛрешілер санап тұрады. Кім бұрын шығады – сол ұтылады. Ал мен жата беремін. Тіпті су астында кӛзімді ашып жатамын. Қозғалып,тербетіліп тұрған қоғаны кӛремін. Су асты ну орман. Қым-қуыт тіршілік. Қоғалардың ара-арасында қылтың-қылтың етіп үйір-үйірімен жүзіп жүрген итбалықтарды кӛремін. Мүмкін, ықыласым соған ауатын шығар, мүмкін ашық кӛзден ауа кіретін шығар, шыдай беремін. Сырттан күңгір-күңгір дауыстар естіледі. Біреу:

− Ӛліп қалған шығар, – дегендей болды. Сонда барып қолымды қоғадан босатып,су бетіне қалқып шығамын. Балалар шу етіп, қол шапалақтайды.

Осы сен түтікпен дем алып жататын шығарсың? дейді жеңілген Жолдасбек.

− Қайдағы түтік? Түтік болса судың бетінен қылтиып кӛрініп тұрмай ма? деп бой бермеймін.

Жолдасбек тапалдығы болмаса, менен үлкен. Үлкендігін істеп, маған «есек» болғысы келмейді. Мен кӛнбеймін. Аяғында жұдырыққа жүгінеміз.

Сӛйтіп, бір дәп-дәле болып жатқанда, ӛзіме етене таныс ащы айқай естілді. Құдай қай жақтан айдап әкелгенін білмеймін: Айша адуындап жақындап қалыпты. Қолында – Батырхан. Сӛйтсем, кеш болып, Айша жұмыстан қайтқан екен.

Қашан, бағана - а - а Батырханды арқама кӛтеріп келіп, сайдың (яғни кӛлдің) жағасындағы кӛгалға отырғызып:

Қимылдама, деп кеткенмін.

Бір-екі қарағанымда шоқиып отырған болатын. Сӛйтсем, тӛрт аяқтап еңбектеп, құйрығымен жылжып, судың жағасына жетіп қалған екен ғой. Айша келіп жеткенде, Батырхан жартылай судың ішінде жатыр екен. Енді бірер жылжыса, тереңіне түсіп кетпек екен. Ал тереңіне түйе бойламас.

Қашып үлгермедім. Қашып кетер едім, Жолдасбек қырсық ұстап қалды.

Қолымнан қарыстырып ұстаған қалпы, Айша Бердімбет сайындағы Жалбыз қайнарға алып келіп,Батырханды жалбыздың түбіне отырғыза салып, мені тұқшитып қойып, басымды суға ал кеп батырсын, ал кеп батырсын.

Суда басың қалса, ал тұншық! Суға Батырхан батқанша, сен батып ел! Ал! Ал! Сайдың арғы қабағынан Қамқа айқайлады.

− Айша! Ау, Айша! Қойсаңшы, байғұс-ай. Тиме деп ем ғой Барсханға. Ұрма деп ем ғой. Қоя ғой, жарқыным.

Айша Батырханды кӛтеріп үйге кетіп қалды.

Суға салып қойып сабағанда безірейіп жыламап едім, енді жартыкеш Айға қарап отырып аңырадым-ай кеп.

Айдан басқа мұң шағатын кімім бар?

Жаны ашитын Қамқа – мешел. Арашалап, Айшаға ұрсатын Мұртаза... о да жоқ. Айдың менсіз де қасіреті кӛп шығар. Мұңаяды. Тіл қатпайды.

БАҚА ЖҰТҚАН ЖЫЛАН


Дүниенің дидары сан қилы. Түгел білігі болған ешкім жоқ. Әлде сағым, әлде сынап. Аспараның мұздақ тауынан сырғанағандай, қайда барып құлайтынын беймәлім. Мысалы, Мұртаза. Талас Алатауының баурайында дүниеге келіп, Қиыр Шығыстың ну орманының, бір түп қарағайының қасында сүйегі қалады деп кім ойлаған?

Дүние шіркін кілең арманнан жаралған сыман. Арманына түгел жеткен кім бар дейсің? Құрт-құмырсқа, бақа-шаян бәрі де ӛмір сүргісі, тірі болғысы келеді. А, бәлкім,

осыларда да арман бар шығар. Біз не білеміз, құмырсқаны басып, шымшықты

шырылдатып, ұясынан жұмыртқасын алып, яки балапан ұстап, обалға батамыз. Бәрі де бекер екен де.

Балалық шығар.

Таласбай бұлақтың суындағы кӛкқасқа бақаларды садақпен атып, таспен ұрып, талайын ӛлтіріп ек. Әттесі-ай!

Мұны еске алғаным, сол бақаның аянышты халін ӛз кӛзіммен кӛріп шошыдым да, қайтып бақа баласына қиянат жасамауға ант етіп едім...

Сол баяғы Айша мені Жалбыз бұлаққа салып сабағаннан кейін, ертесіне тағы сол Батырханды бағып, үйде ары отырдым, бері отырдым.

Айша қызылшаға кетерінде қатты тапсырды: «Осыдан үйден шықсаң мына баланы тастап кетіп қалсаң, кешегі-кешегі ме,кӛресіні кӛресің! – деді де шалап құйған шишасын дорбаға салып алып кете барды.

Ары отырдым, бері отырдым. Бала ыңырсып жылағандай болды. Далаға о да шыққысы келген шығар. Ақыры тәуекел деп, кӛтеріп алып, сыртқа шықтым-ау.

Таласбай бұлақ жақтан шуылдаған дауыс талып естіледі.Шыдамадым. Баланы арқама лақтыра салдым.О да әккі боп алған: құлап қалмайын деп мойнымнан боп-боз саусақты қолдарымен қысып ұстап алды. Бердімбет сайынан ӛттік, Салби сайынан ӛттік. Салбидың қабаған жаман иті шәуілдеп қалды. Ақыры Таласбай бұлаққа да жеттік.

Балалар: Ӛсер, Жолдасбек, Аманбай,Сұрапалды, Тілепалды, Сүлеймен әуіт басында асыр салып ойнап жүр екен. Қайран заман-ай. Әлі соғыс жоқ кез ғой. Жандарына жақындап барып, Батырханды арқамнан түсіріп, жерге шоқитып отырғызып, ӛзім де жүрелеп отырмын. Аналарға қосылып ойнауға шама жоқ. Бала тағы да суға түсіп кете ме деп қорқамын.

Олар мен жаққа оқшиып-оқшиып қарап неге келмейді дегендей состиысты да қайтадан шолп-шолп еткізіп, кӛлге сүңгіп кетті. Тағы да сол «демалмас» ойынан бастады.

Қарап отырмын. Жолдасбек арам қайта-қайта ұта береді. Сыртта кеңес «бір, екі, үш » – деп санап тұрады. Жолдасбек суға сүңгиді де сәлден кейін қайқаң етіп қайта шығады. Мен болсам судың астында жата берер едім, мынау тез шығады. Бәрібір ұтады. «Ой, арам» – деймін. Қасыма Аманбай келді: «Жүр, сен болмасаң, анау бізді құртатын болды» – дейді – Сонша жұмсақ,қыздай сызылған бауырмал бала еді. Кейін Алматыда Ауылшаруашылық институтын Ӛсер екеуі бірге бітіріп, Ақтӛбе облысына агроном болып барып, жазда найзағай түсіп ӛлді.(Жаны жаннатта болсын!) Қолахан деген әкесі Мұртазамен жасты еді. Біртоға кісі болатын. Мені кӛрсе, басымнан сипап қана қоятын. Тасбет, Жуанқұлдар сияқты боқтамайтын.

Аманбай «жүр», – дейді. Мен иығымды қиқаң еткізіп үндемеймін. «Жүр, Барсхан», – дейді. Тұқшиып отыра беремін. Біледі. Кеше Айша келіп, мені ұрып-ұрып, алдына салып айдап кеткенін де біледі. Түсінгендей болады да, ойынға қайта барып қосылады. Суға сүңгиді, тез қайта шығады. Ӛкпесі шыдамайтын шығар. Мен болсам қоғадан ұстап алып, жата берер едім. Қоғадан ұстауды білмейтін болар, қайқаң етіп қайта шығады. Арық сіліңгір қара бала еді. Жолдасбек арам артынан шығады. Ұтады. Тапал, тығыншықтай. Аманбайға асылып мініп алады. Арық бала қайқаңдап кӛтере алмайды.

Кӛпірден ары кӛтеріп ӛтеді, бері кӛтеріп ӛтеді. Жолдасбек арам ӛкпесінен ары тепкілейді, бері тепкілейді: «Жүр есегім», – деп қорлайды.

Шыдамай, Батырханға: «Қозғалмай отыр!» деп, мен барамын.

Жолдасбек арамға: «Жүр, ал кеттік, давай!» – деймін. «Давайды» Евгеньевкадағы орыстың балаларынан естігенмін. Үш-тӛртеуі, кілең секпіл бет, жирен шаш балалар бәрі жабылып мені ұрғанда, «давай, давай», – дейтін.

Кеңес танауы делдиіп, о да «давай», – дейді. Суға қойып кетеміз. Су астында қоғаның түбінен ұстап, тастай қатып, кӛзімді ашып жатып, Кеңестің «Бір, екі, үш... отыз, қырық, елу...» – дегенін күңгір-күңгір естіп жатамын. Балалар шу еткенін де естимін. Ол, Жолдасбек, шыдай алмай судан шығып кеткенін де сеземін. Әдейі шатақ шығармасын деп шыдап жата беремін. «Жүз!» – дегенде, асықпай шығамын.

Арам! дейді Жолдасбек. Сенің бір бәлең бар! дейді. Мен:

− Әй, оңбаған, мен тағы бір жүзге дейін жата берер едім, Батырханға бола ерте шықтым, – деп, бала отырған жаққа қараймын. Бала шоқиып отыр. Бұрын балалар жаққа қарап қойып отыратын. Бұл жолы бедірейіп, бір түп жалбыздың түбіне қарап, қатыпты да қалыпты. Артынша шар етіп даусы шықты. «Не болды?» – деп жүгіріп бардым. Қарамайды. Шидей сұқ саусағын шошайтып, жалбыздың түбін кӛрсетеді. Қарадым да, тұла бойым дір етіп, Батырханды кері сүйрей шегініп кеттім.

Шұп-шұбар, қара ала жылан бүктеліп жатыр. Кӛзі елегізіп, аузы арандай ашылып, мүлгіп жатыр. Аузында – кӛкқасқа бақа...

Бақаның басы кӛрінеді, басқа жағы жыланның аузына кіріп кеткен. Жылан кӛзі әлде жұмулы, әлде ашық, ыңыранғандай, ирелеңдеп қояды. Бақаның кӛзі шарасынан шығып барады. Шиқ-шиқ еткендей, әлсіз дауыс шығады.

Ойынды қойып, балалар бәрі жиналып қалды. Бәрі үрпиісіп, бақа жұтқан жыланды кӛріп, шегіншектеп барады. Содан шошыды білем, жылан жиырылып, жалбыздың арасына ирелеңдеп, шегіне берді. Бірден жұтуға шамасы жоқ. Бақа аузында.

Жанына жолауға ешкім батпайды.

Не күш, не құдірет екенін ӛзім де білмеймін. Жалаң аяқпын. Сол жалаң аяқпен басынан ала теуіп кеп қалдым.Бақа аузынан атып шықты. Жылан шиыршық атып, жиырылып, шапшып бір секірді де, ақырын жылжып, сусып барып, суға сүңгіп кетті. Кӛкқасқа бақа сәл-пәл қозғалғандай болды да, тырп етпей, жер бауырлап, қозғала алмай жатып қалды. Жылан сорып қойған екен. Бәрібір ӛліп қалды. Кӛз алдымда ӛлді. Бірінші рет ӛлікті кӛргенім сол. Ӛтірік. Оның алдында ӛзіміз садақпен, рогаткамен атып, таспен ұрып, талай ӛлтіргенбіз. Бірақ мына ӛліс мүлдем басқа еді.

Кейін, кейін күштінің әлсізді қалай қорлайтынын талай кӛрдім. Кӛрген сайын қарашұбар жылан менен кӛкқасқа бақа кӛз алдыма келе қалды. Ұмыта алмаймын

Дүние әлі солай. Ӛзгерген жоқ. Тек күс-күс жарылып кеткен, жарасына топырақ тығылып қалған ӛкшесімен әділетсіздікті теуіп кеп жіберетін адам табылмайды. Баяғыдай батырлық менде де жоқ.


НОХА

Мамыт атамның Орха, Ноха, Қорғанбай деген үш ұлы бар. Әсем, Гүлзейнеп, Седепкүл, Олжагүл деген тӛрт қызы бар. Бәрінің анасы – Арзыкүл апам.

Бұл үй – балалы үй, шынында да базар еді. Мамыт атам қатал, түкістеу кӛрінгенмен, бір ата Тоқсанбайдың бас кӛтерері, дәулетінен бӛліп бермесе де медет тұтатын панамыз сияқты. Бірақ бӛліп беретін дәулеті де шамалы.

Әкем ӛзі қолымен соққан мектепке барғым келеді. Бұл, сірә, 1940 жыл болар. Алыста, беймәлім Сібірде Мұртаза қайтыс болды деп қара хабар келген жыл. Айша бетін айғыздап, қара жамылған жыл. Мен сегізге толар-толмас жыл.

Сірә, бірінші қыркүйек шығар, мектепке лек-легімен ағылған балалардың тобына қосылып, мен де бардым. Мұғалім мені қабылдамай, қайтарып жіберді. «Жасың толған жоқ», – деді ме, әйтеуір, кластан шығарып жіберді. Есімде, 1937 жылы Мұртазаны тұтқындарда осы мұғалім «понятой» болған. Кейін ойласам, мені «халық жауының» баласы деген екен ғой. Оны мен білмеймін. Жылап үйге қайтып келе жатыр едім, алдымнан Ноха кӛкем шыға келді.

Кім тиді?

Ешкім...

Енді неге жылайсың?

Ағай мектепке алмай қойды.

Қай ағай?

Анау, анау...

Мен атын атай алмадым. Булығып-булығып, сӛйлей де алмадым.

Жүр, деді Ноха басымнан сипап.

Жолдағы сайдан ӛте бере, құм қайнарынан шымырлап шығып жатқан бастауға алып барып, ӛз қолымен беті-қолымды жақсылап жуды. Сірә, қожалақтау болсам керек. Ӛзінің қалтасынан беторамалын алып, бет-аузымды ысқылап сүртті. Ӛсіңкіреп кеткен шашымды сулап, ӛз тарағымен түзетіп қойды.

Қолымнан қысып ұстап, класқа алып кірді. Қарабұжырлау жуан мұғаліммен сӛйлесіп жатыр. Не жӛнінде екенін аса ұққан жоқпын. Біраз айтыстан кейін мұғалім мені аса жақтырмай:

Анау артқы партаға барып отыр, деді.

Не дәптерім, не қаламым жоқ, мен тұңғыш рет шәкірт ретінде партаға барып отырдым.

Сӛйтсем, Ноха кӛкем комсомолдың бастығы екен. Мұғалім, сірә, директор да болар, Ноханың айтқанымен санаспай тұра алмайды екен.

Ертеңіне Ноха кӛкем маған Бурныйдан Әліппе кітап, бірнеше дәптер, қара қалам, түрлі түсті қарындаш әкеп берді.

Айша оларды салатын сӛмкені матадан тігіп берді.

Сірә, 1941 жылдың күзі болар, Ноханы әскерге алды. Маңдайы жарқыраған, жүзі нұр шашқан, сұлу жігіт еді. Мамыт атам сақалы кӛз жасына боялып жылады. Ол кісінің жасығанын кӛргенім – сол.

Артынша Орханы да әкетті. Opxa соның алдында ғана Фин соғысында болып қайтқан.

Ал бұл жолы Мамыт атам ӛкіріп-ӛкіріп жылады.

Екі ұлының да енді қайтып оралмасын сезгендей, жер сабалап жылады. Соңғы хат Нохадан Курляндия соғысынан келді.

Қайтып хабар болған жоқ.

Осы күні қолымда бел ортасынан жыртылған суреті бар. Солдат киімі бар, Сірә, адамның жайсаңы осындай-ақ болар.

Маған қарайды да тұрады. Тіл жоқ. Мен алпыстан асып, егде тарттым. Ол әлі жап-жас, уыз жас.

Үйленген де жоқ Ұрпағы да жоқ.

Тым болмаса, қағазда аты қалсын деп әңгімеме қостым.

Сонау бір туысқандық мейіріміне сәл де болса қайтарған, қолымнан келген жақсылығым осы ғана.

Алла иманыңды салауат қылсын, кӛке

ҚАМҚА

Сӛйтіп қара ешкі ӛрістен қайтпай қалды. Әлдеқалай басқа біреудің қорасына кіріп кетті ме деп, Айша екеуміз әр сайдың жағасында үркердей-үркердей болып, шоқиып- шоқиып отырған ауылдың үйді-үйін түк қалдырмай аралап шықтық. Табылмады.

Жартыкеш Ай кӛрінді. Айша Айға мұңын шаққандай аспанға қарап тұрып:

− А, Құдай! Шиеттей үш жетімге шынымен рахымың түспеді ме? Не жазып еді олар саған?! – деп кемсеңдеді.

Ай тіл қатпады. Айдың ілмиген әлсіз сәулесінен Айшаның кӛзінен аққан жас жылт – жылт ете қалды.

Сонда барып қара ешкінің қайғысы ақырзамандай ауыр екенін сезіп, жүрегім суылдап қоя берді.

Он жасқа қараған кезім еді. Соғыстың екінші жылға аунаған шағы болатын.

Таңертең мал ӛріске шығарда, Айша мені ертіп алып, қара ешкіні іздеуге тағы бет алды. Әр үйден екі-үштен қой-ешкі селдіреп шықты. Кӛк есекке мінген, жалпақ мұрын Ералы шал оларды топтап, ӛріске бет алды.

Қара ешкі қайда? деп, Айша одан да сұраған. Қазір тағы да:

Қайнаға-ау, қара ешкіні жер жұтып кетті ме? Қайда қалды? деп сұрады.

Апыр-ай, ә! Табылмады ма? деп қара шал сасқалақтады.

Енді қайттік?..

Сайдың арғы қабағындағы үйдің жанынан:

Айша, ау, Айша! деген әлсіз дауыс естілді.

Аласа тамның есігінің алдында, аласа орындықта Қамқа отыр екен. Аяғы кӛне шапанмен ораулы.

Қамқа мешел. Мен ес білгелі мешел. Күннің кӛзі жылт етті болды, есіктің алдына шығып, мелшиеді де отырады. Онда да келіні Мүнира кӛтеріп әкеліп отырғызады. Қамқалардың үйі сайдың күншығыс жақ бетінде, біздің үй күнбатыс жақ бетінде.

− Айша, кешелі бері не іздеп жүрсің? – деді Қамқа семіп қалған қолымен кіртиген шүңірек кӛзін кӛлегейлеп.

− Е, әже-ай, Мұртазаның сүйегін іздеп жүр дейсіз бе? Қара ешкіні іздеп жүрмін, – деді Айша аһылап.

Ой жазған-ай, тіліңнің ащысы-ай, деп Қамқа кіртиді.

− Менің тілім ащы болмай, қайдан тұщы болсын. Әне-міне лақтайды деп отырған жалғыз ешкі жоғалды. Туса, балалардың таңдайы жіби ме деп жүруші едім... Бұлар ақ кӛрмегелі қашан?!

Қамқа:

− Оһ, жалған-ай! – деп күрсінді. – Ақыр байдың баласы ашықты деген не сұмдық? Енең Күнікей бай қатын атанып, бір елді асырап еді. Жолан Жаныстың қызы еді.

Бердімбет байдың жесірі еді. Сенің байың Мұртаза ақбоз ат мініп, қайда той, қайда кӛкпар – сонда жүрген сері еді. Енді солардың ұрпағы бір қасық ағарғанға зар дегенге кім сенеді...

− Әй, әже, әдірам қалған қайдағы байлықты айтпашы сол. Мүнира кетіп қалды ма қызылшаға?

Иә, жаңа ғана кетті ғой, мені отырғызып...

− Мен де кеттім. Әлгі Тасбет тағы да әке-шешемнен боқтап, әлегімді шығарар, – деді Айша.

Тасбеті бригадир.

Мүнира – Қамқаның келіні. Баласы жоқ. Байы Мұсаны Мұртазалармен бірге ұстап әкеткен. Мешел кемпірді баласындай бағады. Түзге баладай кӛтеріп барып отырғызады. Бірақ Құдай бала бермеген. Осындай әйелге бала бермегені не деген әділетсіздік? Баласы – сексеннен асқан сал кемпір, Күнде далаға кӛтеріп шығарып, есіктің алдына отырғызып, ӛзі колхоздың жұмысына кетеді. Таң азаннан қас қарая бір-ақ келеді. Қамқа бір орында тапжылмай отырады.

Қазір де отыр. Тау жаққа қарап отыр.

− Қара ешкіні кебенек алды. Енді іздейтін шама жоқ. Кеттім қызылшаға, – деді Айша Мен Қамқаның қасында қалдым.Кетерінде Айша арқамнан нұқып қалып:

Ана үйде қалған балаларға қара! деді. Қамқа:

Айша, Барсханды арқасынан ұрма! деді.

Мені аяған кемпірдің қасына барып отырдым. Қурайдай жеп – жеңіл алақанымен басымнан сипалады. Басымнан ыстық күн ӛткендей шым-шым ете қалды.

Кемпір әлгі салмақсыз, жеп-жеңіл қолын басымнан алып, кіртиген кӛзін кӛлегейлеп, тау жаққа қарады. Мен де қарадым. Тескей қара шұбар. Дӛңкиген түйетастар. Ойдым- ойдым изен, тобылғы, Ар жағы – аспанға шаншылған асқар таулар.

Әлден уақыттан соң Қамқа:

− Әй, Барсхан, – деді. – Қарашы, сенің кӛзің ӛткір ғой. Анау қара жолдың ар жағында сонау қарайған тобылғының түбінде бірдеме қимылдай ма, жоқ әлде маған қос кӛріне ме?.. Кӛзім жетпейді ғой менің.

Қараймын. Иә, әр жерде тобылғы қараяды. Бірақ қимылдаған ештеңе кӛрмеймін.

Кӛрдің бе? – дейді Қамқа.

Жоқ, – деймін.

Анау Манас жаққа қара.

Манас шыңы мелшиіп тұр. Одан бері қарай алашұбар. Әр қарайған тобылғының түбіне кӛз тігемін. Қимылдаған еш нәрсе сезілмейді.

Кӛрінбейді, әже.

− Кӛрінеді. Мен кӛріп отырмын. Құдай біледі, сол сенің қара ешкің. Лақтап қалған-ау деймін. Баршы, барып келші.

Ой, әже, алыс қой. Ештеңе кӛрінбейді.

Бар, бара ғой, нең кетеді.

Қара жолдың ӛзіне дейін бір-екі шақырым. Қарайған тобылғы шоқтары одан да алыс.

Лаж жоқ, Қамқаның, айтқанына сенбесем де, сӛзін жерге тастамай кете бардым. Не кӛп, топ-топ тобылғы кӛп. Жүріп келемін. Пыр-пыр етіп бозторғайлар ұшады. Дүр етіп бұлдырық үрке жӛнеледі. Жалаң аяққа шошқатікен кіріп кетіп, удай ашытады. Қамқа мені алдағаны несі деймін. Мен кӛрмегенде, оның, кәрі кӛзі нені кӛріп жарытады деймін.

Кӛңілім бұзылып, ауылға қайтпақшы да болдым. Оның үстіне Айша үйдегі балаларға қара деп кеткен. Үйде қарындасым мен інім бар. Естері кіріп қалған, әрине. Бірақ бас иесі – мен. Оның үстіне Тасбет бригадир кеше маған қырманға кел, тас бастырасың деп кеткен. Тас бастырғаны: қырлы-қырлы дәу таспен бидай бастырамыз. Жалғыз ат жеккен тасты бидай бауларының үстімен дүңк-дүңк айналдыра береміз... Кейде басым айналып, аттан құлап түсіп те қалатынмын.

Бармасаң тағы пәле.

− Ой, әкеңнің... – дейді Тасбет бригадир. – Халық жауының баласы, – дейді, – сен де жаусың, – дейді. Содан қорқып, ауылға қайтқым келеді. Кенет әлдене мекіренгендей болды. Дыбыс шыққан жаққа жалт қарасам, тарбиған дәу тобылғының түбінде қара ешкім тұр. Әуелі шайтан ба деп қорқып кеттім. Жоқ, ӛзіміздің кара ешкі. Мені кӛріп тағы да мекіреніп қойды. Жүгіріп барсам, кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді екі лағы бар екен. Екеуі де жағал екен. Қуанғаннан екеуін де құшақтап алып, ауылға қарай тұра жүгірдім. Лақтардың жібек жүні бетімді қытықтайды, екеуі де уыз сасиды.

Кешке Айша үрпиген үш балаға уыз пісіріп беріп отырып:

Е, Жаратқан, мұныңа да тәуба-тәуба! деді.

Айша десе, – деймін мен, – Қамқа әжемнің кӛзі кӛрмейді ғой, қалай біліп қойды?

Қамқа әжең әулие ғой, аруақтары кӛреді.

Әулие болса, Мұсаны неге қайтарып алмайды?

Сталиннің дию-перілері одан да күшті. Жібермей тұр ғой.

Терезеден Жартыкеш Ай сығалайды. Бізді кӛріп жаны жай тапқандай, бұлтқа кіріп кетеді.

Айша менің арқамнан сипалап:

− Сен ӛкпелеме, енді сені арқаңнан ұрмаймын, – дейді. – Қамқа әжең айтты ғой, арқаңнан ұрмаймын.

ҮШ ЕШКІНІҢ ҚАЙҒЫСЫ

О, сіздер біздің Жуалының боранын білмейсіздер ғой. Дүниені бір тарының қауызына сыйдырып жіберетін боран – сол. 1943 жылдың ақпанында сол сұрапыл қаһарланды. Әр сайдың басында бүрісіп-бүрісіп отырған үйлер бір-біріне бара алмай қалды. Шақпақ тауы неге долданды – бір Жаратушыдан басқа жан білмейді, Орха, Ноха деген екі арысын бірдей соғысқа жіберген Мамыт шалдың ӛзі бұл азапқа шыдай алмай:

− Мұндай сұмдықты кӛргенше, сол соғысқа мен де кеткенім дұрыс еді ғой! – депті дейді.

Қара нардай қайыспас қартыңның ӛзі солай деген соң, әлі әлжуаз, жап-жас үш балалы жесір Айшаның күні не болмақ?

Түйені жел шайқаса, ешкіні кӛктен ізде демеуші ме еді.

Жазда жоғалып табылған қара ешкінің егіз жағал лақтары кәдімгідей шыбыш болды. Айша:

Құдай бұйыртса, келер жазда сүтке жаримыз, деп қоюшы еді.

Енді сол ешкілер аш. Ала жаздай колхоздың жұмысында күндіз-түні жүрген Айшаның анда-санда түнделетіп, арқалап алып келіп, түкпір тамға жинаған шӛбі ақыр-тақыр ада болды. Жем жоқ. Жем табылса, ӛзіміз жемекшіміз. Ұраға ұрлап тыққан екі-үш қап қант қызылшасы бар еді, оны ӛзіміз шоққа пісіріп қорек қылып отырмыз.

Азынап бақырған ешкілердің азабына шыдай алмай Айша әлгі қызылшадан там-тұм талғажау етіп, турап береді.

Жұмырларына жұқ болмайды. Тағы да бақырады. О, аш ешкінің, бақырғанын Құдай сізге естіртпей-ақ қойсын. Ал ешкі албастыдан айнымайды: сақалдары сапсиып, кӛздері шақшиып, адамның ӛзіне шапшиын деп тұрады. Еуропалықтар шайтан суретін ешкі бейнесінде салатыны тегін емес болуы керек.

Қатарынан алты күн соққан ақ, боран жетінші түнге қарағанда тыншиын деді. Тіпті аспан тесіліп, сол аспаннан қораланып, ауpy кӛздей кілмиіп, Ай кӛрінеді.

Сонда Айша тӛсекте жатқан маған:

Тұр! – деді. – Киін! – деді.

Айшаның ашуын сіздер білмейсіздер. Арланынан айырылған қасқыр – құртқа да бір, Айша да бір.

Екеуміз екі қап, екі арқан алып, далаға шықтық. Жым-жырт. Тіпті иттер де үрмейді. Ақ кебін жамылған аш ауыл.

Қара жолдың үстінде, тӛскейде колхоздың жалғыз маясы бар. Жазда Молдарайым шал жоталап жинаған мая ғой. Бұл тӛңіректе Молдарайымнан асқан шебер маяшы жоқ. Тіпті бұзуға кӛзің қимайды.

Сәтін салса, қар қатқыл екен. Апта бойы соққан сұрапыл дауыл қарды нығыздап, таптап тастапты. Әйтсе де, анда-санда күртікке күмп беріп, омбылап қаламыз.

Бұл Айшаға ұнамайды.

− Із қалатын болды-ау, – деп қояды. Аңшы қуып, артында құралайы қалып қойған ақбӛкендей бұрылып, маған қарап-қарап қояды.

Менің ізіммен жүр, дейді. Қос із түспесін, – дейді.

Ал Айшаның адымы ұзын. Айша – бойшаң. Жас келін боп түскенде, зипа бойлы қыз екен. Әкеміз Мұртаза жарықтық, жаның жаннатта болғыр, тапалдау кісі еді. Құрдастары:

− Ана қатыныңды кәйтіп сабайсың-ей? Сені екі бүктеп, кӛтеріп алып кететін кӛрінеді ғой, – деп күледі екен. Иә, Айша қарулы. Ӛзі жесір әрі әлжуаз болса, қайтіп күн кӛреді бұл заманда?

Сондықтан Айшаның адымына менің адымым жетпейді. Аяғымды алшаң тастап, әрең ілесемін. Маяға жеткенше, қара сорпа болып терледім.

Мая кеміріліп, кеуектеніп қалған екен. Кеуегіне қар кептеліпті. Алдымен сол қарды қолымызбен әрең аршып, ӛліп-талып, таза шӛпке де жеттік-ау. Шӛпті қолмен суырып, қанар қапқа тыққыштап жатырмыз.

Жарықтық біздің Тӛскейдің шӛбі-ай... Қозы қарынға құйып пісірген уыздай екен. Амал жоқ, мал емессің, әйтпесе асап-асап жегің келеді. Хош иіс бұрқ ете қалды. Қақаған қыс емес, жайраңдаған жаз оралды. Киікоты аралас бидайық пен майлы шытыр, кӛдесі мен қызыл изені, иіс майлы қылшасы мен жусаны, қызыл жоңышқасы, гүлқайыр мен кӛкемаралы сол қалпында тірі күніндегідей сиқырлы. Әттең, шама жетсе, маяны түгел кӛтеріп әкетсе...

Маяның осы қуысына жата қалып, тырп етпестен ұйықтасаң ғой, шіркін... Бірақ Айша айтты:

Арқаңды әкел! деді.

Екі қапты аяғымызбен тепкілеп,нығыздап толтырып, арқанмен шандып тастадық. Бір қапты Айша менің арқама салып, кеудемді.арқанның ұшымен таңып тастады. Ӛз қабын бұйым ғұрлы кӛрмей, оз арқасына лақтыра салды.

Сӛйтіп, келген ізбен кері қайттық. Алты күн соққан ақ боран аз болғандай, Айша:

Борасындатып, ізімізді кӛміп кетсе жақсы болар еді, деді.

Сӛйтіп, аспанға қарады. Қораланған Ай мұңайып тұр екен. Аспанда Ай мұңайса, жерде жыбырлаған біз пақырға не шара? Бір Құдай ӛзі жар болсын. Тасбеттің қаһарынан сақтасын.

Тасбет біліп қойса, Айшаны, бәлкім, мені де соттап жібереді. Онсыз да «халық жауы» деген қара таңбамыз бар.

Ӛткен жазда Сартай дейтін ӛлесі шал сотталып кетті. Ӛзі Бауыржанның (Момышұлының) жақын туысы еді.

Бар жазығы-жалғыз есегін жаздай Тасбет алып қойып, элеваторға бидай тасытқан ғой.

Сартай:

Нe менің есегім құрымады, не осы ӛкімет құрымады, деген ғой. Күйінген де.

Тасбет милицияға айтып, айдатты да жіберді. Содан бері ұшты-күйді жоқ.

Дәл қазір оз басымда үрей жоқ, жадыраған жаздың бір қап нұрын арқалап келе жатқан адам уайымсыз болады екен. Ал Айша қорқады. Қайта-қайта Айға қарайды.

АЙ ШУАҚ ТҮНДЕР

Ақпанның ақ бура бораны болдырып, жынынан айырылған бақсыдай басылған соң, аспан ашылып, пердесіз терезеден Ай сәулeci себезгілеп тұратын болды. Екі қап шӛп келгелі, ешкілер бақырып жылағанын қойды. Ұйқымыз тыншиын деді. Бәрібір түн ұзақ.

Сонда үш жетімін ұйықтату үшін, Айша неше алуан ертегі, қиссаларды айтады. Біз үшін бұл бір қадір түндері – Алланың ақ нұры жауған түндер. Анда-санда Айша осылай ӛзгереді. Ұзақ түнде бізге әр түрлі әңгіме айту арқылы ӛзі де азаптан арылып, уайымы жеңілдеп қалатын сияқты.

Біздің үлкен апамыздың, яғни Мұртазаның әпкесі Нұралы деген Кӛксайдың қырғызына ұзатылғанын (оны ӛзі де соқыр еңсесінен естіген. Әкеміз Мұртазаның анасы Күнікейдің күндесі кейін соқыр болып қалған екен) жыр қылып айтқанда, біз демімізді ішімізден алып тыңдар едік. Бай қырғыздар екен. Манас шыңына таман жетіп, жайлауға шығады екен. Майдантал дей ме. Ӛгізқорған дей ме... Ол жайлауды ӛзі кӛрмесе де, Айша жұмақ тӛріндей қылып айтады. Жайлауға қырғыздар атпен, түйемен, ӛгізбен, қодаспен кӛшеді екен. Үсті – шың, асты – құз, жалғыз аяқ бұралаң жол болады екен. Сонда қырғыздар:

− О, қоқи, қассақ келіннің кӛзін байлағалы, басы айналып, құзға құлап кетет, – деп, үлкен апамыздың кӛзін орамалмен таңып тастайды екен.

Не керек, неше түрлі қызықтарды айтып-айтып келіп, ақыры:

− Сол қырғыздар әкелерің барда жиі-жиі келіп тұрушы еді, қатынағанды қойды, – деп күрсінді Айша. – Әбдібек, Сусар деген жиендеріміз болушы еді. Әбдібек әскерге кеткен кӛрінеді. Сәнәмбүбі деген келіншегі болатын. Қырғыз – Ата жарықтық, (Нұралы жездеміз) қартайып қалды ғой. Жүріп тұруы қиындаған шығар, – деп қойды.

Ұйқыларың келген жоқ па-ей? дейді Айша.

− Жоқ, жоқ, айтшы, апа, тағы да, – деп ӛтінеді қарындасым Құрмаш. Інім Батырхан үндемейді, ұйықтап қалса керек.

Сонда Айша ӛзінің балалық бал дәуреніне сапар шегеді. Кӛз алдына Қаратаудың астында жатқан Бурылтау келеді. Бурылтаудың баурайын мекендеген Есей байдың ауылын кӛреді. Тұлымшағы селтиген бүлдіршін қыз ӛз құрбыларымен бірге тастан-тасқа секіріп, кекіліктің жұмыртқасын іздеп жүреді. Қызығына түсіп кеткені сонша, тым биікке шығып алып, қыздар енді тӛмен түсе алмай жылайды екен. Биікке бәрінен де бұрын шыққыш Айша кӛрінеді. Қия тастан түсе алмай жылаған қыздарды тӛмендегі ауылдағылар кӛріп, әрең түсіріп алады екен.

− Есей әкеміз, жарықтық, алты ағайынды болыпты, – дейді Айша, – Матай, Сасай, Есей, Нұрабай, Қарақұл... а, Құдай, біреуі есімнен шығып қалыпты. А, Татай! Не Матайы, не Сасайы Меккеге барып, содан қайтпай қалған, пейіштің тӛрінде деседі.

Әкеміз Есейдің үш әйелі болыпты. Біріншісі – осы біздің ауылдағы Дошанай атаның әпкесі Теңгеқыз деген кісі еді, жарықтық. Одан Сүттібек, Ауагүл деген балалары болады. Сүттібектен Тӛлен нағашыларың. Ол қазір соғыста, е, Жаратқан, жар бола гӛр жалғызға...

Екінші әйел – менің шешем Құлыхан, Бектӛбе деген жердегі Сіргелілердің ішіне сіңбе Алшының қызы. Құлыханның шешесі Тұрған ханым деген кісі, иә, аруағыңнан айналайын, ірі кӛріпкел, тәуіп кісі екен.

Есейдің Құлыханнан үш баласы бармыз: мен Айша, Рахман, Зиба.

Шешем Құлыханның бауырлары әлі сол Бектӛбеде тұрады. Сәли, Қали, Бӛпетай, Сатай... Е, оларды да кӛрмегелі кӛп заман болды. Мұртаза барда бәрі де келіп-кетіп жүруші еді. «Балапан басымен, тұрымтай тұсымен» дегендей болып кетті ғой Мұртаза

«халық жауы» дегеннен бәрі қорқатын шығар.

Сонда Мұртаза халықтың бәріне қарсы шыққан ба? деймін мен шыдай алмай.

− Қайдағы қарсы шыққан, ойбай! Байдың баласы дейді, Тротске дейді, Рысқұлшина дейді – жабам десе, жаласы кӛп.

Тротске, Рысқұлша деген не?

Е, мен қайдан білейін, Сталинге қарсы дей ме... Кенет Айша даусы ӛзгеріп:

Тыныш жат, аузыңнан шығарушы болма мұндай сӛзді! – деп жекіп тастады.

− Қойшы оны, онан да баяғы қыз күніңді айтшы, – деп әңгімені жӛнге салады қарындасым.

Айша әлгі ашуын ұмытып, күліп алып, қызын басынан сипалап, қайтадан бал дәурен ауылына аттанады.

− Сүттібек кӛкемнің үйіндегі жеңешем Анаргүл қызық кісі еді.жаның жаннатта болғыр. Ӛзін он тӛрт, он бес жасында алып келген екен. Сірә, сонда менен сәл – ақ үлкен. Бала ғой әлі. Бізбен бірге ойнап кетеді. Тауға шығып сағыз тереміз. Тауға шықсақ, ылди

жақ алақандағыдай ап анық кӛрінеді. Сонда әлгі жеңешем түйетастың үстіне шоқиып алып, ылди жаққа қарап жылап отырады:

− Тастӛбе – Кӛлқайнар-ау... – деп алысқа қарап аңырайды. Сӛйтсек, Тастӛбе – Кӛлқайнар – ӛзінін туған ауылы екен. Жанбай – Жаныстың елі екен. Сӛйтсек, Құдай-ай, жап-жақын жер екен! Айша күледі. Айша күлсе, біз де жадыраймыз.

Жеңеше, неге жылайсың деймін? дейді Айша.

− Ауылымды сағындым... Ауылыңның қадірін ұзатылғанда білесің, – дейді жеңешем. Сол айтқандай-ақ, – деп күрсінді Айша – кӛп ұзамай- ақ мен де ұзатылып, Бурылдың тауын сағынып жүрдім ғой, ah! Бұйрық екен, осы Мұртаза айттырып келген жоқ па...

− Қызық болды ӛзі, – деді күліп Айша. – Құдайға тоба, мұндай да болады екен-ау. Мұртазаның бір қарындасын Сүттібек ағам алған. Ол бейшара қайтыс болып кеткеннен кейін ғой, әлгі «Тастӛбе – Кӛлқайнар – ауды» алып жүргені. Енді Сүттібектің қарындасын Мұртаза алмақшы. Сонда айырбас па – немене ӛзі? – Айша ернін сылп еткізіп қойды, – Содан, тағдыр екен, он алты жасымда осы елге келін боп келдім ғой. Мұртаза менен бұрын екі peт үйленген екен. Біріншісі – мына Жаңабайдағы баяғы Байзақ датқаның тұқымы, Қабылбек болыстың қарындасы. Ерте қайтыс болған, марқұм. Тағы да сол ауылдан бір қыз алған екен. Оны бала таппадың деп қоя берген бе, әйтеуір, бір бәлесі бар...

Бурылтаудың Қыршындысынан таңертең аттандық. Бүкіл Байтана шығарып салған. Жар-жар. Астымда ер-тоқым, құйысқанына дейін күмістен, зермен жабулап тастаған ақбоз ат. Жолда Күйіктің асуы деген болады екен. Сонда бір аялдап, тағы жүріп келеміз. Қалжыңбас күйеу жолдастар. Осы Жолдасбектің әкесі Сапа деген кісі, жатқан жерің жаннат болғыр. Мұртаза екеуі ажырамас дос еді. Екеуі де боз киініп, боз ат мініп жүретін. Сол бар, тағы кӛп кісі. Күн бесінде Теріс ӛзенінен ӛттік. Сӛйтсек, алдымыздан қаптап қарсы алған ел... ең алдымен мені құшақтап сүйіп, сүйемелдеп жүрген – Баян жеңешем. Күн бата осы Мыңбұлаққа да келіп жеттік қой... Ай, заман-ай, ай, арман-ай!..

Айша үндемей қалды. Жӛтелгісі келгендей түйіліп-түйіліп, денесі селк-селк етіп, бір уақытта дауыстап жылап жіберді.

Үрпиісіп қалдық.

Қой. апа, қой, жылама, деп, Құрмаш қайта естиярлық танытты.

Ай сәулесі кӛрінбей кетті. Үй тӛбесіндегі қамыс ызыңдады. Тағы да жел кӛтерілсе керек. Тағы да боран болатын шығар. Бораны таусылмайтын неғылған жер. Әлде Айшаны қамыстың ызыңымен жұбатқысы келген періштелер, әлде аруақтар...

Айша біздің кӛрпемізді қымтап, басымыздан сипап:

Болды. Ұйықтаңдар, – деді.


НАУРЫЗКӨК

Ертеңіне ағыл-тегіл боп қар еріді. Түнде үй тӛбесіндегі босаттың қамысын ызыңдатқан Алтынкүрек желі екен. Желдің аты – Алтынкүрек. Адамдарды қан қақсатқан, ызғарлы суықпен сүйегін сырқыратқан дүлей дию сияқты сиықсыз қысты бір түнде жайратып салатын Алтынкүрек. Қарды ғана ысырмай, адамдардың еңсесін езген қайғы-мұңды да аршығысы кеп, уайымыңды жеңілдететін Алтынкүрек.

Осы бip жылы жел періштелердің қанат қағысынан есетін сияқты.Қара ниет диюлардың улы тырнағынан адам бейшараны арашалайтын ізгілік күш қой. Айша айтады, диюлар мен періштeлеp ылғи соғысады деп. Әйтпесе, мен қайдан білейін. Диюын да, періштесін де кӛрген емеспін. Кӛзге кӛрінбей соғысатын ол қандай күштер?..

Атпақшы, сол күні Наурызкӛк келді. Айша айтты:

Аман келдің бе, әулием? Ұяң бұзылмасын, балапандарың қанаттасын! деді.

Кәдімгі шымшықтың үлкендігіндей ғана құсқа да ӛстіп табынады екен-ау. Елден қысы – жазы кетпейтін кәдімгі бұзық, тірмізік шымшықтан басқа. Наурызкӛк – моп-момақан. Екі кӛзі моншақтай қап-қара, кӛгілдір аспан түстес, сүп-сүйкімді, Періште екені рас та шығар. Күшті болу үшін дәу болу, қаһарлы болу шарт емес те шығар. Айталық, Черчилльдің қасында Махатма Ганди кіп-кішкентай ғой. Черчилль сияқты әскери мундир де кимейді. Сигар да тартпайды. Коньяк та ішпейді. Пистолет те асынбайды. Тіпті тыр жалаңаш десе де болады. Беліне байлаған лыпадан басқа тұлдыры жоқ. Қару-жарағы жоқ. Біреуге ищай деп жаман сӛз айтпайды. Қабақ шытып, қатуланбайды да. Ал сӛйте тұра, бір оқ шығармастан Черчилльдерді жеңді ғой.

Наурызкӛк – жақсылықтың нышаны екен.

Сол түні Айша кешегі әңгімені жалғастырды. Оған себепші болған тағы да Құрмаш еді. Аз ғана тақыл-тұқыл тамағымызды ішіп, шырағданды сӛндіріп, ұйқыға жатамыз. Ерте жатқаннан соң ба ұйқы келмей қояды. Ерте жатпайын десең, жермай жоқ. Жермайды үнемдеу керек. Жермайсыз шырағдан жанбайды. Біреулер тоңмайға білте салып жағып жүр. Оған тоңмай қайда? Тоңмай табылса, қара кӛже ішіп неміз бар? Қатпаймыз ба сол кӛжеге.




ЭЛЬЗА - КІШКЕНТАЙ ПЕРІШТЕ

Адамның басы – Алланың добы» деген, қалай қарай тепсе, солай қарай домалайтын кӛрінеді.

1941 жылдың. жазынан бастап, дүние астан-кестен болғандай, адамдар Батысқа ағылып жатты. Олар әскерлер еді. Батыстан Шығысқа қарай да жүйткіген пойыздар кӛп. Біздің Мыңбұлақтан ылдида, Теріс ӛзенінің бойындағы теміржол алақандағыдай анық кӛрінеді. Байқаймыз, пойыздар жиіледі.

Солардың бірі Боранды бекетіне тоқтап, «жер ауғандарды» түсіріп тастапты.Оны үлкендерден естідік.«Кімдер екен,кімдер екен?» деп ауыл қазағы сұрамай тұра ма?

«Немістер екен», десті біреулер. «Немісі несі? Соғыс бізге де жетіп қалды ма?» деп шошынды қарапайым ел.

Оның жауабын кӛп кешікпей ӛз құлағымызбен естіп, ӛз кӛзімізбен кӛрдік.

Біздің ауылға сатылы арба, жәшік арбамен тізіліп қош келді. Бәрімізді мектепке жинады.

Жиналысты ауданнан келген қайыс пальтолы уәкіл ашты. Тӛрде колхоз бастық, сельсовет, тағы бір ұзын бойлы кісі отыр, түрі орыс сияқты.

Уәкіл айтты:

− Жолдас колхозшылар! Бүгін ауылдарыңызға жиырма үй немісті кӛшіріп әкелдік, – деді.

Немісі несі? деп, Сапарбай ата шошынып қалды.

Неміспен соғысып жатқан жоқпыз ба? деп, бір бүйірден Әліқұл ата тіл қатты.

Уәкіл:

− Шуламаңыздар! Жолдас колхозшылар! Бұлар басқа немістер. Жо-жоқ, фашистер емес. Ӛзіміздің Волга бойынан кӛшкендер.

Немене, Еділді шапты ма?

Онда фәшістер Қазақстанға жетіп қалғаны ма?

Сұрақ кӛбейді. Уәкіл қысылды. Қайыс пальтоның қалтасынан беторамалын алып, маңдайын сүрткіледі.

− Жоқ, – деді уәкіл, – фашистер Волга бойына жете алмайды, жетпей желкесі қиылады.

− Онда Еділдегі немістерді неге жер аударады? Уәкілдің қиналған жері осы болды. Немістерді Сталиннің бұйрығымен кӛшіріп жатыр деп айта алмайды. Айтса, басы кетеді. Енді уәкіл ӛктемдікке басты:

− Жолдас колхозшылар! Үкімет пен партияның ісіне шүбә келтірмеңіздер. Немене, үкімет пен партияның саясатына қарсы шығасыңдар ма?!

Жұрт жым болды. Уәкіл де сабасына түсіп:

Сӛз кӛшіп келген неміс ағайындардың атынан Отто Бауэрге беріледі, – деді. Қайрабай шал жанындағы біреуге:

Отта, бауыр, дей ме? деп сыбырлады.

Неміс орысша сӛйлесе де, біз түк түсінген жоқпыз. Уәкіл түсіндірді.


− Отто Бауэр жолдас айтады: осындай қиын шақта орталарыңыздан орын беріп, немістерді қабыл алғандарыңызға рахмет айтады. Немістер іскер, жұмыс десе жұлқынып тұрған халық дейді. Колхозға кӛп кӛмегі болады, қандай жұмыс болса да қашпайды дейді.

Отто Бауэр – бетінде қорасан дағы бар, ұзын бойлы, еңгезердей кісі екен, уәкілдің қазақша аудармасын түсінбесе де басын шұлғып тұрды. Күлімсіреп қояды. Уәкілдің тілмаштығын күшейткісі келгендей:

− Арбайт, арбайт, работа, работа, – деп қойды. Сонымен жиналыс тарқады. Тарқар алдында кімнің үйіне кім кіреді, соның тізімі оқылды. Оны Жуанқұл бастық жариялады. Тізімді оқып тұрып, бір жерінде:

Бердімбетова Айшаға – Вольф Анна, екі қызы бар Эмма, Эльза, деді.

Сӛйтіп, Эммасы мен Эльзасын алып, Анна біздің үйге келді. Эммасы менен үлкендеу, Эльзасы әлі аяғы шықпаған нәресте екен. Оны Анна кӛтеріп келді. Бір қолында қызы, бір қолында қарала орамалға буған түйіншегі бар. Эммасының қолында да бір түйіншек бар. Бар байлығы – сол.

Кейін-кейін Анна айтады ғой: тәп-тәуір дәулетіміз, сиырларымыз, шошқаларымыз, үйрек-қаз, тауықтарымыз бар еді деп. Бәрі қалған. Бір түннің ішінде әскер келіп, апай- топай пойызға,қызыл вагонға салған. Енді жеткен жері осы – біздің Мыңбұлақ. Оның ішінде біздің қоржын үй.

Қоржын үйдің бір жағында – ӛзіміз, екінші басында шӛп, тезек , жалғыз сиыр, бір-екі ешкі. Ортадағы ауыз үйде де отын тағы басқа кәкір-шүкір орналасқан.

Айша айтты:

− Бір бӛлмеде бірге тұрамын десең, міне, ана бӛлменің бір қуысын жӛндеп аламын десең, оны ӛзің білесің, – деді Аннаға.

Оның тілін түсініп жатқан Анна жоқ. Бірақ мылқау жандарша ыммен – ақ түсініскен сияқты. Анна:

Гут, гут, деді.

Сӛйтіп, менің немісше бірінші үйренген сӛзім «гут».

Анна сарғыш қолаң шашты, ажарлы әйел еді, үлкен қызы да ӛзіне тартқан, жасына қарамай аяқ-қолы балғадай,денесі ірі екен. Ал кіші қызы ӛте шінжәу, ілмиіп қана қалған, шала-жансар. Бұрыннан солай ма, әлде пойыздағы ұзақ жолды кӛтере алмай .ауырып қалған ба, о жағын біле бермеймін. Жылауық та емес, Бірақ ыңырсиды, езу тартып күлгенді білмейді. Әлі ес білмеген сәби болса да, жасыл-сарғыштау кезінде қаптаған қасірет, бозғылт аспандай терең мұң жатыр.

Соғыстың бірінші жылы ғой. Дастарқанымыз әлі қурамаған кез. Қонақтарымызға дәм бердік. Содан соң Анна ай-шайға қарамай іске кірісті. Мал тұратын бӛлменің бір бүйірін тазалап, араға ағаштан, Айшаның баулап-баулап қойған жусан отынынан қоршау салып алды. Тауықтың күркесіндей бӛлек бір бӛлме болып шыға келді. Бӛлме ішіндегі бӛлме.

Аннаның байын әскерге алған екен. Кейін ойлаймын ғой. Әскерге алса... соғыста. Немістерге, фашист немістерге қарсы соғысады. Неміс бола тұрса да. Демек оған сенгені. Сенсе, неге үйін жер аударып жібереді?

Бұл дүниенің біз білмейтін жұмбағы кӛп. Дүние о басында түп-түзу, дұрыс жаратылса керек. Бірақ кейін-кейін күштілер шыққан,әлсіздер шыққан. Әділетсіздік содан туған. Шын әділет – тепе-тендік. Адамдардың бәрі тең болуы керек. Ал адамдарда ондай теңдік бар ма? Біреу семіз, біреу арық. Әлемнің терезесі тең емес. Біреудікі биік, біреудікі аласа, ал біреудің терезесі шынысыз, қозы қарын ғана қампаяды. Ендеше, шын әділет еш уақытта, еш заманда да болмақ емес. Қазіргі әділет, әділет деп жүргеніміз – соның жұрнағы ғана.

Сол жұқаның да жұлыны жұлынған.

Әділеттіктен аттап ӛтетін, беттің арынан таспа тіліп, түйіндеп тастайтын саясат дейтін сайқал бар. Саясат – кӛбінесе тақ үшін талас. Тақ дегеніміз – күш. Күшті болу үшін таққа таласқандар туған әке-шеше, құрсақтас бауырын да аямайтынын тарих талмай кӛрсетті, кӛрсетіп те жатыр, кӛрсете де береді.

Таққа таластың ар жағында аран жатыр. Аран ашылады. Қазақтың: «кедей бай болсам дейді, бай Құдай болсам дейді» дегені содан қалған. Араны ашылған патша әлемді алсам дейді. Әлемді Құдайдан басқа ешкім ала алмайды. Содан барып соғыс шығады. Ал соғыс дегеніңіз қып-қызыл қан, қаптаған түпсіз-түмен қасірет. Патшалар жауласады, халық қырылады.

Сол қасіреттің бір түйірі мына біздің үйдің бір түкпіріне келіп қонақтады.

Аз күнде-ақ Анна дегеніңіз Айшамен бұрынғыдай ыммен емес, қазақша сӛйлейтін болып алды. Эммасы да алғыр екен, біз де онымен түсінісіп кеттік. Жалғыз тіл қатпайтын – Эльза. Оның тілі – тілсіз ыңырсу. Сүтте бердік, қаймақта бердік, барымызды аузына тостық, бірақ..

Бір күні таңертең біздің бӛлмеге Анна келіп, Айшадан:

Бұл ауылдың зираты қайда? деп сұрады.

Зираты несі? деп шошып кеткен Айша.

− Эльза... – деп, Анна бетін басты. Үрпиісіп, орнымыздан ӛре түрегелдік.

Айналасы қоршалмаған жадау ғана жетім зират Бердімбет сайының бас жағында, қара жолдың үстінде.

Анада жиналыста сӛйлеген Бауэр келді, бір-екі неміс келді. Ӛздерінше бірдеңе-бірдеңе сӛйлесті. Біз түсінбейміз. Түсінгенім: «мусульман, мусульман» дегендері ғана.

Не керек, Эльзаны зираттың дәл езіне емес, одан тӛменірек, Бердімбет сайының қабағынан ошақтай ғана жер қазып, соған кӛме салды. Қызыл құмырсқаның илеуіндей ғана тӛбешік ақ қардың ортасында қарауытып қалды. Аппақ дүниенің бетіне біткен бір түйір тарыдай ғана мең.

Ал жалпы, «аппақ дүние» деген осы бір егей бала сияқты оқшау ауылға болмаса, жалпы әлемге жараспайды. Жалпы дүниенің беті дәп-дәле. Айғыз-айғыз қан.

Бауэр, тағы басқа ер-азамат немістер бір күнде кӛрінбей кетті.

Қайда кетті? десек,

Трудармияға алып кетті, деді. Қайтіп оларды кӛрген жоқпыз.

Ал қалған немістер күн жылына бере ӛздеріне жертӛледен болса да баспана соғып, қазақтардың «қоржын» тамдарынан бӛлініп шықты.

Кӛп жыл ӛткеннен кейін, ұдайы сыртта жүріп, елге барсам, «неміс кӛше» деген пайда болыпты. Үйлері әдемі, сүйкімді. Бау-бақшасы бар. Шетінен ауқатты. Анна қартайыпты. Эмма сондағы бір тызылдап тұрған пысық неміске тұрмысқа шығыпты. Ӛзі магазин ұстайды екен, қисық кӛз күйеуі қамбашы екен. Билеп тұр. Үйіне шақырып, шай берді. Эмманың бір бӛтелке арағын іштік.

Гут, гут, зер, гут, – дедім.

Ешкімге қиянаты жоқ, ӛтірік-ӛсекке, мақтанға, кеудемсоққа бармайтын, зорлық- зомбылықты сүймейтін, тек ӛзінің адалдығына, тек ӛзінің маңдай тері мен табан ақысына сүйенетін мейірімді жандар.

Ал енді осылардың әлдеқайда алыстағы қандастары қалайша дүниені шат-шәлекей қылғаны мүлде түсініксіз.


МҰСЫЛМАНДЫҚТЫҢ БЕЛПСІ

Жаратқан Құдірет, Жасаған Ием о басында Адам Ата мен Хауа Ананы дүниеге келтірген де, бұл ұлы ата-анамыздың тал бойында бір мін болмаған. Артығы да жоқ, кемі де жоқ. Адам баласы шексіз шебер Құдіреттің күшімен, шексіз даналығымен жаратылған. Адамның мүсінінен қандай мін табасыз? Құлағы артық па? Қолы, аяғы артық па? Бәрі-бәрі орын-орнында тұр.

Адамның жаратылысы дүние-әлемнің жаратылысындай мүлтіксіз қиюласқан. Қазір инженер деп жүргендеріміз машина жасайды, сағат жасайды. Қырып-жою құралдарын жасауда мол табысқа жетті. Ал бірақ Адамды жасау үлгісі бар болса да, адамды жасай алмайды. Роботтың жаны жоқ, сезімі жоқ. Қуана білмейді, қайғыра білмейді, армандай алмайды.

Ендеше, Құдайдан құдіретті ешкім де, еш нәрсе де жоқ. Ал енді, келе-келе, адамдар адамның жаратылысынан, мүсінінен кемшілік тауыпты. Адамзаттың бәрі емес, едәуір бӛлігі.

Сӛйтсе, олардың ойынша, еркек адамның мүшелерінде, дәлдеп айтқанда, бір ғана мүшесінде, тағы да дәлірек айтқанда, еркектік белгісінде құйтақандай кінарат бар екен. Еркектік белгі бүрік екен. Бүрік етіп тұрған – тырнақтай ғана тері екен.

Сол тырнақтай теріні ӛткір ұстарамен шертіп жіберіп, кесіп тастаса, сауап болады екен. Әйтпесе, үлкен күнә! Ол күнәнің жазасын әсіресе о дүниеге барғанда қатты тартатын кӛрінесің. О дүниеде мәңгі-бақи тозақта ойбайлағанша, осы дүниеде-ақ тыз етпе бір ауырғанға шыдасаң – мойнындағы зіл батпан қарыздан құтылғаның.

Айша осыны қатты уайымдайды екен. Қиын болғанда, Мыңбұлақта бала «піштіретін» маман жоқ. Бұрын заман тынышта, Түркістан жақтан жылда бір келіп, «піштіру» науқанын жүргізіп, мал жинап қайтатын Қара қожа да келмей қойды.

Мұртазасы болса, Айшаға уайым түспес еді. Баласын сүндеттету – әкенің парызы. Бірақ Мұртазаның міндетін Айша ӛз мойнына жүктеп алған. Тағдыр солай ұйғарды. Кӛнбеске амал жоқ.

Бердімбет сайының сәні кетіп, гүлдер солып, кӛбелек қуған қарлығаш ұшпай, оның орнына шұбатылып мизам ұшқан шақ. Сірә, қырық екіншінің қоңыр күзі.

Қырсық қара биеден қалған бурыл тайдың үстінде бір жамбастап, сайдың ажырық отына жайылып жүрген жылқыға қарап, сүлесоқ отырғанымда, ойда жоқта алқын-жұлқын Айша жетіп келді.

Әй, Барсхан, әйда, жүр үйге, — деді.

Не болып қалды?

Кейін айтам, жүр, жүр.

Жылқыны қайтем?

Тасбет бригәт қазір басқа адам жібереді.

Айшаның айтқанын істемей кӛр. О, оны сіздер білмейсіздер. Ол бурыл тайдың үстінде жарбиып отырған мен тұрмақ, зіңгіттей Тасбет маңқаның ӛзін аттың үстінен түсірген. Тасбеттің ӛзінен де бар. Дереу тілдейді. Атаңа нәлет дейді. Құлақтың қатыны дейді. Халық жауының қатыны дейді. Айша бір шыдайды, екі шыдайды, тіптен болмаған соң, Қызыл қырманның басында, шаршы топтың кӛзінше Тасбетті аттың үстінен тулақтай жұлып түсірген ғой. Тасбет сотқа бермекші болыпты. Ел жиылып, қой-қойлап әрең басыпты.

Үйге келген соң Айша дәу қара қазанға су жылытып, мені әбден шомылдырды. Қара сабынды аяған жоқ. Бӛз де болса, таза кӛйлек кигізді. Әлі күн жылы еді, сонда да құрақ сары күпәйкемді, ақ қоян құлақшынымды кигізді.

Не екенін түсінбеймін, қарындасым мен інім де аң-таң. Сірә, мені тойға барады десе керек, біз де барайықшы деп қыңқылдасты.

Айша оларға «тәйт» деп тастады.

Әлдеқалай қашып кетпесін дегендей, қолымнан қысып ұстап алып, дедектетіп, талай сайлардан етіп, басқарманың үйіне жетті.

24


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12