Тақырып бойынша 11 материал табылды

Республикам менің мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл менің шығармашылық жұмысым.Мақаламда он төрт Республикамыздың облыс орталық қалаларын қамтыдым.Әр облысқа тән өзгешіліктері бар. Астана-еліміздің мақтанышы.Алматының Шымбұлағы,Медеуі,ауасының таза екені бейнеленген.Ақмоланың астығы,Талдықорғанның апорты,Алтын адамымен ерекшеленеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Республикам менің-Қазақстан!

Қазақстан!

Атың мәлім әлемге.

Қазақстан!

Даңқың асты бар елге.

Қазақстан!

Жайнаған бақша-бауларың.

Қазақстан!

Көз тартады зәулім-зәулім тауларың.



Қазақстан-тарихы мол бір дастан,

Шекарасы Қытай,Тәжік,Өзбекпенен жалғасқан.

О шеті мен бұ шетіне көз салсаң

Республикам он төрт облыстан құралған.



Әр облыстың өзіне сай жері бар,

Бау-бақшасы,жемісі мен дәні бар.

Сан алуан ұлттан құралған

Бірлігі мен ынтымағы тағы бар.



Астана-Отанымыздың елордасы,

Астана-еліміздің мақтанышы.

«Бейбітшілік пен келісім» сарайы

Халықтың ынтымағын қалайды.



Алматы Алатаудың етегінде орналасқан,

Ауасы таза,көгінде ашық аспан.

Шымбұлақ-таушаңғы шипажайы,

Медеуі сырғанайтын мұзайдыны.



Ақмола облысы бар елімізде,

Астығы,орманы бар көлдері де.

Көкшетаудың табиғатынан дем аласың,

Бурабай шипажайынан ем аласың.



Талдықорған қаласының табиғаты ерекше,

Балқаш көлі облыстың үлкен көлі емес пе?

«Алматы апорты» бар бақтарында,

Табылған «Алтын адам» Есік қаласында.



Ақтөбенің мұнайы мен газы бар,

Өндіріледі пайдалы қазбалар.

Облыста бар ірі зауыт-фабрикалар,

Мекендейді даласында ақбөкен мен қосаяқтар.



Атырау әсем қала боп саналады,

Ғажайып жерлерімен танылады.

Жайық өзені Каспий теңізіне құяды,

Бар байлығы балығы мен мұнайы.



Шығыста бар Өскемен қаласы,

Марқакөл облысының мақтанышы.

Ормандар бар Майқарағай,Балқарағай,Көктеректі

Аю,сілеусін,көкқұтан орманында мекендепті.



Тараз-Жамбыл облысының орталығы,

Жерінде бар пайдалы қазбалары.

Қаласында Қарахан мен Айша бибі кесенесі,

Тағы бар Мойынқұм мен Бетпақ дала шөлдері.



Орал қаласы-Ресеймен шекаралас,

Бұл жерде қазақ-орыс бәрі аралас.

Қасқыр,түлкі мекендеген орманында,

Мұнайы мен газы бар облысында.



Қарағанды-көмір кеншілерінің астанасы,

Қара алтынның қоймасы мен шахтасы.

Оңтүстігінде Балқаш көлі,

«Ұлытау»-тарихи жәдігері.



Астықтың мекені-Қостанай,

Жер қойнауы пайдалы қазбаға бай.

Наурызым қорығында

Қорғауға алынған ақбас тырна,бірқазан да.



Қызылорданың ақ күмістей күріші,

Мол өнімі елдің болған ырысы.

Қызылорданың кең байтақ даласында,

«Байқоңыр» орналасқан ғарыш алаңында.



Ақтауда Каспий теңізі балыққа бай,

Теңіздің жағасы демалатын жағажай.

Жартаста бар салынған көне суреттер,

Маңғыстауда мұнай мен газ өндірілер.



Ертіс өзені Павлодарда,

Суы мол,тұнық әрі таза.

Баянауылдың табиғаты тым-тамаша,

Тау арқары мекендейді бұл аймақта.



Петропавл қаласы,

Көрікті де келбетті.

Бидайы өскен даласы,

Аққайыңдар өлкесі.



Оңтүстігім Қазақстан шуақты,

Қалам менің Шымкентім шырайлы.

Нұрланады кең аумақты Мегасы,

Көркейіп тұр Тәуелсіздік сарайы.

Сарыағашым саялы бақ,туған өлкем

Жемісімен көрікті жасыл желкен.

Табиғаты тамаша,көрсең қандай

Шипалы ыстық суы тәтті балдай!



Курортымен танылған

Мыңдап адам ағылған.

Шипа суымен емделіп

Сырқатынан арылған.



Көп ұлтты достықтың мекені,

Көз тартады,жайқалады гүлдері.

Гүлдене бер,жайнай бер Сарыағашым

Қайнап шыққан шипалы су сенің кенің.



Дербісегім саялы бақ туған өлкем,

Жемісімен көрікті жасыл желкен.

Табиғаты тамаша,көрсең қандай,

Шипалы ыстық суы тәтті балдай!



Көп ұлттар Дербісекте мекендеген,

Бір-бірін анасындай құрметтеген.

Достықтың мекені деп білемін,

Ауылымды мақтан етіп мен жүремін.



Дербісегім тарихы мол бір дастан,

Мұражайдан көне заттар табылған.

Бекзат пен Даулеттей ұлдары бар,

Бокстан әлемге аты танылған.



Қонысова Қансұлу

142 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы

Дербісек ауылы.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12