Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысы мен қызметі. Рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Азық-түлік құрамындағы нәруыздар, адамдар мен жануарлар рационында нәруыздық тағамдар болуы, ересек адамдар үшін нәруыздың тәуліктік нормасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ

«ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

БП-01/4 ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

БП-01/4-ӘП11

Шығарылым:5, 2023ж.

Қайта қарау:4

Беттер 6


«Келісілді»

Колледж әдіскері

Г. Жаутикова

10 Оқу сабағының жоспары


Сабақ тақырыбы: Рибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысы мен қызметі. Рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Модуль: Жалпы білім беру пәндер

Пән атауы: Биология

Педагог: Матаева Алтынай Кожановна

2025 жылғы " 26 " ______02______

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 1 курс (9 сынып)

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:«Блум таксономиясы»(Биологиялық диктант, Кинометафора, Тест сұрақтары)

Пәнаралық байланыс: Химия

2. Мақсаты, міндеттері:

Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:

РНҚ мен ДНҚ айырмашылығы

РНҚ-ның жалпы сипаттамасы. РНҚ-ның түрлерi.

РНҚ-ның бiрiншi реттiк құрылымы.

РНҚ-ның биосинтезi

Транскрипция

Генетикалық код

Тәрбиелік:

-құрал-жабдықтармен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;

-өз ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;

-оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.

-ой өрісін кеңейту:

-тәжірибе сабағы мен байланыстыра білуге үйрету;

-өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл бөлу;

-тақырыпты дұрыс баяндай білуіне назар аудару;

Дамытушылық:

-сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;

-ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;

-ғылыми оқу және анықтамалық әдебиеттер мен өзбетінше жұмыс степ білуге еүйрету;

Құндылық:

-сыни және креативті ойлау;

-білуге жаңаны тануға құштар болу;

-дұрыс қарым қатынас орната білу;

2.1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін,күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі

2.2. Күтілетін нәтижелер

Азық-түлік құрамындағы нәруыздар, адамдар мен жануарлар рационында нәруыздық тағамдар болуы, ересек адамдар үшін нәруыздың тәуліктік нормасы

2.3. Қажетті ресурстар: Оқу жұмыс бағдарлама, оқу сабақ жоспар, тақта, стикер, ноутбук, кітап, тақта, бор т.б

3. Сабақты жабдықтау

3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Сабақты жабдықтау

Материалдық: Биология оқулығы 1-2 бөлім 10 сынып, оқу жұмыс бағдарламасы, күн тақырыптық жұмыс.

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Негізі: Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық.10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология

Қосымша: 1. Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, Биология, 10 сынып.– Алматы: 2019, Атамұра https://www.okulyk.kz/10-class

3.2.Техникалық құралдар, материалдар

Техникалық-программалық: СD диск, видеоролик, интерактивті тақта


4. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме

тазалығын тексеру) -3 минут.

II. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.

ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.

V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.

VI. Үйге тапсырма беру -2 минут


І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме

тазалығын тексеру) -3 минут.

Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру. Танысу үшін әр студент өзінің ата-жөнін және өзіне тән ең жақсы қасиеттерін айтады.

ІІ. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.

Дәріс сабағында оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейін «Есте сақтау», «Түсіну», «Қолдану» деңгейіндегі биологиялық диктант арқылы тексеріледі.

Биологиялық диктант

Дезоксирибонуклеин қышқылының (ДНҚ) молекуласының

құрылысы және репликация механизмі

Есте сақтау деңгейі (білу)

  1. ДНҚ молекуласы екі ____

  2. ДНҚ-ның құрылымдық бірлігі ______

  3. ДНҚ құрамына кіретін азотты негіздер:

  4. ДНҚ-ның қант негізі ______

  5. ДНҚ-ның қос тізбегі бір-бірімен ______ байланыс арқылы ұсталып тұрады.


Түсіну деңгейі

  1. ДНҚ-ның қос спиральді құрылымын алғаш сипаттаған ғалымдар ______ және ______.

  2. Аденин әрқашан ______ негізімен жұптасады.

  3. Гуанин әрқашан ______ негізімен жұптасады.

  4. ДНҚ молекуласының қос тізбегі бір-біріне қарама-қарсы бағытта орналасқан, бұл қасиет ______ деп аталады.

  5. ДНҚ репликациясы барысында негізгі фермент – ______ жаңа тізбек синтезін катализдейді.


Қолдану деңгейі

  1. ДНҚ репликациясы жасуша ______ кезеңінде жүреді.

  2. ДНҚ репликациясы ______ принципіне негізделген.

  3. Репликация процесінде ДНҚ тізбегін ажырататын фермент ______ деп аталады.

  4. Оказаки фрагменттері қай тізбекке тән? ______

  5. ДНҚ молекуласы тұқым қуалайтын ақпаратты сақтайды және оны ______ арқылы ұрпақтарға жеткізеді.


Есте сақтау деңгейі (білу) Жауабы:

  1. (қос тізбекті) тізбектен тұрады.

  2. (нуклеотид).

  3. аденин, ______, цитозин, гуанин. (тимин)

  4. (дезоксирибоза).

  5. (сутектік)

Түсіну деңгейі

  1. (Дж. Уотсон, Ф. Крик)

  2. (тимин)

  3. (цитозин)

  4. (антипараллельділік)

  5. (ДНҚ-полимераза)

Қолдану деңгейі

  1. (интерфаза)

  2. (жартылай консервативті)

  3. (хеликаза)

  4. (артта қалған тізбек)

  5. (репликация)


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.

Жаңа сабақтың жоспары:

«Кинометафора». Рибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысы мен қызметі. Рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы молекулалары құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары бейнекөрсетілім:

https://www.google.com/search?sca_esv=27bcf78510aa1d17&sxsrf

РНҚ молекулаларының ДНҚ-дан айырмашылығы - бір жіпшелі құрылым. РНҚ құрылым сызбанұсқасы ДНҚ-мен ұқсас: негізін қантты-фосфатты негіз құрайды, оған азотты негіздер келіп қосылады.

Бастапқыда адамдар тіршіліктің негізі нәруыз молекулалары болып табылады деп есептеген. Алайда ғылыми зерттеулер нәтижесі тірі табиғаттың өлі табиғаттан айырмашылығы нуклеин қышқылдарымен байланысты екендігін анықтады.

ДНК (дезоксирибонуклеин қышқылы) - бұл тұқымқуалаушылық ақпараттарын ұрпақтан-ұрпаққа беретін және сақтайтын макромолекула. Жасушадағы ДНҚ молекулаларының негізгі қызметі нәруыз құрылысы мен РНҚ туралы нақты ақпаратты сақтау. Жануарлар мен өсімдіктерде ДНҚ молекуласы жасушаның ядро құрамында, хромосомада болады. Химиялық көзқарас бойынша ДНҚ молекуласы фосфатты топтан және азотты негізден құралады. Кеңістікте ол қос тізбекті шиыршықталған жіпше түрінде болады. Азотты негіздер бұл аденин, гуанин, цитозин және тимин, олар өзара комплементарлық принцип бойынша байланысады: гуанин цитозинмен, ал аденин тиминмен. Нуклеотидтердің әртүрлі ретпен орналасуы нәруыз синтезі процесіне қатысатын РНҚ түрлерінің әртүрлі ақпаратты кодтауына мүмкіндік береді.

Рибонуклеин қышқылы. РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы - ол біртізбекті полимер, оның полимерлік жіпшесі қант қалдығы рибоза мен фосфор қышқылы қалдығының кезектесіп орна орналасуынан тұрады. РНҚ-ның әр қант қалдығына 4 азоттық негіз жалғасқан: аденин, гуанин, цитозин және урацил (ДНҚ-дағы тиминнің орнына). Сонымен, РНҚ-ның ДНҚ-дан басты айырмашылығы оның құрамында тиминнің орнына азоттық негіз урацил, ал дезоксирибоза қантының орнына рибоза қанты кіреді.

РНҚ-ның негізгі үш түрі бар: ақпараттық немесе матрицалық РНК (а-РНК), тасымалдаушы РНҚ (т-РНҚ) және рибосомалық РНҚ (р-РНК). а-РНҚ-ның қызметі бір немесе бірнеше нәруыз жайлы ДНҚ-ның генетикалық ақпаратын жазу және нәруыздың синтезі жай- лы ақпаратты цитоплазмаға тасымалдау. т-РНҚ аминқышқылдарын рибосомаларға тасымалдайды, ал р-РНҚ рибосоманың құрылымдық тірегін түзеді, онда нәруыз синтезі жүреді.

Салыстыру. ДНҚ молекулаларында жазылған биологиялық ақпарат ты РНҚ тасымалдайды, ал ол өз кезегінде ақпараттың сақталуына жауапты және оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. РНҚ молекуласы дел ДНК сиякты полимер, тек біраз қысқа. ДНҚ екі тізбектен тұрса, РНҚ бір тізбекті құрылым.

Қорытындылар:

1. ДНҚ құрамына дезоксирибонуклеотидтер, РНҚ құрамына рибонуклеотидтер кіреді.

2. ДНҚ молекуласындағы азотты негіздер тимин, аденин, цитозин, гуанин; РНҚ-да тиминнің орнына азоттық негіз урацил катысады, ол да тимин сияқты аденинге комплементарлы болады.

3. ДНҚ транскрипция үшін матрица болып келеді, ол генетикалық ақпаратты сақтайды; РНҚ нәруыз синтезіне қатысады.

4. ДНҚ-да шиыршықталған қос тізбек; РНҚ-да бір тізбек.

5. ДНҚ және РНҚ ядрода, пластидтерде, митохондрияда болады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.

Тест сұрақтары:

I Вариант

Есте сақтау деңгейі

  1. РНҚ-ның құрылымдық бірлігі:
    a) Аминқышқыл
    b) Нуклеотид ✅
    c) Полипептид
    d) Полисахарид
    e) Липид

  2. ДНҚ мен РНҚ-ның негізгі ұқсастығы:
    a) Құрамында фосфор қышқылының қалдығы бар ✅
    b) Екеуі де екі тізбектен тұрады
    c) Екеуінде де рибоза бар
    d) Екеуі де рибосомада орналасқан
    e) Екеуі де нәруыз молекуласы

  3. ДНҚ-дағы қант молекуласы қалай аталады?
    a) Рибоза
    b) Дезоксирибоза ✅
    c) Глюкоза
    d) Лактоза
    e) Фруктоза

Түсіну деңгейі

  1. РНҚ құрамында тиминнің орнына қандай азотты негіз болады?
    a) Аденин
    b) Гуанин
    c) Цитозин
    d) Урацил ✅
    e) Тимин

  2. РНҚ синтезі қай процесс арқылы жүзеге асады?
    a) Репликация
    b) Транскрипция ✅
    c) Трансляция
    d) Фотосинтез
    e) Денатурация

  3. ДНҚ мен РНҚ-ның негізгі айырмашылығы қандай?
    a) ДНҚ қос тізбекті, ал РНҚ бір тізбекті ✅
    b) ДНҚ ақуыз синтезіне қатысады
    c) РНҚ екі тізбектен тұрады
    d) РНҚ тұқым қуалау ақпаратының сақтаушысы
    e) ДНҚ-да урацил бар

Қолдану деңгейі

  1. Рибосомалық РНҚ (рРНҚ) негізгі қызметі:
    a) Ақуыз тасымалдау
    b) Ақуыз синтезін катализдеу ✅
    c) ДНҚ синтездеу
    d) Генетикалық ақпарат сақтау
    e) Қоректік заттарды ыдырату

  2. Егер ДНҚ-дағы триплет "АТГ" болса, оған сәйкес мРНҚ кодоны қандай болады?
    a) ТАЦ
    b) АТГ
    c) УАЦ ✅
    d) ГЦГ
    e) ГУА

  3. Ақуыз синтезіне қатысатын РНҚ түрі қандай?
    a) мРНҚ ✅
    b) рРНҚ
    c) тРНҚ
    d) ДНҚ
    e) АТФ

II Вариант

Есте сақтау деңгейі

  1. РНҚ-ның негізгі түрлері:
    a) ДНҚ, мРНҚ, тРНҚ
    b) мРНҚ, тРНҚ, рРНҚ ✅
    c) ДНҚ, рРНҚ, ақуыз
    d) АТФ, ДНҚ, мРНҚ
    e) Фермент, мРНҚ, ДНҚ

  2. ДНҚ-ның құрылымын алғаш сипаттаған ғалымдар:
    a) Мендель
    b) Дарвин
    c) Уотсон және Крик ✅
    d) Павлов
    e) Линней

  3. РНҚ-ның негізгі үш түрі қандай?
    a) мРНҚ, тРНҚ, рРНҚ ✅
    b) ДНҚ, мРНҚ, тРНҚ
    c) мРНҚ, ДНҚ, фермент
    d) тРНҚ, рРНҚ, полипептид
    e) АТФ, мРНҚ, рРНҚ

Түсіну деңгейі

  1. ДНҚ мен РНҚ-ның негізгі айырмашылығы:
    a) ДНҚ қос тізбекті, ал РНҚ бір тізбекті ✅
    b) ДНҚ ақуыз синтездеуге қатысады
    c) РНҚ тұқым қуалау ақпаратының сақтаушысы
    d) РНҚ екі тізбектен тұрады
    e) ДНҚ-да урацил бар

  2. РНҚ-ның қай түрі аминқышқылдарын рибосомаға тасымалдайды?
    a) мРНҚ
    b) рРНҚ
    c) тРНҚ ✅
    d) ДНҚ
    e) Ақуыз

  3. ДНҚ мен РНҚ-ның химиялық құрылымындағы басты айырмашылық:
    a) ДНҚ-да урацил бар
    b) РНҚ-да тимин бар
    c) ДНҚ-да дезоксирибоза, ал РНҚ-да рибоза бар ✅
    d) РНҚ қос тізбекті
    e) ДНҚ бір тізбекті

Қолдану деңгейі

  1. Ақуыз синтезіне қатысатын РНҚ түрі:
    a) мРНҚ ✅
    b) рРНҚ
    c) тРНҚ
    d) ДНҚ
    e) АТФ

  2. Антикодон қай РНҚ-да кездеседі?
    a) мРНҚ
    b) тРНҚ ✅
    c) рРНҚ
    d) ДНҚ
    e) АТФ

  3. тРНҚ-ның негізгі қызметі:
    a) Ақуыз молекуласын тасымалдау
    b) ДНҚ-ны репликациялау
    c) Аминқышқылдарды рибосомаға тасымалдау ✅
    d) Ақуызды ыдырату
    e) Энергия өндіру

V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.

Өткен және жаңатақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді.

VI. Үйге тапсырма беру -2 минут

Тапсырма: ДНҚ және РНҚ құрылысын, қасиеттерін және қызметтерін салыстырыңдар. Кестені дәптерге сызып толтырыңдар.

Салыстыру үшін критерийлер

ДHK

PHK

Жасушадағы орны



Ядродағы орны



Молекулалар құрылысы



Мономерлер



Нуклеотид құрамы



Нуклеотидтер типтері



Қасиеті



Қызметі



ДНҚ және РНҚ құрылысын, қасиеттерін және қызметтерін салыстырыңдар. Кестені дәптерге сызып толтырыңдар.

Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық.10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология 68-73 беттер


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
177
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11