Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«[Р],[Л] дыбыстарын буында,сөзде және сөйлемде бекіту».

Материал туралы қысқаша түсінік
Л, Р дыбыстарын машықтандыру, артикуляциялық жаттығуларды жасау арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Пәні: Логопедия

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: «[Р],[Л] дыбыстарын   буында,сөзде  және сөйлемде  бекіту».

Сабақтың мақсаты:

  • Артикуляциялық  жаттығуларды  және  ұсақ моторикажаттығуларын   дамыту.[Р],[Л] дыбыстарын  буында, сөзде,сөйлемде  дұрыс, анық  айтуға  үйрету, фонетикалық  есту қабілетін  жетілдіру.  Сабақта  АКТ-ны тиімді қолдану.

  • Оқушыны  достыққа, татулыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Кіріспе

Сәлемдесу тренингі /Жылулық шеңбері/

2. Өткенді қайталау

Үй жұмысын тексеру



ІІ. Емдік уқалау

Бет бұлшық еттерін босаңсытып, ауыз қуысына арналған емдік уқалауды жасап, тілдің қимыл-қозғалысын жақсарту.

ІІІ. Тыныспен жұмыс

«Түтікше», «күрекше», (шар үрлеу, сыбызғы ойыншықтарын үрлеу)

Мұрынмен терең дем алып, ауыздан дем шығару.

Ауызбен терең дем алып, мұрыннан дем шығару.

ІV. Артикуляциялық жаттығулар (тапсырманың бағалануы)

Айна алдында мимикалық, ерінге, тілге арналған жатығулар жасау. «Барабан», «ат шауып келеді», «тіс тазалау», «футбол», «тәтті тосап», «грибок-гормошка», «заборчик-трубочка», «алтыбақан», «жылан», «блинчики», «тарақ», «шар», «тостағанша», «сылақшы», «маса», «сағат тілі».

V. [Р],[Л] дыбыстарын   буында,сөзде  және сөйлемде  бекіту.

1. Қай  дыбыстан  басталған?

Раушан, Рахат, Рамазан - «Р»

Ләйлек, лақ, лимон - «Л»



2. «Қосып оқы,тез оқы» . (Берілген буындарды қосып,тез оқуға үйрету).

Ба-ла, ла-шын, ра-ке-та, ла-уа-зым, ра-ди-о, лағ-ман, ро-та, ла-ма, Рус-лан.

3. «Тез ойла, сөз ойла». (сөздер  ойлап  айту)

Лақ, лас, рас, радио, Ринат, роза, раушан, лауазым, лак, лай, лимон, лашын, ру, рахмет, республика.

4. Сөйлемді  соңымнан дұрыс қайтала.

Рамазан  мен  Рахат  ажырамас достар.

Рауан мен  Руслан  бір үйдің  балалары.

Райхан  радио   тыңдап  отыр.

Түлкі тышқан аулайды.

Бақта бұлбұл  сайрайды.

Ауыл ішінде дауыл басталды.



VІ. Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық.

Қолды белге қояйық.

Бір отырып,бір тұрып,

Сәл тынығып алайық.



VІІ. Логоритмикалық жаттығу

«Қоян»

Қоян, қоян тұршы,

Беті-қолыңды жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы!

VІІІ. Қорытынды

Бүгінгі сабағымызда  қай дыбыстар туралы әңгімелестік?

[Р],[Л]  дыбыстарынан  басталатын сөздерді аташы.

Сабақ саған ұнады ма?



Үйге тапсырма: айна алдында артикуляциялық жаттығуын жасау, [Р],[Л] дыбыстарын   буында,сөзде  және сөйлемде  бекіту.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2020
850
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12