400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі – заман қасіретінен туған шығарма

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақ өту барысында қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы

Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі – заман қасіретінен туған шығарма

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.Т/Ж1 - әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Әңгіменің сюжеттік желілерін түсінеді, эпилог, прологтарды анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әңгіменің сюжеттік желілерін құрастырады, эпилог, прологтарды анықтайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Әңгіменің сюжеттік желілерін құрастырады, талдау жасайды.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: Семей полигоны туралы біледі.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Қарауыл, бала бейне, Ләйлә, Қатира, Құмар т.б.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: «Қасиетті жер еді, қадірден әбден жұрдай болды»

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Неліктен әңгіме «Мәңгілік бала бейне» деп аталған?

  2. Ләйлә неге Аймен сырласады?

  3. Мүгедек қыз монологін қалай түсінесіңдер?

  4. Қаралы жиынның мақсаты не?

Құндылықтарды

игерту

Мәңгілік Ел стратегиясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын білім берудің еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, экология

Бағалау критерийі

  • Әдеби туындының сюжеттік желілерін құрастыра алады.

  • Эпилог, прологтарды анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Алдыңғы білім

Семей полигоны туралы біледі


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Сабақтың басы


1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

2. Психологиялық ахуал

Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу.

«Сөзді тап» тәсілі

Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, бір минутта ондағы сөздің атын атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді түсіндіруді жалғастырады (Семей, полигон, бомба, қасірет).

«Тақырыпты болжау»

Оқушыларға мәтін мазмұнынан хабар беретін суреттер беріледі.








  • Бұл суреттердің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?

  • Екінші суреттегі бала ше?

  • Ал мына тұлға сіздерге таныс па?

  • Тұлғаның қазақ халқы үшін орны қандай?

  • Қоғамға қандай еңбегімен танымал?


Сабақтың ортасы































«Семей-Невада» немесе полигон туралы бейнежазба көрсету.

1-топ: Бейнежазбадағы оқиғаларды еске сақтайды;

2-топ: Бейнежазба кейіпкерлерін еске сақтайды?

3-топ: Оқиға орнын еске сақтайды;

4-топ: Әр көріністе пайда болған сезімдерін қағазға түсіріп отырады.

Топтардың қорғауы.

Енді осы қасірет туралы жазылған көркем шығармалар білеміз бе? Қандай?

Топтық жұмыс

Автор туралы мәліметпен жұмыс.

«Пікір алмасу» тәсілі

Әрбір топ тақырыпқа қатысты бес сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен алмасады. Топ басшысы стикердегі сұрақты оқиды, топ мүшелері жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және талқылып, дұрыс жауаппен салыстырады.

Кері байланыс

Автор туралы не білдік? Автор өмірбаянынан не білдік? Не үйрендік?

Топтарды бағалау. «Шапалақ» тәсілі

Ең ұтымды жауап пен сұраққа-төрт шапалақ, Ең қызықты жауап мен сұраққа- үш шапалақ, Ең дәлелді жауап пен сұраққа – екі шапалақ.

Ж/ЖЖ

«Болжам кестесі» әдісі

1-қадам. Мұғалім әңгімені бөліп оқиды.

2-қадам. Үзінді оқылып болған соң, мұғалім оқушылардан әрі қарай не болатынын сұрайды және жорамалын кестенің 1-бағанына жаздырады:


Мәтіннен 1-үзінді

Не болады?

Өз жауабыңызды 1-үзіндіге сүйеніп дәлелдеңіз

Шын мәнінде не болды?

Мәтіннен 2-үзінді

Не болады?

Өз жауабыңызды 2-үзіндіге сүйеніп дәлелдеңіз

Шын мәнінде не болды?


3-қадам. Оқушылар өз болжамдарын 1-үзіндінің мазмұнына сүйене отырып, кестенің 2-бағанын толтырады.

Жұмыс осы сызба бойынша жалғасады.

«DEAL» әдісі

1-топ: Мұндағы D – describe – баяндау, суреттеу (оқығандарыңды, көргендеріңді сипаттаңдар, сынаңдар);

2-топ: E – explain – түсіндіру (оқиға бойынша не білетіндеріңді, не білгендеріңді, не түсінгендеріңді суреттеңдер);

3-топ: A – annalise – талдау (ақпаратты талдаңдар, себептерін анықтаңдар, қорытынды жасаңдар);

4-топ: L – links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау үшін өздеріңде бар біліммен байланыстырыңдар).



Сабақтың соңы


Кері байланыс

«3-2-1»

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
4101
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі