Материалдар / Robofermer жобасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Robofermer жобасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру ұйымдарының Қосымша білім беру педагогтарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
467
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің

Мектептен тыс жұмыстар орталығы



Shape1




Орындаған: Robocraft командасы

Ержанұлы Демеухан

Жетекші: Өтепбергенов. М.М





Орал, 2018 жыл

Robofermer

Аннотация

«Robofermer» атты жобада топырақ құнарлығының негізгі көрсеткіштеріне көңіл бөлініп, экологиялық дағдарысты реттеу мен табиғатты қорғау мәселелеріне көңіл бөлініп, арнаулы тәсілдерді пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген. Сонымен қатар топырақтың климат жағдайларына байланысты ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне сай топырақ құнарлығын бейімдеу ойластырылып, оны өндіріске ұсыну қарастырылған.


Аннотация

План с названием «Robofermer». В этом проекте указаны основные показатели плодорности почвы,методы использования в условиям экологических кризисов и упорядочены проблемы защиты природы. А так же в связи с климатическими условиями почвы указаны биологические  особенности  сельскохозяйственных культур и внедрение их в  производство.

Annotation

The plan with the name «Robofermer». In this project the main indicators of a plodornost of the soil, use methods in conditions of ecological crises are specified and problems of protection of the nature are ordered. And also in connection with climatic conditions of the soil biological features of crops and their introduction in production are specified.


Мақсаты:

  • Ауыл шарушылығы русурстарын үнемдеу;

  • Жердің құнарлылығын сақтау және жақсарту;

  • Жердің өнім беруіне ең қолайлы жағдай жасау;

  • Өнімнің сапасын арттыру;


Міндеті:

Ауыл шаруашылығы саласында топырақтың құнарлылығын сақтау. Дәнді-дақылдардың, жеміс-жидектердің өсуіне ең қолайлы жағдай жасау. Бейтараптық, сілтілік көрсеткіші әлсіз орта дайындап, өнімнің сапасын арттыру.


Өзектілігі:

Ауыл шаруашылығында дәнді-дақылдарды немесе жеміс-жидектерді егу барысында, топырақтың құрарлылығының жоюлуына байланысты өнім сапасы төмендейді. Құнарлылығы жойылған жерді пайдалану тиісміз болғандықтан бір жерді ұзық жылдар бойы пайдалану мөмкін болмай отыр. Біздің ұсынып отырған жобамыз осыған байланысты.


Жаңалығы:

Тыңайтқыштар пайдалу арқылы жердің құнарлылығын арттыру. Жердің құнарлылығын сақтай отырып пайдалану мерзімін ұзарту. Өнім алуға ең қолайлы жағдай жасап, сапасын арттыру.


Топырақтың пайда болуы, топырақ экологиясы

Табиғатта топырақтың түзілуі өте ұзаққа созылатын құбылыс. Топырақ тау жыныстарының ұзақ геологиялық мерзім әр түрлі жолдармен үгілуі мен мүжілуінің нәтижесінде түзіледі. Топырақ тау түзуші тау жыныстар әуелде қатайған тау жыныстары болғаныменоның үстіңгі қабаты табиғат күштерінің көп жылғы үздіксіз әсер етуінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналған. Бұл табиғат күштерінің ішінде температураның, судың, желдің күн сәулесінің, көшпелі мұздықтардың да әсері ерекше. Үгілудің негізгі 3 түрі бар. Олар-физикалық, химиялық, және биологиялық үгілулер.

Тау жыныстарының физикалық жолмен үгілуі деп-жыныстардың химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге әсер ететін негізгі күштерге: температура, жел, тасқын сулар мен көшпелі мұздар жатады. Химиялық үгілу процесі-тау жыныстарының құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттекпен тотығуынан пайда болатын құбылыстар. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан минералды заттар түзіледі. Бұл заттар суда еру қасиеттеріне, өзіндік салмағына және жер бедерінің құрылысына қарай әр жерлерде шөгеді. Бұл екі процесс бірге жүріп отырады, әрі ғасырлар бойы толастамайды. Физикалық және химиялық үгілу өзінше топырақ түзе алмайды, өйткені топырақ түзу процесі-биологиялық процесс.

Топырақтың пайда болуына негізгі 6 фактор әсер етеді. Олар: ауа райы, топырақ түзуші тау жынысы, жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктер мен жәндіктер, жер бедері, аймақтың геологиялық дәуірі мен қоғамның өндіргіш күші.

Жер бетінде алғаш пайда болатын тірі органимздер ультрабактериялар еді. Олардың тіршілікке бейімделгені соншама, олар тастада өсе бастады. Алғашқы тау жыныстарында бактериялардан басқа саңырауқұлақта өсті. Бұлардан кейін тау жыныстарында мүк пен қына өсе бастады. Сондықтан алғашқы тірі  жәндіктер сумен, желмен және мұзбен бірге тау қыртыстарын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп, ыдырап, қарашірік түзді. Қарашірік желімді болғандықтан, үгітілген жыныстарды біріктіріп, құнарлылығы аздау алғашқы топырақтарды түзеді. Осындай құнарлылығы аз топырақта жоғары сатыдағы өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік туады. Сөйтіп ғасырлар өткен сайын алғашқы топырақ жетіліп, шын мәніндегі құнарлы топыраққа айналады.

Ауа райының топырақ түзудегі рөлізор. Шындығында, климатқа ауадан түсетін ылғал мөлшеріне, ауа температурасының ыстық-суығына қарай әр жерде әр түрлі өсімдік өседі, жәндіктер мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың әрекеттерінен әр түрлі топырақтар түзіледі.

Топырақ түзуші тау жыныстарының түзілген  топыраққа аз емес. Түзілген топырақтың химиялық құрамы өзін түзген тау жыныстарының өзі түзген топыраққа әсері, әсіресе шөлді аймақтарда айқын көрінеді. Себебі бұл аймақтарда ауадан түсетін ылғалдың аздығына қарай тау жынысына әсері аз болады да, оның құрамына күрделі өзгеріс енгізе қоймайды.

Топырақ түзуге жер бедерінің де әсері үлкен. Жер бедерінің әр түрлілігіне қарай ылғал мен қоректік заттар түрліше болып келеді. Тегіс жерлерде ауадан түскен ылғалды жақсы сіңіреді, ал жер беті тегіс емес беткейлі, дөңес жерлерге ылғал дұрыс сіңбей, ойпатты жерге су жиналады.Жер бедерінің топырақ түзудегі тағы бір әсері-беткейлерде күн сәулесі аз, оңтүстік беткейлерде мол түседі. Бұл жағдайлар әр қилы жер бедеріне әр түрлі топырақтың түзілуіне әсер етеді.

Топырақ түзуге геологиялық жас аймақтың топырағы да жас, жаңа түзіле бастаған топырақ, ал геологиялық ескі аймақтарда топырақта ескі болады. Мысалы, кең байтақ көршілес елдердің солтүстік жағында жаңа топырақ түзіліп жатса, оңтүстігінде көне дәуірден келе жатқан топырақ дамиды. Себебі оның теріскей жағы кейінгі дәуірлерде ғана мұздан арылған, ал оңтүстікте бұған бірнеше дәуірлер өтті. Тіпті оңтүстік аймақтардың көп жерлерін мұз баспаған, сондықтан бұл алқаптарда топырақтың даму процесі ертеде басталған.

Топырақ түзу процестерінде адамзат қоғамының да тигізетін әсері орасан зор. Адамзат қоғамы өзінің саналы әрекеттерінің нәтижесінде топырақты қолдан суарып немесе құрғатып, өңдеп табиғи даму процестерінде көп өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістердің көбі топырақты пайдалы қасиеттерін жақсартуға, құнарлылығын арттыруға бағытталған шаралардың нәтижесі. Топырақ көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізген кезде, олардың бұрынғы табиғи қасиеттерінің көбі өзгеріп, жаңа мәдениеттенген сапалы топыраққа айналды. Бірақ адамзат қоғамының топыраққа әсер еткен әрекеттерінің барлығы  топырақ құнарлылығын арттыра бермейді.

Суармалы алқаптар да жерді суару мен өңдеу кезінде жіберілген қателіктердің салдарынан құрамында тұз көп емес топырақтың екінші рет сорлану процестері басталып немесе батпақтанып, егістікке жарамай қалған жағдайлары аз емес. Ал кей жерлерде механикалық құрамы жеңіл топырақтар жер жыртқанда жел эрозиясына ұшыраған.

Негізінде топырақты өңдеу, химияландыру жұмыстары жердің құнарлылығын арттыруға бағыттауға тиіс. Ол үшін әрбір аймақтағы топырақтың қасиеттері мен құрамын, экологиясын, ерекшелігін жете білу керек.

Топырақтың құрамы, морфологиясы мен негізгі қасиеттері

Топырақтың негізгі үш фазадан тұрады. Олар: топырақтың қатты фазасы, топырақтың ауасы және ылғалдылығы. Соңғы жылдары көрнекті топырақ зерттеушісі профессор А.А.Роде төртінші фаза ретінде топырақты тірі фазасын ұсынды.

Топырақ су сыйымдылығы бар қопсытылған дене болғандықтан, оның құрамында әрдайым азды-көпті ылғал кездеседі. Топырақ ылғалдылығы әр жерде әр қилы. Жалпы топырақтағы ылғал бірнеше түрге бөлінеді. Олар:

1. Химиялық байланысқан су - топырақ минералдарының химиялық құрамына кіретін, өте тығыз байланысқан түскен су.

2. Бу күйіндегі су - топырақ кеуектерінде судың әр түрлі температурада булануынан болатын су.

3. Гидроскопиялық су - топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйіндегі су. Оның өсімдіктерге пайдасы жоқ.

Гидроскопиялық су топырақпен тығыз байланысқан, өйткені 100°С-тан астам температураға дейін қыздырған кезде ғана буға айналады.

4. Қылтүтік суы. Топырақтың қылтүтіктерінде жоғары-төмен жылжып жүретін су. Оны өсімдіктер оңай сіңіре алады.

5. Гравитациялық су - өз салмағы мен топырақтың жоғарғы қабатынан төменгі қабаттарына жылжитын су. Сондықтан өсімдіктер оны көп пайдалана алмайды. Сондықтанол жер асты суының қорына қосылды.

6. Жер асты ыза су - топырақты көбінесе топырақ түзуші тау жыныстарының әртүрлі терең қабатына, әдетте, су өткізбейтін жиналатын су. Топырақ қабатынан көп тереңдікте жатады, топыраққа және өсімдікке еш әсерін тигізбейді. Топырақ суын ең таза су деп түсінбеу керек. Олардың құрамында әртүрлі ерітінділер арқылы ғана сіңіреді. Сондықтан топырақ суы оның құнарлылығының негізгі бір шарты.

Топырақтың механикалық құрамы. Топырақтың механикалық құрамы деп әр түрлі түйіршік бөлшектерден тұратын топырақ көлемін айтады. Түйіршіктің көлемінің әртүрлілігіне қарай топырақтың механикалық құрамы түрліше болады. Топырақ түйіршіктері неғұрлым майда болса, соғұрлым ауыр ауыр балшықты болып келеді. Ал түйіршіктері ірілеу топырақтар жеңілдеу, құмдық не құмды болады. Егер топырақпен майда түйіршіктер мен ірілеу түйіршіктер келсе, мұндай топырақтар құм балшықты деп саналады. Топырақ майда ұнтақталған түйіршіктерден тұратындықтан, түйіршік көлемі оның диаметрінің ұзындығы милиметрмен есептеледі. Топырақтың механикалық құрамы топырақ түзуде, оны ауыл шаруашылығы мен басқа да мақсаттарға пайдаланғанда зор рөл атқарады. Топырақтың кеуектілігі, су сыйымдылығы, ылғал өткізгіштігі, қоректік заттарды жинау мүмкіндігі оның механикалық құрамымен тығыз байланысты.

Топырақтың органикалық бөлігі. Топыраққа жыл сайын түсетін өсімдіктер мен өлі жәндіктердің қалдықтары екі бағытта өзгеріске ұшырайды. Біріншіден, топырақтағы микроорганизмдер әсерінен ыдырап, шіріп, жай минералды қосылыстарға ыдырайды. Екіншіден, осы организмдердің қалдықтары микробтардың әрекетінен күрделі биохимиялық өзгеріске ұшырап, тұрақты органикалық зат-топырақ шіріндісі (лакмус) пайда болады. Негізгі бөлігі-қарашіріксіз топырақ болмайды. Қарашірікте қажетті азот, фосфор, калий және т.б топырақтың құнарлылығын да арттыра түседі.

Топырақтың негізгі қасиеттері. Топырақтың құнарлылығы, қоректік заттармен, сумен қамтамссыз-оның ең басты және негізгі қасиеттері. Бұл оның табиғатта айрықша зат екендігін көрсетеді.

Топырақтың жұту және сіңіру қасиеті. Топырақтың сіңіру қасиеті деп-оның өз ішіндегі кейбір ерітінділердің қосылыстарын, майда ұнтақталған минералды және органикалық қосылыстарды, микроорганизмдер мен басқа кейбір заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу қасиетін айтады. Сіңіру бірнеше түрге бөлінеді. Олар: механикалық, физикалық, физикалық-химиялық, химиялық және биологиялық. Механикалық сіңіру қасиеті-топырақтың сумен немесе желмен келген әр түрлі заттарды кеуектерінде ұстап қалуы. Физикалық сіңіру қасиеті-топырақтың бөлшектерінің беткі қабатының топырақтағы кейбір ерітінді молекулаларды бойына сіңіру (абсорбция). Физикалық-химиялық сіңіру қасиеті-топырақтың қатты фазасындағы иондардың тең мөлшерде алмасуы. Химиялық сіңіру қасиеті-топырақтың кейбір иондарды сіңіру арқылы суда ерімейтін немесе өте аз еритін қосылыстар түзу процесі. Биологиялық сіңіру қасиеті-топырақтың кейбір бөлігі арқылы (микроорганизмдер мен тамырлар) әр түрлі заттарды сіңіруі.

Топырақ қарашірікке бай және механикалық құрамы ауырлау балшықты болса, оның сіңіру соғұрлым сапалы әрі мол болады.Топырақтың сіңіру қасиетінің маңызы өте зор. Сіңірілген заттардың ішінде өсімдікке қажетті азот, фосфор, калий, кальцийлермен қатар басқа да микроэлеметтер кездеседі.

Топырақтың ауа-су режимі.  Топырақ құнарлылығы мен онда процемтерге физикалық қасиеттерге тікелей байланысты. Топырақта қоректік зат жеткілікті болып, су немесе ауа жетіспесе, өсімдіктер нашар өседі, ал кейде тіршілігі тоқтап қалады. Топырақта ауа-судың үйлесімді мөлшерде болуы оның кеуектілік дәрежесімен анықталады. Ал кеуектілік топырақтың түріне байланысты. Адамдар топырақтың кеуектілігін жасау үшін оны қолдан өңдейді.Топырақтың су өткізгіштігі де оның кеуектіліне тікелей байланысты. Құрылымы жақсы топырақтарға су оңай сіңіп, өсімдік тамырларына тез жетеді. Мұндай топырақта сумен қатар, жеткілікті мөлшерде ауа да сақталады. Топырақтың суды өзіне сіңіріп, ұстап қалу қасиетін топырақтың су сыйымдылығы деп аталады. Топырақтың су сыйымдылығы оның кеуектілігімен қатар механикалық құрамы, қарашірік мөлшері әсер етеді.

Топырақтың су мен жел әсерінен бүліну себептері және оны болдырмау жолдары. Антропогендік факторлар Табиғаттың әр түрлі факторлары топырақұа түрліше әсер етеді. Қатты жауған жаңбыр, қардың еруі, желдің қатты соғуы тау жыныстарын да, топыраққа да күшті әсер етеді.

Денудация дегеніміз - қатты тау жыныстарының бұзылып, мүжілу нәтижесінде пайда болған борпылдақ заттардың жылжуы мен шөгуі. Бұл құбылыс қазір топырақ эрозиясы деп аталып жүр.

Эрозия дегеніміз - атмосфералық сулардың тау жыныстары мен топырақты жуып шаюы. Эрозияның өзі екі түрлі болады. Олар: Су эрозиясы және Жер эрозиясы. Солтүстік облыстардың көпшілігінде, әсіресе топырақ құрамы жеңіл алқаптарда жыртылған жерлердің жиі әрі қатты соғатын желдерінің әсері мен үрленіп, шаңданып, тозаңданып, құнары азаяды. Ал эрозия қатты ұшыраған аудандарда топырақ құнары мүлдем жойылып кетеді. Эрозияның халық шаруашылығына тигізетін зияны орасан зор. Мысалы: Жел эрозиясына орташа ұшыраған 1 га егістік  600 кг жалпы азотты, 36 кг жылжымалы азотты, 108 кг жылжымалы фосфорды, 105 кг калий жоғалтады екен.


Топырақтың химиялық затттармен ластануы  және оларды болдырмау   жолдары.

Топырақтың  химиялық  заттары

Топырақтың химиялық затттармен ластануы топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттардың жиналуынан болады. 1м³ топырақта 6кг-ға жуық түрлі химиялық заттарды сіңіреді екен. Міне, осындай қарқынды ластанған топырақтың табиғи түрде тазалауының өзі мүмкін емес. Қорғасын, сынап, кадмий хлор, органикалық заттар, песицидтер мен басқа да адам өміріне қауіпті заттардың көбісі өсімдітерден және жануарлар шаруашылығында түрлі арам шөптер мен жәндіктерге қарсы гербицидтер мен пестицидтердің шамадан тыс қолдануылынан топырақ химиялық заттармен ластанады.

Ауыл шаруашылығында үлы химиялық заттардың шамадан тыс қолдану адам денсаулығына зиянды заттардың топырақта жиналуына себепші болады. Ірі өнеркәсіптердің айналасындағы топырақта адам денсаулығын зиянды қорғасын, сынап, фтор, марганец және т.б заттардың өте көп мөлшерде кездесетіні анықталған. Топырақ түрлі зиянды жәндіктерге қарсы қолданылатын ДДТ-мен (дихлордифенилтрихлорэтан) ластанған. Бұл зат судың, желдің әсеріне төзімді, сондықтан топырақта ондаған жылдар бойы сақталады. Кейінгі кезде бұл химиялық затты қолдануға тыйым салынған.

Хлорорганикалық пестицидтер жоғары температура әсеріне өте төзімді, суда мүлде ерімейді. Сондықтан азық-түлік құрамындағы пестицидтерді жою өте қиын, тіпті кейде мүмкін емес. Қазіргі кезде қолданып жүрген пестицидтердің ең қауіптілеріне севин, цирам, ТМТД (тетраметилтиурамдисульфид) жатады. Оларға жоғары температураға өте төзімді. ТМТД-мен және цираммен ластанған азық-түліктерді тағамға пайдалануға болмайды.

Тыңайтқышты тиімді пайдалансақ ....

Ауыл шаруашылық өнімнің шығымы мен сапасы нәрлі топыраққа байланысты. Ал топырақты құнарландырудың тиімді жолы-минералды және органикалық тыңайтқыштарды пвйдалану. Дегенмен елімізде бұл жұмыстар әлі де бір ізге қойылмаған. Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Агрохимия қызметі» Республикалық ғылыми әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесінің өкілі Тілекқабыл Ермекбаевтың айтуыншы: біріншіден, тыңайтқыштар ешқандай жүйесіз қолданылса, екіншіден, топырақтың құнарлылығы ескерілмейді.

Әйтеке би, Хромтау, Қарғалы аудандарындағы егіс алқаптарының белгілі бір бөлігіннен зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, топырақтың 75%-да қарашірік көлемінің өте төмен екені анықталды. Осы орайда шаруалар ескеретін бір жәйт, тұқым себер алдында жерге агрохимиялық картограмма жасалу керек. Яғни, топырақтың құрамындағы фосфор, азот, калий секілді минералды тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау керек. Олардыың көлемі мөлшерден асып немесе кем болмағаны жөн. Мәселен, шет елде егістік алқаптың көлемі кіші болғанмен, түсім мол, әрі сапалы. Біз гектарынан 10ц-ден өнім алсақ, қуанамыз, ал олар торырақтың табиғи қалпын сақтаудың арқасында 30-40ц-ден алады. Биыл елімізде 24 млн.га жерге егін егілмек. Қоректік заттарды тиімді пайдалансақ, 10 млн.га жерден елімізді жерден де, елімізді түгел қамтамассыз ететін астық жинауға болады,-дейді Тілекқабыл Ермекбаев.  Мысалы, өткен жылы облыста 321т аммиак селитрасын, 90т аммофос және 36т кәдімгі суперфосфат алуға квота бөлініпті. Биылда бұл жұмыстардың жалғасын табатыны анық.





Қорытынды

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы саласындағы басты мәселе-топырақтың табиғи құнарын сақтап, өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыру.Себебі қуаңшылықтың экологиялық зардаптары климаттың антропогендік пен өзгеруі болып отыр. Топырақтың құнарын тодтыратын негізгі үш элемент-фосфор, калий, азот екенін ескерсек, еліміздегі егістік топырақтың 98%-на фосфор жетіспейді екен.

Тыңайтқыштарды ретсіз қолдану, қуаңшылық, ылғалдың аздығы, агро техникалық шараларды тиімді пайдалана білмеу нәтижесінде жер құртысы бүлініп, астықтың сапасы нашарлап, шығымы төмендейді. Сондықтан қоректік заттарды ұтымды қолдану арқылы топырақтың табиғи қалпын сақтап қалуға болады. Ал табиғи топырақтан нәр алған астық тұқымдас дақылдардың (бидай, арпа, жүгері, тары, т.б) өнімі мен сапасы жоғары және тұрақты болатыны белгілі. Астықты орғаннан кейін сабан қалдыру-органиканы жинақтаудың тиімді әдісі болып табылады. Тілекқабыл Нұрғалиұлы сабанның топырақ құнарын арттыратын фактор тыңайтқыш екенін айтады. Мәселен, фосфор, азот, ылғалдылығы 75% калий және органикалық заттарды түзу жағынан астық тұқымдастарының 1т сабаны көңнің 2-3т сәйкес келеді екен. Яғни, топыраққа араластырылған 1 т көң орта есеппен 55-56кг қарашірік түзсе, 1т сабан 170-190 кг жинайтыны агықталған. Демек, бұл істелген сабанның таптырмайтын органикалық тыңайтқыш екенін көрсетеді.

Қазіргі техника сабанды ұнтақтап жіберетіндіктен, алқапта  жабынды пайда болады. Бұл ылғалды жақсы сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сондықтан ауыл саласының  мамандары осыған аса мән берген жөн. Бірақ осындай органикалық тыңайтқыштарды міндетті түрде минералды тыңайтқыштармен толықтырғанда өте жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.

Аталған шаралар топырақ экологиясын жақсартудың негізгі бағыты, ал іс жүзінде ауыспалы егіс, егіншілік жүйелерін реттеу, топырақтағы қоректік заттардың есептеп отыру және т.б мәселелер кешенді талаптарды қажет етеді.





























































Жұмысқа пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Ө.О.Оспанов, Е.Жамалбеков«Құнарлыжер – құттымекен» Алматы 1983 ж
2.
Қ.Сыбанбеков «Жасыл әлем  сырлары» Алматы, «Рауан» 1990 ж
3. А.А.Шибанов,М.И.Щербаков,Г.В. Устименко  «Основы  агротехники  полевых  культур» Москва 1990 ж
4. А.С.Шілдебаев «Экология» Алматы 2005 ж
5. Джангалиев А.Д., Коцейко А.Н., Левина М.П. Сорта плодовых и ягодных культур Казахстана. –Алматы: Кайнар, 1968
6. Колесников В.А. (ред.). Частное плодоводство. –М.: Колос, 1979
7. Матаганов Б.Г., Аяпов К.Ж. Плодовые и ягодные культуры. –Алматы: Кайнар, 1997
8. Тарасов В.М. (ред.) и др. Практикум по плодоводству. –М.: Колос, 1981
9. Шитт П.Г. Избранные труды. –М.: Колос, 1972
10. Марков В.М. Овощеводство. – М.: Колос, 1974.
11. Балашев Н.Н., Земан Г.О. Овощеводство. – Ташкент: Укитувчи, 1981.
12. Зуев В.И., Абдуллаев Ф.Г. Овощеводство защищенного грунта. – Ташкент: Укитувчи, 13. Матвеев В.П., Рубцов М.И. Овощеводство. – М.: Колос, 1985.
14. Юсупов М.З., Петров Е.П. Овощеводство. – Алма-Ата, 1989.
15. Юсупов М.З., Петров Е.П., Ахметова Ф.С. Овощеводство Казахстана. – Алматы, 2000.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!