жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Робототехника
Бекітемін: Келісемін: ӘБ отырысында қаралды
Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі ӘБ жетекшісі: ___________Ақпанбетов С.Е ___________Раимбекова С.Е. __________Дүйсебаева Г.О
Хаттама №______
Шымкент қаласы
№59 жалпы орта білім беретін мектеп
«РОБОТОТЕХНИКА»
қолданбалы курсы

11 - СЫНЫПТАРҒА АРАНАЛҒАН ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР
Пән мұғалімі: Туребаева Гаухар
Мырзанқызы
2020 -2021 оқу жылы
КІРІСПЕ
Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді.
Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді.
Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді.
Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары меңгертіледі. Оқушылар курс барысында LEGO WEDO, LEGO Mindstorms EV3, ABILIX, ARDUINO жинағымен және LEGO Digital Designer бағдарламаласымен әртүрлі роботтардың үлгілерін әзірлейді, 3D моделдеу мен шығармашылық жоба және мобилді қосымша арқылы жобалар дайындайды. Оқушылар 2 немесе 3 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі жобаларды дайындайды. Курс барысында жұмысы үздік жобалар анықталады.
Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болады.
Бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді.
ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
Оқушылар курс басында:
-
робот техникасы дамуының тарихы және білім негіздері туралы;
-
роботтардың қабылдау, жоспарлау, жауап берулеріне қатысты негізгі тәсілдерін біледі.
Оқушылар курс барысында:
-
робот техникасы жүйелеріндегі датчиктер мен моторлармен танысу;
-
қарапайым роботтарды моделдеу;
-
LEGO® Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу;
-
математика, физика және информатика пәндерінде алған теориялық білімдерін робот техникасы жүйелерінде қолдану;
-
алған білімдерін топтық және жобалық тапсырмалар кезінде қолдану;
-
бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды синтездеу т.б. жұмыстарды жүзеге асыра алады.
Оқушылар курс соңында:
-
алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы роботтар секілді күрделі жүйелерді модельдеуге болатынын;
-
робот техникасы курсы бойынша алған білімі ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет салаларының дамуына ықпал ететінін;
-
робот техникасы курсында алған есептеу және ойлау дағдыларын әртүрлі жағдайда туындаған күрделі жайттарға талдау жасау кезінде қолдануға болатынын;
-
құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсарға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойлардың пайда болуына ықпал ететінін түсінеді.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР Педагогикалық көзқарастарға мыналар жатады:
-
әрбір оқушының пікіріне құлақ асу;
-
әрі қарай даму мақсатында бастапқы білім мен түсінікті қолданудың маңыздылығын түсіну;
-
ынталандыра және дамыта оқыту;
-
оқытудың белсенді әдістерін қолдану;
-
мәселеге бағдарланған оқыту тәсілдерін пайдалану;
-
оқушылар мен олардың қажеттіліктеріне сәйкес оқытудың түрлі стильдерін пайдалану;
-
саралап оқыту тәсілдері;
-
зерттеушілік белсенділікке қолдау көрсету;
-
оқушылардың білім алуына көмектесу мақсатында олардың ақпаратты қалай сұрыптайтынын білу;
-
мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын дамыту;
-
оқушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту;
-
оқушыларға ашық сұрақтар және тапсырмалар ұсыну;
-
оқушылардың қате пікірлерін анықтап, оларға талқылау және өз ойларын басқа қырынан талқылауға мүмкіндік бере отырып, қайта білім алуға көмектесу;
-
оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;
-
мұғалім-оқушы қарым-қатынасының мүмкіндіктерін арттыру;
-
оқушылардың жаңа ақпаратты меңгеруі кезінде оны қарқынды бақылай алулары үшін қажетті жайлылық деңгейлерін арттыру;
-
оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті жағдай жасау, өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсартуға бағытталған іс шараларды жүзеге асыру;
-
жеке және топтық жұмыстарды, сондай-ақ сыныптық жұмыстарды ұйымдастыру;
-
жобамен жұмыс істейтін оқушыларға, жеке немесе топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалауға, сондай-ақ жобаны шығармашылықпен қорғауға мүмкіндік беру;
-
оқушылардың бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында диалог құруда/жазуда қажетті сөздік қорды пайдалануы үшін жүйелі тілді қолдану;
-
оқу үдерісіне оқушылардың ата-аналары мен отбасы мүшелерінің қатысуына қолдау көрсету.
«РОБОТТЫ ТЕХНИКА НЕГІЗДЕРІ»
5-сынып
(Жалпы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

|
№ |
|
Тақырыбы |
Сағат |
|
Мақсаты |
|
Мерзімі |
|
|
|
|
|
саны |
|
|
|
|
|
|
I |
|
Кіріспе |
2 |
|
|
|
|
|
|
1 |
Роботты |
техниканегіздері, |
1 |
Роботты техника негіздерін |
түсіндіру, |
|
||
|
|
пайдалану салалары, түрлері. |
|
«робот» ұғымымен, роботтардың түрлерін |
|
||||
|
|
|
|
|
және пайдалану салаларымен таныстыру . |
|
|||
|
|
|
|
|
«Робот» терминінің мағынасын анықтау, |
|
|||
|
|
|
|
|
механиканың |
дамуы |
және |
адамзаттың |
|
|
|
|
|
|
техникалық жетістіктері туралы айту. |
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
2 |
Роботты |
техниканың тарихы |
1 |
Робот техникасының тарихы, |
техникалық |
|
||
|
|
және болашағы. |
|
жетістіктері |
және |
болашағымен |
|
||
|
|
|
|
|
таныстыру. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
II |
|
Lego Wedo Software |
6 |
|
|
|
|
|
|
|||
|
1 |
Lego Wedo жинағы |
|
|
1 |
Lego |
Wedo® |
жинағының |
құрамымен |
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
таныстыру. |
|
|
|
|
|
|
2 |
Lego |
Wedo |
бағдарламалық |
1 |
Lego |
Wedo |
бағдарламалық |
|
||||
|
|
жасақтамасы |
|
|
|
|
жасақтамасымен таныстыру. |
|
|
||||
|
3 |
Lego |
Wedo |
жинағымен |
2 |
Lego |
Wedo® |
жинағымен |
роботтарды |
|
|||
|
|
роботтарды |
құрастыру |
және |
|
құрастыру, бағдаламасын жазу. |
|
||||||
|
|
бағдарламасын құру |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
4 |
Тапсырмалар |
бойынша |
топтық |
2 |
Оқушыларға берілген |
топтық |
тапсырмалар |
|
||||
|
|
жұмыс |
|
|
|
|
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 15.10.2020 771
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | ||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген