Мусаева Меймангуль
Зайнидиновна
Физика және информатика
пәні мұғалімі
«И.Таиров атындағы орта
мектеп мектепке
дейінгі шағын
орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Байсеит
ауылы
Енбекшіқазақ
ауданы
Алматы
облысы
Робот техникасы курсынан
алған әсерім
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
жолдауында айтқандай «Болашақта өркениетті дамыған елдердің
қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды
дамыған елу елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең - ететін
білім». сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында
оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып
отыр.
Білім берудің ұлттық модуліне
көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші практикалық үйлестіруді
шебер меңгерген психалогиялық, педагогикалық диогностика қоя
білетін іскер мұғалім қажет. Іскер мұғалім – өсіп келе жатқан жеке
тұлғаны жанжақты дамыту, иновациялық білімді дамыту, өзгеріс
енгізу, жаңа педагогикалық идеялармен жаңалықтарды өмірге әкелу.
Бұрынға оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен
білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз
керек.
Бүгінгі күнде ақпараттандыру
оқу үдерісін жаңартып, үнемі жетілдіріп
отыруда.
Қазақстан Республикасында
өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың
қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала
мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осыған байланысты
«Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін
мектеп оқушыларына арнап «Робот
техникасы» курсын ұйымдастырды. Курс
біздің Қазақстанның оқушылары үшін тиімді, пайдалы әрекет деп
танимын. Оқушылар бос уақытында түрлі қылмыс жасамай пайдалы робот
құрастырғаны тиімді. 1-2 деңгейлерінде 5-10 сыныптар аралығындағы
бағдарламасы әзірленіп, алғашқы тыңдаушыларына
ұсынды.
«Робототехника» - көбіміз үшін
жұмбақ бір әлем. Алғашқыда «робот» түсінігін кинодан көріп,
фантастикалық шығармалардан оқығанмыз. Қазір робот атаулыны
жан-жақты қолданып жүрміз. Мысалы, банкоматқа барып, ақшамызды
санап беруі, әмбебап дүкендерінде есіктің өзі ашылып – жабылуы,
тіпті үй тіршілігінде, кір жуғыш мәшине, шаңсорғыш секілді
құралдардың барлығы адам тірлігін жеңілдетуге септігін
тигізуде.
Қазақстанның қазіргі уақытта
келелі мәселелерінің бірі – инженерлік кадрлардың жетіспеушілігі
мен инженерлік білімнің төмен статусқа ие болуы. Роботтарды
күнделікті өмірде, өндірісте пайдалану үшін, қолданушылар роботты
басқару біліміне, дағдыларына ие болу керек. Сол үшін робот
техникасына қызығушылық, базалық білім және дағды қалыптастыру
қажеттілігі туындап отыр.
Міне, «Робототехника» курсына
келіп білім алудамын. Әрине, өз оқушыларымды осы алған білім
нәрімен сусындатып, тәжірибемді
жалғастырмақпын.
Курстан алған менің түсінігім
бойынша робот техникасы дегеніміз – зияткерлік автоматтандырылған
техникалық жүйелерді әзірлеу және пайдаланумен айналысатын
қолданбалы ғылым. Жалпы, бұл бағдарламаның өзектілігі – білім беру
жүйесінде жаратылыстану ғылыми бағытында оқушылармен жұмыс істеу
және оқушылардың ой – өрісін кең дамыта отырып, инженерлік ойлау
негіздерінің алғышарттарын қалыптастыру деп ойлаймын. Ал, бастауыш
бағдарламалау дағдыларын қалыптастыру бағытында білім беру
қызметінің болмауы, яғни білікті мамандардың жетіспеушілігі - басты
кедергі болып отыр.
Осы курсқа келген күннен
бастап «Робот техникасы» элективті курсы бойынша педагогика
кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру
бағдарламасының мазмұнын үйрену барысында қызығушылығым артты.
Тренеріміз әр модульді түсіндіргенде, тиянақты тыңдап түсінуге
тырыстым. Теориялық тұрғыдан қарағанда тәжірибе жүзінде жақсырақ
түсінікті болды. Ендігі мақсатым – элективті курс негізінде жұмыс
жасауға оқушыларды үйрету, осы жерде оқығандарымызды тәжірибеде
қолданып, оқушыларымды үлкен жетістіктерге қол
жеткіздіру.